Материалдар / ЖаҺандану дәуіріндегі ұлттық мәдениетті дамыту мен сақтау жолдары қандай ?
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ЖаҺандану дәуіріндегі ұлттық мәдениетті дамыту мен сақтау жолдары қандай ?

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі заманғы Қазақстан мәдениеті (1991 жылдан бүгінгі күнге дейін) 9 сынып сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Наурыз 2021
3023
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 9.4. В Қазіргі заманғы Қазақстан мәдениеті (1991 жылдан бүгінгі күнге дейін)

Мектеп: Ақкөз Қосанұлы атындағы №18 жалпы білім беретін тірек мектебі (ресурстық орталық)

Күні: 5.04.2019.

Мұғалімнің аты-жөні: Илипова Ляззат Аманбековна

Сынып: 9 сынып

Оқушы саны: 20 қатысқандар: 20

Пәні: Қазақстан тарихы

Сабақтың

тақырыбы:

ЖаҺандану дәуіріндегі ұлттық мәдениетті дамыту мен сақтау жолдары қандай ?

Оқу

мақсаттары:

9.2.2.3- қазіргі кездегі өнер мен әдебиеттің даму тенденцияларын айқындау.

Сабақтың

мақсаттары:

Барлық оқушылар: Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы, тарихи санадағы өзгерістер, ұлы тұлғалардың мерейтойлары, ғылымның жағдайы, көркемөнердің дамуы, білім реформалары, спорттағы жетістіктері туралы анықтайды, жіктейді, талдайды.

Оқушылардың басым бөлігі: Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы, тарихи сананы қалыптастыру, рухани өмір өзгерістері туралы сипаттайды.

Кейбір оқушылар: Мәдениет пен ғылымның дамуындағы өзгерістерді, кино өнерінің аяқалысын, білім беру саласындағы реформалар, олимпиадалық спорттың дамуын анықтайды, салыстырады, бағалайды.


Бағалау

критерийлері:

- Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы, тарихи санадағы өзгерістер, ұлы тұлғалардың мерейтойлары, ғылымның жағдайы, көркемөнердің дамуы, білім реформалары, спорттағы жетістіктері туралы анықтады.

- Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы, тарихи сананы қалыптастыру, рухани өмір өзгерістері туралы сипаттады.

- Мәдениет пен ғылымның дамуындағы өзгерістерді, кино өнерінің аяқалысын, білім беру саласындағы реформалар, олимпиадалық спорттың дамуын анықтады, салыстырды, бағалады.


Тілдік

мақсаттар:

Терминдік сөздермен жұмыс жүргізіледі «диаспора, конференция, симпозиум, реформа» (жазылым дағдысы)

ЖаҺандану дәуіріндегі ұлттық мәдениетті дамыту мен сақтау жолдары туралы бейне көрініс (тыңдалым дағдысы)

Мәтінмен жұмыс (оқылым дағдысы)

Білім алушылар постер қорғайды (айтылым дағдысы)


Құндылықтарға

баулу:

- шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;

- қарым-қатынас жасау қабілеті;

- өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау;

- жауапкершілік;

- денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету;

- өмір бойы оқуға дайын болу.


Пәнаралық

байланыс:

Әдебиет, география, дүниежүзі тарихы.

Тақырып бойынша

алдыңғы білім:

9.2.3.2. Тақырыпты білім алушылардан «Сұрақты қағып ал» әдісі бойынша сұраймын.

Сабақтың барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері:

Сабақтың жоспарланған жаттығу түрлері:

Ресурстар:

Сабақтың басы

5 минут

Білім алушылармен сәлемдесіп, түгендеймін. Шаттық шеңберін жасап, суреттер арқылы 3 топқа бөлемін. Білім алушыларды оқу мақсатымен таныстырамын.

Суреттер

Сабақтың ортасы 30 минут

Барлық оқушылар орындайды.

ДЖИГСО әдісі бойынша мәтінмен жұмыс жасайды.

1 тапсырма: ЖаҺандану дәуіріндегі ұлттық мәдениетті дамыту мен сақтау жолдарын анықтаңдар.

1- топ. Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы, тарихи санадағы өзгерістер туралы анықтайды.

2 –топ. Ғылымның жағдайы, көркемөнердің дамуы, білім реформалары, спорттағы жетістіктері туралы, рухани өмір өзгерістері туралы сипаттама береді.

3 – топ. Мәдениет пен ғылымның дамуындағы өзгерістер мен білім беру саласындағы реформаларды, олимпиадалық спорттың дамуын талдайды.

Дескриптор: білім алушы

- Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы, тарихи санадағы өзгерістер туралы анықтады.

- Ғылымның жағдайы, көркемөнердің дамуы, білім реформалары, спорттағы жетістіктері туралы, рухани өмір өзгерістері туралы сипаттама берді.

- Мәдениет пен ғылымның дамуындағы өзгерістер мен білім беру саласындағы реформалар, олимпиадалық спорттың дамуын талдады.


-Қалыптастырушы бағалау: ауызша бағалау


Басым бөлігі орындайтын тапсырмалар:

«Серпілген сауал» әдісі

Оқушы қадамы: Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтарды лақтырамын.


2- тапсырма:

Көркемөнердің дамуы және спорттағы жетістіктерді сипатта, талда.

Дескриптор: білім алушы

  1. Қазақ әдебиетінің жаңа шығармалармен толыққандығын анықтады.

  2. Қазақстан кино өнерінің қарқынды дамуын талдады.

  3. Қазақстандық спортшылар өзге елдермен салыстырғанда жоғары нәтижелерге қол жеткізгендігін сипаттады.

-Қалыптастырушы бағалау: «Бесбармақ» әдісі





Кейбір оқушылар орындайтын тапсырмалар:

«Фишбоун» әдісі

3 тапсырма: Мәдениет пен ғылымның дамуын, білім беру саласындағы реформаларды анықта, талда, бағала.


Дескриптор: білім алушы

  1. Тәуелсіз жылдары орын алған экономикалық дағдарыс салдарынан туындаған қиындықтарды анықтады.

  2. Қаражат тапшылығына байланысты мемлекеттік мекемелерді оңтайландыру саясатының жүргізілуін талдады.

  3. Халықаралық стандарттар бойынша Қазақстан білім беру жүйесі дамыған елдердің қатарына қосылуын бағалады.

-Қалыптастырушы бағалау: ауызша


Мәтін парақшалары, постер, суреттер, маркерлер, электронды оқулық, интербелсенді тақта.

Сабақтың соңы 5 минут

Кері байланыс: БББ кестесі «Борт журналы» - тақырыпты оқып үйренуде өз ойларын жазуға үйренудің әртүрлі әдіс-тәсілдерін қамтитын жалпылама атауы. «Борт журналы» қарапайым түрде мәтінді оқу алдында және оқу материалымен танысқан соң қолданылады. Оқушылар келесі сұрақтарға жауап жазады:

Сабаққа дейінгі білгенім

Бүгінгі сабақтан білгенім

Сабақтан алған тың ақпарат





Мәтіннің түйінді ойларын оқушылар өздерінің «Борт журналына» енгізеді.




Бағалау парақшалары таратылады.

Саралау –Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау кһрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау- Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау.

Барлық оқушылар: ДЖИГСО әдісімен тарихи санадағы өзгерістер,

білім реформалары, рухани өмір өзгерістері туралы сипаттама берді.

- Мәдениет пен ғылымның дамуындағы іркілістерді, кино өнерінің аяқалысын, білім беру саласындағы реформаларды талдады.


Басым бөлігі :

«Серпілген сауал» әдісін орындай отырып, көркемөнердің дамуы және , спорттағы жетістіктерді сипаттап, талдады.


Кейбір оқушылар:

«Фишбоун» әдісі арқылы мәдениет пен ғылымның дамуын, білім беру саласындағы реформаларды анықтады, талдады, бағалады.





Қалыптастырушы бағалау: ауызша бағалау

«Борт журналы» - тақырыпты оқып үйренуде өз ойларын жазуға үйренудің әртүрлі әдіс-тәсілдерін қамтитын жалпылама атауы. «Борт журналы» қарапайым түрде мәтінді оқу алдында және оқу материалымен танысқан соң қолданылады. Оқушылар келесі сұрақтарға жауап жазады:

Сабаққа дейінгі білгенім

Бүгінгі сабақтан білгенім

Сабақтан алған тың ақпарат





Мәтіннің түйінді ойларын оқушылар өздерінің «Борт журналына» енгізеді.


Сыныптағы техникалық қауіпсіздік ережесімен білім алушыларды таныстырамын.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы қол жетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Мен сабақта мақсатыма жеттім. Сабақта «Шаттық шеңбері» , «сұрақты қағып ал», «серпілген сауал», «фишбоун» әдістерін қолдана отырып, білім алушылардың білімдерін жетілдіріп отырдым. Сабақта уақытты тиімді пайдаландым. Қалыптастырушы бағалауды «Борт журналы» әдісі арқылы жүргізіп отырдым.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!