Материалдар / Жеміс шаруашылығындағы маңызды да жауапты жұмыс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жеміс шаруашылығындағы маңызды да жауапты жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Жеміс шаруашылығындағы маңызды да жауапты жұмыс жалпы туралы түсінік
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Ақпан 2024
127
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Жеміс шаруашылығындағы маңызды да жауапты жұмыс



Жеміс шаруашылығындағы маңызды да жауапты жұмыс. Жинау жұмыстарына арнайы құрал -жабдық , ыдыс, тиеу-түсіру және тасымалдау құралдары қажет. Жеміс шаруашылығындағы ең аз механикаландырылған жұмыс - өнім жинау. Сондықтан мамандандырылған шаруашылықтарды жеміс жинауға арналған қазіргі заманғы машиналардың толық жиынтығымен қамтамасыз ету бақ шаруашылығын интенсивтендірудің басты міндеттерінің бірін орындау, оның экономикалық тиімділігін көтеру деп білу керек. Өнім қолмен немесе механизм күшімен жиналады. Жемістерді қолмен жинау үшін үш аяқты бағбан сатысы, тірек сатысы, тіреп қойылатын саты, саты-алаңша, саты-орындың, бағбанның жеңіл алюминий сатысы (JIC-2; ЛСУ-3,5; ЛП-4; ЛП-6), себеттер, жеміс салатын дорбалар, сыйымдылығы 150-300 кг контейнерлер, сүйектілер үшін №1 және № 5, шекілдеуіктілер үшін №2 және №22 жәшіктер, алма үшін №3, алмүрт пен сүйектілер үшін №24 жәшіктер қажет. Аласа өсетін бақтарда жемістер жеке-жеке қолмен үзіледі. Мұнда сатылардың қажеті жоқ. Бұл бақта 4-6 адамнан звено қүрылып, екі қатардан өнім жинайды. Екі қатардың аралығына жиналған жемістер салатын контейнерлер немесе жүк аяқты жәшіктер қойылады. Биік өсетін бақтарда жемістерді қатар бойынша жинаған дұрыс. Бұл жағдайда екі адам жемісті жерде түрып, екі адам аласа сатыға, тағы да екі адам биік сатыға шығып жинайды . Өнім жинау жұмысы ең алдымен жерге түскен жемістерді теруден басталады. Содан соң төменгі бұтақтардан, ағаш бөрікбасының шеттерінен жиналады . Алма мен алмүрт жинау үшін шыбықтан тоқылған себеттер жиі қолданылады. Өрік, шабдалы, алхоры және ірі жемісті алша да себетке немесе шелекке, шие және тәтті шие пластмасса шелекке теріледі. Жемістерді жинауда еңбек өнімділігін арттыру үшін және оларды үлкен ыдыстарға аудару кезіндегі зақымданбас үшін шаруашылықтарда түбі ашылатын арнайы жеміс жинайтын дорбалар қолданылады

Көктемгі усік жеміс бағы үшін қауіпті. Жеміс дақылдарының өніміне климаты күрт континенталды Алматы, Жамбыл облыстарында өте зиян келтіретін себептердің бірі - көктемнің соңында болатын үсік. Көктемгі үсік гүл қауызын, гүлді және жас түйіндерді жиі және қатты зақымдайды. Ол өнімді айтарлықтай дәрежеде жоғалтуға, кейдетіпті өнімнің толық жойылуына әкеліп соқтырады. Сүйекті дақылдар шекілдеуіктілерге қарағанда тым ерте гүлдейді, сондықтан да көктемгі үсіктен шекілдеуіктілерге қарағанда көп зардап шегеді. Оның үстіне бұл тұқымдарда ең алдымен гүл бүршіктері ашылады, содан соң ғана өсіп-даму кезеңі басталады. Бұл гүлді үсіктен өздігінен қорғануын төмендетеді. Үсікке қарсы жүргізілетін күресу: ескерту шаралары және белсенді күрес деп бөлінеді. Ескерту шараларына бақ үшін орынды дұрыс таңдау, топырақ дайындау, төзімді тұқымдар мен сорттар сүрыптау, жеміс өсімдіктерін жиі отырғызу, баққа ық болатын желден қорғау алқабын жасау, агротехникалық жұмыстарды жоғары деңгейде жүргізу жатады. Бұл шаралар бақты жобалау және отырғызу кезікде қолданылады . Белсенді куреске бақты суару, түтіндету, гүлдеу кезеңін кейін жылжыту, физиологиялық белсенді заттар шашу жатады. Көктемгі үсікке қарсы күрестің ең кең тараған түрі — тутіпдету. Түтіндету үшін түрлі жанатын материалдарды және түтін табақшаларын пайдаланады. Түтін пердесі топырақта жылудың бөлінуіне кедергі жасайды , соның нәтижесінде суықтың беті қайтады. Түтіндету ауаның температурасы 1° градусқа төмендегенде басталып, күн шығар уақытта күшейтіледі. Сөйтіп 1,5-2 сағат бойы созылады. Түтіндету үшін күзді күні дайындалған органикалық материалдар - шіріген сабан, бұтақ, шөпшек, қурай, жапырақ, агаш үгіндісі жағылады . Өйткені олардың түтіні қою болады. Бақтың әрбір гектарына жел жағынан бірдей етіп 80- 100 үйінді үйіледі. Әрбір үйіндінің астыңғы жағына тез жанатын материал салынады. Олардың үстіне аздап топырақ салынады . Ірі бақ шаруашылықтарында әр гектарға 20-30 данадан «Урожай» типті түтін табақшасы қолданылады. Бақты үсіктен сақтау тиімділігі түмандатқыш қондырғылар, АГ-УД-2 аэрозоль генераторын қолданып түмандатса да арта түседі. Үсіктен сақтаудың сенімді де тиімді әдісі - бақты суару. Бүл -әдіс жеміс дақылдарының гүлдеуін 5-7 күн кідіртеді. Ерте көктемде жеміс ағаштарын гүлдеу алдында бақты түтас суарады. Суару топырақтың жылу өткізгіштігін, ауаның жер бетіндегі қабатының ылғал сақтауын ұлғайтады. Кейінгі жылдары жаңбырлатып суару әдісі қолданылып жүр. Суарудың осы әдісін қолданғанда судың тозаңданған тамшылары гүлдің, гүл тозаңының, түйіндер мен жапырақтардың бетіне қатады да, жүқа мүз қабаты пайда болады. Осы мүз қабаты өсімдікті жылу сөулесінен сақтайды. Жаңбырлату бұтақтардағы мүз ерігенше созылуы тиіс. Үсіктің қауіпті салдарынан жеміс ағаштарының гүлдеу мерзімін ауыстыру жолымен де сақтануға болады. Бұл мақсат үшін селекциялық жүмысқа зор мән беріледі, кеш гүлдейтін жеміс дақылдарының сорттары шығарылады . Сүйекті дақылдарды (өрік, шабдалы) жазда қырқудың пайдасы зор. Жазда қырыққан соң, бүтақтардың екінш і толқыны өсіп шығады. Жаңадан шыққан бүтақтарда гүл бүршіктерінің дифференциациясы кеш басталады, соған орай гүлді бүршіктер көктемде 5-7 күн кеш гүлдейді. Жеміс-жидек дақылдарының көбісін жәндіктер, негізінен аралар тозаңдандырады. Жыл сайын жәндіктер тозаңдандыратын жеміс өсімдіктерінің 90 пайызына жуығында бал араларының үлесі бар. Аралардың жемісжидек дақылдарын тозаңдандыруы көбінесе ауа райына да байланысты. Мысалы, жауынды, желді, салқын немесе суық күндері олардың гүлдерді тозаңдандыруы нашарлайды. Соның салдарынан жеміс дақылдарының өнімі азаяды . - Ауа райы жақсы болса, бақтарды тозаңдандыру үшін бал араларға 2-3 күн керек. Гүлдер гүлдеу кезеңінің алғашқы 2-3 күндері жақсы үрықтанады . Тағы бір ескертетін жайт - жеміс дақылдары өте көп гүлдегенде гүлдердің 5-10% -ы тозаңданғанның өзінде қалыпты өнім алуға мүмкіндік береді. Аралар омартадан 500-1000 м радиуста өте жақсы жүмыс істейді. Жеміс дақылдарын қалыпты тозаңдандыру үшін 2-4 га жас баққа бір ғана мықты ара үясы, ал 1 га жеміс салып түрған баққа 2-3 ара үясы қажет. Жеміс дақылдары гүлдеп болған соң, аралар бақтан әкетілуі тиіс. Жеміс дақылдары, әсіресе алма мол гүлдеген жылы пластикалық заттар ды тиімсіз пайдаланады. Сондыңқан ағаштардың өсуіне, өніміне, жемістердің сапасына, келер жыл өнімі үшін гүл бүршіктерін салуына кері әсер етеді. Өнімді қалыпты мөлшерге кел тіру үшін ағаштарды дүрыстап қырқу және гүлдер мен түйіндерді қолмен жүлу әдісі қолданылады

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!