КМҚК «Шапағат» ясли
бақшасы
Баяндама
Тақырыбы;
«Жемқорлық індет, жою
міндет!»
Дайындаған;
Тукпанова.М.С.
2018
жыл
«Бекітемін»
24.04.2018ж
«Шапағат» ясли
бақшасының
әдіскері______Жанабилова.А.М
Тақырыбы:
«Жемқорлық індет, жою
міндет!»
Мақсаты: Мемлекет пен қоғам жемқорлыққа
қарсы күресетін бір күш болуға тиіс.Жемқорлық – жай құқық бұзушылық
емес. Ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сетінетеді және
ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер болып саналады.Біздің
түпкі мақсатымыз – жемқорлықты құбылыс ретінде жою үшін жемқорлыққа
қарсы заңнамаларды жетілдіру арқылы жемқорлықпен күресті қатты
күшейтуіміз
керек.
Көрнекіліктері; Слаиттар,
елбасының халыққа жолдау сөздері,жемқорлық туралы түрлі суреттер
мен бейне жазбалар.
Кіріспе
сөз
Ұлт Көшбасшысының
саяси еркінің арқасында мемлекеттік тәуелсіздікті алған күннен
бастап Қазақстан жүйелі және мақсатты түрде сыбайлас жемқорлыққа
қарсы саясатын жүзеге асырып
келеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясында құбылыс
ретінде саналатын жемқорлықты жоюды - әлемнің бәсекеге ең қабілетті
30 елдерінің қатарына кіруі бойынша басты басымдықтарының бірі
екенін
айқындады.
Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимылдың іргелі негіздері «Қазақстан-2050» Стратегиясында,
Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі дамудың Стратегиялық
жоспарында, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі
Стратегиясында, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Қазақстан
Респбуликасының 2015-2025 жылдарға арналған стратегиясында көрініс
тапты.
Елбасының «100 нақты қадам»
Ұлт жоспарының бес институционалды реформаларын жүзеге асыру
бойынша алдағы уақытта сыбайлас жемқорлықпен күресудің жаңа
басымдықтары белгіленді.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САЯСАТЫ ЗАМАНАУИ ДАМУ
КЕЗЕҢІНДЕ
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
саясаттың қалыптасуы мен дамуы
Мемлекет басшысының саяси еркі
мен жаһандық бастамаларының арқасында, «100 нақты қадам» Ұлт
жоспарының іс жүзінде жүзеге асырылуына және институционалды
реформаларына, Қазақстанда қазіргі заманғы жаңа сұрауларды шешуге
жағдайлар жасалды.
Президент алдағы онжылдыққа
елді дамытудың түбегейлі жаңа моделін қалыптастырудың басты
міндетін қойды. Ол үшін кәсіби мемлекеттік аппарат құруға
бағытталған мемлекеттік қызметтің ауқымды реформасы
жүргізілді.
«Қазақстандық мемлекеттік
қызметті дамытудың жаңа кезеңі басталды. Мемлекеттік қызмет жүйесі
ғана емес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесі де
жаңартылып, оның сыбайлас жемқорлықты барынша болдырмауға
бағытталғанын» Елбасы атап өтті.
Қазақстан Республикасының
2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы
стратегиясында «Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігінің алғашқы
күндерінен бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді,
әлемдік стандарттарға сай институттары мен тетіктерін құру
бағытымен мақсатты және кезең-кезеңімен жүріп келетіндігі»
айтылады.
Адамдардың әл-ауқатының өсуі
біздің күллі күнделікті жұмысымыз, ал сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қүрес батыл жүргізілуге тиіс.
Бет-жүзіне, лауазымына
қарамай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз күрес жүргізу қажет.
Басқару корпусы батыл тазаруға және жаңаруға
тиіс.
Қазақстан Республикасы
Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
Қазақстан халқына Жолдауы.
1997 ж. Қазан
2050-стратегиясы сыбайлас
жемқорлыққа қарсы саясаттың идеологиялық
негізі
ХХІ ғасырдың жаһандық сын
қатерлері, тез саяси өзгермелі, экономикалық және әлеуметтік
жағдайлар сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатта жаңа тәсілдерді
сапалы қалыптастырудың қажеттілігін
көрсетті.
Бұл ретте, сыбайлас
жемқорлықтың кез келген нысаны мен көріністеріне қарсы ымырасыз
іс-қимылды көздейтін «Қазақстан-2050» Стратегиясы
қабылданды.
Сонымен бірге, жемқорлыққа
қарсы заңнаманы жетілдіру мәселелеріне ерекше басымдық берілді және
оның тұжырымдамалық негізі Елдің 2025 жылға дейінгі сыбайлас
жемқорлыққа қарсы жаңа стратегиясына
енгізілді.
Жоғарыда аталған стратегияның
негізгі міндеттері ретінде мыналар
айқындалды:
- мемлекеттік қызмет саласында
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-
қимыл;
- қоғамдық бақылау институтын
енгізу;
- квазимемлекеттік және жеке
секторларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл;
- соттарда және құқық қорғау
органдарында сыбайлас жемқорлықты
ескерту;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы
мәдениетті қалыптастыру;
- халықаралық ынтымақтастықты
дамыту.
Біз бүгінде өркениетті
еліміздің дамуына тұсау, кемелденуіне кедергі келтірер қоғамдық
дертке айналған сыбайлас жемқорлықпен күресудеміз. «Жемқорлыққа жол
жоқ» деп ұрандатып, мінберлерден ауызымызды толтырып айқанымызбен,
осының түп-тамырына қалай балта шабуға болады деген сауалға жауап
іздеп жүргеніміз
шамалы.
Жемқорлық дертіне қалай душар
болдық?! Онымен күресті қайдан, қалай бастағанымыз дұрыс?!
Қазіргі көпшіліктің басты арманы – бай болу. Баю
үшін ар, намысынан бас кешетіндер де біздің қоғамымызда
жетерлік.
Адамға ақша қызмет етпей, адам
ақшаға қызмет ететін түсінік қалыптасқалы бері оның санасы уланды,
дүниенің құлына айналды. Жемқорлықтың да бастауы осыдан. Осы
қағиданы бұзбай қоғамдағы жемқорлықты жоя
алмаймыз.
Жемқорлықтың пайда болуы
қоғамдағы рухани байлықтың құнсызданып, материалдық құндылықтың
алдыңғы сатыға шығуының салдары. Сондықтан, біз қоғамымызда
жемқорлыққа қарсы күресті – азаматтарымыздың жүрегіне рухани
ізгіліктерді, құндылықтанды сіңіруден бастауымыз қажет. Рухани
тұрғыдан бай адам, жемқорлықтай лас істерден жанын таза
ұстайды.
Рухани азғындау баласының
әкесін, шешесін өлтіруге, баладан бас тартуға т.б.
жантүршігерлік істерге әкеліп соқтырып жатыр емес пе?! Сол себепті
де, азаматтарымыздың жан-дүниесіне мөлдірлік сыйлар рухани
байлығымызды кең тұрғыда насихаттаумен айналыссақ, жетер
жетістігіміз толымды болмақ.
Рухани байлық пен материалды
байлықты тең дәрежеде ұстай алғанымызда ғана қоғамымыздың
дамуы орнықты болары сөзсіз. Жеке тұлғаның адамгершілік санасының
биіктігі оның алған тәлім-тәрбиесі, мінез-құлқы мен іс әрекетін
анықтайтын өлшем болып табылады. Әрбір тұлғаның өзіне тән барлық
адами қасиеттері рухтан нәр алады. Ал жаман, жағымсыз
қасиеттер нәпсінің көрінісі. Міне, осы себепті де біз жемқорлықпен
күресті рухани сананы тазартудан бастасақ, әрбір адам нәпсінің
тұтқындығынан босап, елі мен жеріне адал қызмет етер азаматқа
айналар еді.
Осы уақытқа дейін жемқорлықпен
күресу үшін түрлі әдістерді қолданып келдік. Соның ішінде,
жемқорлық фактілерімен ұсталған азаматтарды жұмыстан қысқартып, ол
лауазымға қайта орала алмайтын тәсілдерді қолдандық,
айыпқа тарттық, соттадық, қатаң түрде жазалап, түрмеге айдадық.
Алайда, айтарлықтай нәтижеге қол жеткізбедік. Себебі, біреуін
жазалағанмен, оның орнына келген екінші біреу дәл сол
қателікті назарда ұстап, жаңадан айла ойластырды. Тың амал
табады. Адамнан қулық артылған ба?! Бар ойға алғаны өзінің
материалдық деңгейін көтеру болғандықтан, ол да жемқорлыққа жол
береді.
Сыбайлас жемқорлық індет, оған
қарсы күрес міндет деп айтып жүрміз. Ендеше, оның шипасы –
халық арасында ағарту, насихат жұмыстарын тереңінен жүргізу.
Байлықты басты құндылық деп адасып жүрген азаматтарымыздың
түсінігіне төңкеріс жасау. Яғни, оның сана-сезімін, сенімін, ішкі
жан дүниесінің тазаруына ықпал етіп, жүрегіне иман ұялату.
Біздің қоғам ақниетті, адал, намысы биік азаматтарды қажет етеді.
Осы тұста, соңымыздан ерген ұрпақ тәрбиесін де ұмыт қалдырмауымыз
қажет.
Болашақта өскелең ұрпақ жемқорлыққа жирене
қарауы үшін біз қандай әрекет жасап, оларға қандай бағыт сілтей
аламыз?! Бүгін, ертең демесек те, алдағы 10-15 жылдан
кейін сыбайлас жемқорлықты толығымен ауыздықтап тастамасақ та, оның
қазіргіден әлдеқайда әлсізденетіндігіне өз басым кәміл
сенемін.
Сол мақсатқа жету
үшін әрбір отбасында, балабақшада тәрбиеленетін,
мектепте білім алатын баланың бойына имандылық пен адамгершілікті,
еліне, жеріне, ұлтына деген жанашырлық, патриоттық сезімді
тереңінен сіңіруіміз шарт. Жаны таза, ары ақ, елі мен жерін
көркейтер нағыз азамат қалыптасуы үшін ұлттық рухты
жас ұрпақ бойына дұрыс дарыта алуымыз қажет. Сонда ғана
біз оны қоғамымызға қауіп төндіріп, орасан кесел келтіретін
жемқорлықтай келеңсіз әлеуметтік құбылыстан арашалай аламыз. Сол
себепті, ұлтжанды азамат тәрбиесіне селқос қараудан аулақ болған
жөн. Қайта, бар назарымызды ұрпақ тәрбиесіне шоғырландыра алсақ,
жарқын болашаққа сенімді әрі нық қадам тастарымыз
анық.
Мемлекет пен қоғам жемқорлыққа
қарсы күресетін бір күш болуға
тиіс.
Жемқорлық – жай құқық
бұзушылық емес. Ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді
сетінетеді және ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер болып
саналады.
Біздің түпкі мақсатымыз –
жемқорлықты құбылыс ретінде жою үшін жемқорлыққа қарсы заңнамаларды
жетілдіру арқылы жемқорлықпен күресті қатты күшейтуіміз
керек.
«Қазақстан-2050»
Стратегиясы
Алдарыңызда жемқорлықтың
зиянды кесірі туралы шағын көріністі тамашалаңыздар.Қарапайым
өмірден алынған оқиғамен баяндап
көрелік.
1
көрініс;
Емтихан
кабинеті;
Емтихан алушы мед ғылымдар
доктор профессор Молдағалиева
Светлана.
Емтихан тапсырушы; Арайлым
Мұқтарқызы тапсырмасын алып берілген сұрақтарға жауап беруге
қыйналып отыр. Арайлымның ойынша бұл емтиханнан ақша беру арқылы
өтіп, қызыл дипломға қол жеткізу еді. Осылайша Арайлым оз
ойындағысын жүзеге асырып көрмек болып параны профессорга
береді.
2
көрініс;
Аурухана;
Арайлым ауруханада дәрігер
болып жұмысқа орналасады..Ол бос уақытында әлеуметтік желілерде
отырады.Алдына ауыр халдегі науқас келеді.Ол профессор Молдағалиева
Светлана нын жақын туысы еді. Бірақ Арайлым Мақсатқызы кезінде
қызыл дипломды сатып алғандықтан бұл отаны жасалу жолын білмей
қыйналады. Қасына көмекші дәрігер келіп Арайлым Мақсатқызы болыныз
тездетиныз науқасымыз аур халде қазир одан айырылып қалуымыз мүмкін
бін нәрсе жасасаынзшы тездетініз, деп жаны қыйналады.Бірақ оқымаған
дәрігер шарасыз халде,қолынан ештене келмеді.Науқастан көз алдында
айрылып қала береді.
3
көрініс;
Емтихан
залы;
Бұл көрініс жай ғана емтихан
алушы профессордың ойы болатын. Профессордың ойы бойынша жемқорлық
арқылы адамның өмірін қыйюға болмайды.Сондықтан Арайлымның берген
парасын өзіне қайтарып беріп сұраққа қайта дайындалуға тағы бір
мүмкіндік береді.
Арайлым өз күшімен оқып қызыл
дипломға қол жеткізеді.
Қорытынды.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев
өзінің Қазақстан халқына жасаған Жолдауында, халыққа мемлекеттік
қызмет көрсетудің сапасын арттырып, жемқорлыққа қарсы күрестің
еліміз үшін маңызы зор екенін атап өткен
болатын.
ХХІ ғасырдың дертіне айналған
сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту мақсатында елімізде
«Қылмыстық кодекске», «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңға және басқа
да заңдық нормативтерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілген
болатын. Олар мүмкіндігінше өз нәтижесін
беруде.
Қазақстан Республикасының
Жемқорлыққа қарсы стратегиясына сәйкес барлық ұйымдарда арнайы
жоспар құрылып, түрлі шаралар жүргізілуде. Бұл жүргізіліп отырған
шаралар мемлекетіміздің жемқорлыққа қарсы саясатының орындалуына өз
үлесін тигізіп келеді. 2015 жылдың 11 желтоқсанында Елбасының
жарлығымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі болып қайта
құрылғаны белгілі. Бүгінде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюроның әр облыста
департаменттері бар.
«Жемқорлық — індет, жою
— міндет». Сондықтан да онымен күресті тек заң қызметкерлері ғана
жүзеге асырады деп бойымызды аулақ салмай, бірлесе күресу
баршамыз үшін маңызды іс. Сыбайлас жемқорлық — ұлтымыздың
қауіпсіздігіне, еліміздің халықаралық беделіне, азаматтардың
конституциялық құқықтары мен бостандықтарына елеулі нұқсан
келтіретін қауіпті құбылыс.
Жемқорлықпен күрес кез келген
қоғам үшін әрқашан өзекті әрі ғаламдық мәселе. Ал онымен
күрестің тиімділігін арттыру кез келген мемлекеттің болашағы үшін
стратегиялық мәнге ие. Әсіресе, бұл серпінді дамып келе жатқан және
бәсекеге қабілетті әлем елдерінің қатарына кіруді мақсат етіп
отырған біздің еліміз үшін өте
маңызды.
Сондықтан да Елбасының
«Жемқорлыққа қарсы күрес туралы» жаңа заңнамаға қол қоюына
байланысты, «Олимпиада резервін даярлау орталығы» коммуналды
мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері де шет қалмай, заң нормаларын
қуана құптап, жаттықтырушылар кеңесінде
талқыланды.
Қорытындылап айтқанда, қоғам
үшін қауіпті дерт — сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу, оның алдын
алу — барша қазақстандықтардың міндеті мен талабы болу керек. Олай
болса Қазақстанның әрбір азаматы қоғамның жанашыры болып,
жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуіміз қажет. Сонда ғана сыбайлас
жемқорлықтан таза «Мәңгілік Ел» бола алатынымыз
анық.