Материалдар / ЖЕМІС-ЖИДЕК ӨСІМДІКТЕРІН КӨБЕЙТУ ЖОЛДАРЫ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ЖЕМІС-ЖИДЕК ӨСІМДІКТЕРІН КӨБЕЙТУ ЖОЛДАРЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
ЖЕМІС-ЖИДЕК ӨСІМДІКТЕРІН КӨБЕЙТУЖОЛДАРЫ туралы мәлімет
Авторы:
02 Ақпан 2024
284
5 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЖЕМІС-ЖИДЕК ӨСІМДІКТЕРІН КӨБЕЙТУЖОЛДАРЫ.

Жеміс көшеттігі деп 1-3 жылдық және көпжылдық ағаштардың, арнайы өндірістік жайлардың жеміс-жидек даңылдарын көбейту үшін өзара байланысқан кешенін айтады. Көшеттіктің негізгі мақсаты - жеміс бақтарын отырғызу үшін жоғары сапалы көшеттер өсіру. Көшеттердің сапасы на сорттар мен телітушілердің тазалығы , карантинді зиянкестердің болмауы жатады. Жеміс көшеттерін өсіру арнайы жеміс-жидек көшеттік шаруашылығында немесе шаруашылықтардың арнайы бөлімшелерінде жүзеге асырылады.Жеміс-жидек дақылдарын көбейтудің тәсілдері: жеміс өсімдіктерін тұқымымен және вегетативті бөліктерімен көбейтуге болады. Тұқыммен көбейткенде көп жағдайда түпкі тұқымына тартып, сорттық қасиеттерін жоғалтады. Сондықтан жеміс шаруашылығында тұқыммен көбейту: сұрыптауда (селекцияда) — жаңа будан, сорттар алу үшін; көшеттікте себінді телітуші өсіру үшін; әуесқойлық бақша шаруашылығында жеміс өсімдіктерінің кейбір түрлерін (өрік, шабдалы, қара жемісті шетен, дала жөне қүмдақ шиелерін) көбейту үшін пайдаланылады. Практикалық (іс жүзіндегі) жеміс шаруашылығында ең жиі қолданылатыны - вегетативті көбейту төсілдері. Бүл төсілде сорттардың бағалы қасиеттері тұрақты сақталады да, жеміс салуға ерте өтуі қамтамасыз етіледі. Жеміс-жидек өсімдіктерін вегетативті (өскелең бөліктерімен) көбейтудің тесілдерін төмендегідей екі топқа: табиги және жасанды деп белуге болады.Табиғи тәсілдерге адамның араласуынсыз, табиғатта көшеттердің пайда болуы жатады. Атпа бұтақшалармен таңқурай, шие, алхоры, көбейсе, мұртшалармен (сабақтағы тамырланған жапырақ шоғыры) блдірген және құлпынай ал төбе бүршігінің тамырларымен көбейеді.Жасанды тәсілдер ретінде көшеттерді өсіруге жер бетін немесе тамыр жүйелерін қалпына келтіруде пайдаланылатын әр түрлі тәсілдер қолданылады. Жасанды көбейту тәсілдерінің негізгілеріне: сұлатпалармен, қалемшелермен, ұластырумен көбейту, микроклональді т.б. түрлері жатады.

Жеміс-жидек өсімдіктерінің вегетпативті көбею тәсілдері: 1 — мұртшаларымен ( бүлдірген); 2 — өзіндік тамырларымен ( таңқурай); 3-5 — сұламасабақтармен; 4 — доға тәріздес, көлденең, тік ( тұшала, қарақат, алманың,алмұрттың және басқа тұқымдарының клонды телітушілері ( қарақат тұшала); 5-жасыл қалемшелерімен; 6- тамыр қалемшелерімен; 7 - өсімдік тінінен (меристемадан ).



Жеміс көшеттігі үшін орын таңдау және оның аумағын ұйымдастыру.

Жеміс көшеттігін ұйымдастыру үшін учаске таңдауды табиғи-климаттық, топырақ, экономикалық жағдайларды мүқият зерттеудің негізінде жүргізу қажет. Мүмкіндігіне қарай көшеттіктің ол қамтитын аумақтың ортасына орналасқаны дүрыс. Келіп-кететін жол да көлік үшін кез келген маусымда ыңғайлы болуы тиіс. Сонымен бірге бұл көшет шаруашылығы сол аймаққа тән топырақ-климат жағдайында және көшеттіктің барлық бөлімін ұйымдастыруға жарамды болуы керек. Қазақстанның оңтүстік шығысында ақпан және наурыз айларында ауаның температурасы бір тәуліктің ішінде 40 +5 градустан -2 0 градусқа дейін ауытқиды. Бұл жағдай сидам қабығын күйдіреді және тіпті жарып жібереді. Сондықтан да қалыптастыру танабына солтүстікке немесе сол түстік батысқа сәл еңкіш учаске таңдаған жөн. Қазақстанның көптеген облыстарында жаздың басына қарай қатты жел жиі соғады. Қатты соққан жел көшеттікке едәуір зиян келтіреді. Сондықтан көшеттік егістіктері үшін ық жерлерді таңдаған жөн. Ал егістік жиектеріне тез өсетін ағаштың түрлерінен жел ұстайтын алаң жасау керек. Сапалы көшет топырақ ылғалдылығы қолайлы болған жағдайда ғана өсіріледі. Сондықтан сумен жеткілікті қамтамасыз етілген жер көшеттік үшін қолайлы болады. Қалыптастыру танабын 5 градустан астам егістікке орналастыруға болмайды. Өйткені суарған кезде топырақ шайылып кетеді. Көшеттік танабының топырағы өсірілетін тұқымдық телітушілердің негізгі қажетін өтеуі керек. Мысалы, топырақтың механикалық құрамы жеңіл, құнарлы, құрылымды, ауа және су өткізгіш, бірақ жеткілікті су ұстағыш болуға тиіс. Сазды және құмдақ топырақты жер көшеттік үшін жарамайды. Оңтүстік Қазақстан облысында жеміс-жидек көшеттігі үшін кәдімгі оңтүстік сұр топырағы, сондай-ақ сары топырақтысаздақты шалғын сұр топырағы анағүрлым жарамды. Бұл топырақ түз тартып кетпес үшін жақсылап дренаж жасау керек. Орын таңдап алған соң көшеттік аумағын ұйымдастыруга кірісуге болады. Бөрінен бұрын магистралды суару каналының қалай қазылатыны, уақытша суару жүйелерінің бағыты белгіленіп, жол салынады. Жеміс көшеттерін өсіруге қол еңбегі көн жүмсалады. Соған орай көшеттіктің ірі елдімекенге жақын орналасқаны дұрыс. Көшеттікті кварталдарға бөледі. Бүкіл көшеттік пен әр кварталдың шекараларының периметрі бойынша 1-2 қатар биік өсетін ағаштар отырғызылады. Кварталдар бірнеше бөліктерге бөлінеді. Бөліктердің аралығьша ені 2-4 м, ал кварталдардың аралығына ені 4-5 м жол қалдырылады. Егілген және отырғызылған өсімдіктерге ықтасын жасау үшін кварталдардың жиектеріне тез өсетін ағаштардан 1-2 қатар бедерлі типті ағаш алқаптары отырғызылады. Олардың қатараралығы 1,0-1,5 м етіліп, екіжылдық көшеттерден отырғызылғаны дұрыс. Көшеттік жолдар жүйесі маңызды рөл атқарады. Жолдар көшеттерді тасымалдау кезінде тасымалдау жұмыстарының тоқтаусыз жүруін қамтамасыз етуі тиіс. Көшеттіктің аумағының қақ ортасынан ұзындығына және көлденеңіне қарай магистральды жолдар салынуы тиіс, олардың ені 8-10 м болады, әрі асфальттануы керек.

Жеміс көшеттігінің құрылымы.

Сапалы жеміс көшеттерін өсіру және шаруашылықтың қалыпты ырғақпен жұмыс істеуі үшін көшеттіктің мынадай бөлімшелері болуы тиіс: қалыптастыру бөлімшесі, телітушілерді көбейту бөлімшесі, аналық-сорттық бақ, аналық-тұқымдық бақ, ұластыру шеберханасы, көшеттерді көміп сақтайтын учаске, егу материалын әбден өсіруге арналған учаске, карантинді зиянкестер таралған аймақта залалсыздандыру үшін қажетті фумигациялық камера. Қалыптастыру бөлімшесі көшеттіктің негізгі бөлімі болып табылады. Оның әр гектарынан орта есеппен 25 мыңдай екіжылдық стандартты көшет пен біржылдық 40-50 мың көшет алынады. Қалыптастыру бөлімшесінің құрамына 2-3 негізгі танап кіреді, оларда 2-3 жыл бойы жеміс даңылдарының көшеттері өсіріледі. Телітушілерді көбейту бөлімшесі екпе көшеттер өсірілетін учаскеден, клонды телітушілердің аналық ағаштарынан, аналық қалемшелік учаскеден тұрады. Екпе көшеттер өсірілетін учаскеге түқымдарды немесе дәнектерді егіп, бір жыл бойы өсіреді, онан кейін оларды қалыптастыру бөлімшесінің бірінші танабына отырғызады және сонда ұластыру жұмысы жүргізіледі. Клонды телітушілердің аналық ағаштарының сұлама бұтақтарынан клонды телітушілерді көбейтеді. Олардан аласа бойлы, жартылай аласа бойлы және орта бойлы жеміс ағаштары өсіріледі. Аналық ағаштар 15-20 жыл пайдаланылады. Аналық-қалемшелік учаскеде көпжылдық ағаштар өсіріледі. Ол ағаштардан клонды телітушілердің жасыл және ағаштанған қалемшелері алынады. Ол қалемшелерді көктемелерде немесе жылыжайларда отырғызып тамырландырады. Бұл учаске 10-15 жыл пайдаланылады. Аналық-тұқымдық бақта өсірілетін көпжылдық ағаштардан тұқымдар немесе дәнектер алынады, олар тұқымдық телітушілер өсіру үшін қолданылады. 1 тонна жемістен 4-5 кг тұқым алуға болатынын ескеру керек. Егер әр ағаштан 20 кг жеміс жиналады десек, әрбір гектар егіс бөлімінде 1000-1200 аналық-тұқымдық ағаш керек. Аналық-сорттың бақта аналық ағаштар таза сортты элита көшеттерінен өсіріледі. Аналық ағаштардан ұластыру үшін қажет қалемшелер алынады. Әрбір гектарда 40-45 мың телітушіні көзсабақтау әдісімен ұластырғанда 6-8 мыңдай қалемше керек. Мұнша қалемшені 1,5-2 гектар аналық бақтан алуға болады. Өйткені бір жеміс ағашының өзінен әр уақытта 15-20 қалемшеден кесіп дайындауға болады. Аналық ағаштарды 8-10 жыл өсіреді. Ұластыру шеберханасында тынығу кезеңінде күзден бастап көктемге дейін ұластыру жүмыстары жүргізіледі. Мысалы: алманың, алмұрттың, жаңғақтың тұқымдық және клонды телітушілерінің көбейтілетін сорттары үшін, ал алхоры, тәтті шие, шие үшін сирек қолданылады. Ұластыру шеберханасында қалемшелерді сұрыптайтын, қолмен және машинамен ұластыру жүргізілетін жұмыс залдары, тұқымдар мен дәнектерді жуатын (стратификация) камералар және басқа қосалқы жайлар болады. Жылыжайлар мен көктемелерде клонды телітушілердің жасыл қалемшелерін тамырландырады және олардан алхорының, шабдалының, шиенің, жидек дақылдарының өз тамырлары бар көшеттерін өсіреді. Температурасы реттеліп отырылатын мүздатқыштарда телінуші және телітуші материалдарын сақтайды, тұқымдар мен дәнектерді стратификация жасайды.











Жеміс-жидек өсімдіктерін көбейту әдістері.

Жеміс-жидек өсімдіктерін көбейтудің екі әдісі бар: тұқымынан көбейту және вегетативті көбейту. Тұқымынан көбейту жыныстық әдіс болып табылады. Тұқымынан көбейту кезінде жаңа өсімдік екі гаметаның қосылуы нәтижесінде пайда болады. Тұқымынан еккен кезде ұрпақтың біршама өзгеріске түсуі мүмкін. Ол өзгерістің дәрежесі көбейтіліп отырған өсімдіктің түріне байланысты болады. Вегетативті көбейтудің тұқымынан көбейту әдісінен айырмашылығы, оның негізі -жыныссыз ұдайы өсіру. Бұл жағдайда жаңа өсімдік вегетативті бөліктерден: тамырдан, бұршіктен, жапырақтан пайда болады. Ол процеске өсімдіктің жасушалары, тіндері мен мүшелері қатысатындықтан, бұл әдісте генетикалың өзгергіштік болмайды. Жеміс-жидек дақылдарының іріктелген немесе адам жасаған сорттарының басым көпшілігі күрделі тұқым қуалау негізі бар будан болып табылады. Мұндай өсімдіктерді тұқымынан көбейткен кезде ұрпағында жабайы түрі басым немесе соған жақын белгілері мол болады. Соның салдарынан бірінші ұрпағының өзінде бұл сорттың құнды өндірістік, биологиялық сапалары жойылады. Сондықтан да жеміс дақылдарын көптеген жағдайда вегетативті әдіспен көбейтеді. Ал тұқымынан көбейту әдісі негізінен жабайы телітушілер өсіру үшін қолданылып, содан соң оған екпе сорттар ұластырылады. Жеміс-жидек өсімдіктерін тұқымынан көбейту әдісі жаңа сорттар шығару кезінде селекция жұмысында кеңінен пайдаланылады.

Көбейту бөлімшесі.

Бұл бөлімше көшеттікті телітушімен қамтамасыз ету үшін қажет. Мұның құрамына екі учаске кіреді. 1) Себінді бөлімшесі (өскелең телітуші өсіретін орын). Мұнда жергілікті өңірде пайдалануға рұқсат етілген жеміс дақылының тұқымынан бір жылдық телітушілер өсіріледі. Топырақ құнарлылығын, құрылымы мен тазалығын сақтау үшін себінді бөлімшесінде 4-7 танапты егіс айналымы қолданылады. Мұның құрамындағы бір немесе екі танапқа себінді учаскесі, кейде бір танапқа көшірме (пикировка) учаскесі орналастырылады. Себінді учаскесінің ауданы 0,25-0,5 га шамасында (50 х 100x50 м) шаршыларға бөледі. Ұзына бойына ені 2,5- 3 м, ал көлденеңіне 1 метрге дейін жететін жол салады. Екі қатарлап себуде мынадай жүйелері ұсынылады: 45x15, 60x15, 60x20, 70x15, 70x20 см. Жүйек бойындағы өсімдіктердің арақашықтықтары 3-4 см-ге жеткізіледі. Бір қатарлап сепкенде жүйектердің қатараралықтары 45-70 см қашықтықта орналастырылады. Сүйекті дақылдардың себінділерінің жылдам өсіп кетуіне байланысты екі-төрт қатарлы таспалармен себеді. Таспа (лента) аралығы 45-70 см, қатараралығы 37 10-25 см, ал қатардағы өсімдіктер аралығы жылдам өсетін дақылдарға (өрік, алша, шабдалы) 1-2 см, жай өсетіндерге (алхоры, кәдімгі шие) 2-3 см беріледі. Шекілдеуікті дақылдардың (алма, алмұрт, беже) тұқымдарын жеңіл топырақта 3-4 см, ал ауыр топырақтарда 2-3 см тереңдікке себеді. Сүйекті дақылдардың (алхоры, өрік, алша, шабдалы, бадам) тұқымдарын жеңіл топырақта 5-6 см, ал ауыр топырақта 4-5 см, майда тұқымды (антипка шиесі, қызыл шие, т.б.) 3-4 см тереңдікке себеді. Шекілдеуікті дақылдардың себінділері көктеп, бірден-төртке дейін жапырақ пайда болған соң, ал сүйекті дақылдардың себінділері көктегеннен соң, көп ұзамай тамырларын 10-12 см тереңдікте қысқарта қию қажет. Бұл жұмысты арнайы құралдармен (техникалармен) немесе кетпенмен жүргізуге болады. Жұмыстарды бұлтты, салқын күндері немесе жауын болардың алдында жүргізіп, соңынан суару қажет.



Вегетативті көбейтудің сан алуан әдістері екі топқа бөлінеді: табиғи және жасанды көбейту. Табиғи көбейтуге табиғатта кездесіп жүрген көбейту өдістері жатады. Эволюция процесінде өсімдікте вегетативті көбейтудің негізгі мүшелері: баданалар, тамырсабақтар, сұлама бұтақтар, құралады. Жеміс-жидек шаруашылығында мұндай әдістің мысалы ретінде бүлдіргеннің мұртшаларымен, шиенің, алхорының, таңқурайдың тамыр атпаларымен көбеюін келтіруге болады. Жасанды вегетативті көбейту әдісіне қалемшелермен, сұлама бұтақтармен, бұталарды бөлумен және ұластырумен көбейту тәсілдері жатады. Жеміс шаруашылығында қалемшелер сабақтық, тамырлық және жапырақтық қалемшелер болып бөлінеді. Ағаштанған (қатайған) қалемшелерді қолдану жасанды көбейтудің ең қарапайым әдісі болып табылады. Көшеттік шаруашылығы тәжірибесінде жидек дақылдарын (қарақат, тұшала), сондай-ақ кейде шие, алхорыны және клонды телітушілерді қалемшелеп қатайған қалемшелерден жүзімнің, анардың, інжірдің көшеттерін оңай өсіріп алуға болады.

Сұлама бұтақтан көбейту дегеніміз - өркендерді немесе бұтақтарды аналық өсімдіктерден бөлмей тамырландырып өсіру. Осылайша сабақ бөлігінде қосымша қосалқы тамырлар шығаруға бейім өсімдіктерді көбейтуге болады. Алма мен алмұрттың, жидек дақылдарының және басқа да дақылдардың отырғызылатын клонды телітушілері осындай әдіспен өсіріледі. Вегетативті көбейту әдістерінің ішінде ұластырудың орны ерекше. Себебі осы әдіспен көбейтілген жаңа өсімдік будандасу есебінен екі, кейде тіпті үш өсімдіктің қасиеттерін алады. Жеміс дақылдарының басым көпшілігі: алма, алмұрт, шабдалы, өрік, тәтті шие, т.б. үшін осы әдіс ең сенімді әдіс болып табылады. Вегетативті көбейту кезінде аналық өсімдіктің вегетативті мүшелерінің бөліктерінен жаңа ағза пайда болады. Клон деп мәдени сорттың вегетативті ұрпағын айтады. Клон аналық өсімдікпен генетикалық жағынан бірдей және оның барлық сапалық белгілері толық сақталады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!