«Жеке тұлға және маман» атты тренингі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Жеке тұлға және маман» атты тренингі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты : Мұғалімнің әртүрлі жағдайда педагогикалық шеберлікті дұрыс пайдалана білуін дамыту. Мұғалімнің кәсіптік деңгейін байқау және дамыту. Мұғалімнің кәсіптік –педагогикалық ерекшеліктерін және эмоция жағдайларын дұрыс пайдалана білуіне жаттықтыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жас мұғалімдерге арналған «Жеке тұлға және маман» атты тренингі

Мақсаты : Мұғалімнің әртүрлі жағдайда педагогикалық шеберлікті дұрыс пайдалана білуін дамыту. Мұғалімнің кәсіптік деңгейін байқау және дамыту. Мұғалімнің кәсіптік –педагогикалық ерекшеліктерін және эмоция жағдайларын дұрыс пайдалана білуіне жаттықтыру.

Өткізілген мерзімі: Қатысқаны: 15 Қажетті материалдар мен көрнекіліктер: кестелер, үлестірмелі қағаздар, доп, тест сұрақтары. Өткізілу әдісі: тренинг, тест әдістемесі, жаттығу. Тренингті жүргізу барысы: І. Ұйымдастыру. (жүргізілетін орынды дайындау, тренингтің өтілу барысын түсіндіру). ІІ. «Танысу» тренингі. Қатысушылар бір –біріне доп лақтырып аттарын сұрасады, содан кейін, өзін табиғат құбылысымен теңейді.Мысалы: Менің атым ......., мен көктем сияқты шуақтымын. Қатысушылар бір –біріне кезек доп лақтырып, бір –бірінен бүгінгі көңіл –күйлерін сұрасады. ІІІ. Вербалды қарым қатынасқа түсуге байланысты эмоциялық жаттығу. «Сәлемдесу» Қатысушыларға оқушылармен сәлемдесудің 10 түрлі эмоциямен айтылу ұсынылады. Қатысушыларға карточка таратылады. Карточкалардағы сөздер: Қорқынышпен , шын көңілмен, қуанышпен, қанағаттанбай сәлемдесу, беделді сәлемдесу,таңғалып сәлемдесу,кінәлап сәлемдесу, селқос сәлемдесу, келемеждеп немесе әзілдеп сәлемдесу,ренішпен сәлемдесу Жаттығу. Мына сөйлемді әртүрлі эмоцияда , дауыс ырғағымен айтып көріңіз.

«Қоян көжегін тастап кетіпті»

Қатысушыларға карточка таратылады. Сыбырмен қатты дауыспен толқындап қатты тоңып тұрған тәрізді сіздің ұртыңызда ыстық картошка тұрғандай кішкентай қыз бала сияқты. Рефлексия

Психолог: Алдыңғы екі жаттығу бойынша қорытынды жасайық. Сіздер дауыс ырғағының әртүрлі эмоцияда шығатынын естідіңіздер. Яғни күнделікті оқушылармен қарым –қатынаста өз даусыңыздың қандай эмоцияда шыққанын қалар едіңіз? Сіз қандай дауыс ырғағын қалайсыз? ТЕСТ Психолог: Құрметті ұстаздар енді орындарыңызға отыруларыңызға болады. Сіздерге арналған шағын зерттеу тестімізге жауап берулеріңізді сұраймыз! 1. «Мұғалімнің шыдамдылығы» тесті.

Тест қорытындысы: қатысқан 15 мұғалімнің бәрі педагогикалық мәнерді сақтауға бағыттылғандығын көрсетті.

2. «Мұғалімнің конфлитогендігіне» тесті. Тест қорытындысы: көпшілігі тұлғааралық қарама- қайшылықты қиындық жасамай шешуге бейімділіктің бар екенін көрсетілді.

« Хайуанаттар бағы» жаттығуы. Мақсаты: Қатысушылардың өзін-өзі сипаттау. Шарты: «Сіз бір күні байып кеттіңіз. Өзіңізге хайуанаттар бағын сатып алуды шештіңіз. Ең бірінші қандай хайуанат сатып алып, бірінші торға отырғызар едіңіз? Екінші торға қандай хайуанатты отырғызар едіңіз?». Таңдаған хайуанаттарды не үшін таңдадыңыз, және сипаттап беріңіз . Рефлексия. Сіз қандай сезімде болдыңыз? Хайуанаттар ойыңызға тез түстіме? Тапсырма : «Мына сөйлемді аяқтаңыз!» (Сөйлем карточкамен таратылады.) Мен көмектесемін.................... Мен қамқор боламын............... Мен жақсы көремін................. Мен таланттымын................... Мен ренжимін.......................... Маған ұнайды.......................... Мен ашуланамын.................... Мен өзіме ризамын................. Мен жақсы істей аламын........ Мен басқаларға қарағанда.....

Рефлексия.

Психолог : Сөйлем аяқтау сізге қиынға соқты ма? Сергіту тренингі. «Сезім құпиясы». Медитациялық әуенмен жүргізілді. Рефлексия. Психолог: Сіз тренинг барысында қандай сезімді бастан кешірдіңіз? Тренинг барысында қандай ой туындады? Сауалнама алынды. Қорытынды : Ұстаздар тарапынан ұсыныстар: Осындай тұрғыда шығармашылық жұмыстар тағы өткізіліп тұрса. Мұғалімдерге қарым –қатынасқа байланысты тренингтер өтілуі.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
17.12.2017
791
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі