Материалдар / Жеңіл атлетика спортының қан айналым жүйесіне әсері

Жеңіл атлетика спортының қан айналым жүйесіне әсері

Материал туралы қысқаша түсінік
Жеңіл атлетиканың қан айналым жүйесіне әсері
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қазан 2023
341
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті


















«Қоғамдық пәндер және дене мәдениеті» кафедрасы

Тақырыбы: «Жеңіл атлетика спортының қан айналым жүйесіне әсері»



Shape1



















Орындаған: ДШжС білім беру

бағдарламасының 3 курс студенті Бақытова Гүлзада

Тексерген: PhD қауымдастырылған

профессор Мендіғалиева Аягөз Сарсенбайқызы












Орал,2023



Жоспар


1.Кіріспе

2.Негізгі бөлім

2.1 Жеңіл атлетика спортының шығу тарихы

2.2Жеңіл атлетика спортының майталмандары. Қазақстанда дамуы

2.3 Жеңіл атлетика спортының физиологиясы

2.4 Батыс Қазақстандағы жеңіл атлетика

3.Қорытынды

4.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

















































1.Кіріспе

Қазіргі заманғы жаһандану мен жаңалану бір жағынан адам өміріне пайдасы болса, екінші жағынан адамды табиғатынан алшақтатады. Адамның қозғалу белсенділігінің төмендеуі экологияның бұзылуы адам ағзасына зиян келтіруде. Аурулар мен жұқпалы аурулар тізімі артып, адам ағзасы әлсіреуде. Қимыл белсенділігінің төмендеуі - ол адам өміріне қарсы әсер ететін өте жағымсыз фактор.Жеңіл атлетика адамдардың жаппай айналысатын көпшілікке танымал спорттың бір түрі болып табылады. Жеңіл атлетикамен жүйелі түрде айналысу адамның қимылын жақсартып, өмірге деген құштарлығын арттырады. Спорттың осы түрінің танымалдығын былай түсіндеруге болады, яғни бұл спорт түрі өзінің қалыптастырады ұйымдастырылуы үшін аса қымбат тұратын спорттық құрал-жабдықтарды, арнайы құрылысты талап етпейді. Адамдардың жеңіл атлетикамен айналысуы салауатты өмір салтын, бос уақытын белсенді өткізуге, адамның жалпы дене мәдениетін дамытып, қоршаған орта және табиғатпен байланысуына әрекет етеді. Сонымен бірге «Жеңіл атлетика» жалпы білім беретін мектептерде, орта және жоғарғы оқу орындарында дене тәрбиесінің міндетті оқу бөлімі болып табылады. Ал мамандану ретінде дене тәрбиесі жоғары оқу орындарында оқиды. Осы аспектіде жеңіл атлетикада қозғалмалы әрекеттерді орындаудан арнайы әдіс-тәсілдермен сипатталатын, ал сонымен қатар ерекше құрал-жабдықтарды қажет ететін жарыстардың әртүрлі түрлерін кірістіреді. Жеңіл атлетикада Олимпиадалық ойындардың бағдарламасына кіретін спорттың түрлерін де қамтиды. Сонымен бірге Олимпиадалық болып табылмайтын жеңіл атлетика түрлері де бар, бірақ олар бойынша әртүрлі жарыстардың түрлері өткізіледі. Дененің қозғалыс белсенділігі аясында жаяу жүрулер және жылдамдыққа жүгірулер адамның ағзасының жалпы нығаюына және жұмыс жасау қабілеттілігінің жоғарлауын қамтамасыз ететін міндетті қозғалыс режимі талаптарының негізі болып табылады.































2. Жеңіл атлетика спортының шығу тарихы




1 сурет: Жүгіру сәті

Жеңіл атлетика сияқты тарихи бай спорттың түрін табу қиын. Жүгіру, секіру жене лақтыру адам баласының еңбегіне жене күн көрісіне қажетті болғандықтан адам баласымен бірге дүниеге келген. Жеңіл атлетикалық жаттығулар барлық халықтарды бірінші ойындары, қызықты шаралары, сонан кейін жарыстарына айналды. Археологиялық қазбаларга қараганда табылған суреттерден Азия жане Африка халықтарының арасында жеңіл атлетикадан жарыс болды деген ұтымға келуге болады. Ежелгі Египетте жене Таяу Шығыс елдерінде жылдам жугіру өнері пайда бола бастады. Ежелгі Грецияда жеңіл атлетика спорты жақсы дамыды. Сол кездегі көп соғыстар күшті және епті адамдарды тербиелеуді талап етті. Сондықтан осы елде спорттық жарыстар жақсы дамыды. Жарыстар сол елдің дәстүрі бойынша жүргізілді. Сол замандарда жарыс тек ұзын-сонар аланда жүгіру жарысымен шектелген. Ерлер мен әйелдар арасындағы бәсеке жеке-жеке өткізілген. Гректер жұдырық түйістіретін спорт түрі мен күресті ауыр атлетикага жаткызған. Бұрынғы атлеттердің жетістігі жүгіру шапшаңдығымен өлшенген. Бізге алғашқы Олимпиада чемпиондарды Ежелгі Грекиядан шыққаны белгілі. Афинада тербие жүйесі ерте кұрылды, дене тербиелеу медениеті мен қатар ғылым жане өнер жаксы дамыды. Балалар бір уақытта грамматикалық, музыкалық, гимнастикалық мектептерге қатысты. Жалпы гимназиялық мектептерде тарбиелеу 6 жастан басталды. Гимназияда дене жаттығуларына көп көңіл бөлінді. Сондықтан Афинада жан-жақты дененің дамуына үлкен алаң ашты. Гректер жақсы дайындалған Олимпиадалық ойындарға қалай жарысу керек екендігін білген және жаксы көрді. Гректердің спортпен айналысуы соның ішінде жеңіл атлетикамен архетиктуралық, скульптурлық және әдебиеттік ескерткіштерден көрініп тұрды. Соңғы ғасырларда біздің эраға дейін Олимпиадалық ойындарға спортшылар мен кәсіпқойлар қатысты. Олимпиадалық ойындарға спортшылар мен кәсіп қойлар қатысты. Бірінші Олимпиада біздің заманымызға дейінгі 776 жылы болған. Соның бағдарламасында бір стадионнан екінші стадионға дейін жүгіру болып (192,27 метр), бұл арақашықтықты дромас деп атады.Олимпиада ойындарында екі рет жүгіру сол аракашықтықты драулос деп атады. Ал кейін ұзын арақашықтыққа жүгіру 24 стадия доликас деп аталды. Додаға 192 метрді бағындырған жалғыз атлет жеңімпаз аталған екен. Жеңіс тұғырынан көрінген азамат Элида қаласында жай ғана даяшы болган. Ал, жеңіл атлетика жарыстары алғаш рет Англияда ұйымдастырылған. Оған қатысушылар Регби қаласындағы колледжде білім алып жаткан жастар болған. Итон, Оксфорд, Кембридж, Лондондағы оқу орындарында да спорттық жарыстар жиі өтіп тұрған. Кейіннен бағдарламаға қысқа қашықтықта жүгіру, ұзындықта және биіктіктен секіру сынды шарттар енгізді. 1865 жылы Лондон атлетика клубы кұрылды. Бұның негізінде тұнғыш рет жеңіл атлетикадан ел чемпионаты өтті. 1880 жылы Англияда Британ империясының шеңберінде әуесқойлар атлет кауымдастығы негізін қалады. Ал, АҚШ-та 1868 жылы Нью-Йорк қаласында алгашқы атлет клубы ашылды. Сол жылдары Америкада атлетиканың дамуына үлес қосқандардың басым бөлігі университет ошақтары болды. 1880-1890 жылы жеңіл атлетика жеке дара спорт түрі ретінде күллі Еуропға кең таралды. 1896 жылы өткен олимпиада ойындары жеңіл атлетиканың дамуына орасан жол ашты. Сол жылы Афинада өткен олимпиада ойындарына жеңіл атлетиканың 12 түрі енгізілді. Додада америкалық жеңіл атлеттер барлық жүлдені қанжығаларына байлады. Алайда, олардың қуанышы ұзаққа бармады. Өйткені, 1952 жылдан бастап олимпиада ойындарына қатыса бастаған КСРО атлеттері олардың бірден-бір қарсыластары болды. 1996 жылы Атлантада өткен олимпиада ойындарында өнер көрсеткен атлеттердің саны 2000-га жетті.[1]

3.Жеңіл атлетиканың Қазақстанда даму деңгейі

Жеңіл атлетика – спорттың ең көп тараған түрі. Оған әр түрлі қашықтықта жүгіру мен жүру, ұзындық пен биіктікке секіру, спорттық снарядтарды лақтыру, жеңіл атлетикалық көпсайыстар енеді. Жеңіл атлетикалық жарыстар ашық және жабық (манеж) алаңдарда өтетін жеке, командалық және эстафеталық жарыстар болып бөлінеді. Халықаралық әуесқойлық жеңіл атлетика федерациясы (ИААФ) 1912 жылы құрылған. Оған қазір 200 – ге жуық ұлттық ассоциациялар біріккен. Олимпиядалық ойындар 1896 жылдан (1 – Олимпиядалық ойын), дүниежүзілік чемпионат 1983 жылдан өткізіліп келеді. Қазақстанда жеңіл атлетика үйірмесі 1916 жылы Шығыс Қазақстандағы Семей қаласында құрылып, жұмысын бастаған еді. Бірақ, ол Азамат соғысы жылдарында тарап кетіп, тек 1930 жылы ғана қайта қолға алынды. Совет үкіметі өзінің алғашқы күндерінен бастап-ақ жастар арасында дене тәрбиесінің өсуіне ат салыса бастады. Мұндай игілікті жаңадан өрістеу ісі оңайға түскен жоқ. Кейбір деректердің айтуына қарағанда, Қазақстанда Совет үкіметінің алғашқы күндерінен бастап-ақ ұлт спортынан үйірмелердің жұмыс істегенін байқау қиын емес. Қазіргі елордамыз Астана қаласында жеңіл атлетиканың дамуы 1947-1948 жж. соғыстан кейінгі жылдары басталды. Осы жылдары «Динамо», «Локомотив», «Искра», «Пищевик», «Спартак» және т.б. жаңадан әртүрлі спорттық қоғамдарда жеңіл атлетика спорты пайда бола бастады. Әрине, қалада ол жылдары жақсы стадион жүгіру жолымен, көрермендік тамашалау орындарымен болмады, бірақ 1950 жылы Қ. Мұнайтпасов атындағы стадионда жүгіру жолы, жеңіл атлетикалық секторлар, диск лақтыратын, ядро итеретін, ұзындыққа және биіктікке секіретін шұңқырлар орнатылды. Целиноградта жеңіл атлетикадан арнайы мектеп ашылады, стадионда жүгіріс жолын салып және «Автомобилистте» спорт зал ашылды және жеңіл атлетик манежімен бірге салынды. 2009 жылы стадионға яғни «Достық Спорткомбинатына» жеңіл атлетика спортын дамытуға берілді. Қазақстанда алғашқы ресми жеңіл атлетикалық жарыс Бүкілқазақстандық І-інші спартакиада 1928 жылы Петропавл қаласында өтті. Республикада жеңіл атлетикадан тұңғыш рет КСРО-ның спорт шебері атағын Ш.Бекбаев алды (1943 жылы). Қазақстанның жеңіл атлеттері Олимпиада ойындарында, дүние-жүзілік чемпионаттар мен халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерді көрсетіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды.[2]

















2 сурет: Әмен Елемесулы Туяков КСРО-ның алты дүркін рекродшысы.
Әмен Елемесулы Туяков (1938 жылы 12 акпанда Манныстау облысы Мангыстау ауданы Шайыр ауылында туган) - кенестік жане казакстандык женілатлетші. Женіл атлетикадан КСРОнын Енбек сінірген спорт шебері (1965). Казакстаннын енбек сінірген кайраткері (1997). 1962 - 1963 жылдары жане 1965 - 1967 жглары КСРО чемпионатынын 200 м-те жугіруден алтын медалінін иеге ті. 1962 - 1963 жылдары 4*100 метолік эстафеташылар жарысынын чемпионы. 1966 жылы Еуропа кубогынын женімпазы. (Штутгарт. Германия).1965 жылы АКШ эстафета 4*100, 39,3 КСРО рекорды. 6 рет КСРО рекордын жаңартты.

3 сурет: Шишигина Ольга Қазақстандық жеңіл атлетика олимпиада чемпионы.

Шишигина Ольга Васильевна - қазақстандық жеңіл атлет, кедергілі жүгіру спринтершісі, Сидней олимпиадасының чемпионы (2000 жылы), Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. 1994 жылғы Жапонияның Хиросима қаласында өткен Азия ойындарында жеңімпаз болған, осыдан кейін оған "Қазақстан Республикасының спортқа еңбек сіңірген шебері" атағы берілген. 1995 жылдардағы жазғы (Гетеборг, Швеция) және қысқы (Барселона) әлем чемпионаттарының күміс медаль иегері. 1999 жылғы жабық жайда өткен (Маэбаши, Жапония) әлем чемпионатында алтын жүлде мен 2000 жылғы Сидней олимпиадасындағы жеңісі.[4]


2.4 Батыс Қазақстандағы жеңіл атлетика


4 сурет: «Петр Атоян атындағы стадион»

Жеңіл атлетикадан 2008-2009 ж. Жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Батыс Қазақстан облысының чемпионаты өтті.Жарысқа 6 команда қатысты,олар Берлі ауданы, Сырым ауданы, Қаратөбе ауданы, Жанакала ауданы. Орал қаласы, Батыс Қазақстан облысы командалары. Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте 1- орын Батыс Қазақстан облысы командасы, 2 - орын Орал қаласы командасы, 3 - орын Сырым ауданы командасы ие болды. Жақында 2022 жылы наурыз айында Қазақстан Республикасының Чемпионатында БҚО жеңіл атлетикадан жас спортшысы 1500м жүгіруден Қайырбек Парасат күміс медальга ие болды.[3]


4.Жеңіл атлетиканың физиологиялық негізі

Жеңіл атлетиканың физиологиялық негізі, жеңіл атлетикалық жүгіру. Талдағыштар жүйесінің, қимыл аппаратының қуат жұмсалуының сипаттамасы. Тыныс алу және қан айналу, қанның құрамы, жылу түзілуі.Жүгіру кезінде жекелей ұшу кезеңімен кезектесіп отырады. (секіру сериялары). 100 м қашықтыққа жүгіру жоғары, 800-1500 м-ге субмаксималді және 42 және 194 м (марафон) қашықтыққа жүгіру бірқалыпты қуат аймағында орындалады. Тегіс жолмен жүгіргенде орталық жүйке жүйесінде ерекше жүктемелер байқалмайды. Максималді және субмаксималді қуат аймағында анаэробты, ал үлкен және бірқалыпты қуат аймағында аэробты процестер басым болады.Энергияның жұмсалуы және тыныс алу. 100 м-ге жүгіргенде өкпенің желдеткіші 14-19 тыныс, қалыпты тереңдікте 8 л, оттегінің мұқтаждығы 7-13 л болады. Орта қашықтыққа (800-1500м) жүгіргенде өкпенің желдеткіші 150 л\мин-ке, оттегіні пайдалану 4-5 л\мин-ке жетуі мүмкін.

Тыныштық күйде ұзақ және аса ұзақ қашықтыққа жүгірушілерде қан айналым брадикардиясы байқалады. Жүгірген кезде жүректің соғу жиілігі бі минөтте 170-190 соғ\мин, жылдамдатқанда және сөреге келгенде 200-220 соғ\мин болады. Систолалық қысым 180-220 мм-ге, соғу көлемі 180-200мм-ге, қанның минөттік көлемі 35-40 л-ге дейін артады. Ал дистолдық қысым төмендейді.

Қанда сүт қышқылының көбеюі (200-250 мг\ орта және ұзақ қашықтыққа жүгіру) және лейкоцитоз байқалып, сілтілі қышқыл орта төмендейді. Ұзақ және аса ұзақ қашықтыққа жүгіргенде қанның құрамында глюкоза азайып, тердің көп бөлінуі байқалады. Тердің бөлінуіне байланысты дене салмағы 4-5 кг-ға дейін азаяды. Ұзақ қашықтыққа жүгіргенде дененің температурасы көтеріліп, қызу 40 С градусқа жетуі мүмкін. Қан өзіне тән физиологиялық қызметтерді бір ғана жағдайда – тоқтаусыз айналымда болғанда, атқарады. Ал оның қан тамырларымен тоқтаусыз қозғалуы қан айналым жүйесі мүшелерінің қызметіне байланысты. Жүрек - іші қуыс бұлшықетті мүше. Ересек адам жүрегінің салмағы 250-300 грамм. Жүрек кеуде қуысының сол жағына таман орналасқан. Жүрек қабының ішкі беті жүректі ылғалдайтын және жиырылу кезінде үйкелісті кемітетін сұйықтық бөліп шығарады. Қан және қан айналымы. Жүректің созылмалы жиілігі -тез жүретіндерде мәреге жеткенде минутына 150-180 жетеді. Жұмыс қуаты ұлғайганда минутына 200-220 жетеді. Спорттық жүгіру кезінде қандагы эритроциттер және гемоглобин мөлшері артады, миогенді лейкоцитоз байқалады, сүт қышқылы шамалы ғана жоғарлайды. Бөліп шығару қызметі. Спорттық жүгіру кезіндегі тер бездерінің қызметі - өте жоғары болады. Жоғары тер бөліну несеп түзілуінің азаюына, несепте белоктың пайда болуына әкеп соғады. [4]


5 сурет: Жүгіру спортының адам ағзасындағы қан айналымы






















5. Қорытынды

Қазіргі таңда қоғамның салауаттылығы маңызды сипатқа ие. Бүгінгі болашақ мұғалімді дайындауда олардын салауатты өмір сүру мен денсаулық, дене мәдениеттерін өздері игермей турып, оларды білімді, білікті маман ретінде калыптастыру мумкін емес. Себебі әр болашақ маманның денсаулығы жеке байлық қана емес, ол сондай-ақ халқымыздын білім және экономикалық қуатынын өсуі үшін де қажетті шарттарының бірі. Соның ішінде денсаулықты басты шарты - мәдени орта, салауатты өмір салты.Жеңіл атлетика халықты дене шыныктыруға тәрбиелеудің басты құралы болып табылады. Жүру мен жүгіру адам қимылын фундаментальды негізі болып табылады, ал лактырулар мен секірулер әр кашанда танымал болган. Жеңіл атлетикалық жаттығулар көптеген спорт түрлері бойынша дене шынықтыру дайындығы сапасы мен функционалдық дайындықтарды дамыту үшін жаттығулар ретінде кең қолданылады. Жеңіл атлетика жаттығуларын кеңінен қолдану адамның дене қасиеттерін, қимыл - қозғалыстарын дамытып жетілуіне, күш - қайратының молаюына ықпал етеді. Жаттығуларын тиімділігі дұрыс оқытуға байланысты болады. Жеңіл атлетика жаттығулары ағзаның барлық жүйелерінің қызметін жақсартып, әртүрлі аурулардын алдын – алудың басты факторларының бірі болып табылады. Жеңіл мөлшерленген жаттығулар жоғары топтағы спортшылардың дене қасиеттерін дамыту үшін, сонымен қатар өсіп келе жатқан жас ұрпақтың дене дамуы мен қарапайым адамдардың ағзаның қалыпты жұмыс қабілетін жақсарту үшін пайдалануы мүмкін. Жеңіл атлетика спорттық жаттығулар мен жарыстық әрекеттер спортшылардың өздерінің потенциалдық қабілеттерін жүзеге асыруға, тұлға ретінде өзін көрсетуге, психологиялық дайындығы мен мінезін қалыптастыруға мүмкіндік береді. [5]


Shape2






























6. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.


1. https://stud.kz/referat/show/69352


2. Бахтиярова С. Ж. Жеңіл атлетиканы оқыту әдістемесі. Оқу құралы - Алматы, ҚазСТА, 2018


3. https://pedcollege.edu.kz/ru/elektronnye-resursy/metodicheskie-doklady/161-zhenil-atletikanyn-kazakstanda-damu-dengeji.html


4. https://emirsaba.org/tairibi-dene-terbiesi-men-sport-trlerini-fiziologiyali-negizde.html?page=15


5. Төтенай Базарбек Дене тәрбиесі: Оқулық-Астана:Фолиант,2008






































6

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ