Материалдар / Жеңілатлетика
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жеңілатлетика

Материал туралы қысқаша түсінік
Жалпы спорттың пайдасы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Желтоқсан 2020
268
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ «АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ АТЫНДАҒЫ САРАН ГУМАНИТАРЛЫ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ»КМҚК

0103000 «Дене тәрбиесі және спорт»

0103023 «Дене тәрбиесі және спорт пәнінің мұғалімі»





















«ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ ҚОЛДАНУ» ПЕДАГОГИКА ПӘНІ БОЙЫНША КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Игілік Ернар

ДТ -9-16 тобы

































МАЗМҰНЫ



Кіріспе

1. Жеңіл атлетика

2. Жеңіл атлетика- өнер көрсететін жарыс түрі, әрі мектеп дене тәрбиесінің басты мазмұны

3. Дене тәрбиесі сабағындағы жеңіл атлетиканың рөлі

4. Денсаулықты нығайтудағы жалпы дамыту жаттығуларының маңызы.

5. Көпсайыс

6. Жеңіл атлетика техникасы. Спорттық жүру.

7. Спорттық жүрудің техникасы

8. Жүгіру техникасының негіздері

9. Орта және алыс қашықтыққа жүгіру техникасы

10. Қашықтық бойынша жүгіру.

11. Мәре сызығыннан өту

12. Кросстық жүгірудің ерекшелігі және техникасы

13. Аяқ жұмысы және қол қозғалысы

14. Пайдаланылған әдебиеттер































Кіріспе



Қазіргі заманғы жаhандану мен жаңалану бір жағынан адам өміріне пайдасы болса, екінші жағынан адамды табиғаттан алшақтатады. Адамның қозғалу белсенділігінің төмендеуі, экологияның бұзылуы адам ағзасына зиян келтіруде. Аурулар мен жұқпалы аурулар тізімі артып, адам ағзасы әлсіреуде. Ертеде қарт адамдар ауырған аурулар, бүгінгі таңда «жасарды», чол себептен адамдардың өмір сүру ұзақтығы қысқарды. Қимыл белсенділігінің төмендеуі – ол адам өміріне қарсы әсер ететін өте жағымсыз фактор.

Жеңіл атлетика бұқара көп айналысатын спорт түріне жатады. Жеңіл атлетикамен жүйелі түрде айналысу адамның қимылын жақсартып, өмірге деген құштарлығын арттырады.

Жеңіл атлетика дене мәдениеті және спорт жүйесінде сопрттың ең басты түрінің бірі болып саналады. Себебі оны игеру өте оңай. Жүгіру, секіру, лақтыру тағы басқаларының бірнеше түрлері мен қолданбалы белгілері жетерлік. Осылардың барлығы жеңіл атлетика сабағында үйретіледі.

Жеңіл атлетика курсының мақсаты – дене шынықтыру сабағында мұғалімінің студенттерге негізгі мамандығы бойынша сабақтарын жүргізу.

Оқу курсы өз алдына бірнеше міндет қояды:

- жеңіл атлетика аясындағы кешенді білім беруді қалыптастыру;

- жеңіл атлетиканы оқу барысында шеберлік сыныбын дене шынықтыру маманынан дұрыс қабылдай білу;

- дене шынықтыру саласындағы жаңалықтарды ғылыми әдістермен игере білу;

- кешенді іс қимылдарды және тәндік сапаны кәсіби маманмен бірге дайындау.

«Жеңіл атлетика» оқу-әдістемелік құралының мазмұнына жеңіл атлетика түрлерінің мазмұны, арнайы жаттығулар, қимыл қозғалысты дамыту бағыттары кіреді.



















Жеңіл атлетика



1.Жеңіл атлетика, спорттың ең көп тараған түрі. Оған әр түрлі қашықтықта жүгіру мен жүру, ұзындық пен биіктікке секіру, спорттық снарядтарды лақтыру, жеңіл атлетикалық көпсайыстар енеді. Жеңіл атлетикалық жарыстар ашық және жабық (манеж) алаңдарда өтетін жеке, командалық және эстафеталық жарыстар болып бөлінеді. Халықаралық әуесқойлық жеңіл атлетика федерациясы (ИААФ) 1912 жылы құрылған. Оған қазір 200-ге жуық ұлттық ассоциациялар біріккенОлимпиялық ойындар 1896 жылдан (1-Олимпиялық ойын), дүниежүзілік чемпионат 1983 жылдан өткізіліп келеді. Жеңіл атлетика ойындары өте көнеден белгілі. Ол ежелгі Олимпия ойындарының бағдарламасына енген.

Жеңіл атлетиканың Қазақстанда дамуы

Қазақстанда алғашқы ресми жеңіл атлетикалық жарыс — Бүкілқазақстандық 1-спартакиада 1928 жылы Петропавл қаласында өтті. Республикада жеңіл атлетикадан тұңғыш рет КСРО-ның спорт шебері атағын Ш.Бекбаев алды (1943). Қазақстанның жеңіл атлеттері Олимпия ойындарында, дүниежүзілік чемпионаттар мен халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерді көрсетіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды. Олар: Е.Кадяйкин, Ұ.Қосанов, Ә.Тұяқов, В.Савинков, Л.Кононова, С.Исабаев, Б.Күреңкеев, В.Муравьев, В.Савин, В.Солдатенко, Л.Микитенко, А.Бадранков, т.б. Қазақстандықтар арасында Олимпиялық ойындарға тұңғыш қатысқан спортшы Е.Кадяйкин болды. Тәуелсіз елімізге тұңғыш алтын медальді 2000 жылы Сиднейде (Австралия) өткен 27-Олимпиялық ойындарда кедергі арқылы жүгіруші О.Шишигина әкелді. 

Тарихы

Жеңіл атлетиканың тарихы ежелгі дүние дәуіріндегі халықтардың іс әрекетінен басталады. Табиғи қозғалыстар, яғни, жүру, тұру, секіру адам бұлшық еттерінің қозғалысы адамзат пайда болған дәуірден бастау алады. Мәліметтерге сүйенсек, жеңіл атлетикадан жарыс біздің эрамызға дейінгі 776 жылы өткізілген. Бұл туралы Ежелгі Грек олимпиада ойындары туралы жазбаларда анық жазылған.
Сол замандарда жарыс тек ұзын-сонар алаңда жүгіру жарысымен шектелген. Ерлер мен әйелдар арасындағы бәсеке жеке-жеке өткізіліпті.
Гректер жұдырық түйістіретін спорт түрі мен күресті ауыр атлетикаға жатқызған. Бұрынғы атлеттердің жетістігі жүгіру шапшаңдығымен өлшенген. Бізге алғашқы олимпиадалық чемпиондардың Ежелгі Грекиядан шыққаны белгілі. Бұл шара біздің эрамызға дейінгі 776 жылы өткізілген. Онда атлеттер тек жүгіру спорт түрінен бақ сынаған. Додаға 192 метрді бағындырған жалғыз атлет жеңімпаз аталған екен. Жеңіс тұғырынан көрінген азамат Элида қаласында жай ғана даяшы болған. Ал, жеңіл атлетика алғаш рет Англияда  ұйымдастырылған. 1837 жылдары жарысқа түскендер 2 метр қашықтықта жүгірген. Оған қатысушылар Регби қаласындағы колледжде білім алып жатқан жастар болған. Итон, Оксфорд, Кембридж, Лондондағы оқу орындарында да спорттық жарыстан жиі өтіп тұрған.
Кейіннен бағдарламаға қысқа қашықтықта жүгіру, ұзындықта және биіктіктен секіру сынды шарттар енгізіді. 1865 жылы Лондон атлетика клубы құрылды. Бұның негізінде тұңғыш рет жеңіл атлетикадан ел чемпионаты өтті
1880 жылы Англияда Британ империясының шеңберінде әуесқойлар атлет қауымдастығы негізін қалады. Ал, АҚШ -та 1868 жылы Нью-Йорк қаласында алғашқы атлет клубы ашылды. Сол жылдары Америкада атлетиканың дамуына үлес қосқандардың басым дені университет ошақтары болды. 1880 -90 жылы жеңіл атлетика жеке дара спорт түрі ретінде күллі Еуропаға кең таралды.
1896 жылы өткен олимпиада ойындары жеңіл атлетиканың дамуына орсан жол ашты. Сол жылы  өткен 
І олимпиада ойындарына жеңіл атлетиканың 12 түрі енгізілді. Додада америкалық жеңіл атлеттер барлық жүлдені қанжығаларына байлады. Алайда, олардың қуанышы ұзаққа бармады. Өйткені, 1952 жылдан бастап олимпиада ойындарына қатыса бастаған КСРО атлеттері олардың бірден-бір қарсылары болды.
1996 жылы Атлантада өткен олимпиада ойындарында өнер көрсеткен атлеттердің саны 2000-ға жетті. Әйелдер арасындағы жарыс 1928 жылдан бастау алады. Нәзік жандар 1999 жылы жаздық әлем чемпионатында және 2000 жылы Сидней олимпиадасында жақсы нәтиежеге қол жеткізе білді.
1968 жылы Мехикода өткен жарыста американлық спортшы Боб Бимон— 8 м 90 см ұзындықтан секіруден әлем рекортын жаңартқан. Бұны күллі әлем «21 ғасырдың ең биік көрсеткіші» деп бағалады. Араға 20 жыл салып Сеулде өткен олимпиадада 100 және 200 м қашықтықтан жүгіруден америкалық желаяқ Флоренс Гриф фит- Джойнер рекорттық көрсеткішті бағындырды. Оның бұл жетістігі 14 жыл қатарынан сақталып тұрды. (
Қазақ энциклопедиясы,3 том)

2.Жеңіл атлетика- өнер көрсететін жарыс түрі, әрі мектеп дене тәрбиесінің басты мазмұны

Дене тәрбиесі жүйесінде жеңіл атлетика ең маңызды құралдардың бірі болып табылады. Жеңіл атлетиканың элементтері енбейтін спорт түрлері десе де болады.

Жүрудің, жүгірудің алуан түрін, секірулер мен лақтыруларды қамтитын жеңіл атлетика көп құрал-жабдықтарды қажет етпейді. Сондықтан онымен айналысуға мүмкіндіктер мол.

Жоғары сынып оқушылары дене тәрбиесінің дұрыс жүргізілуі үшін ер балалары мен қыздардың дене дамуын есепке алып, бағалап отыру аса маңызды. Осыған байланысты дене тәрбиесінің мұғалімі жоғары сынып оқушылары үшін жалпы заңдылықтарды да, сондай-ақ қыздар мен ер балалардың өзіне тән ерекше заңдылықтарын білуі қажет.

Жоғары сыныптағы ер балалар мен қыздардың дене дамуы мен функцио-нальды мүмкіндіктерінің айырмашылығы анық байқалады. Мұның өзі дене тәрбиесі бағдарламасының негізінде оқу процесінің сабақтарын ұйымдастыруды қамтамасыз етуі көрініс табады.

Жасөспірімдер мен қыздардың дене тәрбиесі бұрын 10-сыныптан бастап бөлек оқытылатын болса, енді 5-сыныптан бастап бөлек оқытылмақ.Алайда «Жеңіл атлетика» тарауы бойынша оқу бағдарламасы қыздар үшін де, ер балалар үшін де жүгірудің бірдей түрін үйренуді қарастырады. Қыздар тек қана кедергілер алабынан өтумен айналыспайды. Олардың шапшаңдық-күштілік қасиетін дамытуы, секіріп, лақтырумен айналысуы үшін көп уақыт бөлінеді. Ер балалар мен қыздар үшін жүгіру қашықтығы да оқу нормативтері де әр түрлі болады.

Жеңіл атлетика сабақтарында ер балаларды әскер қатарында қызмет етуге даярлау мақсатында ойлы-қырлы жерлерде шаңғымен жүру, әр түрлі кедергілерден өту, сонымен бірге олардың бойында күштілікті, шыдамдылықты,икемділікті, шапшаңдықты дамыту секілді дағдыларды жетілдіруге ерекше көңіл бөлінуі керек. Бұл үшін сабақта дене даярлығына уақытты көбірек бөлу қарастырылады. Оның ұйымдастыру сәтін тиянақты, дәл жүргізіп, денені жалпы дамытатын жаттығулардың арнайы кешенін орындауға түйдектеп, лек-легімен өткізу әлісін қолдану есебінен кіріспе бөлімді біршама қысқартуға болады.



3.Дене тәрбиесі сабағындағы жеңіл атлетиканың рөлі

Жеңіл атлетика-бұл дене жаттығуларының біріккен түрі болып саналады. Спорттық жүру,жүгіру,секіру көпсайыс. Жеңіл атлетика сонымен қатар ғылыми дәлелденген пән болып саналады. Өзінің даму тарихы,ілімі,техникасы,тактикасы,үйрету әдістемесі және жаттығулары бар іргелі пән. Жеңіл атлетика олимпиядалық спорт түрі және спорттың төресі болып есептеледі. Бұл спорт түрінің сауықтыру жақтары мол, өйткені жеңіл атлетиктаза ауада,жүйкесіне, барлық бұлшық еттерге, қозғалыс аппараттарына өзінің пайдалы әсерін тигізеді. Осы жеңіл атлетика жаттығулары арқылы адамды жан-жақты үйлесімді дамуға болады және бұл спорт түрі басқа спорт түрлеріне қарағанда жоғарғы дәрежеде дамыған. Жеңіл атлетика пәнінің эстетикалық маңызы зор.

Балалар мене жасөспірімдердің қозғалыс қабілеті олардың марфофункциялық негіздерімен тығыз байланысты. Оқушы жасөспірімдердің дамулары үздіксіз, бірақ бәрінде бірдей емес. Әрине, мектеп оқушыларының өсіне негізгі жүгіру,секіру сияқты, дене жаттығулары белсенді әсер етеді. Мектеп оқушыларының дамуын үш кезеңге бөлуге болады.

1. Төменгі мектеп жасында 6-10 жас

2. Орта мектеп жасында 11-14 жас

3. Үлкен мектеп жасы 15-17 жас

1. Бұл кезеңде балалардың өсуі интенсивті бір қалыпты болады. Сонымен қатар бұл кезеңде өзгерістер болуы мүмкін. Бір жылда бойы-1см, салмағы 1,3 кг өседі. Осы кезеңде ұлдар мен қыздардың өсулері бірдей болады және қаңқалары нық түгел еттеніп болуфына көп уақыт бар екендігін көрсеетеді. Мысалы, 7-8 жаста жамбастың жаңа жетілуі басталады. Бұл кезеңде жамбасқа күш түсетін жаттығуларды жасатпауды естен шығармаған жөн. Дене бұлшық еттерінің дамуы өте нашар болады.

2.Орта мектеп жасы кезеңінде жасөспірімдерде марфофункционалдық, жыныстық өзгерістер пайда болады. Бұл кезеңнің соңына қарай, бойдың салмақтың тез өсуі байқалады. Ұлдарға қарағанда қыздардың жыныстық өзгеруі және бойларының өсуі тез болады. Осы кезеңде қыз балаларда секіру,тартылу жаттығуларын орындағанда көптеген қиыншылықтар кездеседі. Бұл кезеңде бір бағытта дене жаттығуларын істеу, дене қасиеттерінің бір бағытта дамуына және омыртқа жотасының дұрыс қалыптаспауына келіп соқтыруы мүмкін. Оқушыларды өз денелеріне дұрыс күтуіне,яғни жаттығу кезінде денелерін игере білуге үйрету керек. Орта мектеп жасында өне бойы бір қалыптан тез жалығады,сондықтан жаттығулардың көптүрлілігіне көңіл бөлу қажет және жасөспірімдердің тағы бір ерекшелігі бұлар түрлі дене жүктемелерінен кейін тез қалыпқа келеді.

3.Үлкен мектеп жасы кезеңі бірдей даму кезеңі болып табылады. Бірақ, қыздарға қарағанда ұлдарда тез өсу, даму болады. Осы кезеңде жыныстық жағынан толықтай жетіледі. 17-18 жастағы ұлдарда бұлшық ет ағзасының қырық бес пайызын құрайды,бұл ұлдардың жетілгендігін байқатады. Ал қыздарда бұл кезеңде жамбас,бөксе,бұлшық еттері сомданып, кейбір жаттығуларды жасауда қиыншылықтарды туғызады. Бұл жаста қыздардан жаттығу жасаудан қашқақтайтыны байқалады. Жоғарғы мектеп жасында өмірді тану, өмірдегі қатынастарды сезіну спортпен шұғылданғанда да айқын байқалып тұрады.

Оқушылардың дене қасиеттерінің үйлесімді, жан-жақты дамуына жеңіл атлетика жаттығуларының әсері мол. Жүгіру,секіру,лақтыру,жүру әрбір сабақтың қатардағы жаттығуы болып есептеледі. Сондықтан, сабақтан тыс спорттық үйірмелерді,жазғы демалыс орындарында,көп қолданылатын спорттың түрі жеңіл атлетика болып саналады.

Жеңіл атлетикалық түрге ұлттық және президенттік сынамалар жатады. Көбіне жеңіл атлетика жаттығуларын табиғи жаттығулар немесе табиғатта, таза ауада орындалатн жаттығулар деп атайды. Жеңіл атлетика жаттығулары негізгі қозғалыс қасиеттеріне тәрбиелейді және дененің функционалдық қасиеттерін дамытады. Сонымен қатар моральдық ерік-жігерге, қиындықты жеңуге, ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Жеңіл атлетика жаттығуларымен шұғылданған адамдардың денесінде тек даму, өсу пайда болады.

Жаттығутехникасын орындау кезінде қателер көрініс берсе, оқушы мұғалімнің көмегімен өз қатесін міндетті түрде түсіну қажет. Осыдан кейін мұғалім қимыл техникасының берілген бөліктерінің дұрыс құрылымын оқушыға түсіндіріп көрсетеді және осы жаттығуды көп қайтара саналы түрде қайталауды ұсынады және де дұрыс жасалмаған қимылдың тежелуіне, оның орнына дұрыс қимыл жасауға қол жеткізу керек. Қандайда болмасын жаттығуды үйрену үшін біріншіден, алдын-ала жаттығуларын жасап алу керек.

Жеңіл атлетика жаттығуларын орындау кезеңінде сыртқы қозғалыстың ішкі органдар арасында тығыз байланысты болады. Сондықтан жеңіл атлетика жаттығуларын оқушылар ағзасына тек дамытушылық әсерін тигізіп отырады. Тәрбиесі ісі оқудың белгілі бір нақтылы іс-әрекеттерінің ұймдастыру және жүзеге асырудың түрі. Тәрбие ісі адамгершілік, эстетикалық дене тәрбиесі еңбек бастауыш мектепте басқа пәндермен дене шынықтыру сабағында жүйелі біліммен тәрбие беріліп балалардың дені сау болып өсуіне ерекше көңіл бөлінеді. Онда аптасына дене шынықтыру пәніне бөлінген 3 сағаттың сабақтан басқа сабақ үстіндегі және үй тапсырмасын орындау кезінде сергіту сәттері. Ауысымда оқитын мұғалімнің күнделікті өткізетін денсаулық сағаттарын ұзартылған күн тобындағы спорт сағатын және ойын саяхаттарын өткізіп отыру көзделген. Бұлай болуында өзіндік себептер бар. Мысалы мектеп жасына дейінгі балалар үнемі қозғалыста болады. Жүреді,жүгіреді, ойнайды тағы басқа. Ұйқыдан тұрғаннан түнгі ұйқыға жатқанға дейін бүлдіршіндер әдетте 6 сағаттан артық қозғалыста болады. Ал мектеп табалдырығын аттағаннан бастап олардың жүріс-тұрысы,қозғалысытаза ауада болатын уақыты әлдеқайда азаяды, тіпті ұйқысы да бұзылады. Бұл олардың денсаулығының дұрыс қалыптасуына кері әсер тигізеді. Зерттеулер көрсеткендей мектеп оқушыларының 80% өзгеруінде ақау болатыны осының дәлелі, әрине аптасына үш-ақ рет өткізілетін дене шынықтыру сабағы оқушының күнделікті қозғалыс қажеттігін қанағаттандыра алмайды.

Мектеп табалдырығын аттаған бірінші сынып мектеппен қалай танысса, дене шынықтыру, яғни сауықтыру денсаулығының басқа пәндермен салыстырғанда өзіндік ерекшеліктері бар. Оқушылар спорт залға, алаңға арнайы спорттық киіммен ғана шығуы тиіс десек, бұл оларға қойылатын басты талап.

ді, тез жүгіреді, шаңғымен жүгіреді тағы басқа. Яғни өмірде өте қажетті қозғалыс дағдыларын меңгередң, дене жағынан дұрыс жетілу үшін адам өмірінің алғашқы жылдарынан бастап дене тәрбиесінің нәтижесінде ғана қол жеткізе алады.

Оқушылардың дене тәрбиесін ұйымдастыруда мұғалімдер оқушының организмін және нерв системаларының функциялары жайлы деректерге сенеді. Дене тәрбиесі педагогикалық процесс. Ол адамның дене тәрбиесі туралы білімін қалыптастырады, барлық шақта оқушы неғұрлым қарқынды дамиды. Бұл дамуға барынша көмек жасау мектептің маңызды міндеті. Дене тәрбиесінің міндеттері мынадай:

1.Оқушының денсаулығын нығайту.

2.Спорт сабақтарына ынтасын дамыту.

3.Оқушының тазалық гигиеналық талаптарын қалыптастыру.

4.Таңертеңгі гимнастикамен шұғылдандыруға ынталандыру.

5.Негізгі қозғалыстарды дамыту(жүгіру,секіру т.б)

6.Дене тәрбиесі туралы білім беру.

Мектеп оқушыларының оқу күні режиміндегі дене шынықтыру шаралары.

Ертеңгі гигиеналық жаттығу және сабаққа деген гимнастика 7-10 жастағы балалар 10-11 сыныпқа созылғаннан кейін бала организмнің функциясы төмендейді. Сондықтан ертеңгілік гимнастика жасау керек. Суық сумен жуыну, т.б. ертеңгілік дене шынықтыру қимылдары балаларды ұйымшылдыққа және тәрбиелілікке тәрбиелейді, дененің қимылдарын жасау,отбасынан бастау керек.Мектепке дейінгі кезең дене шынықтыру жасау әдетін қалыптастырудың маңызды шартты режимі болып табылады. Уақытында ұйықтау,ұйқыдан тұру, тез-тез жаттығулар жасау, күн сайын гимнастика жасау мектепке сабаққа дейін гимнастика жасаудың маңызы зор ол таза ауада өтуі керек. Ол сабаққа 15-20 минут қалғанда басталады. 3 ші, 4 ші сыныптар 8-12 минут. Сабаққа дейінгі өткізілетін гимнастика комплексінің айына 1 рет. Балалар үзіліс кезінде дене шынықтыру минуттігі деп атайды. Дене шынықтыру минуттігі оқушының ынтасы мен белсенділігін арттырады және оны оқу материалын меңгеруге ықпал етеді. 1-2 сыныптарда дене шынықтыру 3-4 рет , 3-4 сыныптарда 2-3 рет өтеді. Ұзақтығы 15 минут, оған 3 жаттығу енгізіледі. Бой жазу аяқ жаттығуы, тұла бойы жаттығуы, қол жаттығуы. Дене шынықтыру балалар алдында желдеткіштер ашылады, барлық оқу құралдары жиналыстырылады, балалар бір-біріне бөгет жасамайды. Дене шынықтыру тәрбиенің маңызды құралы үзілістер кезіндегі жаттығулар мен ойындар болып табылады. Төменгі сынып оқушылары жүгіруге,секіруге аса құштар болады,мұғалімнің міндеті баланың қимыл-қозғалысын тежемеу, олармен әртүрлі қимылдармен ойнату.Егер ойын кезінде спорт ойын күрт секіртпей, доп берсе өте тиімді болады. Мұндай ойындарды ұйымдастыру үшін шеф сыныптар көмектеседі. Дене тәрбиесі жөніндегі сыныптан тыс жұмыс дене шынықтыру мен спорт жөніндегі сыныптан тыс негізгі түрлері :түрлі секциялар, үйірмелер спорт жарыстары,серуендеу мейрамдары. Дана халқымыз басты байлық-денсаулық,

Тазалық – саулық негізі, саулық – байлық негізі - деп тегін айтпаса керек. Қазақстан – 2030 мемлекеттік стратегиясында дене тәрбиесі туралы салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсысымыздың дене тәрбиесімен айналысумызға,дұрыс тамақтануымызға,есірткілерді,темекімен ішімдікті тұтынуды қойып,тазалықпен стратегия шараларын сақтандыруымызға бағытталған.

Жергілікті құралдар болмай тұрған жағдайда ауруларға күреспен денсаулықты нығайту жөніндегі біздің стратегиямыз азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеуден басталады. Салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды, тазалықпен санитария ережелерін насихаттайтын пәрменді ақпараттық іс-шаралар жүргізілуі қажет, - деп атап көрсетілген. Расында да қоғамдық сана мен мораль, есірткіге,ішімдікке барынша қарсы болуға тиіс. Кешегі кеңес заманы жылдарында ішімдікпен қаншама күрескенімен біздің тұрмысымызға, әдетімізге, дәстүрімізге тереңдеп еніп алған болатын. Бүгінгі таңда да көпшілік нарықтық жағдайдың қиыншылығына кезігіп күйзеліске түскен шақта да ішкілік мәселесі тиылар емес. Бұл турасында Елбасы Н.Назарбаевтың жолдауында: Көптеген елдер бұл кеселге тыйым салғанымен, табысқа жете алмады. Осыған қарамастан кейбір елдер ұтымды ақпараттың және түсіндіру саясатын жүргізу,мәдениет пен білім арқылы едәуір табыстарға қол жеткізеді. Өнеркәсібі дамыған елдерде ішімдікті пайдаланушылар мен темекі тартушылардың саны кеми түсуде,өйткені кәсіпкерлік-денсаулығы мықты жандардың үлесі. Өмір салтын теріс әдеттерден спортқа көшіру тиімді жолдардың бірі болып табылады, - деп атап айтылған.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру:

* Салауатты өмір салтын бірінші кезекте балалар мен жастар үшін насихаттау.

* Салауатты өмір салтымен дұрыс тамақтанудың стандарттарын әзірлеу және енгізу.

* Спорттық сауықтыру ғимараттарының жемісін кеңейту және бұқаралық спортты дамыту.

* Зиянды әдеттерге қарсы күрес.

Балаға дене тәрбиесін беруге мектепппен отбасы байланысы тәрбиесі мектеп өз жұмысында ата-аналармен тығыз байланыста болған жағдайда ғана балалардың дене тәрбиесін дұрыс жүзеге асыра алады.Жас баланың жағдайы,тамақтануы,режимі,табиғаттың жаратылыс факторына (күн,су,ауа) дене шынықтыру жаттығуларымен,ойындар осы дене тәрбиесінің құралдарының барлығы тек мектептің ғана емес сонымен бірге ата-аналардың да пайдалануына болады. Баланың денесінің өсіп-жетілуі ата-аналардың да пайдалануына болады. Баланың денесінің өсіп-жетілуі ата-аналардың көпшілігі дені сау дененің берік болып өсуін қалайды. Олардың көпшілігін балалардың оқудағы үлгерімі көбінесе олардың денсаулығына байланысты екенін біледі. Сондықтан көптеген отбасыларында балалардың денсаулығына аса мән беріледі, бірақ ол көбінесе жүйесіз жүргізіледі.Мектептегі жұмыспен нашар байланыстырылады. Баланың Отбасындағы дене тәрбиесіне дұрыс бағыт беру мұғалімнің борышы. Ата-аналарға оқудың балалардан күш қуатын жұмсауды талап ететін организмнің шаруашылығын дәлелдеу маңызды. Сондықтан баланың жұмыс істеу қабілетін қалпына келтіру үшін күн режимін жасаудың,таза ауада болуын,дұрыс тамақтанудың дене шынықтыру және спортпен шұғылдануының маңызы жөнінде түсіндіру. Ата-аналармен дене тәрбиесі жөнінде әңгіме жүргізу сонымен қатар олармен семинар, конференциялар өткізу,ата-аналар жиналысында дене тәрбиесіне байланысты балалар жасау дәрігер,психолог, дене шынықтыру пәнінің мұғалімдерінің жиналысқа қатысуына болады. Ата-аналармен оқушылардың күн тәртібі режимін маңызы ыңғайлы киім кию жөніндегі әңгімелеуге сай болады. Ата-аналар үй тапсырмасы жөнінде жарықпен қалай қамтасыз етуге болады. Үйді желдету,баланың тазалық баланың тазалық гигиенасын орындауы жайында ақыл кеңестер беріледі. Мұғалім балалармен олардың ата-аналарымен жұмыс жүргізуде медицина зерттеулерінің деректеріне сүйену керек.



4.Денсаулықты нығайтудағы жалпы дамыту жаттығуларының маңызы.

Балалардың бұлшық еттері жыл сайын бір қалыпты және тұрақты түрде өсіп тұрады. Алайда, әр түрлі бұлшық ет топтары күшінің жыл сайынғы өсуі бір қалыпты болмайды. Дене жаттығуларының әсерімен тоғыз жастан бастап денені тік ұстайтын бұлшық еттердің күші елеулі түрде артады да, саусақ бұлшық еттерінің күші біршама тежеледі. Бұлшық еттер күшінің үдемелі түрде өсуі қыз балаларда 11-12 жаста, ал ер балаларда біршама кейінірек -12-14 жас аралығында басталады.

Балаларда күш қабілетін жетілдіретін жаттығулар негізінен жүйелі түрде орындалып отыруы қажет. Күш қабілетін жетілдіру кезінде денеге түсетін күш (жүктеме) өте көп болмауы керек. Бұл адамның жалпы өсуін кідіртеді.

Күшті арттыратын жаттығулар адамның шапшаңдық,күштілік,төзімділік қасиет-қабілеттерін дамытудың негізі болғандықтан, мұндай жаттығуларды үздіксіз және жеткілікті мөлшерде орындап отыру қажет.

Өз беттерімен жаттығу кезінде күшті молайтатын жаттығулар икемділік пен жылдамдық қабілеттерін арттыратын жаттығулардың алдында орындалғаны жөн. Күш қабілетін жетілдіру үшін жаттығулардың төмендегідей түрлерін орындау керек:

а)кермеге тартылу, биікке өрмелеу, аяқты көтеру, еденге немесе гимнастикалық орындыққа етпетінен жатып, қолды бүгіп, жазу жаттығуларын орындау қаже

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!