Материалдар / "ЖЕМҚОРЛЫҚ – ЗАМАНАУИ ҚОҒАМҒА ЖАТ ӘРЕКЕТ" ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ЭССЕСІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"ЖЕМҚОРЛЫҚ – ЗАМАНАУИ ҚОҒАМҒА ЖАТ ӘРЕКЕТ" ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ЭССЕСІ

Материал туралы қысқаша түсінік
МҰҒАЛІМ, СТУДЕНТ, ОҚУШЫЛАРҒА, СЫНЫП ЖЕТЕКШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Мамыр 2021
234
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЖЕМҚОРЛЫҚ – ЗАМАНАУИ ҚОҒАМҒА ЖАТ ӘРЕКЕТ


Ниетбаева Кабира Туремуратовна,

география және арнайы пәндер оқытушысы, педагогика магистрі

Ақтөбе гуманитарлық колледжі


Біз білім мен ғылым, ақпараттық технологиялар заманы деп аталатын ХХІ ғасырдың заманауи қоғамында өмір сүріп жатырмыз. Осы жерде заманауи қоғамда «не маңызды?» деген заңды сұрақ туындайды. Қазіргі қоғамда көп нәрсе маңызды, оларға ел басқару, экономика, жалпы адамзаттық құндылықтар жатады деп материалдық және рухани құндылықтарды тізіп айта беруге болады. Менің ойымша осылардың ішінде жалпы адамзаттық құндылықтар: рухани-адамгершілік қасиеттер, патриоттық сезімдер, азаматтық жауапкершілік, ұлттық сана, толеранттылық, адам өмірінің құндылығы аса маңызды болып саналады. Дегенмен, адамзатқа тән маңызды құндылықтар арасында жемқорлық сияқты жат әрекеттердің кездесуі өкінішті. Сөздіктерден қарайтын болсақ, жемқорлық – қоғамның, экономиканың дамуына өте қауіпті болып келетін қылмыстық іс-әрекеттер қатарына жатады екен. Жемқорлық - парақорлық, жымқыру, алаяқтық, бопсалау, қызмет бабын асыра пайдалану сияқты әртүрлі формада көрініс тауып жатады. Мұндай әрекеттердің салдары ауыр әрі қоғамға зиян.

Жемқорлық – біздің қоғамға ежелгі заманнан бері сіңіп келе жатқан әрекет болып табылады, оған Аристотельдің: «Кез-келген мемлекеттік жүйеде ең бастысы заң арқылы заттарды шенеуніктер пайда көре алмайтындай етіп орналастыру керек», - деп айтқан сөзі дәлел бола түседі. Жемқорлыққа қарсы күрес барлық елде жүргізілуде. Күресу әдістері де әр түрлі және олардың барлығы жемқорлық деңгейін төмендетуге, кейін бірте-бірте жоюға бағытталған. Бірақ қазіргі мемлекет жемқорлыққа қарсы заңдар қабылдағанына, онымен күрес жұмыстарын жүргізгеніне қарамастан, осы жат әрекеттен арыла алмай отыр. Жемқорлықтан арылудың қандай жолы бар? Неліктен біз заманауи қоғамда өмір сүре отырып, оны жоя алмаймыз?

Жемқорлықты жоюдың бір жолы – біз адамдар өзімізді өзгертуіміз болып табылады. Біздің елімізде өміріміздің барлық саласы бойынша құқығымызды қорғайтын заңдар бар, біз құқықтық мемлекетте өмір сүреміз, бірақ біздің құқықтарымызбен бірге міндеттеріміз де бар екенін естен шығармауымыз керек. Біздің әрқайсымыз өз жұмыс орнымызда өзіміздің міндеттерімізді адал, ар-ұжданмен, жемқорлық жетегіне ермей орындағанымыз абзал. Себебі, жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу әрқайсымызға қатысты болып табылады. Жемқорлықпен күрестің тағы бір жолы – онымен күресті барлық деңгейде ұйымдастыру, оның пайда болуын туғызатын жағдайларды жою, сыбайлас жемқорлыққа қатысушы екі тарапқа да жеңілдіктерді азайту, сыбайлас жемқорлықты анықтау іс-әрекеттерін күшейту, жемқорлықтың барлық көріністерінен бас тарту атмосферасын қалыптастыру болып табылады. Менің «Жемқорлықсыз коғамға жол бастаймыз!» атты облыстық эссе байқауына ұсынып отырған осы жұмысым да, жемқорлықпен күрес жұмыстарының бір деңгейі деп білемін. Біз қандай қоғам құрамыз, сол қоғамда өзіміз және балаларымыз өмір сүретінін түсінуіміз керек.

Егер, өзімізді заманауи қоғамның білімді, мәдениетті, парасатты, толық азаматы деп есептесек, өмірімізге сыбайлас жемқорлық сияқты жат әрекетті енгізбеу де міндетіміз екенін ұмытпайық дегім келеді.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!