Материалдар / Жердің магнит өрісіне байланысты тылсым құбылыстар (Плазмозаврлар)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жердің магнит өрісіне байланысты тылсым құбылыстар (Плазмозаврлар)

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада "Жердің магнит өрісі" тақырыбын өткен кезде оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін Жердің оңтүстік магнит полюсінде (географиялық солтүстік полюсте) кездесетін тылсым құбылыстар туралы айтылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Мамыр 2024
188
2 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Плазмозаврлар туралы əңгіме

(Жердің магнит өрісін зерттеу кезіндегі тылсым құбылыс)


Айназарова Қ.Ж.

Ақтөбе қаласы №51 гимназияның физика пәні мұғалімі

Бұл əңгімені өткен ғасырдың 50 жылдары, яғни 1950 жылы совет поляршысы Юрий Коршунов өзінің Антарктидаға жасаған зерттеу сапары туралы көп жылдан кейін жазған болатын. Сол сапарға шыққан алты адамның екеуі ғана тірі оралған екен. Ресми деректер бойынша бұл адамдар қатты жел мен аяздан өлген деп есептеледі. Бірақ Юрий

Ефремовичтің айтуы бойынша басқаша. Оның əңгімесін «Өлтіргіш шарлар» деп атауға

болады. Оның əңгімесінің қысқаша түрі:

«Күнделікті жұмыс күндерінің бірінде өзіміздің алдын-ала есептеулер бойынша Оңтүстік магнит полюсі деп есептелетін жерге келген кезде келеңсіз оқиғалар басталды. Сол күні барлығымыз ерте жаттық, бірақ ұйқымыз келген жоқ, мен өзімді онша сезінбедім деп палаткадан шықтым. Біздің «вездеходттан» 300 м –дей жерде бір жарқыраған шар тұрғанын көрдім. Ол футбол добы сияқты секіріп тұрды, бірақ одан 100 еседей үлкен еді. Бұны көрген мен қатты айқайлап жібердім. Барлығы сыртқа атып шықты. Бір кезде шар секіргенін қойып бізге қарай жайлап жақындай бастады, жəне оның формасы жайлап үлкен колбаса түріне өзгере бастады. Түсі қарая бастады, көзі жоқ бас сияқты жағында үлкен тесік пайда болды, «құдайақы» ол бірнəрсе деп сөйлеген сияқты болды,және шардың астындағы қар сықырлай бастады.Осы жерде фотограф Саша суретке түсіргісі келіп жақындады. Сол уақытта шар отты лента сияқты Сашаны жан-жағынан орап алады. Сол кезде ол қатты айқайлап жіберді, қолынан аппарты түсіп қалды. Осы кезде Андрей Скобелев пен врач Рома Кустов екеуі бірден оқ атады.Оқтың атылған дауысы бомба жарылғандай болды. От шашқан лента жан-жаққа найзағай сияқты ұшқын шашып, жана бастайды. Мен Сашаның қасына бардым: оның жаны жоқ, үстіндегі поляршының арнайы костюмі жүнге айналған. Біз өзіміздің «Мирный» станциясымен байланысқа түспек болдық: мұнымыздан ештеңе шықпады, адам миына əсер ететін тұтас шыңқылдаған, ысқырған дыбыстар шығып әбігерге түстік. Мен мұндай өте күшті магнит дауылын бұрын соңды көрмеппін. Осындай магнит өрісі, дауылы үш күн бойы тұрды. Лента болған жердегі мұз тереңдігі жарты метр, ені екі метр болатын шұңқырға айналған. Сашаны полюске жерлеуге тура келді. Ертеңіне Сашаны жерлеген жердің дəл үстінде тағы бір шар пайда болды, бір минуттан кейін екеуі тағы пайда болды: бұл жолы олардың ауадан қоюланып пайда болатынын көріп тұрдық, жоғарыдан пайда болып, жерге қарай түсе бастады, олар аспанда ілулі тұрғандай болды, бізге қарай түсініксіз траектория бойымен жақындап келеді. Андрей суретке түсіре бастады, мен аспаптардың өлшеулерін қарап тұрмын, Кустов пен Борисов шарлар колбасаға айнала бастаған мезетте оларды ата бастады Не болғанын білмейміз, біз есімізді жиғанда шарлар болған жоқ, тек озонның иісі қатты сезіліп тұрды. Екі күннен кейін Кустов пен Борисов, одан кейін Андрей Скобелев қайтыс болды.» Ресейліктерден кейін 1962 жылы оңтүстік магнит полюсіне американдықтар аттанады. Олар алдыңғы ресейліктердің жағдайын ескеріп барады. Экспедиция мүшелері аман қайтады, бірақ, олардың осы сапары туралы ешқандай ақпарат жоқ. Құпия түрінде қалады. Барған адамдардың жартысы психиатриялық ауруханаға түседі. Сондықтан бұл экспедицияға да шарлар кездесуі əбден мүмкін.

Американдық ғалымдар 1966 жылы бұл шарларға плазмозавр деген ат берді. Американдық физик Рой Кристофер плазмозаврға бұл - электрленген тірі антрактикалық

құбыжық – қою плазма деп өзінің көзқарасын білдірді. Оның айтуы бойынша мұндай

шар-плазмозаврлар Жер бетінен 400-800 км биіктікте болады. Олар ол жақта разрядталған

күйде болып көзге көрінбейді. Ал олар оңтүстік магнит полюсі маңында атмосфераның

тығыз қабатына енген кезде олар да тығыздалып көзге көріне бастайды. Неге екені белгісіз мұндай плазмозаврлар жердің солтүстік магнит полюсінде байқалмаған.

Алғаш рет оңтүстік магнит полюсінде 1902 жылы американдық зерттеуші Роберт Фолкон Скотт бастаған адамдар барады. Полюске барғанша жолда олардың бір адамы өледі, белгіленген жерге жалауларын орнатып қайтады. Осы қайтар жолда олардың бəрі өледі. Ресми деректер бойынша олар жолдан адасып, ас-сусыз, техникалары бұзылып, үсіп өлді деп айтады. Бұл оқиғаға да тылсым шарлардың қатысы бар деген болжам да бар.

Мүмкін болашақта магнит полюсіндегі түсініксіз құбылыстардың толыққанды түсіндірмесі де табылып қалар. Мұндай əңгімеге біреу сеніп біреу сенбес, бірақ табиғаттың адам түсінбейтін тылсым жақтары бар екеніне бəрі сенеді.

Астрономия пəнін оқытуда ежелгі аңыздарды келтіру артық болмайды, мұндай əңгіме жаңалыққа жаны құштар баланы селт еткізетіні сөзсіз, демек пəнге қызығушылығы артады.


1. Н.В.Короновский,Соросовский «Магнитное поле геологического прошлого Земли»

образовательный журнал №6 1996г. cтр.56-63

2. https://mirtayn.ru/monstry-antarktidy-plazmozavry/

3. http://www.youtube.com/watch?v=JCgcqCuUTMY; 10. 09. 2014


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!