Материалдар / ЖЕТКІНШЕКТЕРДІҢ ИНТЕРНЕТКЕ ТӘУЕЛДІЛІГІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

ЖЕТКІНШЕКТЕРДІҢ ИНТЕРНЕТКЕ ТӘУЕЛДІЛІГІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Интернет–тәуелділік механизмдеріне тоқталсақ, ол ағзаның түсініксіз талаптары мен психикалық жүйесіне негізделген. Бұл талаптар персонаж рөліне енуге деген құмарлыққа және бұл арқылы шындықтан қашуға негізделеді. Берілген механизмдер адам санасы мен мотивация сипатынан тәуелсіз жұмыс істейді. Бұл мотивтер бала белгілі бір компьютерлік ойынмен алғашқы танысуынан кейін пайда болады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Наурыз 2018
1177
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЖЕТКІНШЕКТЕРДІҢ ИНТЕРНЕТКЕ ТӘУЕЛДІЛІГІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Әзімхан А.И№68МИББ кешені, Қарағанды, Қазақстан Республикасы



Соңғы екі онжылдық ондаған миллион адамдардың кәсіби әрі күнделікті өмірінде Интернеттің кең түрде таралуымен ерекшеленеді. Интернет арқылы өмірдің барлық аспектілері жайлы ақпарат алынады, сауда, қарым-қатынас, жүзеге асырылады.Өткен ғасырда үлкен жылдамдыққа ие болған ғылыми техникалық прогресс компьютерлерге жағдай жасайтын заңдылықты әрі айқын базаға айналып отыр. Қазіргі заманғы адам интернетсіз өмір сүре алмас десе де болады. Біздің күнделікті өмірге ене отырып, компьютерлік технологиялар дайын ғылыми жасақтамалар мен болашақ проектілердің жаңа идеяларын біріктіретін «көпірге» айналды. Компьютеризация біздің өмірімізге тек жағымды ғана емес, сонымен қатар жағымсыз әсерлерін ендіруде. Интернет және компьютер көмегімен қоғамдық және өндірістік қызметтің барлық сфералары дамытудың қосымша мүмкіндіктеріне ие болды. Осыған орай болашақта адам компьютер немесе интернетсіз толық өмір сүре алмайды деген болжамның жүзеге асу мүмкіндігінің жоғары екендігі туралы айтуға болады. Қазірден көптеген ұйым, компания, фирмалар өз қызметін компьютерлік желісіз жүзеге асыра алмайды. Компьютерлік желілер сферасы тұтынушыларға өзінің жетілдірулері мен жаңа бағдарламаларын ұсына отырып, жедел әрі тұрақты дамып келеді. Бүгінгі адамдарға, әсіресе жастарға қауіп төндіріп тұрған ең үлкен әдеттердің бірі интернет-тәуелділік болып табылады. «Интернет-тәуелділік» ұғымы 1990 жылы пайда болды. Мамандар тәуелділіктің бұл түрін техникалық құралдардың негізіндегі спецификалық–эмоционалды «наркоманияға» жатқызады [1]. Қазіргі таңда технология және оның нәтижелерін пайдаланатын адамдар байланыс құралдарын жақсы меңгеріп алған. Әрине, адамның өмірін жеңілдететін технонологияларын пайдалану керек. Бірақ, технология дамуының жемісі болып табылатын атом бомбасының адамзатқа тигізген зияндарын айтып жеткізу қиын. Осындай технологияның зиянды жемістерінің бірі интернет болып табылады. Интернет дүниежүзінің қай жерінде не болып жатқанын білу, қажетті мағлұматты керек уақытта алу және біздің қолымыздағы мағлұматтың басқа жерге жетуін қамтамасыз етеді. Бұл шынымен де үлкен жеңілдік және бұл жеңілдікті адамдар барынша көп пайдалануда.Бұл құралдарды мағлұмат алу және ойын-сауық үшін қолдану да тәуелділікке әкеліп соғуы мүмкін. Тәуелді адамдардың интернетке кіру немесе компьютер ойындарын ойнау әдеті күнделікті өмірін ұмыттыратындай дәрежеге дейін жетеді. Адам көп уақытын компьютермен өткізіп, компьютер қолданбаған кезде мазасызданады, оны сағынып, бұл істі тастау немесе азайту шаралары нәтижесіз болып шығады. Бір мезгіл ойын ойнамаса, немесе аз ойнаса, бәрібір ойнауды арттырады[2]. Интернет тәуелділікке бейім адамдар Интернетке аддекватты қарайтын адамдардан ерекшеленетіні анық нәрсе. Интернет тәуелділік белгілерінің пайда болуын анықтауға зерттеулер жүргізілуде. Олар Интернет тәуелділігі қалай пайда болады, неде көрінеді, оны қалай емдеуге болады деген сұрақтарға жауап іздеуде болды. Зерттеуді шетел психологтары М.Шоттон, Ш.Тэкл және К.Янг жүргізді. Және мынандай ой қорытындыларына келді:
  • Ата–ана Интернеттегі ойыннан біраз уақытқа көңіл бөлуді сұрау кезінде, жеткіншек оны істеуге айқын қарсылығын білдіреді.
  • Баланы компьютерден алып тастаудың өзінде де ол өте қозулы күйде болады.
  • Компьютердегі программаларды жаңарту және жаңа ойындар сатып алу үшін бала көп қаражат жұмсайды.
  • Жеткіншек үй жұмысы, міндеттері, сабақ жайлы ұмытады.
  • Тамақтану және ұйқы графигі толық бұзылады, бала өз денсаулығын сақтамайды.
  • Өзін үнемі сергектік күйде сақтау мақсатында жеткіншек кофе және басқа психостимуляторларды көп пайдаланады.
  • Компьютер алдында көп қоректенеді.
  • Компьютер алдында ойнау немесе жұмыс істеу барысында бала эмоционалды көтеріліс сезеді.
  • Қоршаған адамдармен үнемі түрлі Интернеттік тақырыптарда әңгімелесу басталады.
  • Компьютер алдында эйфория сезімін сезеді.
  • Өзінің компьютерлік фантастика әлеміне келесі енудің ұсақ–түйегіне дейін ойластырады және оған жағдай жасайды. Ал бұл көңіл–күйдің көтерілуіне жағдай тудырады, барлық ойларын билейді, ол жайында армандайды.
Біраз уақыттан кейін дамып келе жатқан ағзада асқорыту жүйесінің қызмет етуінде бұзылыстар; омыртқа, жауырын, қолдарында аурулық сезімдер пайда болады, ал көз алмаларының үнемі қозу жағдайында болуы көз ауруларының пайда болуына жағдай туғызады.Интернет–тәуелділік механизмдеріне тоқталсақ, ол ағзаның түсініксіз талаптары мен психикалық жүйесіне негізделген. Бұл талаптар персонаж рөліне енуге деген құмарлыққа және бұл арқылы шындықтан қашуға негізделеді. Берілген механизмдер адам санасы мен мотивация сипатынан тәуелсіз жұмыс істейді. Бұл мотивтер бала белгілі бір компьютерлік ойынмен алғашқы танысуынан кейін пайда болады [3].Жеткіншектік шақтағы интернет-тәуелділігінің психологиялық, физиологоялық әлеуметтік себептерін, жеткіншектің психикалық даму ерекшеліктері, жеткіншек Интернет тұтынушысы ретіндегі әрекет ерекшеліктері, мотивациясы, қарым-қатынасы, жеткіншектік шақтағы тәуелді әрекет-қылықты зерттеудің теориялық негіздерін байланыстыра отырып қарасақ:Жеткіншектік кезеңнің шектері шамамен балалардың орта мектептің V-VIII сыныптарында оқитын кезеңімен сәйкес келеді де, 11-12 жастан 14-15 жасқа дейінгі аралықты қамтиды, бірақ жеткіншектік шақтың іс жүзінде басталуы V сыныпқа көшумен тура келмей, бір жыл ерте не кеш болуы мүмкін. Интернет адам санасын билеп бара жатқанын алғаш түсініп, ол өздігінен қояды деп үміттенеді. Алайда ештеңе өзгермесе; интернетте өткізілген артық уақытқа қарсы аргументтер пайдаланыла бастайды. Өкінішке орай ол қайтымды эффектке апарады. Тәуелді адамдар ашулы болып, Интернетті пайдалануды шектеуге тырысқандардан түрлі жолдармен қорғанады. Мысалы, келесідей стандартты фразалар қолданады, «Менде проблема жоқ» немесе «Мен жай ғана демалып отырмын, маған бөгет жасама» – мұның барлығы орныққан тәуелділіктің белгілері болып табылады. Бұдан соң алкогольге деген қажеттілігін құпия сақтағысы келген маскүнем тәрізді, адам Интернетте өткізген уақыты туралы жалған айтуды бастайды. Мұның барлығы ертелі–кеш жанұядағы жақын қатынасты не достықты бұзады. [4].Интернетті пайдалану кезіндегі денсаулыққа қауіп минималды, алайда байқалады. Әдетте тәуелді адамдар Интернетті кез–келген жерде, кішкене мүмкіндік пайда болған кезде пайдалануға тырысады. Мұнда жеке сеанстар он бес сағатқа дейін барады. Мұндай құмарлықты уақыт бойынша шектеу жағдайында жүзеге асыру әрекеті Интернетте түнгі кездерде отыру тенденциясының пайда болуына әкеп соғады. Көбінесе тәуелді адам басқалардан кеш тұрады. Интернетті түнгі екіге, үшке, төртке дейін пайдаланады, ал бұдан соң таңғы алтыға дейін қажетті жұмысты атқарады. Ең ауыр жағдайларда ұйқыны қашыру мақсатында кофе және басқа дем беретін сусындар пайдаланылады. Мұндай ұйқысыз өткен түндер үздіксіз шаршау мен адамның иммундық жүйесінің әлсіреуіне жағдай туғызады. Ал бұдан кейін кенет аурудың пайда болу мүмкіндігі жоғарылайды. Бұған қоса, отырумен өтетін өмір салты омыртқа Желісімен байланысты проблемалар түнгі кездегі жарықтың жеткіліксіз болуы – көздің түрлі ауруларын тудырады. Интернет–тәуелділігі құбылысы шетел психологиясында 1994 ж. зерттеле бастады. Интернет–тәуелділігі off–line күйінде бола тұра Интернетке кіруге деген құмарлық, on–line күйінде бола тұра Интернет жүйесінен шығуға қабілетсіздікпен анықталады. Бұл құбылыс Батыста кең таралған, себебі онда жүйеге кіру бағасы әлдеқайда арзан, ал бұл Интернеттің танымалдылығымен кең таралуына жағдай жасайды. Біз үшін Интернет–тәуелділігі бұл төмен коммуникативті компетенттілік индикаторы, яғни пайдаланушы тұлғасының психологиялық мәдениетінің төмен деңгейінің көрсеткіші екендігі қызығу тудырады. Зерттеушілер Интернет–тәуелділігінің түрлі критерийлерін келтіреді. Кимберли Янг бұл құбылыстың 4 симптомын келтіреді:
  • E–mail–ды тексеруге деген құмарлық;
  • Интернетке келесі рет кіруге дейінгі үнемі күту сезімі;
  • Адамның Интернетте тым көп уақыт өткізетініне айналадағылардың шағымдары;
  • Адамның Интернетке тым көп ақша жұмсауына айналадағылардың шағымдары.
Адам өркениеті көптеген өзгерістерді басынан өткеріп, дамудың түрлі кезеңдерінен өтті. Осыған қарамастан адам қоғамының барлық уақыттарында қарым-қатынас және тілдесу басты құндылық болып саналған. Бірақ, адамдар арасындағы қарым-қатынас ешқашан ХХІ ғасырдағыдай ғаламдық болған емес, бұл ақпараттық технологиялар дәуірімен байланысты. Бүкіләлемдік тордың пайда болысымен санаулы секундтар арасында түрлі бағыттар бойынша орасан зор көлемде ақпарат алу немесе шектеусіз көлемде достар табу мүмкін болды. Жаһандық желі ойлап тапқаннан бері күн сайын көптеген адамдар танысып, достық қарым-қатынас орнатуда, жаңа байланыстар құрылып, махаббат өмірге келуде.Интернеттің пайда болуына дейін мыңдаған шақырым алыстықта орналасқан адамдар арасында танысу мен тілдесу әлдеқайда қиын болған. Бірақ, қазіргі таңда Интернеттің көптеген мүмкіндіктерін пайдалана отырып, онлайн режимінде қалағаныңша араласуға болады.Желіде танысу мен арласу заманауи қоғамның ажырамас бөлігі, сол арқылы әлемнің әр түкпіріндегі түрлі мәдениет өкілдері жақындасады. Дегенмен, өкінішке орай көптеген заманауи адамдар ақпараттық технологияларды орнымен пайдаланудың шегі таусылып, шамадан тыс әуесқойлықтың басталуын түсіне қоймайды. Осыған байланысты, жасөспірімдер мен жастар арасында интернетке тәуелді буын саны өсуде, олар виртуалдық қарым-қатынастың құрбанына айналған, сол себептен шынайы өмір өте ауыр көрінеді. Қорыта келгенде, интернетке тәуелділіктің алдын алу үшін интернетке тәуелділік белгілерін, кезеңдерін, механизмдерінің қандай болуын және жасөспірімдердің жас және дара ерекшеліктерін ескере отырып,оның күн тәртібін тиімді етіп белгілеу керек.Жасөспірімдерге білім алу уақытында сабаққа бару керек,сабақ уақытында сабақ оқу керек, ойын уақытында ойнау керек деген ойды жеткізу керек. Күнделікті жоспары бар жасөспірім бос уақытында белгілі бір уақытқа қана интернетке кірсе. Сабақ, оқу уақыты келгенде, сабағын оқыса.Ережелерді ата-анасы және тәрбиешілерімен бірге белгілеу керек және күнде осы ережелерді орындаса. Кез келген бала өзін қадағалауды осылайша үйренсін. [5].Әр нәрсенің пайдалы әрі зиянды жағы бар. Иә, ғаламтор қажет бірақ өз орнымен пайдалану қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  • Құдышева Н. Мінез-құлық қиындығының кейбір себептері//Психологияны мектепте және ЖОО-да оқыту.-2006.-№6.-2-3б.
  • Құлымбаева А. Жеткіншектердің өзін-өзі бағалауы//Психологияны мектепте және ЖОО-да оқыту.-2006.-№2.-5-6б.
  • Прученков А.С. Социально-психологический тренинг в школе. - М.: ЭКСМО-Пресс, 2001, - 640с.
  • Раклова Е.М. Созависимость - аддикция отношений//Білім-Образование.-2008.-№2.-с.110-11
  • Шаповаленко И.В. Возрастная психология (Психология развития и возрастная психология).-М.:Гардарики, 2005.-349с.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ