400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ЖЕР ҚЫРТЫСЫНЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫ. ЖЕР СІЛКІНУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылар Жер қыртысының қозғалысы,жер сілкіну, жер сілкінуді зерттеу жайлы біледі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

Пәні: География

Сынып: 6 сынып

Сабақтың тақырыбы

ЖЕР ҚЫРТЫСЫНЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫ. ЖЕР СІЛКІНУ


Сілтеме

6 сынып оқулығы, Мұғалімге арналған нұсқаулық ( 2014 ж)

Асхат Әлімов оқулығы.

Жалпы мақсаттары

Оқушылар Жер қыртысының қозғалысы,жер сілкіну, жер сілкінуді зерттеу жайлы біледі.

Негізгі мақсаттары

Топпен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.

Сыни тұрғыдан ойлауын дамыту.

Өзіндік жұмыстарды тез орындауға үйрету.

Өзін-өзі,бір-бірін бағалай алуға үйрету.

Оқу нәтижелері


Оқушылардың топпен жұмыс жасауда жауапкершілігі қалыптасады.

Өзін-өзі, топты бағалай алады.

Тапсырмаларды орындауда белсенділіктері қалыптасады.

Оқушылардың сөйлеу дағдысы дамиды.

Жер қыртысының қозғалысы, жер сілкіну жайында біледі.

Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

Ынтымақтастық атмосферасы: “Айна” тренингі арқылы оқушылар айнаға қарап: “Бүгін мен қандаймын?” деген сұраққа жауап береді.

Топқа бөлу: “Атомдар мен молекулалар” арқылы топқа бөлемін.

I-топ: эпицентр

II -топ: сейсмограф

II. Үй тапсырмасын сұрау:

« Өрмекші торы » әдісімен жұмыс.

  1. Тау жыныстары дегеніміз не ?

  2. Метаморфтық тау жыныстары дегеніміз не?

  3. Минералдар дегеніміз не?

  4. Шөгінді тау жыныстары ?

III. Жаңа сабақ: I-топ: Жер сілкінуді алдын ала білуге болама?

II -топ: Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіз орындарды білесіңдер ме?

«Ойлан, жұптас, пікірлес » әдіс-тәсілі арқылы мәтінмен жұмыс.

Кім жылдам?

1. Жер сілкіну ошағы деп нені айтады?
2. Жер сілкінудің эпицентрі деп нені айтады?
3. Сейсмикалық аймақтар жершарында қанша белдеу түрінде таралған?
4. Жер қыртысы қозғалысының екінші түрі қалай аталады?
5. Сейсмология қандай ғылым?

Сергіту сәті: «Комплименттер бұрқасыны»

(топтағы оқушылар таза параққа кез келген басқа топтағы бір оқушыға комплимент жазады)

Шағын тест.

1-топ: 1. Жер сілкіну ошағы дүмпуінің жер бетіне шығаратын жері:
а) кратер; ә) саға; б) жанартау; в) гейзер; г) эпицентр.
2. Алматы төңірегінде жер 2 жылда неше рет сілкінеді?
а) 5; ә) 6 б) 7 в) 8 г) 9
3. Жер қыртысының қозғалысын бақылайтын аспап:
а) нивелир; ә) тұсбағар; б) сейсмограф; в) барометр;

г) эхолот.
4. Жер сілкінісі күштерін қанша балдық көрсеткішпен өлшейді?
а) 5; ә) 10; б) 12; в) 50; г) 60;

2-топ: 1. Таулар ненің нәтижесінде пайда болады?
а) су тасқынынан; ә) жер қойнауында болатын ішкі күштердің әсерінен;
б) Күннің жоғарғы бетінде болып тұратын үрдістердің әсерінен;
в) ғарыштық сәулелерден; г) себептері белгісіз.
2. Жер шары қыртысының қандай бөлігін сейсмикалық белдеу дейді?
а) Литосфералық тақталардың шекарасын;
ә) мұхит пен құрлық арасындағы шекараны;
б) ауа мен Жер шарының жоғарғы бөлігі арасындағы шекараны;
в) ауа мен мұхит арасындағы шекараны;
г) мантия мен Жер шары қыртысының арасындағы шекараны.
3. Барлық жер сілкінулердің 80 пайызы қай белдеуде кездеседі? а) Альпі тауларында; ә)Жер орта теңізінде; б) Кордильер тауларында;
в) Тынық мұхит белдеуінде; г) Гималай тауларында.
4. Жер қыртысындағы кенет ығысулар мен ыдыраулар – бұл...?
а) су тасқыны; ә) дауыл; б) құйын; в) жанартау атқылау; г) жер сілкінісі.

Ж

Жауабы:

2-топ:

1. Ә

2. А

3. В

4. Г


ауабы:

1-топ:

1. Г

2. А

3. Б

4. Б

III. Жаңа сабақты бекіту:

Сәйкестендіру:

Тектоникалық. 
Ішкі күш әсерінен жер қыртысын түзетін тау жыныстары белгілі шекке дейін майысады, одан кейін морт сынады. 
Опырылмалы. 
Жоғарғы мантияның кейбір аудандарында жер асты қуыстары-үңгірлер кездеседі. Осы үңгірлер кенет опырылып,құлаған тау жыныстары салдарынан жер бетінде сілкініс пайда болады. 
Жанартаулық. 
Жанартаулық сілкініс сұйық магманың жер қойнауындағы жарықтар мен көтерілген кездегі жердің сілкінуі. 
Жасанды. 
Жасанды жер сілкінулер адамның іс-әрекет салдарынан жер қойнауының тектоникалық тепе-теңдігінің бұзылуынан пайда болады. 
Мысалы: а) су қоймаларын салу; 
ә) газ, мұнай кен орындары; 
б) жер асты ядролық жарылыстар; 
в) тау-кен жұмыстары. 

Географиялық диктант.

1.Жер қыртысының қозғалысын сейсмограф құралы арқылы тіркеп отырады.

2. Жер сілкінісінің күшін 1-12 балдық шкаламен өлшейді. 
3. Жер сілкінісі зардабын азайтудың 2 түрлі жолы бар. 
Жер сілкінісін болжау. 
Төзімді берік құрылыс салу. 
4. Жер сілкіну ошағы – жердің терең қойнауындағы тау жыныстары қабаттарының кенет жарылып, ығысатын жері.

5. Жер сілкінісі алдында жәндіктер мен жануарлардың мазасызданып, ерекше күйге түсуі ертеден-ақ белгілі, Бұл әдіс ғылымда кеңінен пайдаланып келеді. 

6. Жер сілкіну дегеніміз- жер қыртысы мен жоғарғы мантиядағы кенет ығысу және ыдыраулардың әсерінен туатын жер асты дүмпулері мен жер бетінің тербеле қозғалуы.

IV. Қортынды: Кластер құру: Әр топ өз тақырыпшасы бойынша кластер құрады

V.Үйден біліп келуге: ЖЕР ҚЫРТЫСЫНЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫ. ЖЕР СІЛКІНУ

VI. Бағалау: Критерилер бойынша.

Сыныбы: Топ:

Критерилер

Дискрипторлар

Топ мүшелерінің аты-жоні:






Тақырыпты түсінуі

Мазмұндауы







Өз ойын еркін жеткізуі







Сұрақ қоюы







Сұраққа жауап беруі






Түсінгенін сабақта қолдануы

Кластер толтыруда белсене қатысуы







Идеяларды ұсынуы






Кері байланыс.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 қаңтар
1107
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі