Материалдар / Жемқорлық: еліміздің ертеңі қандай болмақ?
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Жемқорлық: еліміздің ертеңі қандай болмақ?

Материал туралы қысқаша түсінік
Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес-ең өзекті әрі мемлекеттік маңызды мәселе. Мемлекеттің бастамалары, өсіп-өркендеуіне кесапатын тигізіп, жетістіктерін жоққа шығаратын елдің экономикалық қауіпсіздігіне қауіп-қатер төндіретін жымысқы жау десе болады. Сондықтан елімізде мемлекеттік саясаттың негізгі басымдылығының бірі – осы зұлымдықпен күресу болып табылады. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу дегеніміз – бұл мемлекетте тұрақтылықты қамтамасыз етудің қажетті шарты» – деп, айтқан екен кезінде Аристотель ғұлама.
Авторы:
16 Қазан 2023
194
1 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жемқорлық: еліміздің ертеңі қандай болмақ?

Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес-ең өзекті әрі мемлекеттік маңызды мәселе. Мемлекеттің бастамалары, өсіп-өркендеуіне кесапатын тигізіп, жетістіктерін жоққа шығаратын елдің экономикалық қауіпсіздігіне қауіп-қатер төндіретін жымысқы жау десе болады. Сондықтан елімізде мемлекеттік саясаттың негізгі басымдылығының бірі – осы зұлымдықпен күресу болып табылады. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу дегеніміз – бұл мемлекетте тұрақтылықты қамтамасыз етудің қажетті шарты» – деп, айтқан екен кезінде Аристотель ғұлама.

Көк байрағымызда көкке самғаған бүркіттің бейнесін халқымыздың арман-мақсатының символы деп танысақ, оның қанатын кең ашып, еркін самғауына кедергі ететін - осы жемқорлық. Мұны жеңбей, еш ісіміз оңбайды. Жемқорлықты ұлттық қауіпсіздігімізге төнген жойқын қауіп деп қарауымыз керек. Мысалы, құрылыс компаниясының басшысы теміржол жолдарының қоршауын салуға арналған 57 миллион теңгені жымқырғаны үшін 6 жылға шартты түрде сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қаржы мониторингі агенттігі «ЖилОтделСтрой» ЖШС басшысының алаяқтық дерегі бойынша тергеу аяқталған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және «Қазақтелеком» АҚ-ның қаражатын аса ірі көлемде ұрлау фактілері бойынша қылмыстық істі тергеуде күдікті деп танып Қайрат Сатыбалдыұлын ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Қайрат Сатыбалдыұлы уақытша ұстау изоляторына қамалып, оның мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Дәл қазір тергеу жалғасуда. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды. Саясаттанушы Ербол Еділовтың мәліметінше Қайрат Сатыбалдыұлы Алматыдан Түркияға жеке ұшағымен ұшу барысында ұсталған.

Елімізде 2022 жылдың қаңтарында 169 қылмыстық сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық тіркелді. Бұл бір жыл бұрынғыдан 21%-ға аз. Finprom.kz-тің зерттеуінше, 2021 жылдың осы кезеңінде осындай 214 құқық бұзушылық тіркелген. Мамандардың айтуынша, қаңтар айындағы мұндай құқық бұзушылық саны төрт жыл қатарынан азайып келеді. Өңірлік тұрғыда сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтардың көбі Алматыда тіркелді: 23 жағдай. Бір жылда 27,8%-ға өскен. Сонымен қатар Нұр-Сұлтан (21 құқық бұзушылық, жылына минус 19,2%) және Түркістан облысы (18 құқық бұзушылық, екі есе өсім) жетекші өңірлер қатарына енді. Зерттеушілердің мәліметінше, мұндай құқық бұзушылықтар ең аз Қызылорда және Атырау облыстарында тіркелген. Әр облыста үш оқиғадан. Барлық сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтың 32,5%-ы пара алудан тұрады: 55 іс, жылына минус 12,7%. Пара берудің ең «танымал» түрлері – (48 іс, жылына минус 32,4%), қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану (18 іс, плюс 63,6%), бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін иемдену немесе жымқыру (13 іс, минус 45,8%) және билікті немесе өкілеттікті асыра пайдалану (13 жағдай, минус 7,1%). 2022 жылдың қаңтарында сыбайлас жемқорлықпен 77 адам ұсталды. Бұл бір жыл бұрынғыдан 1,3%-ға көп. Сыбайлас жемқорлық қатысты құқық бұзушылықтарға көбіне әкімдіктер мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері (7 адам), ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің, Денсаулық сақтау министрлігінің, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қызметкерлері (әр басқармада екі адамнан) барған.

Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу керек. Ол үшін аталған дертке барлығымыз атсалысып, қарсы жұмылуымыз қажет. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымыз анық. «Әділдік жоқ жерде пара белең алады», «Дүние – байлық неге керек, денсаулығың болмаса. Төрелігің неге керек, халықтың көңілі толмаса» деген нақыл сөз сот саласында еңбек етіп жүрген қызметкерлердің де бағдары іспеттес. Шыныда да, біз әділ төрелік жасап, жемқорлықтан жоғары тұрған жағдайда ғана халық сеніміне ие боламыз.

Мемлекет басшысының кезекті Жолдауында: «Заңды бұзған екенсің, оның баптарына сәйкес жауапқа тартыласың» дейтін нақты ереже бар.

Сыбайлас жемқорлық белең алған мемлекет дамымайды, өркендемейді. Сол үшін мықты мемлекет пен бірлігі бекем ел болуымыз үшін адалдыққа жол беруіміз керек, сонда ғана өсеміз, дамимыз.

©️ Сыдықбек Мейрамбек

Пайдаланған дереккөздер:

  1. https://www.ktk.kz/kz/programs/newsfeed/205032/

  2. https://alashainasy.kz/society/nazarbaevtyin-nemere-ns-kayrat-satyibaldyiulyi-ustaldyi-185965/

  3. https://kaz.tengrinews.kz/crime/ktj-karajatyin-jyimkyirgan-jshs-direktoryi-sottaldyi-335823/





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!