Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Желтоқсанда-мұзда жанған алауым, Желбіретті Тәуелсіздік жалауын!»
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тәуелсііздік мерекесіне орай үйымдастырылған
«Желтоқсанда-мұзда жанған алауым, Желбіретті Тәуелсіздік жалауын!»
атты кештің сценарийі
Күні: 15.12.2017ж
Қатысқан: 1-11 класс
Жауапты: Сергалиева Гулназым
Тақырыбы: «Желтоқсанда-мұзда жанған алауым, Желбіретті Тәуелсіздік жалауын!»
Мақсаты: 1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл - әкімшіл солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп демократия жолында құрбан болған ұл қыздарымыздың ерліктері жайында түсінік бере отырып, жастардың алаңға не себепті, қандай мақсатпен шыққандығын жете түсіндіру.
Өз
Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз анна
тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтай білуге патриоттық сезімге
тәрбиелеу.
Әрбір жеке тұлғаның еркін сөйлеп, өз пікірін, ойын айта білу
қабілетін дамыту.
Жүргізуші:
Армысыздар құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар,
оқушылар. Бүгін біздің еліміздің сан мың жылдар бойы найзаның
ұшымен, еліміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр
сілкіндерген Желтоқсаноқиғасымен келген тарихымызда алтын
әріптерімен жазылып қалған «Желтоқсанда-мұзда жанған
алауым, Желбіретті Тәуелсіздік
жалауын!» атты он күндік іс-шарамыздың қорытынды кешіне қош келдіңіздер.
Жүргізуші:
Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.
Енді ағайын, көгінде қалықтасын,
Қазағымның қастерлі - Әнұраны!
Жүргізуші: Қазір бұл күн Қазақ халқы үшін ұлы күн, әрі қайғылы, әрі бақытты күн. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы Қазақ халқында бұрын болмаған ең ауыр да, әділетсіз көтерілістің бірі. Енді міне, осы Желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткізді.
Аружан: Ия, ол күн тәуелсіздіктің туын
ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың 16 желтоқсан
еді. Таңертеңгілік сағат 10.00 де бар жоғы 18
минутта 25 жыл елді үздіксіз басқарып келген Д.А.Қонаев
түсіріліп, орнына Г.Колбин ешкімнің пікірінсіз-ақ ұсынылған
еді.
Осыдан 26 жыл бұрынғы Алматы оқу орындарының бірінің жатақханасының
алдындағы оқиға.
Көрініс
Нұрбақыт (Ербол):
Қыздар,жігіттер мен газет
әкелдім.
Гүлнара (Ләззат):
Не жаңалық шығыпты?
Нұрбақыт (Ербол):
КОКП Орталық Комитетінің хатшысы Д.Қонаевты алып,
орнына В.Колбинді тағайындапты.
Аягөз (Сәбира): Колбин деген кім екен?
Гүлнара (Ләззат):
Қайдан келіпті?
Нұрбақыт (Ербол):
Колбин Ульяновтан келіпті.
Ақниет (Қайрат): Қазақстанды өзіміздің қазақстандық азамат
басқарсын!
Гүлнара (Ләззат):
Біз демократияны талап етеміз.
Ақниет (Қайрат): Қане жүріңдер, қыздар, жігіттер алаңға
кетейік!
Аружан: «Шеру ұйымдастыруға қатысы бар» деген жалған
айыппен қаншама зиялы азаматтар жазаланды, жұмыстан қуылды. Бірақ
ол үшін жауапқа тартылған ешкім болған жоқ.
1986 жылғы 16 желтоқсан күні Д.Қонаевтың орнына Колбин келіп, 17-сі
жастар Брежнев атындағы алаңға бейбіт және саяси шеруге шығады.
Шеруге шыққан жастарды саперлік күрекпен, дубинкамен, су атқыш
машинамен, итпен және т.б. таратады. Ертеңіне 18-желтоқсан
Қайраттың үйі.
(Сахнада Қайрат пен жеңгесі дастархан басында отырады).
Саяжан (Анасы): Қайрат жан бүгін алаңға бардың ба?
Нұрбақыт (Қайрат): Жоқ анашым. Неге сұрадыңыз?
Саяжан (Анасы): Бүгін алаңда көтеріліс болды дей ме?
Нұрбақыт (Қайрат): Жоқ білмедім.
(Осы кезде есікті қағып милиционер жігіттер келеді).
Саяжан (Анасы): Сәлеметсіздер ме? Сіздерге кім керек? Жәйша жүрсіздер ме?
Нұрбек (милиция): Осы үйде Қайрат Рысқұлбеков есімді жігіт тұрады ма?
Саяжан (Анасы): Ия, Қайрат осы үйде тұрады.
Нүрбек (милиция):
Біз органнан келдік. Қайрат Рысқұлбеков деген
азаматты тұтқындауға келдік. Прокурордың санкциясы бар.
Міне!
Саяжан (Анасы): Қайрат, бері кел.
Нүрбек (милиция):
Тез жинал, бізбен бірге
кетесің.
Саяжан (Анасы): Ойбай-ау бұларың не? Жұдырықтай баланың не жазығы
бар еді?
Нүрбек (милиция):
Апа, сабыр етіңіз! Бұл жігіт бір төбелеске
қатысыпты. Анық-қанығын тексерген соң қайтарып
жібереміз.
(Осы кезде Қайратты милиционер алып
кетеді).
Аружан: Алаңға шығып өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың
өрімдей қарусыз жастарына солдаттар мен милиция қызметкері қарсы
қойылды. Қыз жігіттерді аяусыз таяққа жықты, түрмеге қамады. Ербол,
Ляззат, Сабира сынды жаңа ғана бүршік атып келе жатқан тал шыбықтай
жастарымыздың өмірін үзді.
Иә, ізгілік атаулыдан күдер үзіп, ең соңғы үміті, бар сенімі
күйреген, рухани езілген Қайрат, есіл ер көзі тірісінде жазған
өлеңдері адам жүрегін тебірентеді.
(Түрме іші, қолында қағазы бар Қайрат отыр.
Қинала отырып «Менің тағдырым» өлеңі).
Ақнит (Қайрат):
Өмір бойы жолым болып көрмеді,
Жылап келем бұл дүниеге келгелі.
Қайғы шаңы басты менің денемді,
Түспейді шаң сілкінсем де мен енді.
Жолдаған сәлемімді дос алмады,
Шын ба екен-ау тас керең боп қалғаны.
Айта берем, айта берем қайбірін,
Ауыр менің, ауыр менің тағдырым.
Тағдыр мені аямады, қорлады,
Жалынсам да, жыласамда болмады.
Қараңғы өмір бақытым жоқ, жоқ менің,
Армандаған ақ сәулеге жетпедім.
Біріншіден мен сағындым анамды,
Екіншіден бұл құдайға не қылдым?
Бостандықта еркін жүрген жан едім,
Енді міне абақтыға жабылдым.
(Содан кейін қатты шаршап, былай
дейді): «-Уһ, әбден шаршадым-ау, жүйке тамырым жұқарды
ғой! Қайран бостандық!!!
Әдәлет (кезекші):
Қылмыскер Рыскулбеков тергеуге.
Нұрбек (тергеуші):
Айыпкер Рысқұлбеков, сен Мир мен Сәтбаев
көшелерінде жасақшыларды көрдің бе?
Ақниет (Қайрат): Егер ол көшеге бармасам оларды қайдан
көремін?
Нұрбек (тергеуші):
Савицкийді сен өлтірдің бе?
Ақниет (Қайрат): Жоқ, өлтірген жоқпын?
Нұрбек (тергеуші):
Сенің ұрып жатқаныңды біреу көріпті
ғой.
Ақниет (Қайрат): Олай болса мені сол адаммен беттестір, бұл өтірік
жала.
Нұрбек (тергеуші):
Ах, ты, бұзақы, жала дейсіңбе? Мен саған
көрсетемін өтірікті! Жала
дейді еще! Ей, Рыскулбеков, сен, «Савицкийді өлтірдім»
деп мойныңа ала сал, сонда сенің жазаң жеңілденеді.
Егер,сен Савицкийді өлтіргеніңді мойындасаң, әкеңе
тиіспейміз.
Әйтпесе әкеңді де…
Ақниет (Қайрат): Жолдас тергеуші, бұл жала ғой! Өлтірмеген адамды
өлтірдім деп қалай мойындаймын, адам түгіл тышқанды да өлтіріп
көрген емеспін.
Нұрбек (тергеуші):
Қылмыскер Рыскулбеков, сен ақымақ
болма, «Савецкийді өлтірдім» деп мойында. Бұл – бір. Сен
әкеңнен 4 мың сом алып, мына менің алақаныма сал, бұл – екі.
Түсіндің бе, мақұлық?
Ақниет (Қайрат): Жолдас тергеуші! Алайда әзер күнін көріп отырған
ата-анамды ақша деп қинағым келмейді және не үшін ақша төлеуім
керек? Не үшін? Ешқандай қылмысым жоқ.
Нұрбек (тергеуші):
Әкетіңдер, құртыңдар,
атыңдар!
Сот залы.
Гүлнара (хатшы): - Орындарыңыздан тұрыңыздар! Сот келе жатыр.
Маралым (сот): - Қылмыскер Қайрат Рысқұлбеков. Сен желтоқсанның 17-18 күні алаң ға бардың ба?
Ақниет (Қайрат): - Иә, бардым . 17 желтоқсан күні.
Маралым (сот): - Не мақсатпен ?
Ақниет (Қайрат): Ол жерге барған себебім! Біріншіден:ел айтқан, естіген сөздерді өз көзіммен көру үшін бардым.Екіншіден, алаңда қазақтың уыздай жас қыздарын ұрып - соғып жатыр деген соң ол жерде қаракөз қарындастарыма қолымнан келгенше бар көмегімді бергенім рас. Ол үшін өкінбеймін, керісінше, мақтан тұтамын.
Маралым (сот): Сен 9 машинаны өртепсің, соны мойындайсың ба ?
Ақниет (Қайрат): Жоқ, ондай жалғандықты мойындамаймын.
Гүлнара (хатшы): Сот кеңесуге кетеді. ( Сәл уақыттан соң) Сот келе жатыр. Тұрыңдар!
Маралым (сот): Қазақ Кеңес Совет Республикасының жоғарғы соты үкім етеді. Қылмыскер Қайрат Рысқұлбеков Совицкийдің өліміне байланысты және 9 автомашинаны өртеп, 152 автомашинаны зақымдап, 326 милиционер мен 196 әскерді жаралап, ауруханаға түсуіне қатысты деп тауып, ату жазасына үкім шығарды.
Ақниет (Қайрат): Жоқ, бұл әділдік емес
Саяжан (анасы): Бұл үкім дұрыс емес.Менің балам ақ, ол қылмыскер емес.
Гүлнара (хатшы): Тынышталыңдар. Орындарыңызға отырыңыздар.
Маралым (сот): Қайрат Рысқұлов, ақтық сөзің бар ма ?
Ақниет (Қайрат): Бар.
Күнәдан таза басым бар
Қазақ деген атым бар
21-де жасым бар
Қасқамдақтай қаным бар, жаным бар
Алам десең алыңдар
ҚАЙРАТ деген атым бар
Қазақ деген затым бар
Еркек тоқты құрбандық
Атам десең атыңдар!
(Қайратты кісендеп алып
кетеді.)
Саяжан (анасы): Қайраттымды кешіріңдер! Ол әлі жас қой! Кешіріңдер, балаларым! анасы Сендердіңде балаларың бар шығар? Мен-анамын, ақ жаулығымды сыйлаңдаршы? Оның атынан кешірім сұраймын. Кешіріңдер!
Ақниет (Қайрат):
Көтер ана, көтер ана
басыңды.
Өтті, кетті жауынды күн
жасынды
Қазақпыз ғой мың өліп, мың тірілген,
Мына иттерге көрсетпе көз жасыңды!
Кешір ана, жан едің ғой тамаша,
Арым үшін түстім, рас араша
Қалай ғана дәтім шыдап тура алам
Ұл-қызыңды қанішерлер таласа,
Арым үшін түстім, рас, араша
Араша!
Маралым (сот): Қылмыскер Қайрат Рысқұлбековты әкетіңдер
Саяжан (анасы): Жоқ, балам, әкетпеңдер. Балам.......
«Желтоқсан Желі» әні орындалады.
Қайрат:
Жыр шашатын жүрегің де
тілінді,
Есімің де ел аузына ілінді.
Тіршілікте елеусіз боп жүрдің де,
Көз жұмған соң, кім екенің біліңді.
Сәбира:
Ерлігіне қуанам да сүйінем,
Сәбира апам, рухына мен иілем.
Бәйшешектің солғанына аһ ұрсам,
Әділ жанның қазасына күйінем
Ербол:
Ұзын да емес, қысқа да емес,
ортамын,
Жүрегі жоқ адамдардан қорқамын.
Қанды қақпан қармағына іліккен,
Ербол аға, торқа болсын топырағың!
Ләззат:
«Желтоқсанда» құрбан болған,
Ляззат қызды есіңе ал!
Халқым, саған ризамын!
Батыл бас аяқты, жас достар,
Бұл жерде – батыр жоқ қол бастар,
Бұл жерде – жүректе… мұз жатыр,
Бұл жерде - өрімдей… қыз жатыр.
Бұл жерден мәңгілік аттанған,
Халқымның есінде сақталған!
Аружан: Кеңес Совет Республикасы одан жоғары кеңесі Президизмінің шешімінен 1988 жылдың 28 сәуірдегі жарлығымен ҚАЙРАТ РЫСҚҰЛБЕКОВке кешірім жасалып, 20 жыл бас бостандығынан айырумен ауыстырды. Алайда бұл хабар ҚАЙРАТты қуанта алған жоқ... мынау қайраттың анасына жазған соңғы хаты ! (қайраттың хаты сахна сыртынан оқылады).
«Міне өздеріңіз естігендей ату жазасын 20 жылға ауыстырды. Бұл әрине біреуге қуаныш біреуге азап. Өз басым бұл үшін қуанғам жоқ, өйткені, асыл анашым, түсініңізші! Мен сорлы бұл тас зынданда жазықсыздан жазықсыз еш отырғым келмейді. 11 ай ішінде жүйке тамырым жұқарды. Әбден шаршадым.
1988 жылы 21-мамырда Семей қаласындағы түрменің 21- камерасында Қайрат 21 жасында «өз-өзін өлтірді» деген атпен құпия түрде қаза тапты. Араға жылдар салып тарих қойнауына кіріп бара жатқан желтоқсан оқиғасындағы халқымызға жағылған қара күйе «ұлтшыл», «нашақор»деген атақтар халқымыздың біртуар қалаулы ұлы Мұхтар Шахановтың басшылығымен қайта қаралып, 1991жылғы 12- желтоқсанда оқиғаға қатысқаны үшін жауапкершілікке тартылған азаматтарды ақтау туралы және 17желтоқсанда «ҚР-ның демократиялық жаңару күні деп жариялау туралы» Республика Призидентінің жарлығы шықты.
Сол желтоқсан батырлары Ләззат Асанова, Сабира Мухаметжанова, Қайрат Рысқұлбеков, Елбол Сыпатаевтарды, тағы басқа қаза болған ержүрек ұл-қыздарымызды орындарыңыздан 1 минут үнсіз тұрып, еске алуды сұранамыз.
Үнсіздік
Рақмет
Жүргізуші:
Жас арудың жанарында – Желтоқсан,
Қанды ғасыр табанында – Желтоқсан.
Қаралы өмір қайыстырған халқымның,
Қара тұман қабағында – Желтоқсан.
Жауыздықты жасқаған да – Желтоқсан,
Жаңа ғұмыр бастаған да – Желтоқсан.
Жазықсыздың көз жасына жуынып,
Абақтыға тастаған да – Желтоқсан.
Намысымның шырағы да –
Желтоқсан,
Сұрқай өмір сынағы да – Желтоқсан.
Жігіттердің ұраны да - Желтоқсан,
Жаңа күннің шуағы да – Желтоқсан.
Ән: «Тәуелсіздік»
Орындайтын: Мамытова Аружан
Жүргізуші:
Тәуелсіздік - ел мұраты. Бұл біздің ұлан
байтақ теңіздей Қазақ тарихының басынан кешкендерінің тамшысы ғана
болса да, Қазақстанның дамып өркендеуін жылдармен
өрнектейміз.
Оқушылар:
1991 жылы Тәуелсіз Қазақстан
елі тұңғыш рет Н.Ә.Назарбаевты президент етіп
сайлады.
1992 жылы Қазақстан Республикасының Елтаңбасы, әнұраны, туы туралы
заң қабылданды.
1993 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы
қабылданды. 15 қарашада төл теңгеміз алғаш реет айналымға
түсті.
1994 жылы Ғарышта қазақтың екінші ғарышкері Т.Мұсабев көк байрақты
желбіретті.
1995 жылы ұлы Абайға 150 жыл толды.
1996 жыл Жамбыл жылы. Тәуелсіздік монументі
орнатылды.
1997 жылы «Қазақстан – 2030» стратегиясы қабылданды.
1998 жылы Ақмола атауы Астана деп өзгертілді.
Астанада алғаш рет Бәйтерегіміз салынды.
1999жыл Қорқытқа 1500 жыл тойын Қызылордада тойладық.
2000жылы – Мәдениетті қолдау жылы.
2001 жылы 18 мамырда – Күлтегін ескерткішінің көшірмесін
И.Тасмағамбетов Астанаға әкелді.
2002 жылы – Денсаулық жылы.
2003-2005 жылдары Ауыл жылдары
2006жылы - Сыр елі өнер ордасы
2007жылы төл теңгеміз жаңа түрмен айналымға түсті.
2008жылы Қазақстанның бас ордасына Астанаға 10 жылдығы
тойланды.
Жүргізуші:
Тәуелсіздік биік болсын тұғырың,
Тарылмасын терең алған тынысың.
Ұзақ болсын, ұзақ болсын ғұмырың,
Бодан болған күндеріміз құрысын.- дей келе сіздерді тәуелсіздігіміздің торқалы тойымен құттықтаймыз.
Ән: «Бақытты Қазақстан» орындайтын Бақтілеу Айжан
Жүргізуші:
Желтоқсан басталуы – ғасырлар қойнауынан жалғасып келе жатқан ұлы тарихтың бір елесі.
16 желтоқсан! Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын, әрі қаралы, қасіретті күн еді.
Желтоқсан таңы дірілдеп ызғар
Жүректе жылы үміт пен ізгі ар
Ақ құстай бейбіт орманы самғап
Алаңға шықты жігіттер, қыздар. – дей отыра, ортаға мектебіміздің 10-сынып оушысы Айталы Ғасырбек пен 5-сынып оқушысы Қайратқызы Сәулені өздерінің Тәуелсіздікке арналған жыр-шумақтарымен ортаға шақырамыз.
Жүргізуші:
-
Рахмет
Сол бір суығы ерте түскен қыс кездерінде, тоқырау тажалының ызғарында аяусыз тапталған ар - намыстың ышқынған дауысы құлағымызда әлі де шыңылдап тұрғандай.
Басынан бұл қазақтың нелер өтті.
Жамандық пен жақсылық бәрі кетті.
Жиырмасыншы ғасыр шыңдаған соң,
Аңсаған еркіндікке қолы жетті
Би: Қазақ биі
Жүргізуші:
Тарих бізге Тәуелсіздікті тарту етті. Енді біздің парызымыз-ұлттық рәміздерді қастерлеу
Тәуелсіз мемлекетімізді өркениетті елдер қатарына қосу, мәдениеттің биік шыңына көтерілу.
Ләззат Асанова ,Сабира Мухаметжанова , Қайрат Рысқұлбеков, Елбол Сыпатаев, Түгелбай Ташенов, Қайыргелді Күзембаев, Жамбыл Тайжумаев секілді Өрімдей жастар жалған жаланың құрбаны болды. Бірақ олардың есімі ел есінен өтпейді. Желтоқсан құрбандарына әр уақытта бас иіп тағзым етеміз.
Бір- біріме тату- тәтті тұрады,
Бәрінің де Қазақстан тұрағы.
Туған жерге тебіренген сәттерде
Ағылады өлең – жырдың бұлағы – дей келе, ортаға 4-сынып оқушысы Бақтілеу Қарақатты
«Атамекен» әнімен ортаға шақырамыз.
Жүргізуші:
Дүбірлеткен өңірді
Дүбірлесін дүлділі
Қазақ деген елімнің
Құтты болсын бұл күні – дей келе бүгінгі «Желтоқсанда-мұзда жанған алауым, Желбіретті Тәуелсіздік жалауын!» атты кешіміздің қорытындылау үшін мектеп директоры Алдаберенов Дархан ағайды сөз береміз.
Би: Флешмоб
Жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, ата-аналар және оқушылар! Сіздерді тағы да мерекемен құттықтаймыз. Мемлекетімізге жарқын болашақ, барлықтарыңызға мықты денсаулық тілейміз. Айымыз оңынан тусын деген ниетпен бүгінгі «Желтоқсанда-мұзда жанған алауым, Желбіретті Тәуелсіздік жалауын!» атты кешімізді аяқтаймыз.
Келесі кездескенше, сау болыңыздар!