Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Желтоқсан желі
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сабақтың тақырыбы: «Желтоқсан желі ызғарлы»
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру. Оқушыларды елін Отанын сүюге және егемен елімізді сақтауға және оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш – қуаты мол жастарды тәрбиелеу. Желтоқсанда мерт болған қазақ қыздары мен жігіттерінің рухына, ерлігіне деген тағзым.
Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, суреттер, буклеттер, нақыл сөздер,
Сабақтың барысы: Көк туым көтерілді бағым жанып,
Елтаңбам күллі әлемге танылды анық.
Шырқадым гимн бар дауыспен,
Арманым –Ата заңым қабылданып.
Бізге тәуелсіздік туын, қазақтың көк байрағын биік көтеріп, ел екенімізді дәлелдеп, дүние жүзіне танылуымызға себеп болған және дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасына биыл 26 жыл толып отыр.
«Мен - қазақ, қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға «алаш» деген атты аламын» - деп азаттықты аңсаған, сол жолда аянбай қызмет еткен алаш арыстарының барлығы да қуғын – сүргінге ұшырап, Сталиндік қызыл террордың құрбандары болды. Сол алаш қайраткерлерінің азаттық идеясын жалғастырған, қыршын кеткен арыстардың аманатын арқалаған кейінгі толқын іні – қарындастары 1986 жылдың желтоқсанында тәуелсіздік үшін күресе білді.
Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев сынды қандастарымызды естен шығару мүмкін бе?
1986 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің пленумы болды. Сол пленумда Д. Қонаев бірінші хатшы қызметінен босатылып, орнына бұрынғы Ульянов облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болған Г.В. Колбин сайланды. Бұл студент және жұмысшы жастардың бейбіт мақсаттағы шеруіне әкеп соқты. Алаңға шыққан жастарды қарулы күшпен басып – жаншыды. Демонстрация аяусыз басылды.
Күллі әлемді дүр сілкінткен 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан оқиғасы қазақ топырағына ұлттық санасын, намысын жетелеген жаңа әрі қайсар буынның келгенін әйгіледі
Қуаныш аралас қасіретпен,
Ерлік жолда қаншама ғасыр өткен.
Еркіндік, ерлігін сақтау үшін,
Талай ердің бұл жолда басы кеткен.
Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан,
Тари хы оның тым әріден басталған.
Бодандықтан құтқарам деп елімді,
Талай боздақ қара жерді жастанған.
Жазалаушы қара құрттай қаптады,
Қазағымды қырып – жойып таптады.
Сонда елімнің ұл – қыздары ардақты,
Қарсы шығып ел сенімін ақтады.
Жалғыз Отан –адамның жүрегі ғой,
Ер жігіт туған жерін сүйеді ғой.
Ел үшін Желтоқсанда құрбан болған,
Ербол, Қайрат – нағыз ердің бірі еді ғой.
Сәбира, Ләззат сынды жауқазындар,
Жетілмей ерте солған гүл еді ғой.
Болашаққа даңғыл жол салып берген,
Боздақтар мәңгі айтылар жыр еді ғой.
Желтоқсан – тарихымда әйгілі күн,
Ерттеп мініп ар – ождан сәйгүлігін
Ерлерім елдік үшін атой салып,
Еншілер қайтарған бәйгелі күн.
Желтоқсан тағдырларға азалы күн,
Қайраған намыстарын мазалы мұң.
Қыршыннан қиылған боздақтары
Қалар мәңгі есінде Қазағымның.
Желтоқсан – жадымызда жаралы күн
Жастарым жапа шеккен жаралы мұң
Еркіндік, егемендік, елдігімді
Емірене аңсады саналы ұғым.
Көрініс студенттердің алаңға шығуы
Ұлт намысын жыртып алаңға шыққан жалын жүрек жастарымыздың арасында Чайковский атындағы Музыка училищесінің студенті Ләззат Асанова желтоқсан құрбанына айналарын білмеген болар. Ар ожданы озбырлықпен тапталып, жапа шеккен Ләззаттың қазасы әлі күнге жұмбақ.
9- оқушы: Ләззаттың анасының жоқтауы:
Оу, көздің жасын бұлайын,
Жүректі жеді – ау уайым.
Саған ғұмыр бермеді – ау
Жарылқағыш құдайым.
Мынау неткен зар заман,
Жүректіге тар заман.
Сені өлтірген дұшпанға
Зауал келсін Алладан.
Құлыным менің қор болды –ау?!
Заманың сенің зор болды –ау?!
Желтоқсанның қайғысы
Сан анаға сор болды – ау?!
Заманына қайқайып,
Қарсы тұрған боташым.
Алтын сақа асықтай
Алшы тұрған боташым.
Дәл өзіңдей қыз туған
Менде арман бар ма екен?!
Сәбира Мұхамеджанова 1985 жылы 8 жылдық мектепті үздік бітірген. Ол Алматыдағы Желтоқсан оқиғасының шындығын білуге барған. 26 желтоқсанда өткен жиналысқа анасымен барған Сәбираны айыптайды. Содан соң албырт жас жатаханасының өзі тұратын бөлмесінен секіреді
Нашақор деп, ұлтшыл деп,
Қазаққа күйе жаққан күн
Базары кетіп бір күнде
Қайғыға халық батқан күн.
Әділдік пен шындықты
Өтірік жала жапқан күн
Надан жасаған сұмдықтан
Адамдар азап шеккен күн,
Қасқалдақ ұшып көлінен
Шүрегей келіп қонған күн.
Қырандар қуып көгінен
Қарғалар билік алған күн.
. Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың,
Шарпыған сәтті үміт пен күдік қаланың.
Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сәбира
Құрбаны болған жаланың.
1991 жылғы 12 желтоқсандағы «Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсанның 17-18-дегі оқиғаларға қатысқаны үшін жауаптылыққа тартылған азаматтарды ақтау туралы» жарлығына байланысты Қазақ КСР-нің 65 бабымен Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира Мұхамеджанова, Түгелбай Тәшенұлы, Қайыргелді Күзембайұлы, Жамбыл Тайжанұлы ақталды
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның
Айналайын жас қайраты, жас өркені халқымның.
Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырған,
Намысыңды жықпай өттің нәубет, дүлей маусымнан.
Жалғыз қалған шақтарымда жігер алдым бойыма,
Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан.
Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула, Желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
Өздеріңдей ар намысты жас өркені бар елдің
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!
Тәуелсіздік! Бабалардың ұраны
Бейуақытта бойға таққан тұмары
Тәуелсіздік! Түнектерде тұншығып
Ызғар ұрып жанбай қалған шығары
Дәл осынау тәуелсіздіктің таңын атқызуға арқау болған 16 желтоқсан оқиғасынан кейін арада 5 жыл өткенде 1991 жылдың 16 желтоқсан күні қазақ елі шынайы тәуелсіздік алды. Тәуелсіздік біздің басымызға қонған бақ, бақыт. Бұл оңайлықпен келген арзан бақыт емес. Бұл Тәуелсіздік Сырым Датұлы, Кененсары, Исатай, Махамбет, Аманкелді Иманұлы,Қайрат Рұсқұлбеков сияқты ардақты ұл- қыздарының төгілген қанымен терінің нәтижесінде келген еркіндік. Ендеше Тәуелсіздік –қасиетті ұғым тізгіні берік қолда.
Қазақстанның жаңа ел ордасы Астана туралы.
Биіктігі 91м Қазақ елі монументі, Призидент резиденциясы, Ақорда, Министрлер үйі, биіктігі 97 метрлік Бәйтерек, Пирамида, 2 мың орындық Думан ойын –сауық орталығы, 30 мың кісілік Астана жабық стадионы- осының бәрі Тәуелсіз мемлекет Елорданың ажарын ашып, айбынын асқақтады.
1992 жылдың соңы – тәуелсіз республиканы дүние жүзінің 150 мемлекеті танып, 106 елмен дипломатиялық қатынас орнатылды. Қазіргі Қазақстан шет елдерде 30-дан астам дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашты. Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік және халықаралық, ұлтаралық ұйымдардың 16 өкілдігі жұмыс істейді.
Неткен байтақ, неткен ұлы сен елім,
Нендей күйге жүрегімді бөледім,
Сенде тудым, сенде өстім, сенде өлсем,
Арманым жоқ бұл дүниеде дер едім.
Елімізде тыныштық, әлемде бейбітшілік болып, егеменді елдігіміз ұзағынан болсын дей отырып сағатымызды аяқтаймыз.
Желтоқсан
желі
Мақсаты:
Оқушылардың ойында елжандылық сезімін
қалыптастыра отырып, туған елі мен жеріне деген сүйіспеншілігін
тәрбиелеу, тіліміз бен тарихымызға құрметпен қарауға
тәрбиелеу;
Көрнекілігі:
Желтоқсан оқиғасының құрбандарына, желтоқсан оқиғасына байланысты
жасалған слайд;
Барысы:
Әнұраным
жан ұраным
Айтар әнім,
сөйлер сөзім.
Туған жерім –
сағынарым
Мәңгі бақи
шырқалады,
Республикам
гимні,
Қаракөз:
1986 жылы
17 желтоқсанда бұрынғы астанамыз, қазіргі бас қаламыз Алматы
қаласында мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп, шеруге шықты.
Олар: Тәуелсіздік керек! Қазақ елінің өз көсемі сайлансын! деген
тілек білдірді. Сол кездегі үкімет басшыларының бұйрығымен күш
көрсетілді. Көптеген жастар түрмеге қамалды. Оларға желтоқсанның
ызғарлы күнінде зәбір көрсетілді. Өз елінің тәуелсіздігінің талап
етіп шеруге шыққан жастарға бұзақылар, ұлтшылдар, нашақорлар деген
кінәлар тағылды.
Міне, біз бүгін
тәрбие сағатымызды желтоқсан оқиғасына байланысты ой толғап,
тәуелсіздікке өз үлесімізді
қоспақпыз.
Бүгінгі
«Қазақстан елім менің», деген рубрикамен өтілетін «Желтоқсан желі»
атты тәрбие сағатымызды ашық деп
жариялаймыз.
Осыдан 20 жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының
бас алаңына жастар жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен
тәуелсіздікке қол жеткізу үшін
қатысқан.
Енді міне, осы
желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың
арқасында ата - бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған
тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді. Бұл
желтоқсан көтерілісіне қазақ ел аузында жүрген, тарихта аты қалған
Қ. Рысқұлбеков, Л. Асанова, С. Мұхаметжанова, Е. Сыпатаев
апаларымыз бен ағаларымыз
қатысты.
Аягөз: Желтоқсан
- заман толғағы байтақ
даланың,
Шарпысқан сәтті
үміт пен күдік наланың.
Қайрат, Ләззат
пен Сәбира
Құрбаны болған
жаланың.
«Нашақор» деп «ұлтшыл»
деп,
Қазаққа күйе
жаққан күн.
Базары кетіп бір
күнде,
Қайғыға халық
батқан күн.
Сәбираның Мұхаметжанованың суреті
көрсетіледі
Қаракөз: Сәбираның оқу орнында ата - анасын
шақырып үлкен жиналыс өткізеді. Ұзақ кінәлап, жала жауып «Қызыңыз
тентек» деген ұстаздарының сөзі жанына аяздай батты Ақ самайлы
анасын аяды.
Күтпеген жерден:
«Бәріне кінәлі мен, жазалаңдар мені. Оларды оқу орнынан қумаңдар!
Шеруді де мен ұйымдастырдым. Бәріне мен жауап беремін»,- деп кесіп
айтқан сөзінен жиналғандар сілтідей тынды. Сәбира жиналысты тастай,
сыртқа қарай жүгіре
жөнелді.
Сол бойымен
намысшыл қыз жатақханасының бесінші қабатынан секіріп кетті. Оның
өмірі ерте үзілді. Семсердей өткір айтқан сөздері ол оқыған оқу
орнынан бірде бір қазақ қызын қудалатпай, оқуынан қудырмай, жала
жапқызбай сақтап қалды.
Шолпан: Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын
деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда
егеменді ел болсақ деп
талпындың.
Кеудеңде әлі
сызы жатыр сол кездегі
салқынның
Айналайын,
айналайын жас өркені
халқымның!
Ләззат Асанованың суреті
көрсетіледі
Қаракөз: Міне, өмірден тағы бір қыршын жас
қызғалдақ осылай кеткен еді. Алматы музыка училищесінің студенті
Ләззат Асановаға өзін - өзі өлтірді деген өтірік жала жабылған еді.
Тексере келе Ләззаттың алаңда болғаны
анықталады.
Оңталап: Қаймықпады ызғарынан,
бұлтынан
Қалтыратты
империя іргесін.
Халықтардың
бостандыққа ұмтылған,
Бастап берді бір
көшін.
Асхат Қайрат Рысқұлбековтың суреті
көрсетіледі
Күнәдан таза
басым бар,
Жиырма бірде
жасым бар.
Қасқалдақтай
қаным бар,
Бозторғайдай
жаным бар.
Қайрат деген
атым бар,
Қазақ деген
затым бар.
«Еркек тоқты
құрбандық
Атам десең,
атыңдар!»
Қаракөз: Желтоқсан оқиғасы Қарат Рысқұлбеков,
Ербол Сыпатаев, Сәбира Мұхаметжанова, Ләззат Асанова тәрізді
батырларымыздың бар екенін дәлелдеп
берді.
Ендеше, сол
желтоқсан құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске
алайық
Желтоқсан /
Алишер
Желтоқсанның желі, аязы,
ызғары
Қанды мұзда
талай қазақ сыздады.
Ұлт қамы үшін
шыққан сол күн алаңға
Азап шекті
қайсар қазақ қыздары.
Талай қазақ қыздарын да
тоңдыра,
Талай қазақ
гүлдерін де солдыра,
Ел билеуге алып
келді Колбинді
Қазақ ұлы
Қонаевтың орнына.
Егемендік – бұл елімнің
елдігі,
Егемендік –
барлық ұлттың теңдігі.
Егемендік –
елін, жерін қорғаған,
Ербол менен
Қайраттардың ерлігі.
Желтоқсаным – тәуелсіздік
тірегі,
Желтоқсанды
қадір тұтып тұр елі.
Есте сақтап
ағалардың ерлігін,
Жүректерге
сақтау керек үнемі.
Серпіп бұлтты басқан елдің бар
мысын,
Туды күнім
әділетті арлы шың.
Алыс жолдан
зарықтырып, шаршатып
Келдің бе сен,
Азаттығым, армысың!
Қаракөз: Осы оқиғадан кейін арада 5 жыл
өткенде 1991 жылдың желтоқсан айының 16 - сы күні қазақ елі шынайы
тәуелсіздік алды. Биыл, міне, 21 жыл толып
отыр.
Міне, бүгінгі
таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің туымыз,
елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстан
мемлекетіміз.
1992 жылы 4 маусымда егемен еліміз ҚР
рәміздері қабылданды. Олар ҚР гимні, ҚР мемлекеттік елтаңбасы, ҚР
туы.
Яғни Ата
заңымыздың 9 - бабында көрсетілген. Және де осы заңның 34 - бап, 2
- тармағында «Әркім Республиканың мемлекеттік нышандарын
құрметтеуге міндетті» -
делінген.
Олай болса өз
еліміздің рәміздеріне тоқталып өтейік. (слайд
рәміздер)
Рәмізіміз
елдігімнің белгісі,
Білу керек бала
дағы ең кіші.
Рәміздерім
әнұран, ту, елтаңба,
Рәміздерді жатқа
білген жөн кісі.
Мемлекеттік туымыз бірыңғай көгілдір түсті.
Көк түс - Қазақстан халқының бірлік, ынтымақ жолына адалдығын
білдіреді. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты
бейнелейді. Қанатын жайған қыран құс - бар нәрсенің бастауындай,
билік, айбындылық бейнесі. Тік жолақ ұлттық оюлармен
өрнектелген.
ҚР мемлекеттік
туының авторы суретші Шәкен
Ниязбеков.
Шәкен Оңдасынұлы
Ниязбеков - ҚР мемлекеттік туының авторы, Қазақстанға еңбегі сіңген
өнер қайраткері, Қазақстан дизайн өнерінің негізін қалаушылардың
бірі. 1938 жылы 12 - қарашада Тараз қаласында дүниеге
келген.
Нұрсұлтан:
Елтаңба негізі - шаңырақ. Шаңырақ мемлекеттің
түп негізі - отбасының бейнесі. Тұлпар - дала дүлдүлі, ер -
азаматтың сәйгүлігі. Қанатты тұлпар уақыт пен кеңістікті
біріктіреді. Ол - өлмес өмірдің бейнесі. Бесбұрышты жұлдыз «бағыңыз
ашылып, жұлдызыңыз жарқырай берсін» деген асыл тілекті айқындап
тұр. «Қазақстан» жазуы қазақ елінің
айғағы.
Елтаңба
авторлары Жандарбек Мәлібекұлы сәулетші. 1942 жылы Қызылорда облысы
Жаңақорған ауданында дүниеге
келген.
Шот Аман
Уәлиханов Қазақстанға еңбегі сіңген сәулетші. Белгілі қоғам
қайраткері. 1932 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында
дүниеге келген.
Ажар: Әнұран мәтінінде ғасырлар бойы
тәуелсіздік үшін күрескен бабалар ерлігі көрініс табады. Сонымен
қатар асыл мұрамыз - еліміздің кең байтақтығы, жер мен ел байлығы
көрініс тапқан. Әнұран салтанатты жиындарда, мәжілістерде,
ғимараттар, ескерткіштер ашылғанда
орындалады.
Әнұранның
авторлары: Шәмші Қалдаяқов, Жұмекен Нәжмединов, Н. Ә.
Назарбаев.
Арайлым:
Тәуелсіздік – биігі бұл
санамның,
Тәуелсіздік –
таза ауасы даламның,
Тәуелсіздік –
бұл арманы бабамның.
Тәуелсіздік –
бақ дәулеті баламның!
Қаракөз: «Ынтымақты елге ырыс енші».
Аталардан қалған аңыз да соны меңзейді. Сондықтан бостандығымыз
баянды болу үшін өзімізбен мидай араласып кеткен жүздеген ұлт
өкілдерімен арамызға сызат түсірмеуіміз керек. Қазыбек би
бабамыздың сөзімен айтқанда «Біз мал баққан елміз, ешкімге
соқтықпай жай жатқан елміз». Бір сөзбен айтқанда қалайтынымыз
бейбітшілік, тыныштық, бостандық, еліміздің босағасын нығайту.
Тәуелсіздік біздің алдымыздағы жарқын болашаққа жол ашып берді. Біз
сол жолмен алға баса
береміз.
«Желтоқсан желі» атты бейне
клип
Бүгінгі «Тәуелсіздік таңы - атқан күн!» атты
тәрбие сағатымызды көріп тамашалағандарыңызға рахмет!. Сау
болыңыздар
Желтоқсан
желі ызғарлы
Тәрбие
сағатының мақсаты:Оқушыларға қазақ
халқының ғасырлар бойы
басынан өткен қиыншылықтарын айта
келіп,осы
қиын зұламат
жылдар елінің азаматтарын, еркіндігін аңсаған зиялылардың
пікірлеріне тоқталу.
Өз елін, жерін қорғайтын ұрпақ тәрбиелеу,
бойларына адамгершілік ізгілік қаситтерін
дамыту.
Тәрбие сағатының түрі:таным
сағаты
Көрнекілігі:Интерактивті
тақта
Тәрбие сағатының
барысы:
Ұйымдастыру
кезеңі.
1)Әнұран
2)Кіріспе
сөз
3)Тарихи
оқиғаларға тоқталу
4)Музыкалық
мониаж
Әдеби
монтаж.
Мемлекетіміздің
әнұранын орындау.
Мұғалім
сөзі:-Құрметті
шәкірттер! Бүгін біз дүниені дүр сілкіндірген, тәуесіздік туын ең
алғаш көтерген әйгілі 1991жылдың желтосанына арналған «Желтоқсан
құбандарын еске алу» атты тәрбие сағатын
өткізбекпіз.
1986жылы
16-желтосанда қазақ елінің көктемі үшін солақай саясатқа қарсы
алғаш рет бас көтерген ұл-қыздарымыз жайлы сыр шертпекпіз.Ол
оқиғаны ұмытуы мүмкін емес:Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев,
Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова сияқты азаматтарды еске ала
отырып,олардың ерлігін,не үшін алаңға шыққанын көпшілік алдында
айта кетсек артық болмас. Талай ғасырлар бойы ата-бабаларымыз
еркіндік пен тәуелсіздік таңын аңсап өтті.Олар көксеген арманға
ХХғасырдың соңына қарай қол жетті. Соның арқасында бүгінгі таңда өз
бағыт-бағдарын ұстаған өркениетті елдер мойындаған жекеи тәуелсіз
мемлекетке айналдық.
«Тәуелсіздік»
деген тәтті ұғым, қастерлі сөз. Әлемге соңғы 21жылдың ішінде
тәуелсіздік туын биік ұстап, алға басқан
ел-Қазақстан!
Жетер енді,
желпіншек мына өмірге жердің
төрімен.
Власов А. :
Желтоқсан айын естісең:
Дауыл боп
бұрқырап ескенсің.
Заттың елдің
тескенсің
Бұрқ етіп қазақ
баласы,
Аланға қарай
ағылды
Таусылып барлық
шамасы.
Жүргізуші: Міне, қазақ халқы, азаттық үшін
талай қиындықты бастан кешірді, бірақ ешқашан мойымады, күресе
білді. Азаттық тарихи оқиғаларды еске түсіріп
өтейік.
1723-1725ж.Ақтабан шұбырынды
кезеңі.
1737-1847ж.Кенесары Қасымұлы бастаған
көтеріліс.
1836-1838ж.Ішкі
Бөкейхан ордасындағы
көтеріліс.
1916ж.Азаттық
көтеріліс кезеңі.
1918-1920ж.Азамат
соғысы.
1921-1922ж.Ашаршылық бастаған
кезеңі.
1931-1932ж.
Жаппай ашаршылық кезеңі.
1937-1938ж.
Жаппай репрессия кезеңі.
1941-1945ж. Ұлы
Отан соғысы кезеңі.
1949ж.Осыншама
азаптың ішіндегі ең сұмдығы
Семей
полигоны.
1986ж.Желтоқсан
оқиғасы.
Ата-бабамыз өткен жолға біраз жасап қарақ,
«Не деген дархан ел, не деген төзімді де қайратты ел, не деген
батыр да, батыл менің елім! »-деп көңілің көкке
көтеріледі.
1991жылдың
1желтоқсанында Қазақстан тарихындағы тұңғыш Президент Н.Ә.
Назарбаев сайланды.
1991жылы
16-желтоқсанда Қазақ елі тәуелсіз болып
жарияланды.
1991жылы 21-
желтоқсанда Тәуелсіз Мемлекеттер Достық одағы құрылды.Қазір
елімізді дүние жүзі таниды.
1992жылы
28-қаңтарда Қазақстанның Ата заңы –Конституциясы
қабынданды.
1993жылы
15-қарашада Ұлттың валюта-теңге айналымға
түсті.
1993жылы
маусымның төртінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің
сессиясы Тәуелсіз елдің басты нышандары –Мемлекеттік Туын,
Елтаңбасын, желтоқсанда Әнұранын
бекітті.
Тәуелсіз ел
нышандары-халқымыздың бай рухани мұрасы –Мәдениетіміз бен
өнеріміздің мол тәжірибесіне негіздей
жасалынды.
Отан туралы
мақал-мәтелдер сайысы.
1.Отан оттан да
ыстық.
2.Отан отбасынан
басталады.
3.Отансыз адам,
ормансыз бұлбұл.
4.Туған
жеріңе,туың тік.
5.Отан үшін отқа
түс,күймейсің.
Тәуесіз
оңайлықпен келмеді.
Бізге мұны ешкім
аяп бермеді.
Тәуелсіздік-
Қайрат, Ләззат, Ерболдың,
Тас көшеде,
тас-талқан болып өлгені.
Шала-жансар қар
астына көмгені,
Тәуелсіздік
ата-баба арманы.
Қандай елмін
бүгін міне, көр мені!
Алаулайды мүмкін
емес сөнбегі.
(Алаңдағы
Желтоқсан оқиғасы туралы бейне
фильм).
Сахналық
көрініс.
1986жыл. Жаңа
таримыздың беташары(радиодан иттің үргені,машинаның
гүрілі,қыз-жігіттердің айғай шуы,ұранды сөздер
естіледі)
Жүргізуші: Түн.
Кәдімгі миллиондаған түндердің бірі,бірақ бұл түн өзгеше түн еді.
Себебі бұл түнде қаланың кез келген тұсынан ұсталған жастарды
ұрып-соғып, өлімші халге жеткізді.Осындай қатыгездікті көрген,
оларға араша түсем деп жүргендердің арасында Қайрат Рысқұлбеков те
бар.
Милиционер:-
Ұстаңдар бұзақыны! Әкетіңдер,жауып тастаңдар! -Савицкиді өлтірген
сен бе?
Қайрат:-Жоқ, мен
емес!
Милиционер:-Сен
өлтірген! Мойныңа ал!
Қайрат:-Мен
өлтірген жоқпын. Өтірік жала жаппаңдар. (Қайратты ұрып соға
бастайды).
Қайрат: «Ақтау
сөзің не ?» деген
Бүгін қойды сот
сұрақ
Айтайын оны
халқыма,
Жоқ пиғыл менде
жасымақ.
Қорлайда беріп
қайтадан
Титыққа орын
жетпеген
Туған жердің
намысы,
Ботен қолда
кетпесін.
(Кетіп бара
жатып):
Қайрат деген
атым бар
Қазақ деген
затым бар.
«Еркек тоқты
-құрбандық»,
Атам
десең-атыңдар.
Мен не етермін,
не етермін,
Мен келмеске
кетермін.
Көрмеген қош
бол, таңдарым
Көре алмай мен
өтермін.
Жүргізуші:Ол әділеттің, шындықтың жеңетініне
іштей сенді.Қайрат орысша-қазақша бірдей, өте саутты, өз ойын ашық
айтатын, жігерлі, отты жігіт еді. 1988жылы 13-мамырда Семей
түрмесіне әкелінген Қайрат Рысқұлбеков21-мамыр күні таңда өмірімен
қоштасты.
Тәуелсіздік-достығымыз,
Ынтымағы
жарасқан.
Тәуелсіздік-ел
бірлігі,
Асқақ арман
таласқан.
Тәуелсіздік-өткеніміз,
Асулардан сан
асқан.
Тәуелсіздік-ертеңіміз,
Арайланып таңы
атқан.
Тәуелсіздік-
ардагерім,
Ұрпақтармен
жалғасқан.
Тәуелсіздік аға
жолы,
Болашаққа нық
басқан.
«Менің елім»әні
орындалады.