Материалдар / Жазғы серуен
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жазғы серуен

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Желтоқсан 2019
954
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

1. Жаздың белгісін бақылау

Мақсаты:балаларды жаздың белгілерін анықтауға үйрету.(жасылды-көк шөп,жасыл ағаш,гүлдердің гүлденуі,ұзақ күн)

Көркем сөз:

Ауыл қонды жайлауға,

Дала жатыр жадырап.

Қой қаптады қойнауда,

Қозы, лақтар жамырап.

Қимылды ойын: «Өз орныңды тап»

Мақсаты: денесін тепе-тең ұстап, бір аяқпен бірнеше рет секіруге үйрету.Ойын тәртібін бұзбау.

Еңбек: гүлзарда гүл түбін отырғызуға дайындық жасау

Мақсаты: балаларды өңдеу жұмыстарымен таныстыру.,

Жорамал:

  1. Торғайлар топ- тобымен ұшып жүрсе- ауа райы құрғақ,күн жылы болады.

  2. Ыстық жел тұрса- жаңбыр жауады.

  3. Түн жарық болып,шық түспесе-ертеңгі күні жаңбыр жауады.





















2. Найзағайды бақылау

Мақсаты: ауа-райының жағдайын қарап, жақындап қалғанда найзағайды білуге үйрету.

Көркем сөз:

Желкілдеген желеуі,

Жайнап орман көлдері.

Жадыратар жаныңды,

Жаз маусымы дер оны.



Қимылды ойын: «Үкі, жапалақ»

Мақсаты: белгі берілісімен алға ұмтылып жүгіру, жылдамдықпен жүгіруге үйрету.

Еңбек:балалар өздерінен кіші балдырғандарға ойыншықтарын жинауға көмектесіп,қамқорлыққа тәрбиелеу.

Жорамал:

  1. Жаз жаңбырлы болса-қыста қар мол болады,әрі аязды болады.

  2. Найзағай алдында қарлығаштар төмен ұшып жүреді.

  3. Найзағай алдында гүлдердің иісі аңқып тұрады.

  4. Найзағай алдында бақбақ гүлі өз жапырақшаларын жабады.



























3. Найзағайдан кейін –өсімдіктерді бақылау

Мақсаты: жаңбырдан кейін табиғат одан сайын құлпырып, сұлулана түседі.Осындай ғажап көрініске балалардың назарын аудару.

Жаңбырдың мөлдір таза тамшыларына молынан шомылған өсімдік дүниесі күннің алтын нұрымен шағылысып, жалт-жұлт етеді.Ағаштар мен бұта жапырақтарынан моншақтай –моншақтай болып төгілген тамшылар,жер-ана қойнауына тырс-тырс етіп сіңіп жатыр.

Көркем сөз:

Ақ жауын, ақ жауын,

Ел жұртыма бақ жауын.

Егістікті суардың –

Сап,сап жауын, сап жауы.

Қимылды ойын: «Екі жаққа ауысып жүгіру»

Мақсаты: бір-біріне соқтығысып қалмай жылдам жүгіре білу.

Еңбек: балалармен бірге гүлзарды көру.

Мақсаты:табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

























4. Кемпірқосақты бақылау

Мақсаты: кемпірқосақтың әдемі түстерін бақылау. Балаларға осы қызық құбылысты түсіндіру.Оны күннің көзі нұрын төгіп, жаңбыр жауып тұрғанда да көріп байқауға болады. Жаңбырдың тамшылары күннің нұрына шағылысып,кемпірқосақ пайда болады.кемпірқосақтың 7 – түсі бар,олар былайшы орналасқан: қызыл,қызғылт сары, сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін.

Тапсырма: әдемі кемпірқосақтың суретін салу.

Көркем сөз:

Жарқылдан соң,жаңағы,

Суға бөкті бар алап.

Көкте түрлі жолақты,

Өрнек туды ғаламат.

Бұл не? (кемпірқосақ)

Қимылды ойын: «Ордағы қасқыр»

Мақсаты: қуғыншыға ұстатпай, оңды-солды жалтарып, тез жүгіре білу жаттығуларын жүргізу.

Еңбек: гүлзардағы топырақты қопсыту.

Мақсаты: жаңбырдан кейін топырақты қопсыту, қандай топырақты қопсыту керек екнін түсіндіру.

Мақалдар:

  1. Шебердің қолы ортақ.

  2. Еңбек етсең ерінбей- тояды қарның тіленбей.

















5. Бұлттарды бақылау

Мақсаты:балаларға жер бетіндегі су айналымы туралы түсінік беру.Одан қорытынды жасауға үйрету.Бұлттарды көрсетіп, балалардың назарын соған аудару. Бұлттарды көріп,олардың көбі малға, аңдарға, түрлі заттарға ұқсас келетіндігін айту.

Көркем сөз:

Күн күркіреп: «Гүр,гүр,гүр!»

Дір қақты гүл: «Дір,дір.дір!»

Жаңбыр құйып басылды,

Ашылды аспан: «Нұр,нұр,нұр!»

Қимылды ойын: «Айлакер түлкі»

Мақсаты: белгі берісімен тез қимылдап,тапсырманы орындау,тез жүгіріп,бар жылдамдықпен тез жүгіру.

Еңбек: алаңшадағы қоқысты жинастыру.

Мақсаты: алға қойған тапсырманы бәрі бірдей атқарысып, оны аяғына дейін орындау.



























6. Құмырсқаны бақылау.

Мақсаты: балаларды құмырсқаға сақтықпен қарауға үйрету. Құмырсқаның үйіндісін бұзбай айналып, олардың жолын аттап өтуге үйрету.Балаларға құмырсқаның еңбексүйгіштігін айтып түсіндіру.Олар ешкімге зиян әкелмейді, қайта зиянды жәндіктерді құртып, пайда әкеледі.

Көркем сөз:

Бәрі бірдей жұмысқа,

Шығатын кім – құмырсқа.

Қимылды ойын: «Белбеу тастау»

Мақсаты: балаларға ұлттық ойындарын үйрету.

Еңбек: құм алаңшасын құммен толтыру.

Мақсаты:баршаның игілігі үшін еңбек етуге тәрбиелеу, ынтасын арттыру.

Жорамал:

Құмырсқа илеуіне тығылса- жаңбыр жауады.



























7. Құстарды бақылау

Мақсаты: күн ыстық болғанда балалар құстарды бақылап, олардың тіршілігіне назар аударту (құстар көлеңке іздеп тығылады, тұмсықтарын әлсін-әлсін аша береді,су ішеді,суда жүзіп,шомылады)

Құстардың түр- тұрпатынан ,даусынан қайсысы жыл құстары,қайсысы қыс кезінде ұшып кетпей қалып қоятынын балаларға айтып түсіндіру.Қанатты достарымыз туралы әңгіме құрастыру.

Көркем сөз:

Көлге келіп қонады,

Көлдің көркі болады.

Аңшы бірақ атпайды,

Аққудың бар обалы.

Сұрақтар:

Көрген құстардың арасында қайсысы жыл құстары?қайсысыс қыста осында қалады?

Қимылды ойын: «Құстар ұшып барады»

Мақсаты: тез жүгіріп өтуге, айналаны бағдарлауға жаттықтыру.

Еңбек: гүлзардағы гүлдерге су құю.

Мақсаты: еңбекке баулу.

Жорамал:

Қарлығаштар жер бетінде төмен ұшса –жаңбыр болады.

Жұмбақ.

Мойыны сұрақ белгісі

Бұл қандай көл құсы? (аққау)













8 Жәндіктерді бақылау

Мақсаты: балаларды жәндіктерді үркітпей,олардың тіршілігін бақылап,байқауға үйрету.Балалардың қоршаған ортаны көріп,ондағы тіршілікті байқап, аңғарып, сезінулерін,табиғатқа аяушылық сезіммен қарауға үйртеу,тәрбиелеу.

Қоңызды,көбелектерді танып, олардың әрқайсысы туралы мәлімет беру. Олардың тіршілігімен таныстыру.

Көркем сөз:

Шырылдауық шегіртке,

Ыршып жүріп ән салған.

Көгалды қуып гөлайттап,

Қызықпен жүріп жазды алған.

Қимылды ойын: «Бос орын»

Мақсаты: жылдам жүгіруге жаттықтыру.

Еңбек: балалар өздерінен кіші балаларға қамқорлық жасай білуге үйрету.

Жорамал:

Шегірткелер жаңбырдың алдында шырылдамайды.

Ақ көбелек жаңбыр жауар алдында қорғанып, тығылады.

























9. Аққайын ағашын бақылау.

Мақсаты: балаларға аққайың ағашының сұлулығын,оның жапырақтарының да табиғат жан-жағын әдейі оюлап қойғанындай әсемдігін ,сондай-ақ ағаштың өзі тіп-тік,аппақ болып келетіндігін көркемдеп айтып беру.

Аққайыңды ақындар ән-жырға қосса, қылқалам шеберлері көркем екенін сүйсіндіретіндей суреттер салады.

Көркем сөз:

Баубақшада көкпеңбек,

Күн нұрымен байып тұр.

Жас шыбықтар көкке өрлеп,

Жапырағын жайып тұр.

Қимылды ойын: « Денеңді шынықтыр,мықты бол!»

Мақсаты: секіргенде денеңді тік ұстай біл, жақсы жүгіре білу үшін жаттығулар жасау.

Еңбек: аққайың ағашының түбін қопсыту.

Мақсаты:Қопсыту жұмысын жүргізудің мәнін тәрбиеші балаларға түсіндіру. Ағаш түбінің топырағын қопсытқанда тамырын, сыртқы қабығын бүлдірмей сақтық жасап, жүргізу.

Жұмбақ:

Түсі жасыл, шөп емес,

Өзі аппақ,қар емес.

Рас, ол бұйра,шаш емес,Тапқыр болсаң- жұмбақты шеш

















10. Гүл егілген үймелерді бақылау.

Мақсаты: гүлзарға егілген гүл дәнінен алғашқыда жапырақ, содан кейін кішкентай өскін,кейін үлкен гүл өсімдігі өскені туралы балаларға түсіндіру.

Көркем сөз:

Гүлдер,гүлдер шоқ гүлдер,

Қызы,жасыл көп гүлдер.

Тұра берші жайқалып,

Тұра берші нұрланып.

Еңбек: балалармен бірге гүлді суару.

Мақсаты: балаларды еңбекке баулу.

Жорамал:

Күн күркірер алдында,гүлдердің иісі одан сайын аңқып тұрады.































11. Бақбақ және жолжелкен өсімдіктерін бақылау.

Мақсаты: балаларға бақбақтың және жолжелкен өсімдіктерін тануды,анықтауды үйрету.Балаларға бұл өсімдіктердің әдемі болуымен бірге емдік қасиеттері де бар екенін айту.

Гүлденген бақбақты алып қарасақ оның басы мамық болады, сол басында оның тұқымы орналасқан.Оның гүл жапырақшаларының түсі, жарқырап тұрған күндей, сап-сары болады.

Сұрақтар:

  1. Неге бақбақты,ал жолжелкенді жолжелкен деп атайды?

  2. Бақбақ пен жолжелкен өсімдіктерінің жапырақтары арасындағы қандай айырмашылығы бар?

  3. Қандай ұқсастығы бар?

Көркем сөз:

Болмасада ең көркем,

Шипалы шөп жолжелкен.

Соққан желмен қалтырап,

Тұрады сансыз жапырақ.

Қимылды ойын: «Шортан мен табандар»

Мақсаты: жүгіру, ұстап алу жаттығуларын жүргізу Айналаны бағдарлай білуге үйрету.

Жорамал:

Күндіз бақбақ «басын» жапса- жаңбыр болады.

















12. Арамшөптерді бақылау

Мақсаты: балаларды арамшөптерді айырып, тануға үйрету. Бұл өсімдіктер ең зиянды арамшөптер болып саналады. (калуен, сарбас, бидайық)Олар мәдени өсімдіктерге көп зиян келтіреді: топырақтың нәрін алады, топырақтағы ылғалды алады, күн қызуын тартып алады,сөйтіп өсімдіктердің өсуіне кедергі жасап, өздері қаптап кетеді.

Гүлзарларда өсімдіктер өсіп тұрған алаңшалардан арамшөпті тауып алып,оларды жақсылап көріп алу.ОларМәдени өсімдіктерге қарағанда тез өсіп, жетіледі.

Қимылды ойын: Эстафета ойыны. Алдағы тосқауылдардан өтуді үйрету.

Мақсаты: ептілікке,тез жүгіруге үйрету.

Еңбек: гүлзарларды,мәдени өсімдіктер өсіп тұрған алаңшаны арамшөптерден тазарту.

Мақсаты: арамшөптерді тамырымен жұлып алуды балаларға көрсетіп үйрету.Гүлдерді, мәдени өсімдіктерді күтуді үйрету.

Мақал:

Жауынменен жер көгерер,

Еңбекпенен ер көгерер.























13. Ағаштарды бақылау

Мақсаты: жапырақтар бойынша ағашты танып білу. Балабақшаның ауласында өсіп тұрған ағаш, бұталарды көріп, олардың қандай ағаш, бұта екенін айту. (үйеңкі ме, терек пе, қарағаш па, қарағай ма)

Сұрақтар:

  1. Осы ағаштардың арасында бір-біріне ұқсастығы бар ма?

  2. Айырмашылығы қандай?

  3. Ағаштардың қандай пайдасы бар?

Көркем сөз:

Көк орманда ну ағаш,

Өскен жақсы аралас.

Ең әдемі меніңше,

Құс ұясы бар ағаш.

Қимылды ойын: « Томардан томарға секіру»

Мақсаты: айналаны бағдарлауға үйрету, алға секіруге жаттықтыру.

Еңбек: ағаштардың діңгектерін (жерін, топырағын) қопсыту.

Мақсаты: не үшін өсімдіктердің жерін қопсытады? Оның мәнін түсіндіру.

Жұмбақтар:

Ағайынды бәрі-

Шықса – көк,Түссе – сары (жапырақ)



















14. Жазғы көшеттерін бақылау

Мақсаты: балаларды көшеттерге өте сақ болып, оларды қорғап, күтім жасауға үйрету.

Емен! Бұл ағаш жөнінде ертегі,мақал-мәтелдер,ән де бар.Емендей күшті,емендей мықты,емендей көп жаса деп те айтылады.Емен ақырын өседі.емен өсіргісі келген адам шыдамды болуы керек.Емен үлкен мықты ағаш болып өскенше ондаған жылдар өтеді.

Көркем сөз:

Қарағай,емен бақ,

Ортаға қайыңды ап.

Бір-бірін аялап,

Бір-бірін тұр қорғап.

Қимылды ойын: « Айлакер түлкі»

Мақсаты: тез жүгіруге жаттықтыру, байқағыш қасиетті қалыптастыру.

Еңбек: аула сыпырушымен бірге жас ағаштарды қоршап, ағаштарға су құю.

Мақсаты: ересек адамдарға қолқабыс жасауды үйрету,қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Мақал:

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!