Материалдар / "жаһандану" тәрбие сағаты
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"жаһандану" тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
жаһандануға түсінік беру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
1223
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сыныбы: 5 «Ә»

Мазмұны: Тәрбие сағаты

Сабақтың тақырыбы:  Жаһандану дегеніміз не?

Сабақтың мақсаты:  Білім алушылардың жоғары ақпараттық мәдениет қалыптастыруға ұмтылу және қызығушылығын білдірулерін дамыту



Сабақ барысы:

Сабақтың жүрісі:
- Құрметті оқушылар. Бүгін
гі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Жаһандану дегеніміз не?»

Жаһандану дегеніміз — бір-бірімен тығыз экономикалық, ғылыми-техникалық, саяси, мәдени байланыстағы біртұтас адамзат қауымдастығының қалыптасуы. Ол — біздің көз алдымызда өте тез қарқынмен жүріп жатқан үрдіс. Бүкіл ХХ ғасырдың өн бойында адамзат алуан түрлі жаһандық мәселелермен тұспа-тұс келіп отырды. Ол үшін дүниежүзілік екі соғысты, фашизм мен ұлтшылдықтың пайда болуын, ядролық қару мен Жер бетінде тіршілік атаулының құрып кету қаупін және т.б. еске алудың өзі жеткілікті болып табылады. Алайда, өкінішке орай, осы орын алған жағдайлардан сабақ алып, адамзатқа төнетін барлық қауіп-қатердің алдын алдық деп тұжырым жасай алмаймыз

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ –  «МӘҢГІЛІК ЕЛ» ұлттық  идеясының  алғышарты
Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Назарбаевтың «Нұрлы Жол» – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауы әлемде орын алып отырған геосаяси әрі экономикалық-қаржылық күрделі хал-ахуалды терең саралай келе жасаған кешенді, жасампаздық нұсқауы.
Басы ашық бір жайт бар: ол – Елбасы Жолдауының әлемдегі аса дамыған отыз елдің қатарына қосылу  стратегиялық жоспарын ұсыну және нақты міндеттерді қою арқылы өзі авторы болып табылатын «Мәңгілік Ел» идеясына қазіргі уақыттан бастап, алғышарттар жасауы дер едік.

Себебі, дамыған 30 елдің қатарына қосылу өте қиын әрі асқан жауапкершілікпен еңбек етуді талап ететін міндет.

Жолдауда Мемлекет басшысы Мәңгілік Ел идеясын көтерді. Онда Мәңгілік Елдің егемендігін тұғырлы ету мәселесіне назар аударды. Мемлекетіміздің болашағын дұрыс бағдарлап, қазіргі замандағы даму үрдістерінен қалып қоймай, әлемдегі өзіміздің лайықты орнымызды иеленуге тиіспіз. Енді бұдан былай тәуелсіздігімізді, мемлекеттігімізді сәт сайын нығайта беруіміз керек. Негізі, еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бергі бас­ты мақсатымыз – Мәңгілік Ел құру болатын. Мемлекет басшысы бұл Жолдауында ол мақсатқа жетудің жолдары мен тетіктерін көрсетіп, кезеңдерін белгілеп берді.

21 ғасырдағы дамыған ел дегеніміз: белсенді, білімді және  денсаулығы мықты азаматтар екені даусыз. Ол үшін бірегей білім беру жүйесі мен денсаулық саласының жұмысын жақсарту қажет.  Осы орайда замануи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну аса қажет екеніне көз жеткізген Елбасымыздың жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек деген ойы, біріншіден, біздерге, Зияткерлік мектептерге, сондай-ақ біздердің жеткен жетістіктерімізге деген зор сенім, екіншіден, үлкен  талап екенін түсініп отырмыз. Себебі біздерде Зияткерлік мектептерде жинақталған озық ойлар мен тәжірибені еліміздің мектептеріне тарату жүгі тұр.

Еліміз тәуелсіздік алып, ел болып есін жинап, жоғын жоқтап, барын базарлаған, асылын ардақтаған Ұлы елге айналдық. Бізге әрқашан үлгі болып келген Еуропа елдеріндегі атыс-шабыс, төңкерістерге қарап еліміздегі тыныштық пен тұрақтылық, экономикалық даму, ұлтаралық татулық: осының бәрі Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының сындарлы саясатының жемісі деп білеміз.

Жолдауда білім саласы туралы Президентіміз былай дейді: «Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс. Келешекте жастардың техникалық білім алуын мемлекеттік кепілдендіруге көшіруді қарастыру қажет»,- дейді. Осыған қарай отырып, Елбасы Назарбаев Зияткерлік мектептері қазақстандық білім көшін бастап келе жатқанын және өзгеге үлгі екендігін айтып отыр. Бұл біз үшін қуанарлық жағдай. Бірақ біз осы межені місе тұтып тұрып қалмай, ел страгегиясын қолдап, оның одан әрі дамуына үлес қосуымыз қажет. Біздің мектебіміз де осы мақсатты дұрыс түсініп, «Үш тұғырлы тіл саясатын» қолдап, оқушыларымыз үш тілде еркін қарым-қатынасқа түсіп, техникалық білімдерін тереңдетуде.

Елбасы Н.Назарбаевтың  әлемдік деңгейдегі аса ірі көшбасшылардың қатарына қосылғанын, өз елінің саяси-экономикалық тұрақтылығы мен дербестігін бірінші кезекте жүзеге асыруға тырысады, сондықтан да, ұлттық қордағы қаржыны еліміздегі шағын және орта бизнестің жаңа уақыт аясында дамуына, банкілер жүйесін сауықтыруға, инвестиция тарту үшін арнайы экономикалық аймақтарға қолайлы жағдай туғызуға, «ЭКСПО – 2017» кешенінің құрылысын дамытуға, Елорданың, сондай-ақ, моноқалалардың және авто, теміржол, әуе байланысы инфрақұрылымын өркендетуге жұмсау, осының нәтижесінде республика халқының әл-ауқатының өсуіне берік негіз болып табылатын тұрғын үймен қамтамасыз ету жүйесі, көлік-логистикалық, су, энергия, жылумен қамтамасыз ету, әлеуметтік саланы өркендету, тың нарықтарға шығу т.б., тұжырымдай айтсақ, Елбасы Жолдауының терең мазмұны мен нақты міндеттерінің өзегіне қандай ауқымды мәселелердің арқау болғанын көрсетеді.

 Дамыған елдер соңғы бір жарым ғасырдан бері бір-біріне жетістіктерімен мақтанып,табыстарын таразылап қою үшін өзара бас қосып,барын базарлап отыруды дәстүрге айналдырып келеді.Бұл дәстүр ел арасында халықаралық көрме немесе ЭКСПО деп аталдады.ЭКСПО атауы өзінің аты айтып тұрған,»экспонат» деген сөзден шыққан,қазақшасы-жәдігер.Дүние жүзі халықтарының өмірдің түрлі саласында қол жеткізген жетістіктерін,жәдігерлерін көрсететін алаң.     

     Бүгінде бұл көрмеге дүниежүзінің 161 мемлекеті мүше болып отыр.Оның жұмысын ұйымдастыру үшін арнайы Халықаралық Көрмелер Бюросы  (ХКБ) құрылған.Штаб пәтері Парижде орналасқан.Қазақстан ХКБ- ға 1997 жылы мүше болып кірді.               

Жалпы,ЭКСПО көрмесінің екі түрі бар.Оның бірі-  халықаралық әмбебап көрме.Ол бес жылда бір рет өткізіледі.Келушілер көрмеге қойылған экспонаттарды алты ай бойы тамашалай  алады.Екіншісі- халықаралық мамандандырылған көрме.Ол белгілі бір тақырыпқа арналып,2-2,5 жылда бір рет өткізіледі.Мерзімі – үш ай. Қазақстанның әлем елдері үшін өткізетіні байқауы да – соңғысы.Мамандандырылған халықаралық көрменің өтетін уақыты  2017 жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйегінің аралығы деп белгіленді.

Парижде 1925 жылы Дүниежүзілік көрмеде қазақтың дарынды әншісі Ә.Қашаубаев қатысқан.Ол этнографиялық концертке қатысып, байқаудан екінші орынды иеленіп, күміс медаль алған еді. Әміре аты әлемге танылған әйгілі Энрико Карузо және Марио Ланца сынды әншілерді басып озды деуге болады. Қазақ әншісініңән орындауының арқасында бүкіл әлем біздің елді, қазақ музыка өнері туралы, қазақ елінің ұлттық киімі жайлы білді.                                               

Көрме өткен жыл

Көрме өткен қала

Көрменің тақырыбы

1988 жыл

Лиссабон

«Мұхиттар – болашақтың мұрасы»

2000 жыл

Ганновер

«Адам.Табиғат.Технология»,

2005 жыл

Нагоя

«Табиғат даналығы»

2008 жыл

Сарагос

«Ауыз — су мәселесі»

2010 жыл

Шанхай

«Көрікті қала- үздік өмір»

2015 жыл

Милан

«Планетаны тамақтандыру,өмірге арналған энергия»

2017 жыл

Астана

 «Болашақтың энергиясы»

2012 жылғы 12 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының Бас ассамблеясының 151-ші отырысында Астананың ресми таныстырылымы болып өтті. Жиынның басында делегаттарға Қазақстан Президентінің арнайы бейне үндеуі жолданды.Астана ұсынған көрменің тақырыбы «Болашақтың энергиясы» деп аталады, ол баламалы энергия көздеріне және «жасыл» технологияға арналған.                             

2012 жылғы 26 қарашада Мемлекет басшысы «ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау мен оны өткізужөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» №436  Жарлыққа қол қойды.Астанадағы бүкіләлемдік көрме 3 айға дейін жалғасатын болады. Оған әлемнің 100-ге жуық еліжәне 10 халықаралық ұйым қатыса алады.Көрмеге 5 миллионнан астам адам қатысады деп күтіліп отыр.                                       

2012 жылғы 26 қарашада Мемлекет басшысы «ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау мен оны өткізужөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» №436  Жарлыққа қол қойды.Астанадағы бүкіләлемдік көрме 3 айға дейін жалғасатын болады. Оған әлемнің 100-ге жуық еліжәне 10 халықаралық ұйым қатыса алады.Көрмеге 5 миллионнан астам адам қатысады деп     Баламалы энергия көздері бойынша ғылыми зеттеулер жасап жүрген ғалымдарымыз үшін маңызды.Халықаралық көрме барша әлемге осы саладағы қазақстандық ақыл- ойдың қуаты мен әлеуетін паш ететін болады.Бұдан басқа, ЭКСПО нысандары үшін жол салу,қоғамдық көлік, коммунальдық шаруашылық, әуежай, вокзал тәрізді инфрақұрылымдық жұмыстар өркендейді.Бұл дегеніңіз жаңа жұмыс орындары.Екіншіден, Астана мен оның маңындағы аймақтарда шағын және орта бизнестің дамуына және ішкі туризмнің артуына серпін бермек.Үшіншіден,елімізге шетелдік туристер ағыны күшейетіні белгілі.Көрмеге үш айда 100 елден  5 млн. адам (күн сайын 50 мыңдай) келеді деп күтілуде.Төртіншіден,ЭКСПО болашақта Қазақстанды ірі несиелер құюға болатын халықаралық ақпараттық- экономикалық алаң ретінде тануға мүмкіндік береді.

ЭКСПО — ның пайдасы қандай?  

    Баламалы энергия көздері бойынша ғылыми зеттеулер жасап жүрген ғалымдарымыз үшін маңызды.Халықаралық көрме барша әлемге осы саладағы қазақстандық ақыл- ойдың қуаты мен әлеуетін паш ететін болады.Бұдан басқа, ЭКСПО нысандары үшін жол салу,қоғамдық көлік, коммунальдық шаруашылық, әуежай, вокзал тәрізді инфрақұрылымдық жұмыстар өркендейді.Бұл дегеніңіз жаңа жұмыс орындары.Екіншіден, Астана мен оның маңындағы аймақтарда шағын және орта бизнестің дамуына және ішкі туризмнің артуына серпін бермек.Үшіншіден,елімізге шетелдік туристер ағыны күшейетіні белгілі.Көрмеге үш айда 100 елден  5 млн. адам (күн сайын 50 мыңдай) келеді деп күтілуде.Төртіншіден,ЭКСПО болашақта Қазақстанды ірі несиелер құюға болатын халықаралық ақпараттық- экономикалық алаң ретінде тануға мүмкіндік береді.

Қорытынды: Бейбіт өмірі жарасымды діні мен салт дәстүрлері әртүрлі көп ұлтты мемлекетіміздің бір шаңырақ аясында тату тәтті өмір сүріп жатыр. Елбасы халқымыз бір болып еліміздің жан-жақты дамуына ауқымды серпіліс жасап, жолдаудағы көрсетілген мақсаттарға жететінімізге сенім артады. Қазіргі таңда қазақ елін әлем мемлекеттері танып отыр. Соның бірі Ұлыбритания еліндегі болған олимпиядадағы еліміздің спортшыларының көрсеткен жетістіктері мен Халықаралық «ЕХРО -2017» көрмесінің Астанада өткізілуінің жоспарлануы.

Ынтымақ, достықты ұран етіп, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында шексіз табыстарға қол жеткізді. Мемелекетіміздің тұрақты әрі қарқынды дамуы оңтайлы саясат пен бірліктің арқасы. Ендеше еліміздің Тәуелсіздік тұғыры берік болып, Еліміздің байрағы көк аспанда желбірей бергей

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!