Материалдар / Жазбаша сөйлеу тілінің бұзылыстары және түзету жұмыстарын жүргізу жөнінде ұсыныстар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жазбаша сөйлеу тілінің бұзылыстары және түзету жұмыстарын жүргізу жөнінде ұсыныстар

Материал туралы қысқаша түсінік
Жазбаша сөйлеу тілі ретінде сөйлеу тілінің тең дәрежелі екі түрі-жазу мен оқу әрекеттері қабылданады.Жазу мен оқудағы бұзылыстар әртүрлі бас миының қыртыстық және тілдік қызметтердің бұзылыстары немесе жеткіліксіздігі (гнозис,праксис,кеңістіктегі көріністер,көру-моторлы координация,фонематикалық есту, дыбыстық және тілдік талдау және синтез,сөйлеу тілінің лексико-грамматикалық құрылымы,ақыл-ой жүйесінің жұмысқа қабілеттілігі,зейін мен есте сақтау,әрекеттерді бағдарлау мен бақылау қызметтері) нәтижесінде пайда болады.Әдетте аталған қызметтердің бұзылысы жазбаша сөйлеу тілін меңгеруде мәселелер туындатпайды.Егер олардың бірнешеуі қатар болатын болса онда белгілі бір қиындықтардың пайда болу ықтималдылығы өседі. Клиникалық жіктемеде оқудағы бұзылыстарды белгілеу мақсатында «алексия» - оқудың толықтай болмауы және «аграфия» - жазудың толықтай болмауы, «дислексия» - оқу әрекетінің кейбір ерекше бұзылыстары, «дисграфия» жазу әрекетінің ерекше бұзылыстары деген анықтамалар қолданылады.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жазбаша сөйлеу тілінің бұзылыстары және түзету жұмыстарын жүргізу жөнінде ұсыныстар

Жазбаша сөйлеу тілі ретінде сөйлеу тілінің тең дәрежелі екі түрі-жазу мен оқу әрекеттері қабылданады.Жазу мен оқудағы бұзылыстар әртүрлі бас миының қыртыстық және тілдік қызметтердің бұзылыстары немесе жеткіліксіздігі (гнозис,праксис,кеңістіктегі көріністер,көру-моторлы координация,фонематикалық есту, дыбыстық және тілдік талдау және синтез,сөйлеу тілінің лексико-грамматикалық құрылымы,ақыл-ой жүйесінің жұмысқа қабілеттілігі,зейін мен есте сақтау,әрекеттерді бағдарлау мен бақылау қызметтері) нәтижесінде пайда болады.Әдетте аталған қызметтердің бұзылысы жазбаша сөйлеу тілін меңгеруде мәселелер туындатпайды.Егер олардың бірнешеуі қатар болатын болса онда белгілі бір қиындықтардың пайда болу ықтималдылығы өседі. Клиникалық жіктемеде оқудағы бұзылыстарды белгілеу мақсатында «алексия» - оқудың толықтай болмауы және «аграфия» - жазудың толықтай болмауы, «дислексия» - оқу әрекетінің кейбір ерекше бұзылыстары, «дисграфия» жазу әрекетінің ерекше бұзылыстары деген анықтамалар қолданылады.

Ата-ана бала бойындағы оқудағы қиындықтарын естіген кезде жалқаулыққа немесе еркелікке балап,кейін жөнделедіғой, әлі кішкентай деп мән бермейтін кездер жиі болады.Осындай балалар арасында жиі кездесетін бұзылысқа тоқталып өтейік.

Балада дислексия және дисграфия белгілері бар екенің қалай анықтауға болады?Жалпы алғанда бұндай белгілер бар балалар өзінің қатарластарына қарағанда мәліметті баяу қабылдайды және өзгеше қабылдайды.Жиі көңіл-күйдің өзгеруімен қатар басты қиындығы өз ойын еркін жеткізіп,ауызша айтып қорыту,дыбысты танып,ажыратудағы шатасулар,оқу кезінде оған әріптер қозғалатын сияқты,толқындап тұрған секілді болып көрінеді де олардың реттілігін шатастырады. Дыбысты немесе сөзді керісінше жазу,ұқсас әріптерді шатастыру,қателіктерін байқамау,ақпаратты өңдеу жылдамдығы,зейінді шоғырландыру мен есте сақтау проблемалары байқалады.Осы орайда дислексия және дисграфияның бірнеше түрлерін бөліп көрсетейік. Акустикалық дисграфия – (фонематикалық) дыбыс айтуы қалыпты жағдайдағы балаларда диагностикаланады және дауыссыздар,акустикалық-артикуляторлы белгілері бойынша жақын дыбыстарды тұрақты алмастыруы байқалады (д-т,б-п,ж-ш,с-ш, з-ж, ч-щ,с-ц, р-л).

Артикуляторлы-акустикалық дисграфия жазуда дұрыс емес айту түріндегі бұзылған(қалай айтады солай жазады) сөйлеу негізінде байқалады.

Оптикалық дисграфия - сауат ашудың екінші тоқсанында диагностикаланады, дәптер бетін бағдарлау,жолдың басын тауып, ұстап тұрудың қиындығы,жазба әріпті баспа әріппен алмастыру,әріптер тәртібін бұзу түрінде көрінеді.

Диспраксиялық дисграфия - сауат ашудың екінші тоқсанында диагностикаланады,сызуда ұқсас немесе бірдей элементтері бар әріптерді алмастыру а-о,б-д,и-у,т-п,л-я.Әріп элементтерін жазбай қалу,буындар мен сөздерді қалдырып кету,әріптері әртүрлі көлемде салынады.Қолы тез шаршап қалады.

Тілді талдау мен жинақтау бұзылыстарынан туындаған дисграфия – фонематикалық және буындық талдау мен жинақтаудың бұзылыстары,сөздер мен сөйлемдер, және лексикалық-грамматикалық құрылымды талдау мен жинақтаудың қалыптаспауы яғни СТЖД салдарынан туындайды.

Аграмматикалық дисграфия – сөйлеу тілінің грамматикалық дамымауы,аграмматизмдермен,яғни сөздердің қиысу және сөздерді түрлендіру кезіндегі өзгерістер.Сөздердің сөйлемдегі реттілігінің бұзылуы байқалады.

Дизорфография – (2- сыныпта диагностикаланады, дұрыс жазуды меңгерудің бұзылыстары)- орфографиялық білім, икем мен дағдыларды меңгеруге қабілетсіздік, жазу кезіндегі тұрақты қателер.

Дислексия – оқу үдерісіне қатысушы белгілі бір жоғарғы психикалық қызметтердің қалыптаспауынан (бұзылыстарынан) туындаған тұрақты және қайталанып тұратын қателер түріндегі жазу үдерісінің жеке ерекше бұзылысы.

Оптикалық дислексия - әріпті тану қиындығы,графикалық тұрғыдан ұқсас әріптерді алмастыру,айнадан көргендей оқу.

Мнестикалық дислексия – барлық әріпті меңгерудің қиындығы(есте сақтаудың)Бала белгілі бір дыбысқа қандай әріп сәйкес келетінің жадында сақтай алмайды.

Фонематикалық дислексия – фонематикалық ұғымдардың бұзылысымен байланысты ұқсас дыбыстарды алмастырып оқу,әріп түрінде оқу,сөздің буындық құрылымын бұрмалау.

Моторлы дислексия әріптер түрінде ежіктеп оқу,дыбыс пен буын құрылымының бұрмалануы(қалдырып кету,кіріктіру,орын алмастыру),оқу дағдысын автоматтандырудың қиындығы.

Семантикалық дислексия – техникалық тұрғыдан дұрыс оқылғанына қарамастан оқыған сөздерді,сөйлемдерді,мәтіндерді түсінудің бұзылыстары.

Аграмматикалық дислексия – сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымы, морфологиялық және синтаксистік жалпылаулардың дамымауынан туындаған оқудың бұзылыстары анықталғанда диагностикаланады.

Тактильді дислексия – көздері көрмейтін балаларда диагностикаланады.

Әр баланың оқу қиындықтарының өзіндік ерекшеліктері бар.Яғни, бұл белгінің бірнешеуі ғана балада көрінуі мүмкін.Дислексия және дисграфияны түзетудің бастапқы кезеңі дұрыс диагностика жасау болып табылады.Бұл әр балаға жеке дамыту бағдарламасын жасауға мүмкіндік береді.

Дислексия және дисграфия ауру емес, бұл ақпаратты қабылдаудың ерекшелігі. Ол емделмейді,түзетіледі.

Қалай көмектесуге болады?

  • Ұстазы немесе ата-анасы тапсырманы бастапқы кезеңде дауыстап өзі оқып береді.Өйткені бұл баладағы жалпы жүктемені азайтады да мәтінді оңай түсінуге мүмкіндік береді(бұл уақытша қолданатын әдіс). Осы бірлескен әрекет арқылы мектептегі оқу әрекетін игеруге,сөздік қорын кеңейтуге көмектесіп,оқу фобиясының қалыптасуына жол бермейсіз.

  • Баланы дауыстап оқуға мәжбүрлемеңіз.Дауыстап оқу үнсіз іштей оқуға қарағанда еңбекті қажет етеді. Бала тез шаршауы мүмкін. Мәтінді өзіңіз дауыстап оқудан бастаңыз. Бірінші сіз-бала-қайтадан сіз оқисыз.

  • Оқуға ойынды қосыңыз. Ойын балаға жақын іс-әрекет болғандықтан берілетін тапсырмалар жеңіл сезіледі де игеруге оңай болады.

  • Есте сақтауды дамыту үшін тапсырмаларды өлең мен әндер түрінде орындату да жақсы нәтиже береді.

Сенсорлық жүйені пайдалану,яғни мүмкіндігінше көп сезім мүшелерін қолдану арқылы үйрету баланың есінде жақсы сақтап, оны сезінуіне және қорытуына мүмкіндік береді. Мысалы әріптерді ауада салып, айту, құм жәшіктерін қолдану, қолмен салу. Қағаздан кесу, пластелиннен жасап шығару арқылы қолмен ұстап, сезініп, көзбен көріп,есте сақтайды.

Дегенмен де оқу қиындықтарын ерте анықтап,қажетті әдістерді қолдана отырып түзету жұмысы уақытылы жасалса, нәтиже білінеді, баланың оқуға деген ынтасы да ашылатын болады.Бұндай балалар үйде де қолдауды көп қажет етеді. Ата-ана баланың көп нәрсеге қабілетті екенің байқау қажет.Себебі, ата-ана балаға жақын және барлық ерекшелігі,күнделікті қайталанатын іс-әрекеті оның көз алдында. Негізінен бұл балалар талантты, белгілі бір салада жетістікке жете алатын әсіресе шығармашылықпен айналысуға икемі бар болады.

Дислексия және дисграфияның алдын алу қажетті дағдыларды-сөйлеу, есте сақтау, ойлау, зейінді шоғырландыруға арналған арнайы жаттығулардың көмегімен,соның ішінде білімді игеруге бағытталған дидактикалық ойындарды қолдана отырып жазбаша сөйлеу тілін түзету болып табылады.

Осы орайда «Звездочки на земле» атты 8 жасар Ишан есімді суретке ынтасы бар ерекше бала және оның ұстазының баланы тануы мен ықпалы жөніндегі Болливуд фильмін көруге кеңес беремін.

Байғанаева Бөбек Жақсылыққызы

Жалағаш психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация логопеді

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!