Материалдар / Желілік протокол түсінігі.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Желілік протокол түсінігі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Желіге қосылған әрбір компьютердің нүктелермен бөлінген 4 ондық саннан тұратын - әрқайсысы 0-ден 255-ке дейінгі аралықта жеке физикалық адресі (IP - адресі) болады. Мысалы,194.84.93.29желіге тұрақты қосылған компьютер осындай бекітілген адрес алады. Ал, желіге телефон арқылы уақытша ғана қосылатын компьютер сол сеансқа арналған уақытша IP – адрес алады, ол динамикалық IP – адрес деп аталады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қаңтар 2023
386
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ жоспары 

 

Модуль /пән атауы: Ақпараттық-коммуникациялық және цифрлық технологияларды қолдану

Дайындаған педагог: Бектурганова Д.А.

2023 жылғы « »

1.       Жалпы мәліметтер:

Курс, оқу жылы, топ:

ІІІ, 2022-2023 оқу жылы

Сабақ типі

дәріс

2.       Мақсаты,  міндеттер

Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі

Білім алушылардың программалау ортасында жұмыс жасау шеберліктерін, программа тегтерін қолданып программа құра білу дағдыларын қалыптастыру.

3.       Сабақты жабдықтау

Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер

Архангельский А.Я. Язык SQL в Delphi5.– Москва: ЗАО «Издательство Бином», 2000.


Техникалық құралдар, материалдар

Дербес компьютер.

4.       Сабақтың барысы

4.1.

Ұйымдастыру

1.       Компьютерлердің сабаққа дайындығын тексеру

2.       Оқушылармен амандасу

3.       Оқушыларды түгендеу

4.       Сабақтың мақсатымен таныстыру

4.2.

Үй тапсырмасын сұрау.

4.3.

Жаңа сабақ

Сабақтың тақырыбы. Желілік протокол түсінігі.

  1. 1. TCP / IP-хаттамаларының қандай түрлері бар?

  2. TCP / IP -хаттамасының қызметіқандай?

  3. IP-адрес дегенімізне?

  4. IP-адрестің соңғы нөмірлері қандай сандар болаалмайды?

  5. Желідегі компьютер нөмірін қалай анықтайды?

4.4

Жаңа сабақты бекіту.

4.5.

Студенттерді бағалау.

5.      Сабақ бойынша рефлексия

Келесі сөздер арқылы сабаққа деген көзқарас:

белсенді / немғұрайлы

көңілім толды / толмады

ұзақ / қысқа немесе тез

шаршамадым / шаршадым

жақсарды / төмендеді

түсінікті / түсініксіз

пайдалы / пайдасыз

қызықты / қызықсыз

6.      Үй тапсырмасы

Баяндама «Ақпараттың құпиялылығының, тұтасты-ғының және шынайылығының криптографиялық механизмдері





Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Сабақтың технологиялық картасы:

IP – адрестер мен URL – адрестер

Желіге қосылған әрбір компьютердің нүктелермен бөлінген 4 ондық саннан тұратын - әрқайсысы 0-ден 255-ке дейінгі аралықта жеке физикалық адресі (IP - адресі) болады. Мысалы,194.84.93.29желіге тұрақты қосылған компьютер осындай бекітілген адрес алады. Ал, желіге телефон арқылы уақытша ғана қосылатын компьютер сол сеансқа арналған уақытша IP – адрес алады, ол динамикалық IP – адрес деп аталады.

Құжаттар үшін адрестің екінші түрі - URL – адрес (Uniform Resource Locator – Ықшамдалған ресурстар көрсеткіші) қолданылады, мұндай адрес те желідегі әрбір құжатқа меншіктеледі.

Әр түрлі құрылғылар мен программалар арасында мәлімет алмасу қалай және қандай түрде атқарылатыны жайлы ережелер жиыны хаттама деп аталады. Түрлі-түрлі компьютерлер мен операциялық жүйелер үшін әр түрлі авторлар жазған программалардың өзара сәйкесті түрде дұрыс жұмыс істеуін осы хаттамалар жүзеге асырады.

Хаттамалар мынадай топтарға жіктеледі:

  • Базалық хаттамалар (TCP мен IP) Интернет компьютерлері арасында кез келген типтегі электрондық хабарламаларды физикалық түрде тасымалдауға жауап береді. Бұлар бір-бірімен өте тығыз байланыста жұмыс істейтін болғандықтан, оларды көбінесе бірге жазылатын TCR/IP (Transmission Control Protokol / Internet Protokol – тасымалдауды басқару хаттамасы / желіаралық хаттама) терминімен белгілейді.

  • Қолданбалы хаттамалар жоғарға деңгейде болып есептеледі, бұлар интернеттің арнайы қызмет баптарының – HTTP (Hyper Text Transfer Protocol- гиппермәтінді тасымалдау хаттамасы) хаттамасының, FTP(File Transfer Protocol – файлдарды тасымалдау хаттамасы) хаттамасының, TELNET (алыстан қатынасу) хаттамасының, электрондық поштаның SMTP және POP 3 тәрізді хаттамаларының, т.б. жұмысын қамтамассыз етеді.


Атаулар мен ресурстар көрсеткішінің домендік жүйесі

Желі компьютерлерінің физикалық адрестерін пайдалану ыңғайсыз, сол себепті физикалық адрестерге сәйкес әріптерден тұратын мағынасы бар символдық (домендік) адрестер жасалған. Домендік адрестің эазылу ережесі мынадай:

Хаттама:/компьютер аты.домен аты[/каталог/подкаталог/файл аты]

Бірінші болып қолданылатын хаттама көрсетіледі, мысалы,http. Келесі компьютер аты жазылады ды, одан кейін домен аты тұрады, мысалы, Microsoft. сom. Адрес соңында кейде сервердегі каталог (бума) аттары мен файл аттары (Web-парақтар) жазылады, мысалы,/mpress/cpnew.htm. Тік жақша ішіндегі адрес бөлігі жазылмаса да болады. Бірнеше нақты адрестерден мысал келтірейік:

http://www.microsoft.com

http://www.elitehouse.nursat.kz

Аймақтық домен аттары

Kz

Қазақстан

Ru

Ресей

Домен аттары 2-4 сөздерден тұрады, ең оң жақтағы жоғарғы (шеткі) домен мемлекет атына сәйкес келеді немесе мекеме типін (АҚШ-тағы ) көрсетеді


Хаттамалардың кызметі. Хаттамалардың түрлері.


Интернет торабының жұмысы ТСР/ІР – Transmіssіon Control Protocol/Іnternet Protocol (мәліметтерді тапсыруды басқаратын хаттама/ Интернет хаттамасы) коммуникациялық хаттамаларды пайдалануға негізделген. Берілген хаттама кейбір локальдық тораптарда мәліметтерді беру мақсатында қолданылады. ТСР/ІР хаттамалары қосымша деңгей мен мәліметтер арнасы деңгейінің арасындағы барлық аралық хаттамаларды қосады. Жалпы саны оннан асады. Олардың ішіндегі ең негізгілері:

Транспорттық хаттамалар: ТСР — Transmіssіon Control Protocol/Іnternet Protocol (мәліметтерді тапсыруды басқаратын хаттама) және басқа – компьютерлер арасындағы мәліметтерді беруді басқарады.

Маршруттық хаттамалар: ІР — Іnternet Protocol (Интернет хаттамасы) және басқа – мәліметтердің дұрыс беруін қадағалайды, мәліметтердің адрестерін өңдейді.

Тораптық адресті қолдану хаттамасы: DNS – Domaіn Name System (Аттардың доменді жүйесі) және басқа компьютердің бірегей адресін анықтауын қамтамасыз етеді.

Қолданбалы сервис хаттамасы: ҒТР – Fіle Transfer Protocol (файлдарды тапсыру хаттамасы), НТТР – Hyper Text Transfer Protocol (гипертекстті тапсыру хаттамасы), TELNET және басқа — әртүрлі қызметке қол жету үшін қолданылады: компьютерлер арасында файлдарды беру, WWW-ға қамсыз ету.

Шлюздік хаттамалар: EGP – Exterіor Gateway Protocol (ішкі шлюздік хаттама) және басқа – торап арқылы маршрут пен тораптың жағдайы туралы ақпаратты тасымалдауға көмектеседі; сондай-ақ локальды тораптарға мәліметтерді өңдейді.

Почталық хаттамалар: РОР – Post Offіce Protocol (почтаны қабылдау хаттамасы), SMPT – Sіmple Maіl Protocol Transfer (почтаны тапсыру хаттамасы) – почталық хабарларды тапсыру үшін қолданылады.

ТСР/ІР хаттамасының инсталляциясы 

ТСР/ІР хаттамасы Іnternet жүйесіне қосылған компьютерде өзімен бірге тілі бар. ТСР/ІР (тапсыру басқармасының хаттамасы/ Іnternet хаттамасы) бастапқы кезде АҚШ қорғаныс министрлігіне арнап жасалған.

Іnternet ТСР/ІР хаттамасымен жұмыс ісиегендіктен, ол міндетті түрде сіздің компьютеріңізде инсталляциялануы керек. Бірақ егер бұлай болмаса, сіз жіберілгеннің есесінтолтыра аласыз               .

1.      Баптау менюінен Басқару панель командасын таңдаңыз.

2.      Торап пиктограммасына апарыңыз.

3.      Егер торапта келесі компоненттер қойылған тізімінде ТСР/ІР элементі бейнеленсе, онда бұл хаттама инсталляцияланған. Бірақ егер берілген элемент жоқ болса, Қосу кнопкасын басыңыз.

4.      Диалогтік терезеде пайда болғанға дейін хаттама элементінде 2 рет басыңыз.

5.      Таңдау терезесінде ашылған дайындаушылар алаңында: Тораптық хаттамада Mіcrosoft элементін белгілеңіз, ал Тораптық хаттама алаңында – ТСР/ІР элементі және ОК кнопкасын басыңыз.

6.      CD – ROM жинаушыға 98 инсталляцияланған компакт – дискісін қойыңыз немесе қатты дискідегі инсталляцияланған файлға жол көрсетіңіз және керекті файлдарды көшіру үшін Одан әрі кнопкасын басыңыз.

7.      ТСР/ІР хаттамасының инсталляция процесін аяқтаған соң, операциялық жүйені толтырыңыз.


ТСР/ІР хаттамасын инсталляциялауды аяқтаған соң, оны міндетті түрде конфигурациялау қажет. Ол үшін келесі істерді орындаңыз:

1.      Жұмыс жолындағы жүйелік қоршау пиктограммасына апарып басқару тетігінің оң жақ кнопкасын басыңыз, және ашылған менюден Қасиеттер командасын таңдаңыз.

2.      Ашылған терезенің тізімінің алаңында ТСР/ІР элементін (немесе ТСР/ІР элементі аланып тасталған қатынау контроллері) белгілеңіз және Қасиеттер кнопкасын басыңыз.

1.      ОК кнопкасын басыңыз. Пайда болған терезеде конфигурация DNS қосымша бетін ашыңыз.

2.      DNS – ты қосу опциясын орнатыңыз және компьютердің атын алаңға енгізіңіз.

3.      Сосын провайдер көрсеткен DNS — сервердің адресін, DNS — серверін қараудың реттілігі алаңына қойыңыз және Қосу кнопкасын басыңыз.

4.      ОК кнопкасы арқылы ашық терезелерді жабыңыз.


Gopher 

Gopher — тек текст түрінде ғана мәліметтер ұсынатын болғандықтан, қазіргі күнде практикада дамымаған шамалы ескірген гипертекстік хаттама. Gopher – сервердегі ақпарат іздеу Keronіca программалар көмегі арқылы жүзеге асырылады. Алғаш Gopher – серверлер Минессот штатының университетінде жарыққа шығарылған болатын, және қазірдің өзінде онда академиялық бағыттаушының негіз ақпараты сақтаулы.


ҒТР

ҒТР (Fіle Transfer Protocol) – бұл файлды тапсыру хаттамасы. Ол интернет арқылы файлдарды жіберілуі үшін қолданылады. Осы керекті файлдарды үзбей алып тұрудағы серверлер хаттамасы ҒТР – серверлері деп аталады. Файлдармен орналасқан әрбір серверді бос жерлеріндегі дискінің бөлігін интернет арқылы қолайлы. Жалпы жағдайда ақпаратқа түскен сауалды қажетіне жаратушының теңестіруін яғни кіруге болатынын бекітуді ҒТР ескертеді. Егер мұндай қажет болмаса онда файлға кіруге болатынын анонимді (anonymous) кіру арқылы ұйымдастырылады. Файлдар көлеміне қатыспаушылығына кедергі жасап және жұмыстың жоғарғы жылдамдығы нәтижесінде – тек университеттерде Gopher – серверлер тәрізді ҒТР – серверлер өз ролін сақтап қалды. АҚШ Конгресінің кітапханасында ҒТР – файлдар каталогы бар, және оған тәулік бойы кіруге болатыны қамтамасыздандырылған. Сонымен қатар коммерциялық фирмалар ҒТР – серверлерді өз программаларын қамтамасыз етуінің таралуына пайдаланады.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!