Материалдар / Жеміс – жидектердің емдік қасиеті
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жеміс – жидектердің емдік қасиеті

Материал туралы қысқаша түсінік
экология-биология мұғалімдерге және студенттерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Шілде 2018
1527
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тасқала ауданы

Балалардың мектептен тыс жұмыс орталығы













Сабақтың тақырыбы

Жеміс – жидектердің емдік қасиеті













Өткізген: «Жас эколог» үйірмесінің

жетекшісі:Доскалиева С.М
















Тасқала, 2017-2018 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы. Жеміс – жидектердің емдік қасиеті

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жемістердің түрлерімен таныстырып, олардың түрлерін ажырата білуге және де жемістердің емдік қасиеті мен пайдасын ұғынуға үйрету.

Білімділігі: Оқушыларды шырынды және құрғақ жемістермен таныстыра отырып, ерекшеліктері жайлы білім беру.

Тәрбиелігі: әдемілікке, әсемдікке, әдептілікке, тазалыққа тәрбиелеу

Дамытушылығы: Оқушылардың өсімдіктердің генеративті және вегшетативті мүшелері жайлы білімдерін дамыта отырып, олардың пайдалы қасиеттерін ұғыну.

Жаңа сабақ: .

Жеміс-жидектер туралы не білеміз?

Олардың бізге қандай пайдасы бар?ЖұмбақтарІші толған шәрбатДәмі қандай әйбатҮзесің бірден жүзін Оның аты-...(жүзім)Дөп-дөңгелек сарыІшінде бар дәніҚызығасың көріпОның аты-...(өрік) Жапырақты тасалапӨсетін жері бақша-бақКүрең қызыл шіркін айОның аты-...(құлпынай)

Бір сабақта көп түйме Жей алмайсың көк күйде Санап қара қанша Оның аты-...(шие)

Пісетін кезі дәл күзде Мезгілсіз оны үзбе.Аузыңнан кетпес бал дәмі оның аты...(Шабдалы) Барлығының жауабын таптыңыздар. Енді осы жұмбақтардың жауабын не деп атаймыз.- Жеміс-жидектер.- Олай болса, жаңа сабағымыз жеміс-жидектер мүсіндейміз.

Мағынаны тану. Жеміс-жидектер суретінің көшірмесі мен фотосуреттеріне қарап, жеміс-жидектер жайлы, олардың пайдасы туралы әңгімелесу.
Жеміс – жидек өсіру Қазақстанда 20 ғасырдың 30–жылдарынан бастап дами түсті. Әуелі аймақтық тәжірибе стансасы ашылып, кейін ол Қазақ егіншілік ғылыми – зерттеу институтының қарамағына берілді де, 1959 жылы Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы ғылыми зерттеу институты құрылды. Ол шығарған он беске жуық жеміс–жидек сорттары еліміздің әр түрлі аумақтарында аудандастырылды. Жеміс дақылдары негізінен, биологиялық (ботоникалық тегі) формалары жағынан мынандай топтарға бөлінеді:Жеміс, көкөністі жуып жеуТұрмыста жеміс – жидек, көкөністерді жуу арқылы ластан, адам ағзасына зиянды микроорганизмдерден құтыла аласың. Саяжайда өсіп тұрған жемісті сабағынан үзіп алып, жумаған күйде жеудің өзі зиянды. Сенбесеңіз, сол жемісті шағын ыдыста аздаған сумен жуып, оны микроскоппен қарап көріңіз, ішінен адамның іш ауруын да, басқа да сырқаттарды туғызатын құж – құж қаптап жатқан құрттарды (микробтарды) көресіз.Жалпы, жеміс – жидектерден ауруға, түрлі зиянкестерге қарсы бүркілген түрлі улы химикаттардан жақсылап жуу арқылы ғана арылуға болады. Шетелден әкелінген жемістерді арнайы сабынды суда щеткамен жуып, соңынан таза сумен мұқият шаю қажет. Мамандар басқа мемлекеттерден әкелінген жемісті балаларға берер алдыңда 1 сағаттай салқын суға салып қоюға ақыл – кеңес береді. Сонда оның құрамындағы зиянды заттар суға шығады. Ал мұндай алманың қабығын мүмкіндігінше, аршып жеген дұрыс.Шіріген жері бар жемісті жемеуЖемістің дәрумендерін сақтап қалу үшін оны тот баспайтын пышақпен кеседі. Егерде қиярда сары дақтар көп болса, оны пайдаланбайды. Себебі, ол мұнда нитраттардың көптігін танытады. Нитраттарды кетіру үшін қиярды бір күн тұзды суға салып қояды, бірақ та бұлай жасағанда оның дәрумендері жойылып кетеді.Шіріген түгілі, сәл дақ түскен жемісті жеуге болмайды. Өйткені, кішкене бұзылса болғаны, кез–келген бақша дақылының өнбойында митоксин деп аталатын улы зат түзіледі. Ол зақымдаған тұсты ойып алғаннан жойылмайды. Сол жемісті, көкөністі қайнатып, қайнатпаға (варенье) айналдырса да әлгі улы зат кетпейді. Ал ол бауырды, жүректі зақымдайды, қатерлі ісікке себеп болады.Алма.Адамдардың тамаққа қолданатын жемістерінің 4/5 – бөлігі – алмалар. Оны ежелден ем – дәмдік тағам ретінде және ас қорытуы бұзылуын реттейтін амал ретінде қолданған. Дәрумен жетіспегенде, безгекке қарсы да жеген. Алма тәнге күш беріп, ағзаның әртүрлі аурулармен күресуіне көмектеседі. Сырқатқа шалдыққандарға да, сау адамдарға да алманы жеу пайдалы.Алмұрт.Оның шырыны несепті айдау үшін өте пайдалы. Алмұрт шырынын қуыққа тас байланғанда да ішеді. Алмұрттың шырыны мен тұндырмасы несептің бөлінуін күшейтіп қана қоймай, түсін де ашып, бактерияларды жоюға әсер етеді. Оның азықтық, шипалық қасиеті мол. Алмаға қарағанда алмұрттажасуық мөлшері көбірек, сол себепті тәнге баяу сіңеді.Өрік.Оны «денсаулық жемісі» деп атайды. Құрамында органикалық қышқылдар, нектин, хош иісті заттар, минералды тұздар (калий,) натрий, кальций, т.б. және коротин бар.Банан.Ол денсаулыққа өте пайдалы, көп ауруға шипалы. Қан қысымын реттейді, инсультке шалдығудың алдын алады. Асқазан жарасына да ем. Бананды үй жағдайында сақтау үшін тоңазытқышқа салмайды. Ол он градустан төмен температурада тез бұзылып, тағамдық сапасын жоғалтады.Құрма.Ежелгі араб ғұламалары оның 350 – ден астам пайдалы қасиеті бар деп есептейді. Шырынынан сергітетін сусын жасалады. Құрмадан жүзден астам тағам дайындалады. Құран, хадистерде құрма – жұмақ жемісі деп аталады. Дәрігерлер оның құрамында көптеген емдік қасиет барын анықтаған.Өткен сабақтарда мүсін өнерімен танысып, мүсін жайлы түсінік алдық. Мүсін дегеніміз не? Мүсіннің қандай түрлерін білесіңдер? Мүсін дегеніміз – тас, ағаш, металл, саз балшық және ермексаздан сомдалған бейнелер. Мүсінді «скульптура» деп атайды. Ол сөзді ең алғаш ежелгі римдіктер ойластырған. «Скульпо» деген латын тілінде «кесу, қашау» деген мағынаны білдіреді. Жұмыр мүсін және бедерлі мүсін. Мүсіннің барлық жағынан көрінетін түрін жұмыр мүсін деп атаймыз. Жазықтық бетінен жартылай шығыңқы түрін бедерлі мүсін деп атаймыз. Жұмыр мүсін Бедерлі мүсін. Мүсін туралы Сапарғали Бегалиннің «Бала Шоқан» әңгімесі естеріңде бар ма? Оқыдыңдар ма? Мұнда кішкентай Мысық сазбалшықтан мүсінді әдемі жасап оған Шоқан Уәлиханов атамыз қызығып, Мысықтың бұл өнерін жоғары бағалаушы еді. Қазақ мәдениетінде Шоқан атамыз да мүсін өнеріне өз үлесін қосты. Оқушылар сендер бауырсақ ертегісін білесіңдер ме? Біздер бүгінгі сабағымызды ертегі желісі бойынша алдық. Бүгін біздер бауырсақты құтқаруымыз керек.

Аюдың тапсырмасы.Жемістер мен көкөністерді ажыратайық. Сергіту сәті: Сергіту жаттығуы: Алма баққа барайық, (орында тұрып ,жүру) Алма теріп алайық, (алма теру қимылын жасайды) Қол жетпесе алмаға, (оң қолды көтеріп секіру) Секіріп қол созайық. (Екі қолды көтеріп секіру)
Қасқырдың тапсырмасы: Дидактиалық ойын: «Жемістің дәмін сезу»
3-4 баланы шығарып, көздерін байлап, ауыздарына туралған әр-түрлі жемістер-     ден саламын, бала қандай жеміс екенін табады.(ойынды жалғастыруға болады)
Қоянның тапсырмасы: Ермексазды пайдаланып жеміс-жидектерді мүсіндеу.
Жұмыстың орындалу реті: Ермексаздан есілген ширатпалармен мүсіндеу әдісін көрсету. Өзіндік жұмыс жасауға қажетті құрал - жабдықтарымызды даярлайық: түрлі түсті ермексаз, жұмыс тақтайшасы, қалақшалар, қатырма қағаз, жай қарындаш, жұмыс соңында қол сүртуге арналған шүберек.Қатырма қағазға жеміс-жидек суретін жай қарындашпен салып аламыз. Түрлі - түсті ермексаздан ширатпалар есіп дайындаймыз. Ширатпаларды жеміс-жидек бейнеленген сызықтар бойымен жапсырып, оның ішін өз қалауымызша жеміс-жидектердің толық бейнесін беретін әр түрлі өрнектермен толықтырамыз. 

Тапсырма: Ширатылған ермаксаздан жеміс-жидек мүсінін мүсіндейміз. Жеке жұмыс кезінде оқушыларға мынадай кеңес беру: ермексазды қағазға жағып, негіз дайындау кезінде бет біркелкі шығуы үшін ермексазды бірдей қалыңдықта жағамыз, себебі ширатпалар негізге түзу және әдемі орналасуы керек; түсі бір - біріне қарама - қарсы екі ермексаз бөлігін араластыра отырып, ермексаз ширатпаларын әр алуан етіп жасауға болады; жеміс-жидектерді өрнектермен толықтырған кезде оның пішінін бүлдіріп алмауға тырыс.

Түлкінің тапсырмасы:Ойтолғау. Жеміс-жидектер туралы өлең шығаруға, шығарма жазуға, сурет салуға, ертегі құрастыруға болады. Оқушылар сендер барлық тапсырмаға жауап беріп бауырсақты құтқардыңыздар. Ал сіздерге бауырсақтың ата - анасы риза болып сіздерге бауырсақ беріп жіберіпті. Сіздерге сабақ аяқталғасын таратыладыСабақты қорытындылау.

Мүсін түрлерін атаңдар. Мүсін дегеніміз не? Жеміс-жидектер туралы не білесіңдер?


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!