Материалдар / "Жеңістің туы, желбіре" 6 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Жеңістің туы, желбіре" 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың мақсаты: «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» деген қағиданы ұстана отырып, жас ұрпақты тарихымызды тереңнен тануға баулу. Оқушылардың Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге, дүние жүзіндегі басқа ұлт өкілдерінің достығын нығайтуға тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: даңқты батырларымыздың суреті, ерлік туралы мақал-мәтелдер, видео роликтер, суретті плакаттар, слайд, шарлар. Көрініс «Соғыс қасіреті»
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Желтоқсан 2017
406
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: «Жеңістің туы, желбіре!»

Сабақтың мақсаты: «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» деген қағиданы ұстана отырып, жас ұрпақты тарихымызды тереңнен тануға баулу. Оқушылардың Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге, дүние жүзіндегі басқа ұлт өкілдерінің достығын нығайтуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: даңқты батырларымыздың суреті, ерлік туралы мақал-мәтелдер, видео роликтер, суретті плакаттар, слайд, шарлар.

Көрініс «Соғыс қасіреті»

( Жаздың жайма-шуақ күні. Жүрегі қуанышқа толы немересі алыстан әжетайлап мектеп бітіргеніне қуанып жүгіріп келеді.)

Немересі: Әже, әже! Бүгін менен бақытты жан жоқ, жаңа өмірдің баспалдағын дәрігер болып бастағым келеді. (Ақан)

(Әжесің құшақтап еркелей күледі)

Әжесі: Талабыңа нұр жаусын, арманыңа жет, балам!(Мадина)

(Мандайынан сүйіп қасына отырғызады. Әкесі жымиып, салмақты кейіпте пышағын қайрап отыра береді. Келіні ыдыс әкеле жатып радиодағы хабарды тыңдап тұрып қалады.)

Радио: Тыңданыздар, тыңданыздар! Кеше біздің ұлан-байтақ жерімізге неміс фашистері тұтқиылдап басып кірді. Герман елщісі соғыс басталғанын таңғы 7-де ресми түрде мәлімдеді.

Ән: «Священная война»

(қолынан ыдысы түсіп кеткен келіні жылап бетін жабады.)

Немересі: Әже, соғыс, соғыс бастслды!

( Әжесін құшақтап жылайды.)

Радио: Тыңданыздар, тыңданыздар! Отанымызды жау қапыда басты. Ел үшін, жер үшін барлық ер азаматтар Отан қорғауға аттаныңыздар!

Немересі: Аттан! – деді,

Ол қазір аттанады,

Жауынгердің рөлін атқарады.

Неге бізге үмітсіз тесілесің?

Аттан, әке,

Жолыңнан кешігесің.

Кеудесінде жаны бар пақырларың

Тауып жейді сенсіз де несібесін.

( Әкесін келіп құшақтайды)

Әкесі: Тыңда, балам, тыңда күнім,

Болуға жара қолқанат.

Кәрі анам, сәби інің –

Барлығы саған аманат. (Азамат)

Әжесі: Оралсын аман жеріне,

Көріссін аман елімен.

Келін-ау, көздей қалтаға

Топырақ салып беріп жібер.

Келін: Кебін киген өледі,

Кебенек киген келеді.

Үлкен үйден дәм татса,

Кешікпей дейді келеді (Нұрила)

(Орамалға топырақ салып түйіп береді)

Еркебұлан: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, қонақтар мен оқушылар!

ХХ ғасырдағы ең бір қанды қасірет соғыс еді. Себебі, оған әлем халықтарының 80 пайызы қатысты. Сондай-ақ, майдан баталиясына 61 мемлекет тартылды, 40 елдің жерін соғыс өрті шарпыды, 100 миллион адам қолына қару алды. Олардың арасында көп ұлтты Кеңес Одағы деген алып ел бар еді.

Айзия: Бүгінгі мерекелік шара Ұлы Отан соғысында құрбан болған аталарымыз бен әкелеріміздің, мәңгі жас болып, жадымызда сақталған жауынгерлер мен офицерлер рухына, бейбіт кезеңде дүниеден өткен ардагерлерге, бүгінде ортамызда жүрген Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне арналады.

Еркебұлан: Бүгінгі кешіміз соғыс ардагерлеріне, қайтып оралмаған қаһармандарды еске алуға, бізге бақытты бейбіт өмір әкелген Ұлы жеңістің 70 жылдығына арналады.

Дәл  осынау жадыраңқы жай күні

 Болса дағы қай ғасырдың қай жылы

 Ұлы Отаным басым иіп бір минут,

 Есіне алмақ сол бір апат қайғыны(1 мин. үнсіздік)

Айзия: Иә, содан бері 70 бейбіт жыл артта қалды. 1945 жылы 8 - мамырда Берлинде фашистік Германия жеңілгенін мойындап, қол қойды. Ал, 9 мамыр күні бұрын - соңды болмаған 1000 зеңбіректен 30 дүркін салют атылды. Міне, Жеңіс күні осылай келген еді.

Еркебұлан: Жеңіс күні біздің баршамыз үшін халқымыздың жанқиярлық ерлігінің нышаны, ержүректілік пен төзімділіктің және қаһармандылықтың символы. Ылайым, біздің ата - бабаларымыздың ерлігі өскелең ұрпақ үшін өжеттіліктің, намысшылдықтың, адамгершіліктің зор үлгісі болсын.

Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,

Жігер менен құштарлықтың құралы.

Күрескердің арманы мен ұраны,

Қуанышпен мерекенің бұлағы.

Айзия:  Жаңғыртып әнмен аспан кеңістігін, 
Халқымыз қуанышты тегіс бүгін 
Жауды жаншып, Отанды азат еткен, 
Құрметтеп қарсы алады Жеңіс күнін,-

деп ақын жырлағандай, біз үшін Жеңіс күнінен асқан қымбат мереке жоқ. Әрбір көктем бізді ойша осынау ұмытылмас күнге 1945 жылдың 9-мамырына қайта оралтады. 

Ұлданай:

Жүргенімде қуанышпен қамданып,

Керек-жарақ заттарымды қолға алып.

Жиырма екінші сағатында қырық бірдің

Батыстан дауыл соқты долданып.


Дильназ:

Таң алдында сағат бесті соққанда,

Жынды неміс сылтау тапты жоқтан да.

Тұтқиылдан тыныш жатқан самарқау,

Шекараға келіп салды  ойранды.

Ерлан:

Осы хабар уақытында алынды,

«Соғысқа» деп дабыл да қағылды.

Қуанышты жас жүректі суытып,

Баса қалды лапылдаған жалынды.

Нұрқабыл:

Қатық құйып ішкен күнім зереңге,

Елім, сені енді қайтып көрем бе?!

Қайғыменен, жетімдікпен өсіп ем,

Қызықты күн енді көрмей өлем бе?!

Отаныма берген бірақ антым бар,

Дедім сізге: Ал, соғысқа тартыңдар!»

Ұлы Отанды қорғаңыздар аянбай,

Арттарында сізге сенген халқың бар!

Айзада:

Тоқта, достар, тез мін атқа,

Қатерлі ауру сын сағатта.

Батыстан зіл қара бұлт

Төнді айналып Кавказ қартқа.

Қай жан шыдар бұл мазаққа.

Өлім арлы азаматқа

Бекжан:

Соғыс өтті жалмап талай өмірді,

Қаншама қан еш жазықсыз төгілді

Соғыс аты естілгенде құлаққа

Елестетер қара тажал өлімді.

Көрініс: (Мұңды әуен ойнап тұрады). Ән ойналып жатқанда бірі баласын, бірі әкесін, ал бірі сүйген жарын, бірі бауырын соғысқа шақырып салып тұрғаны сомдалады. Әйелдердің жылаған дауыстары естіледі.

Еркебұлан: Соғыс... Сұрапыл соғыс қанша үйдің адамын ұрлады,қанша үйде оттар сөнді, қанша аналар ұрыс даласынан келген қаралы қағазға сенбей ұлдарын күтумен өмірден өтті, қаншама арулар жесір қалып, сәбилер жетімдіктің зарын тартты.

Айзия: Иә, соғыс өзінің сұмдықтарын бүгінгі күнге дейін ұмыттырар емес. Ұлы Отан Соғысының жеңіспен аяқталғанына міне 70 жыл болды. Бірақ, сол жылдар жаңғырығы адамзат жүрегін әлі сыздатуда. Иә, уақыттың тарихы атты өз төрешісі бар.




Еркебұлан: Сұм соғыс қайтып болмасын,

Бәйшешектер солмасын.

Еліміз бейбіт күн кешіп,

Бір Алла өзі қолдасын.

Соғыстың сөнсін ошағы,

Қайғыдан көңіл босады.

Бірлікпенен күн кешсек,

Бір бақыт бізді тосады, - дей келе

Өтебалы Айзияның орындауында Ән «Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген»

Ерекбұлан: 1941 жылдың 16 қарашасында немістер Москваға Волокалам бағытында ұрысқа шықты. 1075 — атқыштар полкі 4 — ротасының 2 — взводы тұрған бекініс жаудың 30 — танкісі шабул жасады. Взвод жауынгерлері барлығы 28 адам төрт сағатқа созылған ұрыста жаудың 14 танкісін қиратты. Соғыс тарихында асқан ерлікті бейнелейтін бұл ұрыста 18 панфиловшының 23-і қаза тапты. 28-дің 22-сі қазақстандықтар еді.

Айзия: Соғыс жылдары қазақстандық бес әскери құрамға гвардиялық деген құрметті атақ беріліп, олардың туларына әлденеше ордендер қадалды. Олардың жауынгерлерінің ерлігі аңызға айналды. Соның ішінде атақты панфиловшылар дивизиясы бар. Оның құрамынан шыққан батальон, кейіннен дивизия командирі болған Бауыржан Момышұлының, Мәлік Ғабдулиннің есімдері соғыс тарихынан мәңгілік орын алады.

Көрініс: «Отан үшін отқа түс».

(шағын бөлмеде қабырғадағы картаға мұқият қарап, генерал тұрады).

Генерал: Қап! Мына фашист иттің тікендей қадалып тұрғанын қарашы! Соқыр ішектей созылып тұрғанын лағнеттің. (осы кезде Бауыржан кіреді). (Мағжан)

Бауыржан: Бұйрығыңыз бойынша келіп тұрмын жолдас генерал! (Бауыржан)

Генерал: Ах, соғыс, соғыс! Майдан, қырғын арпалыс, қылшылдаған аяз, қасарысқан дұшпан. Осының барлығына шыдау керек.

Бауыржан: Тізе бүгіп тірі жүргеннен, тік тұрып өлген артық емес пе?! Шыдаймыз, жеңеміз жауды!

Генерал: Капитан Момышұлы, сізге батальоныңызбен бірге Москва түбін жаудан азат етуді бұйырамын.

Бауыржан: Құп болады жолдас генерал.

Еркебұлан Қызыл армия Масква түбінде Гитлерлік басқыншыларды алғаш рет жеңді. Бұл шайқаста Бауыржан Момышұлы басқарған батальон ерліктің тамаша үлгісін көрсетіп, жауды ойсырата жеңді. Фашистердің Москва түбінде жеңілуі Ұлы Отан Соғысындағы түбегелі бет бұрыс болды.

Айзия Соғыс кезінде оқ атылмады демесе, ауылдағы тіршіліктің қиындығы майдандағыдан кем болған жоқ. Аналар мен балалар, ақсақалды аталар бәріне төзді. Таңның атысынан көннің батысына дейін ферманың жұмысымен әскерлерге арнап шұлық тоқыды.




Еркебұлан:
Жабады дала төсін нала, қайғы,
Шын қайғы жас кәріге қарамайды.
Қып-қызыл көлдің бетін сұңқылдаған,
Аққулар қанатымен сабалайды.

Би «Катюша»

Еркебұлан:

Тастар көкке атылды,

Орман шулап, тау құлап,

28 батырды жеңе алмады жау бірақ.

Жамылды жер тұманды,

Өрт ішінде қалды бақ.

28 қыранды жеңе алмады жау бірақ.

Айзия:

Оқ астында зулаған,

Туған жермен бір болып,

Жау алдында тұр олар 28 мың болып,

28 батырын ұмытпайды ел мәңгілік.

Көрініс: «Жеңіс»
Радио: «Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!Сөйлеп тұрған Москва!1945 жылы 8 мамырды Германияның жоғарғы командованиесі жеңілгендігін мойындап Актіге қол қойды. 9 мамыр Жеңіс күні!

Халық қуанысып, бір-бірінен сүйінші сұрасып жатады.
Немересі: «Сүйінші! Халқым, жұртым, сүйінші! Неміс фашистері кеше тізе бүгіп, жеңіліпті! (Ақан)

Әжесі : О,жасаған, шынымен қарғыс атқыр соғыстың аяқталғаны ма? (Мадина)

Закария Гүлназ:

Күткен Жеңіс жарқ етті сәуле шашып,
Жеңіс келді, қуандық көңіл тойып,
Жауды жойып батырлар елге оралды,
Ата-анамен қауышты құшақ жайып.

Нұрсұлтан:

Мамыр келді ағаштар бүрін жарып,
Бейбіт өмір оралды күні жарық.
«Шүкір» деп әжелер жүр ақ жаулықтың
Ұшымен көздің жасын сығып алып.

Әсем:

Аспанда күн жарқырап күліп тұрды,
Бейбіт өмір шаттығы тұнып тұрды.
Соғыстан соңғы сәби күлкісімен
Қара күндер қайғысын ұмыттырды.

Еркебұлан: 1945 жылдың 30 сәуірінің кешінде 6 сағат 30 минутта Жеңіс туы тігілді. Ту тіккен — Рақымжан Қошқарбаев. 4 жылға жуық созылған қан төгіс аяқталды. 9 мамыр — Жеңіс күні. Бірақ бұл жеңіс оңайлықпен келмеді. КСРО-ның 1710 қаласы күл талқан болды. 70 мыңнан астам село мен деревняны өрттеп жіберді. Қаншама ана баласыз, қаншама бала әкесіз қалды. Соғыс даласынан 20 миллионнан астам адам қайтқан жоқ, ал соның ішінде 350 мыңы қазақ болатын.

Айзия:  Иә, аспанымызда Жеңіс туы желбірегеніне — 70 жыл. Соғыс өрті өшіп, қайғы мұңнан арылып, бейбітшілік орнап, бақыт гүлін тергенге-70 жыл.

70 жыл — бейбіт көктем таң атқалы,
70 жыл — шуақты күн таратты әнін.
Талай құс содан бері қайта оралды,
Талай бақ әлеміне қайта оранды.
Соғыста өлгендер тек оралмайды,
Тек ұрпақ олар жайлы ән жырлайды.
70 жыл — жауыздықтың ажал оғы,
Біздің елдің үстінен ұшпағалы.

Еркебұлан: Жеңіс бізге атылған оқпен ғана келген жоқ, әнмен де келді. Жауынгерлерді ән алға жетеледі, жігерлендірді. Жаңа ерліктерге көтеріп, үлкен ұрыстарға жеңіс дабылын қақты. 

Қия шыңға өрмелеңдер,
Болашаққа батыл бар.
Жеңіс деген өрен ерлер
Мәңгі өлмейтін батырлар.

Айзия: Ер елсіз болмайды, ел ерсіз болмайды демей ме, дана халқымыз. Қан майданда қол бастап, елінің намысын жауға таптатпаған батырларға арналады.
Еркебұлан: Отанымызды жаудан қорғау жолында қасық қан қалғанша шайқасқан Кеңес одағының батырларына, ардагер апаларымызға басымызды иеміз!

Олар Отанымыздың байтақ жерін қорғады,
Ақ сүт берген анасын қорғады.
Самал ескен даласын қорғады
Пәк жүзді арай баласын қорғады.

Би: «Қазақ биі»

Еркебұлан: «Ер бақыты ел қолында, ел бақыты ерлер қолында», - деп батыр ағамыз Бауыржан Момышұлы айтып кеткендей, ардагерлер – Қазақстан халқына бейбітшілік, тыныштық, береке, бақыт орнатқандар. 9 мамыр Жеңіс күні - әр адамды толқытатын ерекше, аса қастерлі де айтулы күн. Сондықтан осы Ұлы мереке ерекше.

Айзия: Ағалар саптан шықпасын, 
Аналар қабақ шытпасын, 
Бақытқа жетіп бар адам, 
Сәбилер тыныш ұйықтасын,

-дей отырып, ардагер аталарымызға-әжелерімізге рахмет айта отырып, жылда осы Жеңіс күні біздің арамызда мейрамдай берулеріңізге тілектеспіз.

Еркебұлан: Сұрапыл соғысты бастан өткеріп, бізді жеңіске жеткізген ата –бабаларымызды, сол жылдарда қиындыққа төзіп, тылдағы ауыр жұмыстарды атқарып,сонысымен Жеңіс күндерін жақындатқан аналарымызды да мақтан тұтамыз. Жеңімпаз әкелердің, достық пен татулықты қастерлеген аға буынның жалғасы екенімізді ардақ тұтамыз. Бақытты күндер мен шуақты таңдарды әперген барша ардагер аталарымыз бен аналарымыздың алдында  басымызды иеміз. 

Сен неткен Отан — анам, ғажап едің,
Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.
Болашақ ұрпағыңның бақыты үшін,
Жайнай берғ Ұлы Отаным — қазақ елім.

Айзия:  Желбіре, көгілдір Ту, көк аспанда,
Не жетсін жөні келіп жарасқанға.
Сен менің құдіретім, кием-дағы,
Айбардың айтсын сөзді адасқанға.

Осымен құрметті қонақтар, Жеңістің 70 жылдығына арналған «Жеңістің туы, желбіре» атты кешімізді аяқтаймыз. Қатысқан барлық оқушыларға рахметімізді айтамыз! Жеңіс туы көк аспанымызда желбірей берсін! Аспанымыз ашық, еліміз аман, бейбіт заман  болсын,- деп тілей отырып, сөз кезегін осында отырған қонақтарымызға береміз.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!