Жеміс бағына саяхат.

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жеміс бағына саяхат.

Материал туралы қысқаша түсінік
Экология негіздері
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызметі

Білім беру саласы: Әлеумет.

Бөлімі: Экология негіздері.

Тақырыбы: Жеміс бағына саяхат.

Мақсаты: туған жемістері туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру.

Міндеттері: 1. Жемістер туралы білімдерін естеріне түсіріп, жемістер бақта өсетіндіктерін

ұғындыру;

2. Күз сыйы және бақ деген сөздерге сөздік жұмысын жүргізу арқылы есте сақтау

қабілеттерін дамыту;

3. Өсімдіктерге сүйіспеншілікпен және қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:

орындайды: бақта өсетін жемістерді ажыратуға арналған тапсырманы;

түсінеді: күз сыйы және бақ сөздерінің ұғымын;

қолданады: жеміс туралы білімдерін.

Қолданылатын көрнекілік құралдар: себет, «жеміс бағының» суреті, үлестірмелі

материалдар.

Сөздік жұмыс: бақ.

Билингвалды компонент: бақ – сад, урожай – өнім, жемістер – фрукты, алхоры – слива.

ҰОҚ барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбері.

– Қайырлы таң, қайырлы күн!

Саулық тілеп бәріне,

Сәт келді амандасатын!

Таңғажайып сәт.

– Балалар, біз бүгін саяхатқа шығамыз, ал қайда баратынымызды мына себет арқылы

анықтаймыз. Педагог жемістер салған себетті көрсетеді (алма, алмұрт, алхоры, апельсин,

лимон).

2. Негізгі кезең

Білімді өзектендіру.

Себеттегі жемістерді бір-бірден алып шығады.

– Мынау не? (Алма, алмұрт, алхоры, лимон, апельсин).

– Ал бұлардың бәрін біз бір сөзбен қалай атаймыз?

– Жемістер қайда өседі?

– Өте жақсы! Біз сендермен жемістер бағына саяхатқа барамыз. Күз келді, сондықтан да

пісіп тұрған жемістерді жинап алатын кез келді.

Билингвалды компонент:

бақ – сад, урожай – өнім, жемістер – фрукты, алхоры – слива.

Сөздік жұмысы.

Күзгі өнімге (урожай) күзде піскен барлық жемістер мен көгөністер, дәнді дақылдар

жатады.

Бақ (сад) – жеміс ағаштары өсетін жер.

Жемістер туралы жұмбақтар жасыру.

Допқа ұқсайды өзі,

Қызғылт сары түсі. (Апельсин)

Терісі қалың, дәмі қышқыл,

Түсі – сары,

Еті – дәрі. (Лимон)

Көктемде ақ гүлге оранады,

Күзде қолға доп болып оралады. (Алма)

Ілініп тұрған шарлар,

Күн көзімен көгерер. (Алхоры)

Жұмбақтардың шешулері болған жемістердің суреттерін көрсетеді.

Сергіту сәті:

Аяқтың ұшымен тұрамыз,

Алманы жұлып аламыз.

Үйге қарай жүгіріп,

Аналарға сыйлаймыз.

Алмаға тән белгілерді анықтау.

– Міне, мен сендерге алма жұлып әкелдім. Пішіні қандай?

– Сипағанда қолға қалай сезіледі?

Алманы бөліп, балаларға таратып береді.

Үлестірмелі материалмен жұмыс.

Тапсырманы қалай орындау керектігін түсіндіреді.

Жеке жұмыс жүргізеді.

3. Рефлексия.

Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.03.2021
591
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі