Материалдар / "Жетісу аймағы мен Шығыс Қазақстан облысындағы диалектикалық ерекшеліктер"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Жетісу аймағы мен Шығыс Қазақстан облысындағы диалектикалық ерекшеліктер"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл жобада Шығыс Қазақстан мен Жетісу өңірінің жергілікті тілдік ерекшеліктері анықталып, диалектілердің қалыптасуының тарихы, мағыналық, танымдық негіздері, құрылымдық жүйелері қарастырылған. Шығыс және Жетісу өңірінің жергілікті тіл ерекшеліктеріне байланысты ой-пікірлер жинақталып, жүйеленді. Қазақ тіл біліміндегі теориялық көзқарастарға сүйене отырып, диалектілердің қолданылу аясы, дыбыстық, мағыналық, құрылымдық ерекшеліктері айқындалды. Талдау барысында жергілікті тіл ерекшеліктерінің халықтың тұрмыс-тіршілігіне, кәсібіне, географиялық орналасу шегіне қарай қалыптасуы көрсетілді. Мағыналық және құрылымдық жағынан тұрақтанған диалектизмдердіңэтимологиясы анықталды. Адамдардың іс-әрекет, тұрмысы, қоғамдық өмірін көрсететін атаулар анылталды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Сәуір 2020
844
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жетісу өңірі мен Шығыс Қазақстан облысының диалектілері

Диалектілердің контексттері

Ада – гүде (Семей, Абр.. Ақс) түгел бәрін, мүлде. Ада (ескі) әда. Ада болу, өтеу, ада қылу, борышты төлеу. Аяқтау, тауысу, біржола бітіру. (уст. Окончание, завершение, конец, уплата, долга, выполнение, исполнение). Сен жігітім, кемпірге қарама, бұл осы самауырды ада қылмай тынбайды. (М.Иманжанов) Е.Б.Бекмұхаметов Қазақ тіліндегі араб-парсы сөздері, түсіндірме сөздік, «Қазақстан» баспасы Алматы – 1977,

Ақырет (Семей, Мақаншы, Үржар, Аягөз) – дәке. Дүкенге ақырет тай-тай болып түсіпті. Діни (ахерәт, ахерет). Діншілдердің ұйғаруынша, о дүние. Ақыретте не деп жауап берерімізді қайдам (С.Мұқанов). өлген адамның денесін орайтын ақ мата, кебін. Тілеубайдың сүйегіне түскен замандастары суық денесін ақыретке орады (З.Шашкин). Е.Б.Бекмұхаметов Қазақ тіліндегі араб-парсы сөздері, түсіндірме сөздік, «Қазақстан» баспасы Алматы – 1977, 23-24бет.

Алапа (Сем, Абай, Шұб) – қалыңмал. Осы күнде қыз бергенде алапа алмаймыз. Бұхар жыраудың Шоқан Уәлиханов жазып алған бір тарауында (Абылай ханға арнаған жоқтауында): Қырық сан қара қалмақты Жарлығына қаратқан. Алафасын арттырып, Арпалап атты қуантқан – деген жолдар бар. Мұндағы алафа сөзі бұл күнде бейтаныстау. Қазақ тілінің толық (10 томдық) түсіндірме сөздігі алапа сөзінің көне екенін көрсетеді де, оған Қазақ Совет Энциклопедиясы берген анықтаманы қайталап береді. Бұл екі анықтағыш кітаптың түсіндіруінше алапаның бір мағынасы бір жағы «олжа, пайда, табыс», екіншісі – «пара, алым, ауыз, бастырық», үшіншіден бұл сөз – кәделі сыйлықтың, жөн-жоралғының атауы. (ҚТТС, 1974, 1, 196). АЛ Шоқан жарияларын жазбалаған кезде осы толғауды аударушылар академик Ә.Марғұлан мен Дж.Кармышева алафа сөзі келген өлең жолын «Айналасына ұлылықтың нұрын шашқан (окружил себя ореолом величия» деп аударады. (Валиханов, І, 170). Демек, бұл жерде алапа сөзінің және бір мағынасы көрсетіледі. Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктерін жинап зерттеушілердің мәліметіне қарағанда, бұл сөз Қазақстанның әр өлкесінде әртүрлі мәнде жұмсалатыны байқалады. Семей, Абай аударында бұл сөздің мағынасы «Қалыңмал», Қостанай, Қызылорда өңірінде «олжа, пайда, табыс», ал Жамбыл, Шу аудандарынан жиналған материалдардың көрсетуі бойынша, бұл сөздің алапаның мағынасы – адамгершілік, бедел. Бұхар толғауындағы алапа сөзінің контекстегі мәні осы соңғы мағынаға жуықтайды: алапасын арттырып – «беделін арттырып» деп түсінуге болады. Біздіңше, о баста, алапа сөзі (алапай тұлғасында да келеді) «соғыс ұрыста түскен олжа» дегенді білдірсе керек. Оның бұл мағынасы қырғыз тілінде сақталған. Ала түбірінен жасалған «олжа, трофей» мәніндегі сөз өзге түркі тілдерінде де бар. Мысалы, түрік тілінде: аланж 1) олжа, 2) тартып алу, конфискация (турец-русск сл..43). Қазақ тілінде де алапаның «олжа» мәні жай олжа емес, соғыста түскен олжа екенін Қазақ энциклопедиясынан көруге болады: ерте заманда жаудан түскен олжа алапай (алапа) деп аталған. Тіпті алапаға қызықпа деген халық мәтелі, энциклопедия мен түсіндірме сөздік көрсеткендей, «параға қызықпа» деген ұғымда емес, «жаудан түскен олжаға қызықпа», яғни «бүлген елден бүлдіргі алма» дегенді білдіретін тәрізді. Келе-келе көне сөз мағынасы құбылып, бір жерде «жалпы олжа» (одан барып кәденің өзінің атауы) деген мағыналарда қолданылатын болған. Сөйтіп, алапа сөзі негізінен екі түрлі мағынада ертеректе жиі қолданылған, бұл күнде әртүрлі ұғымда әр жерде сақталған көне сөздердің бірі деп танимыз. (Рабиға Сыздықова «Сөздер сөйлейді» (сөздердің қолданылу тарихынан), Алматы, «Санат», 1994, 32-33 бет).

Әйкел (Талдықорған) кітап – қағаз салатын сөмке. Омар қарт баласына әйкел сатып әперді. Қыз Жібек жырының 1887 жылы жазылған қолжазба бойынша берілген бір нұсқасында Алашабайдың қызы Жібектің портретін берген ақын оны: Қостан әйкел тағынған, Жүз теңгелік опа, ендік. Екі бетке жағынған – деп суреттейді. Мұндағы Әйкел сөзі констекске қарағанда сәндік үшін әйелдер тағынатын зат екені түсінікті болып тұр. Жыр нұсқасының орысшаға аудармасында әйкел сөзін «қамзолға қадайтын әшекей» деп түсіндіреді. Әйкел сөзінің барқытқа зер қадап, оған күміс ақша тағып, сол иықтың үстінен әкеліп, оң қолтықтың астынан түймелейтін, қыздардың сәндікке киетін әшекейінің бірі» деген де түсіндірмесі бар. Рабиға Сыздықова «Сөздер сөйлейді» (сөздердің қолданылу тарихынан), Алматы, «Санат», 1994, 51-52 бет.

Әмбе (Шығ.Қаз, Кат) әрі. Лапкеге ешнәрсе келе қоймайды әмбе алыста. (һәмэ). Барлығы түгел, тегіс, күллі. Тұл қалдырмай әммесін Үптепті де кетіпті (Абай). Е.Б.Бекмұхаметов Қазақ тіліндегі араб-парсы сөздері, түсіндірме сөздік, «Қазақстан» баспасы Алматы – 1977, 35 бет

Әмір, әмірә (Шығ.Қаз, Қат) тыныштық. Қасқыр қатты, малға әмір бермейді. (әмр). Бұйрық, жарлық, указ. Құнанбай қысқа-қысқа әмірді ауыл бас сайын кісі шаптырып айтқызып жатқан (М.Әуезов), (әмир) – әмір етуші, әкім, ұлық, хан сұлтан. Е.Б.Бекмұхаметов Қазақ тіліндегі араб-парсы сөздері, түсіндірме сөздік, «Қазақстан» баспасы Алматы – 1977, 35-36 бет.

Бадам (Шығ.Қаз, Зайс, Тарб, Күрш) қарау, қол астында болу. Ол бадам болды. Жеміс аты және оның өсетін ағашы. Бадам ағашының түбінде отырып демалдық. Е.Б.Бексұхаметов Қазақ тіліндегі араб-парсы сөздері, түсіндірме сөздік, «Қазақстан» баспасы Алматы – 1977, 40 бет.

Бақал (Сем, Ақс, Абай) мықыр, тапал адам. Өспей қалған нәрселерді де бақал деп айтамыз. (бәқалә) ескі – азық-түлік, ұсақ-түйек товарлар және соларды сатушы. Не көргені аз топас көзге, не жарамсақ көзге алтын да күміс сияқты көрінетін бояуларды Сандыбай бақалшыдан алған. (Ғ.Мүсірепов). Е.Б.Бексұхаметов Қазақ тіліндегі араб-парсы сөздері, түсіндірме сөздік, «Қазақстан» баспасы Алматы – 1977, 40-41 бет.

Бәтер, бәтір (Шығ.Қаз, Зайс, Сем, Абай, Ақс, Көкп, Мақ) табаға ашытпай пісірілген нан. Жазда бәтерді табаға пысырамыз. (фәтир) – ашытпаған қамырдан пісірілген нан. Е.Б.Бекмұхаметов Қазақ тіліндегі араб-парсы сөздері, түсіндірме сөздік, «Қазақстан» баспасы Алматы – 1977, 44 бет.

Бияз (Сем, Үрж) матаның түрі. Биязды да талап алып жатыр. (пиаз) – тамақтың исін, дәмін кіргізетін ащы бақша өсімдігі, сарымсақ. Махдум ащы пиязды қашырлата шайнап, күлкісін тыймастан сөйлеп отыр. (С.Айни). Е.Б.Бексұхаметов Қазақ тіліндегі араб-парсы сөздері, түсіндірме сөздік, «Қазақстан» баспасы Алматы – 1977, 47 бет.

Боқша (Сем, Абай, Ақс, Көкп) сөмке, портфель. Мектепке баратын болсаң, боқшаң қайда? (ескі) (буқче, бугче). Шәкірттердің кітап дәптерлерін салатын сумка. Мойнына киіз боқша асқан шәкірт сияқты сезінемін әлі күнге. Е.Б.Бекмұхаметов Қазақ тіліндегі араб-парсы сөздері, түсіндірме сөздік, «Қазақстан» баспасы Алматы – 1977, 48 бет.

Болат (Шығ.Қаз, Зайс) көздің нұры, қарашығы. Көздің болатына қарай доктор көзілдірік береді ғой. (фолад) – металлургиялық жолмен өндіріліп, темір мен көміртегінің қосындысы. Ал қара көк астымда, Белде болат қанжарым. (Қ.Аманжолов). Е.Б.Бекмұхаметов Қазақ тіліндегі араб-парсы сөздері, түсіндірме сөздік, «Қазақстан» баспасы Алматы – 1977, 48 бет.

Бұршақ (Сем, Көкп, Абай) жүгері. Зайсан аудандарының тұрғындары жүгеріні бормы деп те, бұршақ деп те атайды. Қамбар батыр жырында өзіне таласқан қалмақ ханы Мақтымды Қамбар жеңіп сұлатқан соң, қыз Лазымның (Назымның) көңілі орнына түседі, оны жыршы: Мойнынан алған сықылды, Бұрынғы салған бұршағым – деп суреттейді. Осы жырды бастырушылар мойнына бұршақ салу деген тіркесті былайша түсіндіреді: бұрынғы кезде басына қатты қайғы түскен адам тілек тілеп, мойнына тас байлайтын әдет болған, қайсысы жойылғанда ғана мойнына салғанын алады екен. («Қамбар батыр», Алматы 1957, 112). Бұл жерде ескі наным-сенімге байланысты әдетті дұрыс көрсеткен, бірақ мұндағы бұршақ тас емес, бұл жері – қате. Шынында да өте ертедегі наным-сенім бойынша тәңірі мен әулие-әнбиелерден бір нәрсені қатты тілегенде адамдар мойнына көбінесе шылбыр, арқан, жіп, белбеу сияқтыларды сататын болған. Оған «Қыз Жібек» жырындағы мына жолдар да дәлел бола алады. Сансызбай бала мен Қорен қалмақтың жекпе-жегінде Сансызбайдан балғын жастың мерт болмауын Жібек сұлу құдайынан тілеп: Көк сандалдың шылбырын, Мойнына орап салады. Бір Құдайға зар етіп, Мінәжат қып тұрады. «Қозы Көрпеш» жырында да: Мойнына кісесін сап жалынды енді – деген жолдарды оқимыз. Ал бұршақ деген «көгеннің желісіне өткізілген лақ, қозы байлайтын шағын бүлдірге жіп, бір жақ басы түйіншек, екінші жақ басы-ескен жіптің тұйық ілмегі. Демек бұл жердегі бұршақ сөзінің аспаннан жауатын бұршаққа да, кішкене-кішкене құмалақтай (тастардай) нәрсеге де мысалы, лобия бұршағы, еш қатысы жоқ. Сондықтан бұршақ сөзінің орнына шылыр, кісе сияқты өзге де «жіптердің» қолданыла алатынын жоғарғы мысалдар дәлелдейді. Бұл сөз қазақ тіліндегідей мағынада қырғыз тілінде де қолданылады. Сонымен қатар мұнда бұршақ сөзінің екінші мағынасы бары және көрсетіледі, ол «жалпы мойынға ілетін жіп» (арқан), осыдан барып «тұтқында, қапаста болу» мағынасы туған: бурчактан келу – тұтқыннан босанып келу. Рабиға Сыздықова «Сөздер сөйлейді» (сөздердің қолданылу тарихынан), Алматы, «Санат», 1994, 61-62 бет

Ғар (Шығ.Қаз, Больш, Семей, Абай) үңгір. Осылай жүре берсеңіз, алдыңыздан үлкен ғар кездеседі. (ғар) – үңгір, тау үңгірі. Мамырда жатқан жері бір үлкен ғар. Мекендеп тұрған жері Тянь-Шань тауы. Моңғолдар әр кез барып қылатын зар. Е.Б.Бекмұхаметов Қазақ тіліндегі араб-парсы сөздері, түсіндірме сөздік, «Қазақстан» баспасы Алматы – 1977, 52 бет.

Дода (Сем, Ақс, Көкп, Абай) шашылып жатқан қоқыр-соқыр, қиқым-сиқым. (дуде) – бобыраған, қалай болса солай, тәртіпсіз нәрсе. Үйме, үйінді, дода-додасы шыққан, бытшыт болған зат. Алты өгіз жеккен бір сабан, алдын бастаған қаршадай бала, артын ұстаған дода сақал қара кісі жер қыртысын таспаша тіліп, қара шымды төңкеріп барады. (Ғ.Мұстафин) Е.Б.Бекмұхаметов Қазақ тіліндегі араб-парсы сөздері, түсіндірме сөздік, «Қазақстан» баспасы Алматы – 1977, 62 бет.

Егер (Сем, Абай) егес, айтыс-тартыс, талас. Бұрынғы кезде осы екі ел егер болып жатушы еді. (әгәр) – шарттық мәнді тудыратын шылау сөз. Егер ісім өнсін десең, ретін тап (Абай) Е.Б.Бекмұхаметов Қазақ тіліндегі араб-парсы сөздері, түсіндірме сөздік, «Қазақстан» баспасы Алматы – 1977, 66 бет.

Жабы ит (Алм.Шел) – қаппайтын ит және үй күзететін ит. Түкке керегі жоқ жабы иттер толып жатыр. Ш.Сарыбаев, О.Нақысбеков, 4 бет.

Жады (Шығ.Қаз, Марқ) қан ауруы. Осыдан бұрын талданған жад сөзіне тұлғасы жағынан ұқсас, бірақ одан мүлде басқа сөздің бірі – йат/йад. Алдыңғы жад ету дегендегі жад сөзі парсы тілінікі болса, бұл талдағалы отырған жад/йад – түркі тілінің өз сөзі (түсіндірме сөздікте жады сөзін парсынікі деп қате көрсеткен). Көне түркі тілдерінде бұл сөздің бір мағынасы – «сиқырлық, арбау, дуалау, жаңбыр мен жел шақыратын сиқырлық», йадчы сөзі «сиқыр адам, арбаушы, сиқырлаушы», йатла етістігі – сиқырлау деген ұғымдарды берген. Соңғы екі сөз сол тұлғада қазақ тілінде де бар, мағынасы да сақталған: жадыла – «сиқырлап, арбап дуалау. Бір нәрсенің құпия сыры, сиқыры ұғымында жады сөзі де кездеседі. Жады – ескі наным бойынша сиқырлы күштің біреуге ынтықтыруынан болатын сырқат. Осы түбірден туындаған жадыгөй – сиқырлап, дуалап, алдап-арбайтын сиқыршы. Бұл екі сөзден жасалған жадылау, жадыгөйлену, жадыгөйсу сияқты етістіктер де, жадылық, жадыгөйлік сияқты дерексіз есімдер де қолданылады. Жадыөй, жады сөздерін М.Әуезов «Қарақыпшақ Қобыланды» пьесасында да, «Қарагөз» трагедиясында да жақсы пайдаланған. Қазіргі кезде ұмыт бола бастаған бұл сөздерді түсініктірек болу үшін қатар келтіріп те қолданады: жадысы мен жәдігөйі жайлаған жерде (Әуезов 6 том, 202). Бұл күнде жәдігей сөзі «сиқыршы» деген тура мағынасынан ауысып, жалпы «алдаушы, қастандық етуші, екі жүзді адам» деген ұғымда жиірек кездеседі. Жад/жат түбірі қазақ тілінде екінші бір фонетикалық тұлғада қолданылған. Ол – жайшы және күн жайлату сөздері. Бұлардың да түбірі – йад. Түркі тілдерінің даму барысында д-й дыбыстық алмасулары болғаны белгілі (адақ-айақ. Құдық-құй дегендер сияқты.) Сонда жайшы – сиқыршы мәніндегі йадчы-ның қазіргі варианты. бірақ жайшы - кез келген сиқыршы (жалпы жадыгөй адам) емес, ауа райын өзгерту үшін сиқырлық жасаушы адам. Өткен ғасыр лексикографы (сөздікшісі) Н.И.Ильминский: жайшы-жаңбыр шақырушы деп көрсетеді. Шоқан Уәлиханов та осыны айтады: «Жайшы-қазақтарда сиқырмен жаңбыр шақырушы». Осы етістіктің жайлату деген ырықсыз етіс түрі күн сөзімен тіркесіп, күн жайлату деген этнографизмді жасайды. «Қозы Көрпеш» жырында таза қойшы болып жүрген Қозы Баянның асқа кеткен әкесі мен Қодарды келтірмей кідірту үшін: он екі күн бұршақты төгілдіріп, күн жайлатып, асшыны қамап салды – деп суреттеледі. Және бір жерде тағы да сол Қозы: Жердің жүзін күн жайлатып боран қылды – деп келеді. Күн жайлату тіркесінің мағынасы көне наным-сенімдерге қатысты екені мәлім, яғни сиқырлап жауын-шашын шақыруды күн жайлату дейді. Мұндай сиқыршыны жайшы деп атайды. Рабиға Сыздықова «Сөздер сөйлейді» (сөздердің қолданылу тарихынан), Алматы, «Санат», 1994, 74-76беттер аралығы. (Джаду) – бас айналдыру, сиқырлау, дуа (дұға) істеу, арбау. Не ойы болушы еді. Ой ойлағандай болып жүрме, жады болған соң. Е.Б.Бекмұхаметов Қазақ тіліндегі араб-парсы сөздері, түсіндірме сөздік, «Қазақстан» баспасы Алматы – 1977, 68 бет.

Жайтында (Талдықорған, Керб) – жайында. Бүгін еңбек болу жайтында баяндама болады. Ш.сарыбаев, О.Нақысбаев, «Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі», Алматы «Ғылым» 1999, 9 бет.

Жай шөп (Алм.Жам) – қолдан еккен шөп. Жай шөптің өнімі де сапасы да жабайы шөптен артық. Ш.сарыбаев, О.Нақысбаев, «Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі», Алматы «Ғылым» 1999, 9 бет.

Жақат (Алм,Шел) – пайда, табыс, кіріс. Огородымыздан жақат биыл көп түсті. Колхоз егісінен жақат көп. Ш.сарыбаев, О.Нақысбаев, «Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі», Алматы «Ғылым» 1999, 10 бет.

Жақпар-жақпар (Сем, Абай) қатпар-қатпар. Алдымызда жақпар-жақпар болып Орда тауы жатыр. Ш.сарыбаев, О.Нақысбаев, «Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі», Алматы «Ғылым» 1999, 10 бет.

Жалғасу (Алм, Кег) – жолығу, кездесу. Сіздер Бақытбекке жалғастыңыздар ма? Ш.сарыбаев, О.Нақысбаев, «Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі», Алматы «Ғылым» 1999, 12 бет.

Жалманқұлақ (Алм,Жамб, Сем, Үрж, Аягөз) – ащылы сор жерге шығатын жапырақты шөп. Жалманқұлақ қыста да қурамайды. Ш.сарыбаев, О.Нақысбаев, «Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі», Алматы «Ғылым» 1999, 12 бет.

Жалталақтау (Сем, Көкп, Ақс) жалтақтау. Ол артына қарай жалталақтай берді. Ш.сарыбаев, О.Нақысбаев, «Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі», Алматы «Ғылым» 1999, 13 бет.

Жамандат түю (Сем, Көкп) – айыптау, қаралап сүю. Сот процесінде прокурор ол туралы жамандат түйді. Ш.сарыбаев, О.Нақысбаев, «Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі», Алматы «Ғылым» 1999, 14 бет.

Жанасалап беру (Шығ.Қаз, Больш) – жанаса беру. Ол атты кісіге жанасалай берді. Ш.сарыбаев, О.Нақысбаев, «Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі», Алматы «Ғылым» 1999, 15 бет.

Жанғыз (Шығ.Қаз, Күрш) – жалғыз. Жанғыз бауырым бар. Ш.сарыбаев, О.Нақысбаев, «Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі», Алматы «Ғылым» 1999, 15 бет.

Зар (Шығ.Қаз, Қатон) жұпар, хош иіс. (зар) – қайғы, қасірет, қапа, мұң, шер. Жанына батқан түнде апа зары, Балқытпай қыз жүрегін тоқтамады. (Ж.Саин) Е.Б.Бекмұхаметов Қазақ тіліндегі араб-парсы сөздері, түсіндірме сөздік, «Қазақстан» баспасы Алматы – 1977, 77 бет.

Кесел (Сем, Абай) кесір, қырсық. Қанша айтсақ та киемін деп қоймады ғой әлгі кеселің. (кәсел, кәсәл) – ауру, сырқат, дерт, қайғы-қасірет, мұң, жамандық, арам ой. Абай мынадан жирен, деп қоғамның кеселді жақтарын әшкереледі. (Т.Әлімқұлов). Е.Б.Бекмұхаметов Қазақ тіліндегі араб-парсы сөздері, түсіндірме сөздік, «Қазақстан» баспасы Алматы – 1977, 89 бет.

Қағанақ (Сем, Абай) лампаның шынысы. Осы күнде лампаның қағанағы өте көп. Қазақтың халық өлеңінің біреуінде: қойым жайып келемін бозғанаққа, Өзім тойып келемін қағанаққа – деген жолдар бар. Әдетте қағанақ сөзін бұл күнде «амалдың іштегі төлін орап тұратын жұқаша қабық» деп түсінеміз немесе қағансы қарық, сағанағы сарық деген образды тіркесте қолданамыз да, қағанақ, сағанақ сөздерінің мағынасы немене дегенге мән бермейміз, өйткені фразаның (тіркестің) жалпы мағынасын түсінеміз, ол «мәз-мейрам болу, дүниесі түгелдену». Ал жоғарыдағы өлең тексінде келген қағанақ сөзінің мағынасы тағамға қатысты екендігі констекстен көрінеді. Іздестірсек, өткен ғасырда қазақ тілінен материал жинаған В.Радлов қағанақ – қазақ тілінде «пісірілген уыз» деген сөз деп көрсетеді. Ал Будагов бұл сөзді «төлдің (қозының) жолдасы (іштегі төлді орап тұратын жұқаша қабық) деген мағынадағы сөз деп тіркеген. Тілімізде қолданылатын қағанағы қарс (тарс) айрылу сияқты тіркестің (мағынасы – қатты шамдану, ашулану, тұлдану) құрамындағы қағанақ сөзінің «жарылып, айрылып кететін қабық» деген ұғымнан шығып тұрғаны байқалады. Жаңа қоздаған қойдың сүтінен пісірілген уызды да, қағанақ деп атау сол «қабық» жарылып, қозы туғаннан кейін пайда болған сүт» дегенмен тікелей байланысты болуы керек. «Уыз» мағынасындағы қағанақ Қазақстанның барлық өлкесіне бірдей тән емес, жергілікті қолданыс болуы да мүмкін. (В.Радлов материал жинаған жерлер – Шығыс Қазақстан, Алтай, Тарбағатай өлкелері екені мәлім). Ал қағанағы қарық, сағанағы сарық дегендегі қағанақ, сағанақ сөздерінің түп-төркіні (этимологиясы), жеке тұрғандағы мағыналары жайында әртүрлі пікірлер болғанмен, әзірге үзілді-кесілді дұрыс ұсынылған түйін жоқ. Рабиға Сыздықова «Сөздер сөйлейді» (сөздердің қолданылу тарихынан), Алматы, «Санат», 1994, 107 бет.

Қада (Сем, Абай, Шығ.Қаз, Марқ) тіреу, 2.діңгек. (хаде). Жерге қаққан ағаш қазық, діңгек. Е.Б.Бекмұхаметов Қазақ тіліндегі араб-парсы сөздері, түсіндірме сөздік, «Қазақстан» баспасы Алматы – 1977, 94 бет.

Қаза (Шығ.Қаз, Зайс) қыздардың омырауына тағатын алқасы. Осы күні қыздар қаза тақпайды. 2.(қәза) – өлім, ажал, қайтыс болу. Е.Б.Бексұхаметов Қазақ тіліндегі араб-парсы сөздері, түсіндірме сөздік, «Қазақстан» баспасы Алматы – 1977, 94 бет.

Қаса көрім (Шығ.Қаз, Больш) өте жақсы, тіпті әдемі. Алматы қаса көрім қала ғой. «Қамбар батыр» жырында: Қаса батыр майданда, Диірмендей дөңгелер – деген жолдар бар. Абай да бұл сөзді қаса сұлу деген тіркесте қолданады. Мұндағы қас (а) сөзі бұл күнде «өте, нағыз, тым, аса» деген мағынадағы күшейткіш мәнді үстеу деп танылады. Түп-төркінін іздесек, бұл сөз көне түркі тілдеріндегі қашығ «айрықша көзге түсетін», және «мықты, күшті» деген сөз емес пе екен деуге болады. Бұл сөздегі ш дыбысының қазақ тіліне келгенде с-ға айналып кетуі және соңғы ығ сусымалы дыбыстарының түсіп қалуы – табиғи құбылыс. О баста қас батыр, қас сұлу, қас жүйрік «көзге түсетін, айрықша» деген жағымды мәндегі тіркестерде қолданыла келе, кейін қас надан, қас жауыз сияқты о да көзге түсетін, ерекше көрінетін жағымсыз адамдарды да атап кетсе керек деп топшылауға болады. Рабиға Сыздықова «Сөздер сөйлейді» (сөздердің қолданылу тарихынан), Алматы, «Санат», 1994, 117-118 бет.

Қиял (Шығ.Қаз, Больш) тентек, алаңғасар, оспадар. Ол бір қиял бала көрінеді. (хиял) – фантастикалық о й, арман елес. Міне, мен сол қиял еткен Омбының ішіндемін (С.Мұқанов). Е.Б.Бексұхаметов Қазақ тіліндегі араб-парсы сөздері, түсіндірме сөздік, «Қазақстан» баспасы Алматы – 1977, 100 бет.

Қорық (Сем, Үрж) қамысты, қопалы жер. Сиырлар қорықтың ішінде жүр.

Қорық (Шығ.Қаз) қақ тұратын жер. 2.(құрұк) – сирек кездесетін және бағалы жануарлар мен қажетті өсімдіктер көрғалып өсірілетін аймақ. Е.Б.Бекмұхаметов Қазақ тіліндегі араб-парсы сөздері, түсіндірме сөздік, «Қазақстан» баспасы Алматы – 1977, 101 бет.

Құмыра (Сем, Абай, Үрж, Аяг, Көкп, Ақс, Мақ, Шұб, Шығ.Қаз, Зайс) бөтелке. Бір құмыра алып келуге теңге бердім. (хұмре) – күйдірілген балшықтан т.б жасалған бұйым, ыдыс. Е.Б.Бекмұхаметов Қазақ тіліндегі араб-парсы сөздері, түсіндірме сөздік, «Қазақстан» баспасы Алматы – 1977, 103 бет.

Мейман (Талдықорған) суарылмайтын егістік, бидай. 2.мейман (меһман) – қонақ. Бүгін біздің үйге мейман болыңыз. Е.Б.Бексұхаметов Қазақ тіліндегі араб-парсы сөздері, түсіндірме сөздік, «Қазақстан» баспасы Алматы – 1977, 118 бет.

Пыстан, пыштан (Шығ.Қаз, Зайс) ердің үстіне салған көрпені бастырып тұратын жіңішке қайыс. Жарғақ көпшігім жезді пыстан. (бәстән) – ердің үстіндегі көпшікті алды артынан бастырып қоятын, үстіне жез қағылған, былғарыдан істелген сайман. Жарғақ жастық, көпшігім, жезді пыстан, Бір келісті сайманым топқа мінер (Абай). Е.Б.Бекмұхаметов Қазақ тіліндегі араб-парсы сөздері, түсіндірме сөздік, «Қазақстан» баспасы Алматы – 1977, 142 бет.

Сабақ (Сем, Абай, Ақс, Көкп, Шұб) бау-бақша. Мынау қанша адамның сабағы. (сәбәқ) – оқушыға берілетін тапсырма. Бір пәнді оқытуға арналған оқу сағаты. Молда кешкілік жат сабақ жаттатады. У-шу болып ауылды басымызға көшіреміз. (Б.Майлин). Е.Б.Бекмұхаметов Қазақ тіліндегі араб-парсы сөздері, түсіндірме сөздік, «Қазақстан» баспасы Алматы – 1977, 147 бет.

Самса (Шығ.Қаз, Зайс) сабан, шөптің қалдығы. Анау самсаны жиып ал. (самса) – ішіне ет салып пісірген ерекше пирожок. Е.Б.Бекмұхаметов Қазақ тіліндегі араб-парсы сөздері, түсіндірме сөздік, «Қазақстан» баспасы Алматы – 1977, 150 бет.

Табақ (Сем, Абай) парақ. Бір табақ қағазың бар ма? 2.(табәк) – металдан, фарфордан тағы басқадан жасалған тағам салатын жайпақ ыдым. Ескілеу, кең ағаш табаққа түсіп ортамызға келген ет семіздеу торпақтікі екен. (С.Мұқанов) Е.Б.Бекмұхаметов Қазақ тіліндегі араб-парсы сөздері, түсіндірме сөздік, «Қазақстан» баспасы Алматы – 1977, 163 бет.

Тағам (Сем, Көкп) қараңғы. Күн батып көзге тағам түскен кезде мен үйге келдім. (тәғам) – тамақ, ас, дәм. Стол үстіндегі тағамдар тойдың бастамасы еді. (К.Оразалин) Е.Б.Бекмұхаметов Қазақ тіліндегі араб-парсы сөздері, түсіндірме сөздік, «Қазақстан» баспасы Алматы – 1977, 163 бет.

Шандыр тартпа (Талдықорған, Панф) шөптің үстінен тартылып тұратын артқы тартпа. 2.(чәндәр) – еттің тарамыстанған қатты жері. Е.Б.Бекмұхаметов Қазақ тіліндегі араб-парсы сөздері, түсіндірме сөздік, «Қазақстан» баспасы Алматы – 1977, 185 бет.

Шелек (Шығ.Қаз, Марқ, Күрш, Зайс) күпшек, арба дөңгелегінің күпшегі. 2.(чәлик) – көбіне сұйық зат құю үшін ағаш я темірден жасалған тұтқалы шұңғылша ыдыс. Е.Б.Бекмұхаметов Қазақ тіліндегі араб-парсы сөздері, түсіндірме сөздік, «Қазақстан» баспасы Алматы – 1977, 190 бет.

Шіби (Шығ.Қаз, Зайс) мекиен, тауықтың мекиені. (джудже) – тауықтың балапаны. Қөл өлік, қаз, қуы жоқ дауыстаған, қалған құс – қарға, шөже, сауысқаннан...(І.Жансүгіров) Е.Б.Бекмұхаметов Қазақ тіліндегі араб-парсы сөздері, түсіндірме сөздік, «Қазақстан» баспасы Алматы – 1977, 190 бет.




Мұса Мадина Қ-509 оқу тобының студенті

Ғылыми жетекшісі: Қалиева С.Е.


Шығыс Қазақстан облысы мен Жетісу өңірінің диалектілік ерекшеліктері

 

       

      Бүгінгі  күні қазақ халқының рухани да қоғамдық-әлеуметтік тіршілігінің барлық саласына тамырын кең жайып, халқымыздың қатынас құралы ретінде қалтқысыз қызмет істеп отырған әдеби тіліміздің даму жолының өткені мен бүгінгісіне көз жүгіртіп қарасақ, оның қалыптасуы  мен кемелденуіне, талабына сай биік белестерге де көтерілуіне қозғау салған халық тілі. Жергілікті халық тілінің байлығы әдеби тіліміз нәр алатын таусылмас бұлақтардың бірі.

Жалпы ғалымдардың тұжырымын­дауын­ша, қазақ диалектісі туралы тұңғыш пікір айтқан және «жергілікті ерек­шеліктер» деген терминді алғаш ендірген Жүсіпбек Аймауытұлы болды [1].

Ж.Аймауытұлы 1926 жылы «Еңбекші қазақ» газетіне жариялаған «Тіл туралы» деген мақаласында: «Қазақтың әр елінде, әр гүбірнесінде өздері ғана қолданатын, өзге елдер білмейтін тілдер бар. Мұны ғылым тілінде жергілікті тіл (провинциализм) деп атайды» деп анықтама береді. Автордың бұл мақалада көтерген басты мәселесі –

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!