Материалдар / Жер қабықтары және оның құрамдас бөліктері.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жер қабықтары және оның құрамдас бөліктері.

Материал туралы қысқаша түсінік
5- сынып жаратылыстану пәні бойынша жаңартылған мазмұндағы сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қараша 2018
654
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пәні: География

Сыныбы: 5

Мерзімі:

Мұғалімнің аты-жөні:

Шалбалаева Гүлнар Тұрмысқызы

Сабақтың тақырыбы: Жер қабықтары және оның құрамдас бөліктері.


Мектеп: Арыс қаласы

И. Журба атындағы жалпы орта мектебі

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

5.2.3.1. Жер қабықтары және оның құрамдас бөліктерін сипаттайды.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Географиялық қабықтың, құрамы, шекарасы, орналасу реттілігі туралы түсінеді.

Оқушылардың басым бөлігі: Жер қабықтары туралы сыни ойлай алады, өмірмен байланыстыра мысал келтіре алады.

Кейбір оқушылар: Жер қабықтарының игерілуі мен пайдаланылуына болжам жасай алады. Пікірлерін айтады және дәлелдеу жасай алады.

Бағалау критерийі

1. Жер қабықтары және оның құрамдас бөліктері анықтайды.

2.Терминдер мен ұғымдарды түсінеді.

3. Жер қабықтарын, құрылысын сипаттайды.

4.Экологиялық проблемаларын талдайды.

Тілдік мақсат

Оқылым: Мәтінді оқи отырып Жер қабықтарын зерделейді.

Тыңдалым: Бейне материалдарды, бір-бірінің пікірлерін тыңдайды.

Жазылым: дәптермен жұмыс, постер жасау. эссе жазу

Негізгі сөздер мен тіркестер: атмосфера, литосфера, гидросфера, биосфера

Құндылықтарға баулу

1.Жалпы құндылықтар: Жақсы қарым-қатынас орнату.

2.Ұлттық құндылықтар: табиғатты қорғау оны аялау, тыйым сөздерді пайдалану.

Жер қойнауындағы қазба байлықтардың маңызын , қажеттілігін білу

Пән аралық байланыс

Биология, геология, химия

Алдыңғы оқу

Жер туралы жалпы мәліметтер, жердің ішкі құрылысы туралы біледі

Жоспар

Жоспар-

ланған уақыт

Сабақта жоспарланған жаттығулар

(төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы


(0-3 минут)






















(8 минут)

Ұйымдастыру кезеңі;

-Оқушылармен амандасып, сынып тазалығына мән беріп, оқу құралдарын алғызады.

- Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру үшін, алдымен шеңберге жиналып, өлеңді іс-қимыл арқылы айтуды ұсыну.

(Ұ) Армысың алтын күн! (Күнге қарап бас иеді)

Көгілдір көк аспан! (Аспанға қолраын жаяды)

Бармысың құстарым! (Құстаға қол бұлғайды)

Қанатты достарым! (Құсша қанат қағады)

Суларым таза ма? (Оң қолын оң жаққа созады)

Талдарым аман ба? (Сол қолын сол жаққа созады)

Табиғат ананы (Қолдарын жоғары созады)

Көруге сағынып (Қолдарын жүрек тұсына қояды)

Келген біз балаңыз (Бастарын иеді)


Оқушыларды ұнайтын түстерін таңдауы бойынша 4 топқа бөледі


Презентация, слайд

1-топ «Атмосфера»

2-топ «Гидросфера»

3-топ «Литосфера»

4-топ «Биосфера»

Әр топ таңдап алған жер қабықтарына сипаттама береді?

Түрлі-түсті стикелер

Үй тапсырмасын сұрау «Табақ тарту» әдісі арқылы сұрақтар беріледі;

1 топ. Ағзалардың атмосфераға әсері қандай?

2 топ. Дүниежүзілік мұхиттың бөліктерін атаңдар?

3 топ. Жердің ең орталық өзегіндегі ядро қандай заттардан тұрады?

4 топ. Табиғат  бірлестігі дегеніміз не? т.б

«Рефлексия» оқушылард мақтау, мадақау арқылы ынталандырамын.

Үлестірмелі кеспелер

Ортасы

(5минут)




(10-12 минут)






(2минут)











(5минут)



(3-5 минут)

Жаңа сабаққа кірісу

Қызығушылықты ояту. «Ой қозғау» - Бейне таспа арқылы көрсетіледі

  1. Бейнетаспадан не көрдік?

Суреттермен жұмыс.

Суретке қарап әр қабықтың шекарасы, маңызы, агрегаттық күйі, ластаушы көздер бойынша сипаттайды.талқылаңдар.

1топ: Постер

ІІ топ: Эссе жазу

ІІІ топ: Картамен жұмыс

IY топ: Сурет салу


Бағалау критерийі

Дескрипторлар


Суретке қарап ақпаратты топтастыруы.

Тақырып бойынша әңгіме құрастырып, сипаттай алуы.

Өз жұмысының нәтижелерін бүкіл сыныпқа көрсетіп, сыныптастарының сұрақтарына жауап беруі.


Бейне таспа

Жазу дәптерлері

Интербелсенді тақта


А3 парақтары, түрлі-түсті маркерлер,магниттер

«Кел , ойланайық» сергіту сәті

Қазақ халқының қоршаған орта, табиғатты қорғау туралы айтылған тыйым сөздер, мақал- мәтелдер,нақыл сөздер айту. (Смайликтер арқылы бағаланады)

Интербелсенді тақта

суреттер

«Жүзімнің шоқтары» әдісі.(топтық жұмыс)

(J.Still 1995ж)

Негізгі тірек сөз, ортасындағы шеңберге жазылады, одан туындаған тақырыпшалар жан-жағына жазылып шеңберленеді. Оқушылар оларды сызықтармен қосады.

Жұптың пікірлерін тыңдау,барлық айтылған ой-пікірлерді бағалаудың мақсатына сәйкестендіру .

Смайликтер арқылы бағаланады.


Стикерлер


Географиялық сөздікпен жұмыс: жаттығу

Жазу дәптерлері







Аяқталуы

(3 минут)

Кері байланыс

Білдім:............................................

Анықтадым: ................................

Бөлісе аламын: ...............................................

Бақылаушы топ мүшелерінің бағаларымен таныстырады.

Үй тапсырмасы. Өзіндік жұмыс

Қосымша ақпараттар дайындау.

Түрлі-түсті стикерлер

Бағалау парағы

Қосымша ақпарат :

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері. АКТ-мен байланыс. Құндылықтардағы байланыс

Қабілеті жоғары оқушыларды топтық жұмыста өзінің ой пікірлерін айтқызамын және оның басқа оқушыларға үлгі болуына , басқа оқушылардың үлгілі оқушыға қарап сап түзеуіне немесе өзіндік үлгі болуына жағдаяттар туғызамын.

Қабілеті жоғары оқушыларға жеке ақпарат көздері арқылы қосымша мәліметтермен танысып келуді ұсыну.

Үй жұмысын тексеру барысында. өзара бағалауды және өзін-өзі бағалауды, сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге қошемет, стикер; смайликтер арқылы мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктері мен ынталарын ескеріп ауызша, «Бесбармақпен» бағалауды қолданамын . Түртіп алу стратегисы бойынша кері байланыс орнатамын.


Сабақ жоспарын әзірлеу үшін әдебиет, география, геология пәндері мұғалімінің кеңесі қажет болды.

Оқу процесінің барлық күйзеліс факторларын алып тастау мақсатында әр оқушы өзін еркін ұстауына, көңіл күйінің көтеріңкі болуларына жағдай туындатамын.Ол қызықты географиялық сұрақтардан,мадақтаудан тұрады.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолдану.

Сабақтағы шаралар барысы оқушылардың денсаулығымен қауіпсіздігінн қатер төндірмейді.


Рефлексия.

Сабақ, оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


  • Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз





Қорытынды бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиындықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарды не нәрсеге назар аудару қажет.





































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!