Материалдар / "Жеті жұрт" интеллектуалды ойыны
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Жеті жұрт" интеллектуалды ойыны

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл интеллектуалды ойынды қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша сыныптан тыс жұмыс өткізгенде пайдалануға болады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Желтоқсан 2022
376
10 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Сыныбы: 7

Тақырыбы: «Жеті жұрттың тілін біл» (Интеллектуалды ойыны)

Мақсаты: Оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, өз тілін дұрыс меңгеріп, таза сөйлеуге, тілін қастерлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: қанатты сөздер, гүлдер, шарлар, слайдтар.

Барысы:

І тур: «Бәйге»

ІІ тур: «Полиглот»

ІІІ тур: «Әдебиет әлемінде»

ІҮ тур: «Шешендік өнер»

Ү тур: «Жорға»

Мұғалім: Қымбатты ұстаздар, оқушылар! Мектебіміздің 7-сыныптары арасында өткізіліп отырған «Жеті жұрттың тілін біл» тақырыбындағы интеллектуалды ойынымызға қош келдіңіздер!

Тілден асқан асқар жоқ,

Тілден асқан байлық жоқ,

Тілден асқан теңіз жоқ,

- дей келе бүгінгі сайысқа қатысатын оқушыларды ортаға шақырсақ.

(Оқушылар өздерін таныстырады)

Мұғалім: Сайыскер оқушылардың білімін, шешендік шеберлігін бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстырайық. (Әділқазылар алқасы таныстырылады.)

Сайысымыз бес турдан тұрады. Әр жауап 5 ұпаймен белгіленіп отырады. Сұрақ барлығына бірдей қойылады. Кім бірінші жалаушаны көтерсе, сол жауап береді. Сұрақтар қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша беріледі.

1-тур: «Бәйге»

  1. Қазіргі кезде қолданыстан шығып қалған сөздерді қалай атаймыз? (Архаизм)

  2. Лексикалық мағыналары қарама-қарсы сөздер қалай аталады? (Антоним)

  3. Қазақ тілінде неше сөз табы бар? (Тоғыз)

  4. Қазақ тілінде буынның неше түрі бар? (ашық, тұйық, бітеу)

  5. Қазақ тілінің әліпбиі неше әріптен тұрады? (42)

  6. Күрделі сөздердің түрлерін ата? (қос сөз, қысқарған сөз, біріккен сөз, тіркесті сөз)

  7. Ғылым мен техниканың дамуына байланысты тілімізге енген сөздер қалай аталады? (неологизм)

  8. Сөздің түпкі мағыналы бөлігі қалай аталады? (түбір)

  9. Жалғаудың түрлерін ата. (көптік, септік, жіктік, тәуелдік)

  10. Сын есімнің шырайларын ата. (салыстырмалы, күшейтпелі)

2-тур: «Полиглот»

Мұғалім: Сайыстың бұл бөлімінде мақал-мәтелдердің түсіп қалған сөздерін тауып, үш тілдегі баламасын тауып айтады. Бір нұсқаға 5 ұпай, үш нұсқаға 15 ұпай беріледі. Сұраққа жауап беретін топ жеребе тастау бойнша анықталады. Егер жауап болмаса, жауап беру құқығы келесі топқа өтіп отырады.

  1. Өнер алды қызыл ... (тіл, язык, languge)

  2. Тіл ... жарады, ... жармаса бас жарады. (тас, камень, stone)

  3. ... тамған тілден у да тамар. (бал, мед, honey)

  4. кілті - тіл. (білім, знание, knowline)

  5. ... аласынан сөз аласы жаман. (көз, глаза, eye)

  6. Жалқаудың жаны тәтті, еңбектің ... тәтті. (нан, хлеб, bread)

  7. Ұстаз көрген ... таныр. (хат, письмо, letter)

  8. Таяқ еттен өтеді, ... сүйектен өтеді. (сөз, слово, word)

  9. Ақымақ бас екі ... тыныштық бермес. (аяқ, нога, foot)

  10. ... тілі бал, ананың сүті бал. (бала, ребенок, child)

3-тур «Әдебиет әлемінде»

1. Сүйемін туған тілім – анам тілін,

Бесікте жатқанымда берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан,

Құлағыма сіңірген таныс үнін. (С. Торайғыров)

2. Туған тілім – тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім мен де бірге өшемін. ( Ә. Тәжібаев)

3. Гүлбаршын қай батырдың жары? (Алпамыс)

4. «О, Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңінің авторы кім? (Д. Бабатайұлы)

5. Ай мен Таңсық кімдер? (Қарабайдың өгей қыздары)

6. «Ел жата Есбол, Еламан, Рай келді», қай шығармадан үзінді?

(Ә. Нұрпейісов «Балықшылар»)

7. Ақтамақ, Әмірқан қай шығарманың кейіпкерлері? (Ж. Аймауытов «Әнші»)

8. «Бір адамға» өлеңінің авторы кім? (С. Торайғыров)

9. Ш. Мұртазаның «Жүз жылдық жара» шығармасындағы киелі ағаш (Байшынар)

10. «Толқын», «Сүйемін», «Сағындым» өлеңдерінің авторы кім? (М. Жұмабаев)

4-тур

«Шешендік өнер»

Бұл турда сайыскерлер шешендік сөз үлгілерінен үзінділер оқиды. Сайыскерлердің өзін-өзі ұстай білуі, интонациясы, тыңдаушыларды баурап алу қабілеті ескеріледі.

5-тур

«Жорға»

Топбасшылар 1 минут ішінде 10 сұраққа жауап беруі тиіс. Топ басшысынан жауап болмаған жағдайда топ мүшелері көмек беруіне болады.

1-сайыскердің сұрақтары:

  1. «Абай жолы» роман-эпопеясының авторы кім? (М. Әуезов)

  2. Қазақ тілінде неше септік бар? (7)

  3. Абай Құнанбайұлының шын аты кім? (Ибраһим)

  4. Қазақ тілінде неше сөйлем мүшесі бар? (5)

  5. «Менің атым - Қожа» шығармасының авторы? (Б. Соқпақбаев)

  6. «Төбе шашы тік тұрды» тұрақты тіркесінің мағынасы қандай? (қорқу)

  7. «Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ» өлеңінің авторы? (Абай)

  8. «Даудың басы – Дайрабайдың көк сиыры» шығармасының авторы? (Б. Майлин)

  9. Одағайдың неше түрі бар, ата. (Шақыру, жекіру, көңіл-күй).

  10. Анықтауыштың сұрақтарын ата. (Қандай? Қай? Қанша? Неше? Кімнің? Ненің?)

2-сайыскердің сұрақтары:

1. Зат есімнің сұрақтары? (Кім? Не? Кімдер? Нелер?)

2. Қазақ тілінде неше тұрлаулы мүше бар? (Бастауыш, баяндауыш)

3. «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңінің автоы кім? (Абай)

4. «Қас пен көздің арасында» тұрақты тіркесінің мағынасы. (жылдам)

5. Мұғалімнің сөмкесіне бақа салатын кім? (Қожа)

6. «Аухау-аухау, шөре-шөре» қандай одағайлар? (шақыру)

7. Етістіктің сұрақтарын ата.(Қайтті? Не істеді? Қайтеді?)

8. «Мен, сол, ол, бұл, барша» қандай сөз табына жатады? (Есімдік)

9. Толықтауыштың сұрақтарын ата. (Атау, іліктен басқа септіктердің сұрақтары)

10. Абай Құнанбайұлының қара сөздерінің саны. (45)

































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!