Жер
сілкіну, жер сілкінісі
—
жер асты дүмпуі күштерінің әсерінен Жердің беткі қыртысының
тербелуі.
Жер
сілкінісін сейсмология ғылымы зерттейді. Оның туындауына
және дамуына байланысты құбылыстарды сейсмикалық құбылыстар деп
атайды.
Жерсілкіну жанартаулық, денудациялық және
тектоникалық болып бөлінеді.
Жанартаулық
жерсілкіну қазіргі жанартаулар әрекет ететін аудандарда
дамыған.
Тектоникалық
жерсілкіну литосфераның жекелеген блоктары өзара қозғалысқа
келгенде, Жер қойнауында ұзақ уақыт бойы жинақталған механикалық
энергияның қысқа мерзімде шұғыл босанып шығуына байланысты болады.
Мұндай жерсілкіну — Жер қыртысында ұзынынан созылған жарылымдар
жасайды. Жарылым қанаттары ығыстырушы жазықтық бойынша бір-бірімен
салыстырғанда, лездік жылдамдықпен ығысуына байланысты, босанып
шыққан энергия серпімді
тербелістер, яғни сейсмикалық толқындар түрінде
жан-жаққа таралады.
Жерсілкіну Жер қойнауындағы орналасу тереңдігіне
қарай:
-
Жер
бетіне жақын (тереңдігі 10 км-ге дейін),
-
орташа немесе қалыпты тереңдіктегі (10 – 60
км),
-
аралық (60 – 300 км) және терең фокусты (300
км-ден терең) болып жіктеледі.
Ең көп тарағаны
жақын және орташа тереңдіктегі жерсілкінулер. Терең фокусты
жерсілкіну өте аз тараған. Жерсілкіну гипоцентрі теңіз бен мұхиттардың
астында да орналасады.
Жер сілкінісі кенеттен пайда
болады және қас-қағым сәтте өтеді. Жер сілкінісі - бұл жер
қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған
қозғалыспен жарылыс нәтижесінде пайда болған және елеулі ауытқу
түрінде үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер асты
қозғалысы. Жер қыртысының траекториялық қозғалысын тудыратын жер
сілкінісі өте жойқын болып келеді. Жер сілкінісінің барысында
үйлер, жолдар, көпірлер, каналдар тоғандар мен басқа да ғимараттар,
су құбырлары, канализация, электр беру жүйесіне зиян келіп,
байланыс бұзылыды. Тау жыныстарынан тау құлайды, адамдарды
үрей билейді. Жер сілкінісінің жойқын күшінің әсерінен
болатын апаттар көпшілікке мәлім. Өйткені Қазақстанның 450 мың
шаршы километр аумағында жер сілкіну қаупі бар. Бұл аумақта 6 млн.
халық тұрады. 27 қала, 400 ден астам елді мекен бар. Еліміздің
қырық процентке жуық өндірістік потенциалы осы аумаққа
шоғырланған.
Жер сілкінісі кезіндегі
міндеттер Жер сілкінген сәтте сіздің ой-әрекетіңіз бен
іс-қимылыңызға 5-10 секунд қана уақытыңыз бар. Осы сәтте үрейге
еркіндік беріп, абдырып-сасып қателессеңіз, арты бақытсыздыққа
әкелуі ықтимал. Өзіңізді де, өзгелерді де үрейлендірмеңіз. Үйдің
ішінде: Сілкініс кезінде далаға жүгіріп шығуда немесе жер
сілкінісінің яғни үйдің ішінде кетуді пәтердің қай қабатта
орналасуына байланысты шешуге тиіссіз. Егер сіз көп қабатты үйдің
бірінші немесе екінші қабатында тұратын болсаңыз, далаға шығуға
мүмкіндігіңіз бар. Далаға қашып шыққаннан кейін үйден аулақ тұрған
жөн. Үшінші және одан жоғары қабаттардан қашып шығу қауіпті екенін
естен шығармаңыз. Сілкініс кезінде қауіпті және қауіпсіз жерлерді
анық білген жөн.
Қауіпсіз жерлер: Үйде
(ғимараттың ішінде)
1)Босаға есік
жақтауы
2)Ішкі
бұрыш
3)Мықты
қабырға
4)Бел
ағаш
5)Ванна,
тоңазытқыш
6)Парта,стол,кереует
Далада: 1)Ашық алаң
2)Биік ғимараттардан аулақ
болу
3)Биік ағаштардан аулақ
болу
Қауіпті
жерлер: 1)Терезе жақтағы
бұрыш
1)Биік
ғимараттар
2)Биік
ағаштар
3)Баспалдақ
4)Лифт
5)Жиһаздар
6)Шам жағу
қауіпті
7) Соңғы қатардағы шеткі
бөлмелер
Далада: 1)Биік ғимараттар
2)Биік
ағаштар
3)Электр
жүйелері
4)Жер асты өткелі