Жеткіншектерді этнопедогогика құралдары арқылы рухани – адамгершілікке тәрбиелеу

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жеткіншектерді этнопедогогика құралдары арқылы рухани – адамгершілікке тәрбиелеу

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға.сынып жетекшілеріне,тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Батыс Қазақстан облысы

Шыңғырлау ауданы

Л.Қылышев атындағы орта жалпы білім беретін мектеп

жанындағы интернат Арыстанова Жанаргуль Максотовна

I- санатты тәрбиеші

Жеткіншектерді этнопедогогика құралдары арқылы рухани – адамгершілікке тәрбиелеу

Қазіргі қоғамның мақсаты рухани адамгершілік қасиеттерді бүгінгі ұрпақтың бойына қалыптастыруда тәрбие процесін жетілдіру болып отыр.

Жеткіншек жас ұрпақтың бойында адамгершілікке бағытталған жүйе қалыптастыруды тәрбие жұмысын ұтымды жоспарлай білуді және этнопедогогикалық құралдарды тиімді пайдалануды талап етеді.

Қазақ даласының ойшылдары әл – Фараби, Ж.Баласұғұни,М.Қашқари, ғұлама ағартушылар Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев,ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы педогог – ағартушылар тобы М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев, М.Дулатов, А.Байтұрсынов ұлттық рухани – адамгершілік құндылықтардың негізін салған.

Егер жеткіншектерді тәрбиелеуде халқымыздың рухани – адамгершілік тәрбиесіндегі жинақтаған мол мұралары басшылыққа алынып отырса, онда оқушылар өз халқының салт- дәстүрін,әдет-ғұрыпын дәріптейтін, адамгершілік пен имандылықты дәріптейтін қарым-қатынасты, жұғымды мінез- құлықты, сапалы моральдық сана-сезімді бойына қалыптастырады.

Педогогика ғылымының жүздеген жылдардан бергі тәжірибиесіне сүйенсек, баланы рухани-адамгершілікті болуға тәрбиелеу өте қиын үрдіс.

Себебі қазіргі таңда рухани-адамгершілік қасиеттердің құндылығы төмендеп,озбырлық,арсыздық,ұятсыздық,көргенсіздік,мейірімсіздік,қатігездік, т.б белең алып, осындай мінезі бар адамдардың жағдайы керісінше ұяты,ары бар адамдарға қарағанда тәуір секілді болып көрінеді.

Ал адамның адамгершілік түйсігі – оның эмоциялық танымы мен мінезіне де байланысты болатын күрделі құбылыс.

Педогогикалық сөздікте адамгершілік тәрбиесіне мынадай анықтама берілген: « Адамгершілік тәрбиесі – оқушылардың бойында мінез- құлықтың белгілі бір сипаттарын қалыптастыруға және оларға өздерінің бір-біріне, отбасына, басқа адамдарға, мемлекетке, Отанға деген қатынасын анықтайтын мінез нормалары мен ережелерін дарыту жөніндегі тәрбиеленушілердің арнаулы мақсат көздеген әрекеті»

Адамгершілік тәрбиесі оқушылардың өзін-өзі дұрыс ұстауын қамтамасыз етеді. Адамгершілік тәрбиесі – бұл тәрбиеленушінің қоғамдық мораль талаптарына сай санасына , сезіміне, әдет –қылығына мақсатты түрде ықпал ету.

Адамгершілік тәрбиесінің негізгі міндеттері.

  • ізгілік сана қалыптасыру;

  • инабаттылық сезімдер тәрбиелеу;

  • адамгершілік әдет –қылықтардың ептіліктері мен дағдыларын қалыптастыру

Имандылық, әдептілік, ар-ождан, намыс, бауырмалдық, кішіпейілділік,батырлық, ерлік, ұлтжандылық тәрізді бағыттар адамгершілік тәрбиесінің басты ұстаным.

Ұлы ойшыл әл Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешете оның барлық өміріне апат әкеледі» -деген.

  1. Тәрбиеленушілердің іскерлік жағдайы жан-жақты кіріктірілген, әр түрлі қабілеттер мен қажеттіліктерді бойға жинақтаған және ізгілік бағытымен реттелетін гуманитарлық пәндерде, әлеуметтік тәжірибиелерде нақты жүзеге асырылатын үдіріс;

  2. Олардың адамгершілік жолындағы ізденістері білімнің, біліктің және дағдының жай жиынтығы емес;

  3. Тәрбиеленушілер ұжымының болашақ мүшелері бір-бірінен денсаулығы, пішіні, мінез – құлық ерекшелігі, ұжымшылдығы, білім және т.б қасиеттерімен ерекшеленеді.

Ал, адамгершілік құндылықтарының мәні мен мазмұны:

  • бүгінгі күнгі жеткіншек еңбек етуге қабілетті, жинақты, ұқыпты, іскер өз қажеттілігіне орай болашақ мамандығын таңдаған, жауапкершілігін түсінетін, өзін-өзі қызмет қызмет етуге дағдыланған, уақытты тиімді пайдаланатын, болашақта өзін шығармашылық деңгейде көрсете білуі керек;

  • тәрбиеленуші – дені сау, төзімді,шымыр, ширақ, қайратты, сымбатты, талғампаз, батыл, өжет, салауатты,жүйкесі мықты,Отаныны қорғауға даяр, жеке бас гигиенасын сақтайтын, жұмыс орныны жинақы ұстайтын, зиянды әдеттерден аулақ, салауатты өмір салтын қалыптастыруға ұмтылатын, адамға тән қасиеттерді бойына сіңірген әлеуметтік белсенді жеткіншек болып өсуіне қол жеткізуі керек;

Рухани бай адам ең алдымен ең әділ, мейірімді және қанағатшыл болады. Жас ұрпаққа рухани тәрбие, білім беру адам дамуының рухани үйлесімділігін,өмірдің құндылықтарын түсінуге, өзін қоршаған ортамен үйлесімділікте ұстай білуі тиіс. Өмірде, дүниеде ненің құндылығы бар екенін философияда адамгершілік, мораль туралы ілім – этика зерттейді (этика – грек тілінде еthos, ethos – салт, адамшылық ұстаным дегеннен алынған).

Этика адамның өзіне, басқа адамдарға қатысты өзін-өзі ұстауына, тәртібіне, мінез – құлқына байланысты әркімге өмірлік маңызы бар мәселелерді философиялық тұрғыдан зерттейді.

Қазақ педогогикасындағы ірі тұлғаның бірі – А. Құнанабаев өзінің өлең, қара сөздерінде балаларды жамандықтан жирендіріп, жақсылыққа үндеп отырған. Ақын шығармашылығының негізгі-адамгершілік және имандылыққа тәрбиелеу. Абай баланы әділдікке тәрбиелеудің мәнінің зор екенін « дұшпаныңа да әділ бол» деп білдірсе, ал рухани адамгершілік қасиеттердің мәнін « адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп...», «іштегі кірді қашырса, адамның хикмет кеудесі», « өзің үшін үйренсең, жамандықтан жиренсең, ашыларсың жылма-жыл» деген сөздерімен аша түседі.

Этнопедогогика ғылымында балаларды ұлттық мінез құлық әдептері негізінде тәрбиелеуге көңіл бөлінген. Әдептілік тәрбиесі этнопедогогикада негізгі тәрбиенің бірі болып табылады. Қазақ халқында отбасында ер бала мен қыз бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Отбасы үшін қыз абала атқарар қызметін біліп қоймай, өнерлі шебер болуын, ер баланың еңбекқор, өнерлі, парасатты, білімді, ұстамды болуын ең басты қасиет деп таныған.

Отбасында имандылық парасатын,салауаттылық салтты, бата беру, тілек айту рәсімдерін, ата дәстүрлерін сақтауды, сауап,кесір ысырап, ырымдар мен тыйымдар, бауырмашылық пен қайырымдылықты жанұя мүшелері бір-бірінен талап етіп, бұл ұяттық қасиеттердің орындалуын қадағалап отырады.

Ж. Аймауытов «Тәрбиеге жетекші» деген еңбегінде « тәрбиенің негізгі мақсаты- мінезді түзеу,адамшылыққа қызмет ету, адал еңбек ете білуге тәрбиелеу» - деп жастарды рухани адамгершілік сапа-қасиеттерге жетелейді.

Осы тұлғалардың еңбектерімен таныса отырып, үйрену, үйрету арқылы тәрбиеленушілердің рухани- адамгершілік тәрбиесінің жүйесі құрылады.

  1. Ар-ұятты сақтау

  2. Оқушының өзін-өзі құрметтей білуі.

  3. Өз құқығы мен тәртібін сақтау

  4. Рухани ойлау дәрежесін өсіру, тәрбиеленуші өз бойына игі қасиеттерді қалыптастырып әлемдік, ұлттық мәдениетке, жалпы адамзаттық құндылықтар арқылы жетуге талпыну.

  5. Шығармашылық деңгейі өсіп қабілетін арттыру үшін рухани қазына құндылығының деңгейін бағалау.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.11.2020
639
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі