Материалдар / ЖЕТІ МОДУЛЬДІК ЖАҢА ТӘСІЛДЕРІН ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТ САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ЖЕТІ МОДУЛЬДІК ЖАҢА ТӘСІЛДЕРІН ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТ САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУ

Материал туралы қысқаша түсінік
«Шын беріле қызықтаған нәрсе ғана адамның жүрегінен орын алады» Әл-Фараби Қоғам жан-жақты зерделі, дарынды, талантты тұлғаға шөлін басады. Сондықтан дәл осындай тұлғаны қалыптастыру мақсатында күш салған жөн деп өз басым мойындаймын. «Өмір- үлкен ағыс», тек сол ағыспен таласатын заманға сай адам баласы. Білім берудің негізгі сатысында қазақ тілін оқытудың мақсаты – тәуелсіз елімізде қолданылу аясы кеңіген ана тіліміздің қоғамдық – әлеуметтік мәнін түсінген, қазақ тілінің сан-саналы қызметін меңгерген, коммуникативтік біліктілігі дамыған дара тұлғаны даярлау. Орыс тілде оқытатын мектептерде қазақ тілі сабақтарының басты мақсаты- балалардың сөздік қорын дамыту, оқу техникасын қалыптастыру, дұрыс сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету, қазақ халқының әдебиеті мен мәдениетінен білім беру.Сондықтан да оқушылардың білімін арттыру үшін сабақта жаңа технологияларды пайдаланғаны дұрыс. Бүгінгі таңда осы тұрғыдан алғанда мұғал
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

КІРІСПЕ



«Шын беріле қызықтаған нәрсе

ғана адамның жүрегінен орын алады»


Әл-Фараби


Қоғам жан-жақты зерделі, дарынды, талантты тұлғаға шөлін басады. Сондықтан дәл осындай тұлғаны қалыптастыру мақсатында күш салған жөн деп өз басым мойындаймын. «Өмір- үлкен ағыс», тек сол ағыспен таласатын заманға сай адам баласы. Білім берудің негізгі сатысында қазақ тілін оқытудың мақсаты – тәуелсіз елімізде қолданылу аясы кеңіген ана тіліміздің қоғамдық – әлеуметтік мәнін түсінген, қазақ тілінің сан-саналы қызметін меңгерген, коммуникативтік біліктілігі дамыған дара тұлғаны даярлау. Орыс тілде оқытатын мектептерде қазақ тілі сабақтарының басты мақсаты- балалардың сөздік қорын дамыту, оқу техникасын қалыптастыру, дұрыс сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету, қазақ халқының әдебиеті мен мәдениетінен білім беру.Сондықтан да оқушылардың білімін арттыру үшін сабақта жаңа технологияларды пайдаланғаны дұрыс.

Бүгінгі таңда осы  тұрғыдан  алғанда мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру, таңдай білу еркіндігі тиіп отыр. «Сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер » - деп Жүсіпбек атамыз айтқандай, бұл өнердің қыр-сырына мән берген жөн.Менің жаңа формация педагог ретінде қалыптасуымның алғашқы сатысы деңгейлік бағдарламалар аясында оқытудан басталды деп санаймын. Сол сәттен бастап, көзқарасымның бетпердесі үлкен өзгеріске ұшырады. Жаңа заман даму кезеңіндегі басты мәселелердің бірі – оқытудың жаңа  технологияларын  еңгізу, яғни оқу үрдісіне пайдалану. Өйткені, басында атап айтқандай жаңа түрлі  технологияларды  оқу үрдісіне қолдануының тиімділігі мол. Сонымен қатар, мұғалім де әрдайым ізденісте болса ғана, үлкен шыңнан көрінетін шәкірттерге қол жеткізе алады. Осындай бағыттарды ескере отырып өткізген сабақтарымның талабы:

-оқушылардың оқу барысында өздерін еркін сезінуіне жағдай жасау;

- қазақ тіліне деген қызығушылығын дамыту;

- алдына қойған мақсаттарына жетуге талаптандыру;

- бағытталған әдіс-тәсілдерді қолдану;

- балалардың жас ерекшелігін ескере отырып, оқытудың түрлері, формалары, әдіс-тәсілдерін түрлендіру;

- өз бетімен жұмыс істеуге, шешім қабылдауға мүмкіндіктер жасау. Мәселен, «Жануарлар әлемі» атты тақырыбында сабақты бастамас бұрын оқушыларды психологиялық тұрғыдан қарым-қатынасқа дайындау жұмысымен, «Қаражорға» биімен бастадым. Оқушылардың қуанышында шек болмады. Көңілдері көтерінкі болып, денелері шыңығып, психологиялық тұрғыдан қарағанда , қарым-қатынастық байланыс пайда болды. Жасөспірім кезенде балаларды көптеген сұрақтар мен сауалдар мазалайды. Мысалы, кейбіреулері неге батыл келеді, сенімділікпен өмір сүре алады,

қиыншылықтарды да оңай шешеді, кез келген адаммен де жеңіл тіл табыса алады.Бұл "Өмірлік дағдымен байланысты" деп айтасыз. Ал өмірлік дағды дегеніміз не?

«Дағды- бұл іскерлік»- деген анықтаманы сөздіктен табамыз.Сондықтан балаларды неғұрлым ерте кезден өміріне қажетті іскерлік пен дағдыларға бейімдесек, соғұрлым еңбегіміз нәтижелі болмақ. Тренинг дегеніміз не? Тренинг- тұлғаны дамыту мақсатында құрылған арнайы ұйымдастырылған оқушылардың қарым-қатынас жасау тәсілі. Тренинг деген не?

Тренинг-сабақта жалпы айтылғанды нақты білімге сүйіне отырып, жеке тәжірибеден өткізіп оқытудың ерекше түрі. Тренингтің негізгі белгілерінің бірі- қатысушылардың белсенділігі.Тренингте ұсынылған жағдаяттарды көрсету, жаттығулар орындау, арнайы сызба бойынша басқа адамдардың іс-әрекетіне бақылау жасау болуы мүмкін.Жаттықтыру жұмысының маңызды міндеті-кері байланысты қамтамасыз ететін жағдай туғызу. Сол себептен өзімнің сабақтарымда тренинг жұмыстарын жиі өткіземін. Олар «карусель» ойыны, «ойға шабуыл», «рөлдік ойындар әдісітердің тиімділігі оқушылардың өздерін еркін сезінуіне жағдай жасалуы және оқытушымен оқушының арасында сенімділік, сыйластық байланысқа жол ашылады, қызығушылығы арта түседі.












1.ЖЕТІ МОДУЛЬДІК ЖАҢА ТӘСІЛДЕРІН ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТ САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУ


1.1Қазақ тілі мен әдебиет сабағындағы оқыту мен оқудағы

жаңа тәсілдер.

Қазіргі кезде тілді оқытудың мыңдаған әдістері мен тәсілдері кездеседі.

Негізінен тілді үйретудің негізгі мақсаты-оқушылардың сөздік қорын байыту және сол сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру. Оқушылар сөзді неғұрлым көп білсе, соғұрлым жұмыстың басқа салалары да жедел жүреді. Демек, сөздік қорын көбейту, ауызша айтылған әңгімені түсіну (сөйлеген сөзді, өз ойын айта білу).

Бүгінгі таңда кез келген тақырып өтпес бұрын, менің сыныптағы жұмысының негізгі түрі- ауызша сөйлеу болады. Бүкіл сабақ айналадағы нәрселерді көрсету арқылы сұрақ-жауап түрінде өтеді, бұған қоса суреттер, ойыншықтар, модельдер, сызба-кестелер көрсетіп, түрлі ойындар өткізіп, экскурсия (серуен жасап), сондағы көргендері бойынша әңгіме жүргізу.

Сөздік минимумда көрсетілген сөздер оқушыларға таныс тақырыптар бойынша өтеді. Ауызша сабақтарда жеке сөздерді сөйлемнен даралап, жеке өтуге болмайды. Ең көңіл бөлетін жайт: сөйлемдегі үйретілетін сөздерді балалардың дұрыс айтуына дағдыландыру. Бұл үшін сабақ қызғылықты, көрнекілігі мол, оқушыларды белсенді қатыстыра өтілуі тиіс.

Сұрақ-жауап ауызша сөйлесудің тиімді әдісі болғанымен, жалаң сұрақ –жауап түрінде бүкіл сабақ бойында балаларды зеріктіруге болмайды, ол үшін әр түрлі әдіс-тәсілдер қолданылады: затты мұғалім, содан соң оқушы көрсетіп, атын атау немесе суретін көрсету, сұрақ-жауап әдісі, қоршаған орта жайлы әңгіме, т.б. ауызша сөйлеудің екі жағы бар, өз ойын айту, өзгелерді түсіну.өз ойын айтудың екі жолы бар: монолог және диалог түрінде. Бала мектепке дейін тілді диалог түрінде үйренеді, ал монологтық сөзді мектепте. Алғашқы кезде диалогтық сөзді, содан соң монологқа көшу керек. Оқушының тіл дамыту үшін жүргізілетін әңгімелердің тақырыбын іріктеп алған жөн, балалардың қызығатын ойыны арқылы өткізетін әңгімелер болғаны дұрыс. Қазақ тілі сабағы сұрақ-жауап, сөйлесу, әңгіме, түсінгенін айту, аударма түрінде өткізіледі. Әр сабақ сайын тақырыпқа сай көрнекі құралдар, түрлі суреттер, кестелер, ақпараттық-коммуникациялық технология қолданылады.Төменгі сыныпта қазақ тілі пән ретінде ауызекі сабақтардан басталып, сауат ашумен жалғасады. Ауызекі сабақтарда жеке сөздердің дыбысталуымен таныстырылып, сол сөздерді дұрыс айтуға жаттықтырып, меңгерілгенін сөздік қор негізінде бірте-бірте оқу мен жазуға үйретіледі.Оқушылар ауызекі сабақтарда сөз құрамындағы дыбыстармен, әсіресе, қазақ тіліне тән дыбыстармен естілу бойынша танысса, енді әр дыбысты таңбасы арқылы айыра білуге, дұрыс айтуға, сауатты жазуға дағдыланады. Осы дағды сабақтың алғашқы кезеңінен бірте-бірте кеңейтіліп, оқушылар біртіндеп, сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді оқуға жаттығады. 

Мектепте балалар сабақ үстінде бір-бірімен сөйлеспейді.

Балалар сөйлескен жағдайда, ол тәртіпті бүзған болып есептеледі, мұғалімнен ескерту алады. Ойын жағдайын балалар сабақ барысында бір-бірімен ақпарлармен алмасатындай, ақылдасатындай, бір-біріне дәлелдей алатындай, бір-бірін бағалайтындай етіп, ұйымдастыру керек. Ойыңдар қолданылған сабақтарда оқушылар белсенділік көрсетеді. Бұлай болу барлық ойынға тән нәрсе, оның топтық түрде өтуіне байланысты. Топтық түрде сабақтағы білім алу, традициялык білім беру «мұғалім — оқушы» өрнегін күрделендіреді. Яғни, өрнек былай күрделенеді: «мұғалім — топ — оқушы», бұдан келесі өрнек туындайды: «оқушы — оқушы». «Оқушы — оқушы» жүйесінде «топ-оқушы», «оқушы — топ» өрнектері өздігінен туындап жатады және оқушылар білмейтіндерін көрсетуге тырыспайды. Балалар бір-бірінің ойларымен пікірлерімен алмасады, дәлелдейді, қателеседі, өз ойларын ортаға салады, негіздейді, тексереді, қателерін түзейді т. с. с. Ойын барысындағы пікірлер алмасу нәтижесінде, оқу материалдарын жылдам және жақсырақ игереді, қиындықтарды бірге шешеді. Мұндай жағдай­да, барлық балалар алға жылжиды, білімдері терең балалардың тежелмеуін, білімі төмен балалардың алға ұмтылуына мүмкіндік береді.

Қазақ тілі сабақтарында ойынды ұйымдастырғанда оқушылар бір-біріне көмектесетіндей, бір-бірімен бірігетіндей жағдай жасау керек. Сонда сабақ тек білім беру қызметін ғана емес, тәрбиелеу қызметін де атқарады. Мұңдай сабақтардың өтілуі нәтижесінде оқушыларда бір-бірімен сөйлесе білу мәдениеті, тәртіптілік, топқа және бір-біріне жауапкершілік сезімінің болуы, менмендік және жалқаулықтан безу қасиеттері қалыптасады.

Атақты француз ғалымы Луй де Брайль былай дейді: «ең қарапайым мәселені қозғайтын ойындардың өзінде ғылыми жұмысқа ұқсас жалпы элементтер көп кездеседі. Екі жағдайда да (ойын мен ғылыми жұмыс) ең бастысы койылған мақсаттың болуы, сонан соң қиындықтың болуы, оны жеңу, жаңалықты ашу қуаныш. Міне, сондықтан да, бар адамдарды, жасына карамастан, ойын өзіне тартып тұрады.»

Мұғалімнің ең басты мақсаты — сабақ мақсаты мен қолданылатын ойынның мақсатын ескере отырып, сабақтар мен сыныптан тыс сабақтарда, оны орынды қолдана білу. Оқушылар мен мұғалімнің ойынға ынтасы болған жағдайда ғана, ойын жүруі мүмкін. Ешқандай ойынды формалды ойнауға болмайды. Әрбір дидактикалық ойынға, бір жағынан дидактикалық  жаттығуларды орындау тән, мысалы: затқа немесе құбылысқа жалпы сипат беру, олардың ерекшеліктерін табу сияқты жүмыстар, оқушыларды үқсастықты, айырмашылықты т.с.с. қүбылыстарды табуға, байқауға баулиды. Бұл мағынадағы ойындардың үйрету қасиеті бар. Ендігі бір жағынан, дидактикалық ойындарға тән нәрсе ойнау. Оқушының назары біріншіден соған ауады, ал ойын барысында ойынның білім беру мақсатының калай орындалатындығы байқалмай қалады.

Сондықтан, сабақтарда өтілетін ойындар оқушыларға жәй сабақ ретінде емес, жәй алданыш ретінде де емес, қызықты жұмыс ретінде беріледі. Ойынды жүргізу үшін сынып командаларға бөлінеді. Команда қүрамын қалаулары бойынша жасауға болар еді, дегенмен топ құрамы аралас және топтардың күштері тең болуы керек.

Ойынды жүргізудегі мүғалімнің маңызды орынын атап өтейін. Педагогикалық бірлестік жүзеге асқан жағдайда жақсы нәтижеге жетуге болады. Ойынның идеясын, көбіне, мұғалім ойлап табады. Оқушылардың ойынды ойлап-құрауы өте пайдалы, өйткені қандайда да бір тақырыпқа ойын ойлап табу үшін, сол тақырыпты оқушы терең білуі керек. Сондықтан практикалык әдіске ойнау элементтері бойынша тіл үйрену кіреді.

Дидактикалық ойындар оқушылардың білімін бекітіп, сөздік қорын молайтады, сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді дұрыс құрастыруға , қажетті сөздерді дұрыс тауып қоюға, кішігірім әңгіме айтуға жаттығады. Балалар ойынның тәртібін білмейтін балаға үйретеді, түсіндіреді. 
Сонымен қатар бұрынғы ойнаған ойындарын естеріне түсіреді. Белгілі суретшілердің туындыларын, балаларға арналған суретті кітапшалар, мерекелерге дайындық, түрлі ойын – сауықтар өткізу де балалардың тілін дамытуға септігін тигізеді. Балалармен түрлі әдеби – музыкалық ойындар өткізу – олардың әдеби тілде сөйлеу машығын қалыптастыру үшін қажет. Оқушылар қазақша сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді оқығанда сөйлеу екпінін дикциясы , яғни сөзге, буынға, екпінді дұрыс түсіруге үйренеді. Рөлге бөліп ойнайтын ойын баланың ойын өз бетінше тұжырымдап айтуына көмектеседі. Мұғалім, әсіресе осы жұмысты орындаған оқушының еңбегін бағалау тиіс. Сонымен, ойын арқылы келесі маңызды міндеттер:  баланың қоғамдық қатынастарға бейімделуі, жалпыадамзаттық мәдени құндылықтар мен әртүрлі ұлт өкілдерінің мәдениеттерін меңгеруі; баланың шынайы адамгершілік коммуникацияға енуіне мүмкіндік беретін коммуникативті іс-әрекеттердің көрініс табуы жүзеге асырылады. Мұғалім ойын технологияларын пайдалана отырып, баланың әр қырынан көрінуіне (интеллектуалдылық, шығармашылық, эмоционалдылық, коммуникативтік) және оның мінез-құлқында, қарым-қатынасында, оқуында пайда болатын әртүрлі қиындықтарды жеңуге жағдай жасайды.Қазақ тілі  сабағында ойын элементтерін кіріктіре отырып, шығармашыл тұлғаны қалыптастыру- мұғалімнің міндеті.Тіл дамыту жұмысында мақал-мәтелдер және сөз тіркестерін пайдаланып сөйлем құратудың да пайдасы зор. Мұғалім бұл жұмыс түрі арқылы оқушының ойын көрікті айта білуге, мақал-мәтелдердің тіліміздегі көркемдік ерекшелігін, оның тәрбиелік мәнін ұғуға деген дағдыны қалыптастырады.

Оқушы мақал-мәтелдерді кірістіріп сөйлем құрау арқылы олардың идеялық-көркемдік ерекшелігін танып біледі. Сондықтан оқушы мақал-мәтелді қолданып сөйлем құрау арқылы еңбекке, білім алуға, өнерге, жақсы әдеттерге үйір болуға, жаман мінездерден безуге, ұқыптылыққа байланысты нақыл сөздерді үйренуге жақын болады.Жазбаша тілді үйретуде жаттығулардың атқаратын қызметі зор. Жаттығулар ғылымда екіге бөлінеді: тілдік және сөйлеу. Тілдік жаттығулардың міндеті – грамматиканы меңгерту. Бұл жаттығулардың оқушыларға берері тілдік тұлғаларды қолдандырып, оны сөйлеген кезде қолдана білуге үйрету. Сөйлеу жаттығулары тілдік материалды айтылған ойға байланысты дұрыс қолдана білу. Яғни, бұл – сұраққа дұрыс жауап бере білу, сұрақ қоя білу, сөйлемдерді дұрыс құру, аудару, шығарма жұмыстарын жаза білу, ситуацияға байланысты әңгіме құра білу. Сөйлеу жаттығуларын орындауда оқушылар қазақша сөйлеуге жаттығады. Сөйлеудің жеке адамға немесе көп адамға қатысты түрін, яғни ауызша, жазбаша сөйлеуді оқушы сөйлеу жаттығулары арқылы меңгереді. Сөйлеу мен сөйлесудің түрлерін меңгерген оқушы ғана өз ойын толық жеткізе алады, өйткені оған үйренген сөздік қоры негіз болады. Сондай-ақ оқыған кітабын мазмұндай алу, сөйлегенде мақал-мәтелдерді дұрыс қолдана білу, тақпақ, өлең айту да оқушының тілін әбден жетілдіреді, дамытады. Осы жұмыстарды оқушы жиі қолданып отырса, тілі жаттығады, ол өз ойын еркін жеткізе алуға именбейтін болады.

Тақпақ, өлең айтудың тіл дамыту кезіндегі өзіндік ерешеліктері бар. Өйткені, өлең, тақпақ айтқан кезде оқушы өлеңнін әр сөзін, мағынасын түсіне білуі керек, өйтпеген жағдайда ол өлеңді дұрыс айта алмайды, ойын жеткізе алмайды. Аталған жұмыс түрлері оқушыны қазақша сөйлеуге жаттықтырады, тілін дамытады.Қазақ тілі сабағында оқытудың жаңа технологиялары, интерактивті әдістер жиі қолданылады. Басқа ұлт өкілдерін  оқытуда даралай және деңгейлеп оқыту әдістерін қолдану керек. Инновациялық әдіс тәсілдерді ретімен ендіру арқылы  оқытушы оқушының қызығуын, белсенділігін арттыру арқылы сабақтың сапасы көтеріледі. Қоғамдағы өзгерістер білім беру жүйесіне де ықпал етіп отыр. Оқушыға білімді жан-жақты беріп, дұрыс жол сілтеп, бағыт-бағдар көрсетіп отыруға қажет етеді. Қазақ тілін меңгеру қиын жұмыс болғанымен, өзінше қызғылықты, өйткені оқушыларға қойылатын талап жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, сапалы да терең білім беріп, оқушылардың ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін жақсы жетілдіреді.











1.2Қазақ тілі мен әдебиет сабағындағы сыни тұрғыдан ойлау.

«Сыни   тұрғыдан   ойлауды  дамыту»  технологиясы  үш кезең бойынша қолданылады:

1. Қызығушылықты ояту.

2. Мағынаны тану.

3. Ой толғаныс.

Осы кезеңдердің ұтымды өткізілуі мынадай нәтиже береді:

- білім алушының белсенділігін арттыру;

- пәнге қызығушылығын ояту;

- өзіндік көзқарасын білдіруге мүмкіндік беру;

- зерттеуге икемділігін дамыту;

- сөйлесім әрекеті белсенділігін арттыру;

- білім алушылар бір-бірімен қарым-қатынас жасай біледі;

- басқаларды тыңдауды, кез келген жауапқа сыйластық, түсіністікпен қарауға.Қазіргі сабақтарымда оқушылар жаппай тілдік әрекетке түседі. Мәселен, 4 сыныптағы «Жыл мезгілдері» мәтінін талдау барысында әр оқушы өз ойын айтуға мүмкіндік алды. Алдымен оқушылар мәтінмен танысты, бір-бірін толықтырды. Кластер стратегиясы бойынша әр жыл мезгіліне деген ұғымға түсінік берді.

Picture 1 Picture 6


Өз  сабақтарымда  сын  тұрғысынан   ойлауды  дамыту  технологиясының  сатыларын жиі қолданамын: claster, ой шақыру, венн диаграммасы, дөңгелек үстел, INSERT т.б., олардың  сабақта  қолданылуының пайдасы зор, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы, танымдық белсенділігі, сөйлесім әрекетінің белсенділігі артады.

Тіл дамыту-жеке тұлғаның әртүрлі жеке бас ерекшелігімен ойлау білу, дербес іздену, салыстыру, қорытынды жасау, сезім-түйсіктері, таным іс әрекеттерімен тікелей болады.Қазақ тіліндегі тіл дамыту жұмыстарын мынадай мақсаттар негізіне сүйендім: аз сөзге терең мағына сыйғызу,ойын бейнелі, көркем, айшықты да шешен, оралымды пайдалана отырып жеткізу-ауызша,жазбаша , ауызекі сөйлеу тіліндегі мәнерлілік, айқындық, нақтылық,жүйелік, еркіндік, жазба тілдеріндегі жатықтық,

сөздерді түрлендіре пайдалану, сауаттылық , жазу мәдениетіне қойылатын талаптарды меңгеру, қазақ тілінен алған білімдерін өмірде пайдалану.




1.3 Қазақ тілі мен әдебиет сабағындағы оқыту үшін бағалау және

оқуды бағалау.

Білім берудің қазіргі заман талабы - шығармашылықпен жұмыc жасайтын, бәcекеге қабілетті, құзіретті тұлға тәрбиелеу.Оқыту - мұғалімдердің оқушыларға жасаған сыйы емес, бұл құзіреттіліктер білім алу үшін оқушылардың өздері де оқу үдерісіне белсенді қатысуын талап етеді. Мұғалімдер, өз кезегінде, өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс. Осы мақсатта мұғалім оқыту ортасын құру керек. Осыған байланысты оқушылар арасында өзара  түсіністік және ұжымдық қарым-қатынасты орнатып, оқушылардың сенімсіздіктерін жойып,  мүмкіндіктерін арттыруға жол ашатын критериалды бағалау болып табылады.Критерийлер - оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, атап айтқанда, оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі.Критериалдық бағалау - бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критериялармен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.Егер балаға оның белгілі бір деңгейге жеткендігін айтса, онда бұл оған үздік нәтижеге жету үшін не істеу керектігін түсінуге көмектеспейді; бұл ретте егер баламен бірге оның жұмысында мұндай бағалауға не әкелгенін және бағалау өлшемдерін түсіндіруге талдау жасаса, онда бұл балаға өзінің нәтижесін жақсарту үшін кейін не істеу керектігін түсінуге мүмкіндік береді.

]Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты:

  • Мектепте оқыту сапасын жоғарлату

  • Мектеп  бітірушілердің білімін  халықаралық стандартқа сәйкестендіру.

Критериалды бағалаудың міндеттері:

  • Сабақтың әр  бөліктеріндегі әр оқушының дайындық деңгейін анықтауға;

  • Бағдарламаға сәйкес оқу мақсаттарын орындау қабілеті;

  • Жеке оқушының даму жетістігін бақылауға;

  • Оқушының білім алу барысындағы қателіктері мен олқылықтарын айқындауға;

  • Әртүрлі жұмыс барысындағы алған өз бағасының  әділдігіне көзін жеткізуге;

  • Оқу бағдарламасының тиімділігін саралауға;

  • Сабақ үдерісі мен білімнің меңгерілуі туралы оқушы мен мұғалім және ата-ана арасындағы кері байланысты қамтамасыз етуге



Практикалық маңызы

  • Тек қана оқушы жұмысы бағаланады;

  • Орындалған жұмыс алдын ала белгілі үлгі (эталонмен) салыстырылады;

  • Оқушы өзінің жұмысын бағалауға мүмкіндік беретін нақты бағалау алгоритмін біледі және ата-анасына ақпарат бере алады;

  • Критериалды бағалау белгілі оқу мақсаты бойынша бағаланады

Критериалды бағалаудың маңызы:

Мұғалімдер үшін:

  • Сапала нәтижеге әкелетін критерийлер құрастыруға;

  • Өз іс-әрекетін саралап және болашаққа жоспарлай алатын мәліметтер алуға;

  • Сабақ берудің сапасын арттыруға;

  • Оқушының жеке  ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың әр тұлғаға арналған ауқымын жоспарлауға;

  • Бағалаудың әртүрлі әдістерін пайдалануға;

  • Оқу бағдарламасын қолжетімді ету үшін ұсыныстар енгізуге

Оқушылар үшін:

  • Танымдық қабілеті мен ойлау деңгейін арттыратын оқытудың әртүрлі әдістерін пайдалануға;

  • Табысқа жетелейтін бағалау критерийлерін түсінуге;

  • Өзін және өзгелерді бағалау арқылы кері байланысқа түсуге;

  • Сыни ойлауына, еркін ойын айтуына, өзінің білімін көрсетуге

Ата-аналар үшін:

  • Баласының білім сапасының дәлелдемелерімен танысуға;

  • Оның оқуындағы табыстылықты бақылауға;

  • Оқуына қолдау көрсету үшін бағыт алуына мүмкіндік туғызады.





Критерийдің мазмұны:

Критерийлер

Дескрипторлар

А

Білу және түсіну


Жекелеген  сыныптар  мен пәндер  көлемінде  оқу бағдарламасы мақсатына сәйкес келетін нақты фактілерді, ақпараттар және  сипаттамаларды  білу және  жаңғырту. Алынған ақпаратты талдау, қайта жаңғырту, болжау жасау арқылы түсінгендігін көрсете білу

В

Қолдану


Бұрын алған ақпараттар  мен білімдерін жаңа немесе таныс емес жағдайларда және контекстерде қолдану, пайдалануБілгенін, түсінгенін, дағдыларын сабақ барысында қолдану арқылы көрсету.Әр сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін білімдерін қолдануды көрсетудің жолдары: практикалық жұмыс, диаграммалармен жұмыс, кескін картада жұмыс жасай алуы, есептер шығару,  жобалар, мәселені шешу  және жаңа нәтижелер ойлап табу болып табылады

С

Сыни ой-

лау және

зерттеу


Білім  көзінен алған ақпараттарды талдау, синтездеу, бағал

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!