Материалдар / Жазғы орманға саяхат
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жазғы орманға саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
Ересек орыс тобында ашық ұйымдастырылған оқу әрекеті
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
1626
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Жазғы орманға саяхат»

(Ересек орыс тобында ашық ұйымдастырылған оқу әрекеті )

Ақтөбе қаласы, №4 «Көктем» МДҰ

қазақ тілі мұғалімі Жумашева Ж.С.

Мақсаты: Балалардың меңгерген білімдерін тиянақтау.
Білімділік: Балалардың геометриялық пішіндерді,түстерді танып, ажыратуға, қарапайым сан мен санау түсініктерін күнделікті өмірде еркін қолдана білуге төселдіру.
Тәрбиелік: Ойынның шартын сақтап ойнауға, ұйымшыл, көпшіл, шыдамды, сабырлы, шапшаң болуға және көмек көрсету, сыйластық қатынаста болуға тәрбиелеу.
Дамытушылық:
М.Монтессори элементтерін қолдану арқылы баланың ұсақ саусақ моторикасын, сенсорлық қабілетін дамыту; Логикалық ойын арқылы баланың қиялын, ой - өрісін, есте сақтау және тапқырлық, ізденімпаздық қабілеттерін дамыту.

Білім салаларының кіріктірілуі: «Таным», «Катынас», «Денсаулық», «Әлеумет», «Шығармашылық».
Көрнекілігі:Компьютер, проектр.Геометриялық пішіндер, көжектер, шырша ағаштарының макеті, жаңғақтар, қыстырғыштар, үрілген шарлар, үйшік макеттері,шаршы мен дөңгелек, «Емен ағашы» -иістендіргіш,тәжірибе жасау,слайд. Мнемокесте: «Жаз»

Билингвальді компонент: орман- лес,көпір-мост, шырша-елка,құлпынай-клубника.

ҰОӘ түрі: Дәстүрлі емес ҰОӘ.

Әдіс - тәсілдер: компьютерлік ойын, түсіндіру, бақылау, сұрақ – жауап.
Сабақты ұйымдастыру:
Балалармен шаттық шеңберін құрамыз.
Тәрбиеші:Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің ісі ғой
Ал, кәнекей, бәріміз
Сәлем- дейік үлкенге
Қайырлы күн, қонақтар.
Қайырлы таң, балалар !

Балалар: Білер қазақ баласы,

Сәлем сөздің анасы.

Бәріне де ізетпен,

Біздер сәлем береміз-

Сәлеметсіздер ме?!
Балалар орындарына отырады.

І-слайд: Мнемокесте: «Жаз».
Тәрбиеші:-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар:-Жаз мезгілі
Тәрбиеші: - Жазда табиғатта қандай өзгерістер болады? Ауа- райы қандай болады?
Балалар:- Ыстық болады. Гүлдер өседі. Көбелектер ұшады.
Тәрбиеші:- Жаз мезгілі сендерге ұнайды ма?Неге ұнайды?
Балалар:-Жазда далада ойнаймыз, суға түсеміз, серуенге, саяхатқа шығамыз, таза ауада дем аламыз.
Тәрбиеші:- Олай болса, балалар, мен сендерді жазғы орманға саяхатқа шақырамын!

Ән: «Саяхатқа барамыз» - бейнеролик арқылы орманға аттану.

Слайд арқылы көлді тамашалау.

Тәрбиеші: - Балалар, біз мына көлден өтіп, орманға баруымыз керек. Бірақ бұл көл терең сияқты.Одан өту үшін бізге көпір керек. Мына текшелердің көмегімен көпір тұрғызайық.

«Көпір тұрғызу» ойыны.

Мақсаты: Текшелерден көпір құрау. Оларды атау.

  • Көпірді қандай текшелерден тұрғыздық? (Тіктөртбұрыштан)

Орманға келеді. Айнала ағаштар, гүлдер.

Тәрбиеші: - Балалар, көпір болмағасын мына жерге адамдар көптен бері келмеген, сондықтан мына шыршалар сынып, құлап қалған.

Қане, бәріміз осы ағаштарға көмектесейік, оларды қалпына келтірейік.

«Шыршаларды құрастыру».

Мақсаты:Үшбұрыштардан 3 шыршаларды құрастыру. Пішіндерді атау. Шыршаларды санату, салыстыру.

  • Балалар, неше шырша құрастырдыңдар? ( Екі шырша)

  • Шыршаны қандай пішіннен құрастырдыңдар? (Үшбұрыштан)

  • Бірінші шырша қандай? (Биік)

  • Екінші шырша қандай? (Аласа)

«Сандарды сәйкестендір»

Мақсаты: Сандарды аталған шыршамен сәйкестендіру.

  • Биік ағашта алты жаңғақ бар. (Бала биік ағашты танып, алты жаңғақты қыстырғышпен шыршаға қыстыру керек.)

  • Аласа шыршада төрт жаңғақ бар. (Бала аласа ағашты танып, төрт жаңғақты қыстырғышпен шыршаға қыстыру керек.)

  • Қай шыршаның жаңғағы көп?

  • Екі шыршада барлығы қанша жаңғақ бар?

Тәрбиеші: -Балалар, ағаштарды сындыруға бола ма? Орман не үшін керек, оның қандай пайдасы бар екенін білесіздер ме? (Орман пайдасы туралы орыс тілінда айтып беру.)

Релаксация: «Орманда»-бейнеролик және ароматерапия қолдану шыршаның иісін шығару

Сергіту сәті:

Табиғат қандай тамаша,

Көз тоймайды қараса,

Жарыса өскен көп ағаш,

Биік, жуан, аласа!
Бойды сергек, тік ұста,
Емін - еркін тыныста.
Оң қолыңды соз алға,
Үшбұрыш сыз ауада.
Сол қол босқа тұрмасын,
Шеңбер жасап тынбасын.

Кеңге ашып құшақты,

Терең тыныс алайық.

Пайда берер адамға,

Таза ауаны жұтайық!

Осы кезде қасқырдың ұлыған дауысын жіберу.

Тәрбиеші: - Балалар, қасқырдан қорыққан көжектерге көмектесейік. Көжектерге үйшік жасап беру керек.

Кішігірім тәжірибе (эксперемент) жасау: - Балаларға текше мен үшбұрышты белгіленген жерге тездетіп домалатап әкелуді тапсыру.

Жетекші сұрақтар қою:

- Балалар, кім бірінші қай пішінді домалатып әкелді?

- Неге дөңгелек тез домалайды?

- Неге текше жай домалайды?

Тәрбиеші: - Мінекей, біздердің үйшіктеріміз дайын. Енді көжектерді үйшіктеріне орналастырайық.

«Көжектердің үйін тап»

Мақсаты:Көжектердің көлеміне не түсіне қарай үйшіктерді таңдап,оларды үйшіктердің жанына апарып орналастыру.

  • Көжектің үйшіктері қандай пішіндерден жасалған?

Тәрбиеші: -Балалар, көжектер сіздердің көмектеріңе алғыс айтып, сіздерге шар сыйлап жатыр.Сендерге шармен ойнаған, үрген ұнай ма, үре аласыңдар ма?

Дем жаттығуы: «Шар үрлеу»

Тәрбиеші: - Балалар, біздің шарымыз қандай пішінге ұқсайды?

  • Сопақшаға ұқсайды.

«Неге ұқсайды?» ойыны.

Мақсаты: Түстес заттарды атау.

  • Сен қандай шар алдың? (Сары,қызыл,жасыл)

  • Сары сопақ шарға не ұқсайды?

  • Ал, балалар, бүгінгі саяхат сендерге ұнайды ма? Біздер қайда бардық, не көрдік, не істедік?

Балалармен ҰОӘ қорытындылау.

  • Жарайсыңдар! Енді қонақтармен қоштасып, бақшамызға оралайық!

Балалар:Қол ұстасып тұрайық
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау саламат болайық!
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Балалар геометриялық пішіндерді дұрыс атайды, 10-ға дейін санайды.

Игереді: Дамытушы ойындар арқылы ой қабілеттерін дамытуды, сұрақтарға дұрыс жауап беруді игереді.
Меңгереді: Геометриялық пішіндерді, сандарды , түстерді ажыратуды, заттарды салыстыра білуді меңгереді.Өз ойларын дәлелдеп сөйлеуді меңгереді.

































ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

БІЛІКТІЛІК АРТТЫРУДЫҢ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ «ӨРЛЕУ» АҚ

Ақтөбе облысы филиалы









«Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында

қазақ тілін оқыту бойынша білім беру процесін жобалау»-тақырыбындағы біліктілікті арттыру курс тыңдаушыларының өзіндік жұмыстары.






Тақырыбы:«Инновациялық технологияларды пайдалана отырып, балалардың коммуникативтік – тілдік ортасын қалыптастыруға бағытталған сабақ жоспарын құрастыру»





Орындаған:Жумашева Ж.С.









Курс мерзімі: 11.09-22.09.2017ж/


Тыңдаушылар санаты: Мектепке дейінгі ұйымдардың қазақ тілі

мұғалімдер.


Курс жетекшісі: Табынбаева А.Қ.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!