Сабақтың
тақырыбы: Желтоқсан құрбандарын еске
алу
Сабақтың мақсаты: 1986 жылы болған
жастардың шеруі туралы түсінік беру, шерудің болу
себептері жайлы мағлұмат беру,
ерліктерін өнеге ету.
Отанын, елін, жерін сүюге, қорғауға, адалдыққа, шындыққа
тәрбиелеу. От жүректі өжет
мінезді ұл-қыздардың ерлік істеріне мәңгі құрмет көрсетуге
баулу.
Сабақтың көрнекілігі: желтоқсан құрбандарының
суреттері, кітаптар көрмесі, бүктеме, слайдтар, видеоклип «Желтқсан
желі».
Сабақтың
барысы:
Мұғалім:
-
Балалар, 1986 жылы 16 желтоқсанда
жастар Брежнев атындағы
алаңға неге, не үшін жиналды?
-
Өз тәуелсіздігін алу
үшін!
-
Желтоқсан оқиғасының
құрбандары кімдер? Олар қандай жазаға тартылды?
-
Е.Сыпатаев, Л.Асанова,
С.Мұхамеджанова желтоқсан құрбандары Қ.Рысқұлбеков өлім жазасы
т.б.
-
Желтоқсан оқиғасын қандай
операция деп атады?
-
«Құйын-1986»
операциясы
-
Желтоқсан оқиғасының сипаты
мен таризхи маңызы қандай?
-
Желтоқсан құрбандарының
өмірі жайлы не білесіңдер?
Желтоқсан оқиғасының себебі
КОКП Орталық Комитетінің
нұсқауымен 1986 жылы желтоқсанның 16-сы күні Қазақстан КП Орталық
Комитетінің пленумы болды. Пленум бар жоғы 18 минутқа созылды.
Осындай қысқа мерзімде аса маңызды мәселелердің бірі республиканы
ширек ғасырдай басқарған саяси қайраткерді ауыстыру мәселесі
шешілді. Жиналысты КОКП ОК-нің хатшысы Г.Разумовский жүргізді. Күн
тәртібінде бір ғана ұйымдастыру мәселесі тұрды. Д.Қонаевтың орнына
Орталықтың шешімі бойынша Г.Колбинді сайлау
ұсынылды.
Көрініс:
«Қайраттың ақтық сөзі».
Алуа:
Дауылға желтоқсанның желі айналды,
Ашуға мінді Алатау кәрі айбарлы
Күтпеген іс ақыры не болды деп.
Күллі әлем Алматыға қарай қалды
Кез емес жаугершілік «аттан» атты,
Алаңның шеруі емес салтанатты
Қытымыр қыстың басы сол бір айда
Желтоқсан желі әлемді жай қаратты.
Қайрат Рысқұлбеков рөліндегі орындаушы:
Қабдулмажит Еділ
«Әкетай-ау, пайғамбардай жасың бар,
Туа бермес сіз секілді асылдар.
Қартайғанда жүрегіңді жаралап,
Кесір болды-ау біз секілді масылдар
Айналайын, қарындасым, қарағым,
Қолда кісен, мен айдауға барамын.
Қайғы шегіп, азап тартқан ағаңды,
Айтшы жаным қандай жанға баладың?
Айналайын, інішегім, құлыным,
Сені ойласам үзіледі жұлыным.
Сенің ерке ақ жүзіңді көре алмай,
Кетіп барам мен айдауға, құлыным».
Тергеуші: Мұхамедрахым
Наурызбай
-
Иә, Рысқұлбеков, тағы да хат жазып отырсың
ба?
-
Тергеуші Қайраттың қолындағы хатты жұлып
алады:
-
Рысқұлбеков, ақтық сөзіңді айт!
-
Савицкийді өлтірдің бе?
-
Жоқ өлтіргенім жоқ.
-
Мойында жаза жеңілдейді
-
Жоқ. Мен өлтіргем жоқ! Мен ешкімді де өлтіргенім
жоқ!
Тергеуші Қайратты ұрып, соғып
тастайды. Сот Қайрат Рысқұлбековтың жатқан камерасына
келеді.
Сот: Іңкәр
Қайрат Рысқұлбеков «қылмысты» деп табылып, Қазақ
КСРО қылмыстық кодексінің 173 бабының 1-тармағы бойынша, жазаның ең
ауыр түрі өлім жазасына, атуға кесілсін!
Қайраттың ақтық сөзі:
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар,
Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар,
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар,
«Еркек тоқты-құрбандық»
Атам десең, атыңдар!
Қайратты алып кетеді.
1-оқушы:
Н.Нұргүл
Қ.Рысқұлбековтың
шығармашылығынан
«Кездесеміз әлі де»
Жалалы боп қатты батты жаныма,
Жазалаушы қағаз алдым қолыма.
Жігіттер-ай, айтып-айтпай не керек,
Жазған екен маңдайыма, сорыма.
Біріншіден, мен анады сағындым!..
Екіншіден, бұл Құдайға не қылдым?!
Бостандықта еркін жүрген жан едім,
Енді міне, абақтыға жабылдым.
«Әкетай-ау, пайғамбардай жасың бар,
Туа бермес сіз секілді асылдар.
Қартайғанда жүрегіңді жаралап,
Кесір болды-ау біз секілді «масылдар».
Айналайын ағалар мен жеңгелер,
Бұл өмірде сіздерге кім тең келер.
Сүмірейіп сот алдында отырған
Бауырыңды енді кімдер ескерер.
Өздеріңе аман-саулық тілеймін,
Өздеріңмен бірге болсын тілегім.
Өздеріңе тіл қата алмай, достарым,
Қайғы-мұңлы өмірімді бастадым.
2-оқушы:
Мәдина
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ
ұрдық,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп
талпындық.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі
салқынның,
Айналайын, жас Қайратым, жас өркені
халқымның.
3-оқушы:
Іңкәр
Темір қолдар қатты еді алқымыңды
қаусырған,
Намысыңды жықпай өттің нәубет дүлей
маусымнан.
Жалғыз қалған шақтарымда жігер алдым
бойыма,
Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар
даусыңнан.
4-оқушы:
Жансая
Өсер ұлдың әр сәтте де бірлік болмақ
қалауы,
Лаула, лаула, Желтоқсанның мұзда жаққан
алауы!
Өздеріңдей ар намысты жас өркені бар
елдің,
Ешқашанда тиісті емес еңкеюге жалауы.
5-оқушы:Мергүл
Желтоқсанда мұздап едім,
Мені ешкім
жылытпайды,
Мен де жібір емеспін.
Ар жағынан ажал деген белестің,
Булықты үні сол бір ару-елестің.
6-оқушы:
Сағынай
Қаңтарда да, ақпанда да,
Желтоқсанның желі үскіріп жатқанда,
Жан тайғанап, жанарда айдын қатқанда,
Торғай жанын түсірдім деп қақпанға,
Топас ғұмыр тірліңе шаттанба...
7-оқушы:
Алуа
Желтоқсанның жан түршігер күндері,
Жалдап әскер аяушылық білмеді.
Бұрымынан сүйреп ару қыздарды,
Ал ұлдарды тоғытқан жер түрме еді.
8-оқушы:
Асылбек
Қыстың қалай қынқызыл таңғы нұры?
Бұл жаратын гүлдердің мәңгі ұрығы.
Күйдіргендей кеудені күйдіреді,
Жүректегі Желтоқсан жаңғырығы.
9-оқушы:
Наурызбай
Ал қоғамның адамнан барма асылы?
Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып.
Бұғаудағы боздақтар кете барды,
Бірі атылып, біреуі дарға асылды.
10-оқушы:
Еділ
Мұзбалақтар жұмыртқа шайқап алып,
Өмір жырын айтады анық.
Ауылына дәуірдің қарсы ұшырап,
Кейде тарих жатады қайталанып.
«Бейнеслайд» Желтоқсан
желі
Мұғалім: М. Шаханов. Төрт жыл кешіккен
шындық
Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген
алтынның,
Айналайын алтын әнім, жас өркені
халқымның.
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ
ұрдың
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп
талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі
салқынның,
Айналайын, айналайын жас өркені
халқымның.
Ерте айтылды сондықтан да келте айтылды бұл
әнің,
Уақытыңның талабына деп келсе де
ұраның,
Уақытыңның әділесіз соққысынан
құладың.
«Нашақор» деп, «маскүнем» деп айыптадың
ұланым.
Саған жапқан сол жаланы естіп үнсіз
тұрғаным
Керең болып қалды ма екен неге менің
құлағым
Айналайын, айналайын, жас қайратым,
қыраным!
Темір қолдар қуатты еді алқымыңды
қаусырған
Намысыңды жықпай өттіңнәубет, дүлей
маусымнан.
Жасап қалған шақтарымды жігер алдым
бойыма,
Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар
даусыңнан.
Жә, не деген нүктесі көп, бүкпесі көп өмір
ең.......
Төрт жыл өтті шындық күліп шыққанынша
көгінен.
Оқ бойы озып тұрыпсың-ау сол аумалы
кезеңде-ақ
Пышаққа сап бола алмайтын әкімдердің
көбінен
Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ
қалауы
Лаула, Лаула, Желтоқсанның мұзға жаққан
алауы!
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар
елдің
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!
М.Шаханов атамыздың «Төрт жыл кешіккен шындық»
өлең жолдарымен аяқтағанымыз жөн болады. Өлең жолдар оқылғаннан
кейін: Желтоқсан құрбандарын 1 минуттық тыныштықпен еске
алынады.
Қорытынды: Желтоқсандық өрендер ұмытылмайды,
ерліктері мәңгілік сақталады.
Желтоқсан
оқиғасы біздің еліміздегі дүние жүзіне мойындатқан күн. Тәуелсіздік
алған 1991 жылдың 16 желтоқсаны - ел тарихында кейінгі ұрпақ
мәңгі қастерлеп, ардақтап өтетін күн. Алдағы келе жатқан
тәуелсіз елдігіміздің ұлық мерекесі Тәуелсіздік күні құтты
болсын! Осымен ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Қош сау
болыңыздар.