Материалдар / Жаз келді, ертеңгілік!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жаз келді, ертеңгілік!

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаз келді аааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааа
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Сәуір 2022
467
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Сәлем,жаз!» Ертеңгілік

Ойын алаңы мерекеге сай шарлар мен жалаушалар мен безендірілген.

Ересек тобының балалары қолдарына шар ұстап «Большой хоровод» әуенімен билеп кіреді. (4 қатарға тұрады).

Жүргізуші: Қайырлы күн, құрмет тіата –аналар, қонақтар, балалар,бүгінгі «Сәлем, жаз!» мерекеміз құттыболсын!

Жүргізуші:Балалардың бақшасындабүгін той!

Жаз мезгілі келді оны біліп қой!

Жүргізуші:

Алақай - ау, алақай,

Той тойлайық, балақай.

Қызарғанша алақан,

Кел, соғайық , балақай!

Жүргізуші: Тақпақ айтып кезектесіп бір - бірлеп,

Кел, қосылып ән шырқайық, би билеп.

Жүргізуші: Ертеңгілігімізді ашу үшін балабақша меңгерушісі_______________________________________________сөз беріледі.

Жүргізуші: Қараңдаршы , балалар , ауа райы қандай керемет!

Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын, сендер шешуін тауып көріңдер?

Көбелек те , гүл де бір

Қызыл – жасыл күллі өңір

Аспан төрі ақша бұлт

Бау – бақшада барша жұрт

Саңқылдаған саз әні

Көлде құстың базары

Жидекпісіптолады

Бұлқайкездеболады?

Балалар: Жазда.

Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар. Мінекей, барлығының ең сүйікті мезгілі, жаз да келіп жетті. Айтыңдаршы, жаз мезгілін не үшін жақсы көреміз?

Балалар: Жазда біз шомыламыз, күнге қыздырынып, күш жинап, өсеміз.

Балалар: Жазда біз туған жеріміздің әсем жерлерін аралап, демаламыз.


Балалар: Жаз келіпті дегенше

Алма пісті дегейсің

Бақшамызда ендеше

Алма теру көбейсін

Балалар: Жаз келіпті , қарандар

Көлге үйрек , қаз қонар.

Асыр салып балалар

Суға түсіп мәз болар .

Балалар: Жаз келіпті дегенше

Қауын пісті дегейсің

Бақшамызда ендеше

Қауын – қарбыз көбейсін.

Балалар: Жайнап жатсын далалар ,

Гүл көмкеріп белдерді.

Барып жасыл жайлауға

Жаз қызығын көргенде!

Балалар: Көл жағалай көп құстар

Ұшып-қонып жатады.

Қиқуласып әр тұстан,

Сызылтып үн қатады.

Балалар отырады.

Жүргізуші: Қараңдаршы, бізге біреу асығып келе жатқан сияқты.

Қарға: Қаррр, қарр! Енді не істейміз? Құрыдық!

Жүргізуші: Қарға, саған не болды?

Қарға: Енді не істейміз, сіздер мұнда жазды күтіп отырсыздар, ал жаз келмейді.

Жүргізуші: Келмегені қалай? Әр мезгілдің өз кезегі бар.

Қарға: Қайдағы кезек?

Жүргізуші: Кезек деген, қане, балалар, жыл мезгілдерін есімізге түсірейікші.

Балалар: Көктем, жаз, күз, қыс.

Жүргізуші: Естідің бе, қарға, көктемнен кейін жаз келеді.

Қарға: Ал, мен, бәрібір ол келмейді деймін. Жаз адасып кетті.

Жүргізуші: Жоқ, қарға , біз жазды нағыз мереке жасап, күтіп аламыз. Ол біздің балалардың дауысын есітіп, тезірек келуге тырысады, ал, сен отырып, балалардың ән-биін тамашала.

«Еркетай» тобының балаларының бүгінгі мерекеге арналған тақпақтары бар екен.

Тақпақтар айтылады, балалар 4-қатарға тұрады.

ӘН:«Жазда апамның аулында»

Балалар: Жайқалып жапырақ,

Құлпырып қызғалдақ.

Тұратын көз тартып,

Жаз келді күн шуақты.

Балалар: «Көлім, көлім көлім» деп,

Қаз да келді маймаңдап.

«Шомыл, шомыл, шомыл» деп,

Жаз да келді жайраңдап.

Балалар: Өзен — көлдің жағасы

Гүлден ою ойғандай.

Тырналарға қарашы:

Жіпке тізіп қойғандай.

Балалар :Ал, жүріңдер, балалар,

Қырға шығып көрейік.

Қызғалдақты терейік,

Құшақтап ап келейік.

Балалар: Көлеңкеге тығылып,

Қалжырайды күшігім.

Күн көзіне бұйығып,

Маужырайды мысығым.

Балалар отырады.

Жүргізуші: Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырайын, соны шешіп көріңдерші:

Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады, ол не, балалар?.

Балалар: Күн.

(осы кезде алаңға күн кіреді)

Күн : Сәлеметсіңдер ме , балалар! Мейрамдарың құтты болсын. Сендер осы өмірде жарқын өмір сүріңдер, аспанымыз ашық болсын!

Жүргізуші: Күн, сен барлығымызға өзіңнің шуағыңды шашып, махабатыңа бөле, балалардың қошеметін ал.

Балалар:«Қош келдің күн»

Күн: Балалар! Жаңа мен сендерге асығамын деп, сәулелерімді жоғалтып алдым, соны табуға көмектесесіңдер ме?

Балалар: Әрине, көмектесеміз!

Ойын: «Күннің сәулесін түгелде.»

Күн: Рахмет, сендерге балалар! Жылуымды сендерге қалай жеткізем деп уайымдап тұрған едім, енді сәулелерім барлықтарыңа жетеді.

Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар! Күн – жылудың, өмірдің бастауы, қане күнге арналған әнімізді шырқайық!

Балалар 4-қатарға тұрады.

ӘН: «Әрқашан күн сөнбесін!»

Балалар: Біз балдырған тең басқан

Дос құшағын кең ашқан

Тілегіміз бейбіт күн

Ашық болсын кең аспан!

Балалар: Сколько солнца! Сколько света!

Сколько зелени кругом!

Балалар: Что же это? Это лето

Наконец спешит к нам в дом.

Балалар:Күнге жетем десең де

Күлімдеген қостаған

Күндееркелейберсем де

Мейірбандыдоссаған

Балалар отырады.

Қарға: Қарр, қарр! Қараңдар, бізге Жаз келе жатыр! Алақай!

Балалар: Алақай!

(музыка әуенімен ортаға билеп, Жаз келеді)

Жаз: Білемін, білемін. Мені күткендеріңе көп болды. Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сәлеметсіздер ме қонақтар! Мерекелерің құтты болсын! Сендер бүгін барлықтарың күннің шуағындай құлпырып кетіпсіңдер!

Жүргізуші: Ақыры кездестік-ау. Сені адасып кетті ме деп алаңдап отырған едік.

Жаз Анель: Қалайша адасамын, мен сендердің дауыстарыңды алыстан есітіп, жеткенім осы.

Жүргізуші: Олай болса мерекемізді әрі қарай жалғастырайық.Біздің балалар саған өздерінің жазда қалай өсетінін ән арқылы көрсетсін.

Балалар 4-қатарға тұрады.

ӘН: «БІЗ ОСЫЛАЙ ӨСЕМІЗ»

Балалар :Киім кидім ең сәнді

Қарындасым , інімде

Менде шырқап ән салдым

Жаздың мереке күнінде.

Балалар: Гүлмен келсін келер күн

Бала бағы бар елдің

Балалардың күлкісі

Көркі сәні әлемнің!

Балалар: Сапырған сары қымызын,

Барамын жасыл жайлауға.

Қызықтап көркін күн ұзын

Асыр сап көкте ойнауға.

Балалар : Жаз жайдары, алақай!

Жатыр жайнап даламыз.

Жүр қанекей, балақай,

Шомылуға барамыз.



Балалар: Ал балалар тұрмайық

Әндетейік жырлайық

Қарап тұрмай жан жаққа

Қол ұстасып билейік


ӘН: «Балабақша бағында»

ОЙЫН.

БИ: «ТАНЕЦ МАЛЕНЬКИХ УТЯТ»








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!