Материалдар / Жігіт сұлтаны - 2023
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жігіт сұлтаны - 2023

Материал туралы қысқаша түсінік
жігіт сұлтаны 5 кезеңнен тұрады. Ұлттық тәрбие бағытында. мектеп - интернат тәрбиеленушелері арасында өткен сайыс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Ақпан 2023
494
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Жігіт сұлтаны» сайысының сценарийі


Мақсаты:Болашаққа сеніммен қадам басқан  халқымыздың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, жөн-жоралғыларын оқушылардың бойына сіңіру, батыл, намысты ұлдарды тәрбиелеу.Жігіттерімізді батырлыққа, шешендікке, тапқырлыққа, имандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Суреттер,шар,гүл, мультимедия,қанатты сөздер


(Музыка ойнап тұрады, қонақтар жайғасады, екі жүргізуші ортаға шығады)


1 – жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар және «Жігіт сұлтанына» келген барша көрермендер!
Асыл тастан, өнер жастан шығады деп дарынды,
Халық айтса, халық сөзі, әрқашанда нанымды!
Сол өнердің жолын қуған «Жігіт сұлтаны» сайысына қатысатын жігіттердің
жолы ақ болсын, жүлделі орынға ие болсын деп сайысымызды ашық деп
жариялаймыз.

Сайыстың барысымен таныстырып өтсек:

  1. Таныстырсам тегімді» (міндетті түрде өзін-өзі таныстыру презентациясы)

  2. «Жігітке жеті өнер де аз, жетпіс өнер көп емес» (өз өнерін көрсету)

  3. «Білімді жүзден озар» (салт дәстүрге байланысты сұрақтарға жауап беру)

  4. «Үй тапсырмасы» (қойылым, топ бірге шығып көмектесуге болады)

  5. «Күш атасын танымас» (спорттық сайыс)


2 – жүргізуші: Бүгінгі сайысымызда жігіттер өз өнерлерін көрсетіп қана қоймай, салт - дәстүрімізді, сонымен бірге өз білімдерін, шеберліктерін көрсетеді.

Ең алдымен осы сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар:

1)Мектеп –интернат директоры

2)Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Қарабөпеева Баян

3)

4)

1 – жүргізуші:Ата жолын жалғамақ,
Ел дәстүрін қолдамақ
Ел намысын қорғамақ.
Ұлдар шықсын ортаға,
«Жігіт сұлтаны» атанбақ.
Құрметті көрермен қауым қол соғып, қошеметтеп жігіттерді ортаға шақырайық.

(Сайыскерлеріміз сахнаға шығады)


1-сайыскер – 7 –сынып оқушысы Байтерек Аян

2-сайыскер – 8- сынып оқушысы Мұхтарұлы Нұрдәулет

3-сайыскер – 7- сынып оқушысы Қалмағанбет Рамазан

4-сайыскер - 8-сынып оқушысы

(Сахнадан шығып кетеді, 1 сайыскер қалады, мультимедиадан презентациялар көрініп тұрады, сайыскерлер бірінен соң бірі шығады)


2 – жүргізуші:

Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,
Сұлтаны деп мектеп-интернатымыздың жүрейікші.
Қазыларға тек қана әділдікті,
Жігіттерге сәттілік тілейікші.

1– жүргізуші:

Жігіттер келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дамытуға
Қорықпастан сахнаға келіп жетті
Әдеппен сіздерменен танысуға

2 – жүргізуші:
Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,
Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.
Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік,
Ер табылса, жарайды қылса сұхбат, - дей отырып сайыскерлерімізге сәттілік тілейміз.Жігіттеріміз өздерін таныстырып өтсін.

1 – тур: Таныстырсам тегімді

(Жігіттер таныстыруға реті бойынша шығады)


1-жүргізуші:

Таныс болдық жігіттер тегіменен
Туып өскен мекені, еліменен.
Бәрі де ақын көрінеді,
Таныстырып кетті ғой төгіп өлең.

Ал енді әділқазыларымыздың бағаларын көрсек(жүргізуші айтып тұрады)


1-сайыскер – 7 –сынып оқушысы Байтерек Аян

2-сайыскер – 8- сынып оқушысы Мұхтарұлы Нұрдәулет

3-сайыскер – 7- сынып оқушысы Қалмағанбет Рамазан

4-сайыскер - 8-сынып оқушысы


2-жүргізуші:

Асқақтаған ән дайын,

Күмбірлеген күй дайын.

Ал, кәнеки қырандар
Босқа қарап тұрмаңдар.
Бастап жігіт өнерін
Алыстарға самғаңдар!




1 жүргізуші: Қыран-бүркіт көтерер ердің нарқын,

Қыран жігіт асырар елдің даңқын!-

демекші, енді жігіттерміздің өнерін тамашалайық.

2 тур: «Жігітке жеті өнер де аз, жетпіс өнер көп емес»

рқайсысы өз өнерін көрсетеді. )


2 – жүргізуші: Енді құрметті әділ-қазылар әділ бағаларыңызды берсеңіздер.

(бағаларын көтереді, жүргізушілер айтып отырады)

1-сайыскер – 7 –сынып оқушысы Байтерек Аян

2-сайыскер – 8- сынып оқушысы Мұхтарұлы Нұрдәулет

3-сайыскер – 7- сынып оқушысы Қалмағанбет Рамазан

4-сайыскер - 8-сынып оқушысы


1 - жүргізуші

Ей жігіттер!

Сендергеартарміндеткөп.

Көтербиікатасалтынқұрметтеп

Ақтайбілсеңата-баба үмітін

Әрбірсөзі – тәлімі мол бірмектеп!

Сайысымыздың келесі түрі «Білімді жүзден озар» Ол үшін сөзді тыңдай біліп,сөздерді ойға тоқу керек. Салт – дәстүрге байланысты сұрақтарды әділқазылардың алдындағы кағаздан алып, бірден жауап бересіздер.


























Сұрақтар:

  1. Жеті қазынаға нелер жатады? (жүйрік ат, қыран бүркіт, құмай тазы, берен мылтық, сұлу әйел, ер жігіт, ілім-білім)

  2. Үш дауасызға не жатады? (міңез, кәрілік және ажал)

  3. Үш тәттіге не жатады? (ананың сүті, баланың тілі, туған жер)

  4. Төрт түлік мал пірінің  аталуы қалай? (Түйе – Ойсылқара,   жылқы – Қамбар ата, қой – Шопан ата, ешкі – Шек-Шек ата, сиыр – Зеңгі баба)

  5. 5 дұшпанды айтыңыз (өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)

  6. Аттың ер-тұмандарынанелержатады?(Жүген, ішкілік, тоқым, ер, үзеңгі, аткөрпе, тартпа, қамшы)

  7. Жеті атаны атаңыз (бала, әке, ата, арғы ата, баба, түп ата, тек ата)

  8. Қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесіз? (көкпар, аударыспақ, қыз қуу, күрес, теңге ілу, алтын қабақ, ақсүйек)

  9. Ер қаруы бес қаруды атаңыз? (садақ, найза, қылыш, шоқпар, айбалта)

  10. Қонақтың түрлерін атаңыз. (арнайы, құдайы, қыдырма, қылғыма)

  11. Қандай ырым-тыйым білесін?

  12. Мұсылманның бес парызын атаңыз. (5 уақыт намаз оқу, ораза ұстау, зекет, садақа беру, қажылыққа бару)

  13. Мал жіліктерінің атауын айт. ( І. Қол жіліктері:  6, 1.    Кәрі жілік – 2, Күң жілік – 2, Жауырын – 2. Сан жіліктері: 6: Асықты жілік – 2, Тоқпан жілік – 2, Жамбас – 2)

  14. Қазақ халқының салт-дәстүр,  той-томалақтарын  атап шық, біреуін түсіндір.

(Бесікке салу, қырқынан шығару, тұсау кесер, сүндетке отырғызу, беташар, көкпар, той бастар)

  1. Киіз үйдің сүйегі (шаңырақ, уық, кереге, сықырлауық)

  2. Үш байлық (денсаулық, ақ жаулық, он саулық)

  3. Жеті жұтты атаңыз (құрғақшылық, жұт, өрт, оба, соғыс, топан су, зілзала)

  4. Әлемнің жеті кереметі: (Египет пирамидасы, Вавилонның аспалы бағы, ертедегі Артемида храмы, Олимпиядағы Зевстің мүсіні, Галикарнастағы Мавсол патшаның табытханасы, Жерорта теңізі аралығындағы Гелиостың қолдан жасалған мүсіні, Александрия маягі)















1-жүргізуші:  Әділ қазылар алқасы жігіттердің ұпайын шығарғанша кезекті әнге берейік.    

н орындалады)

Ал енді әділқазыларымыздың әділ бағаларын көрсек.

(Әділқазылар алқасы өз бағаларын айтады, жүргізуші оқып тұрады)

3-тур:Ендігі кезекті үй тапсырмасы қойылымға кезек берсек.

1-сайыскер – 7 –сынып оқушысы Байтерек Аян

2-сайыскер – 8- сынып оқушысы Мұхтарұлы Нұрдәулет

3-сайыскер – 7- сынып оқушысы Қалмағанбет Рамазан

4-сайыскер - 8-сынып оқушысы





Ал енді әділқазыларымыздың әділ бағаларын көрсек.

(Әділқазылар алқасы өз бағаларын айтады, жүргізуші оқып тұрады)

1-жүргізуші:   Ат өнері білінбес,

              Бәйгеге түсіп жарыспай.

              Ер өнері білінбес,

Қоян қолтық алыспай, -  демекші, енді жігіттеріміздің спорттық жарыстағы өнерлерін көрейік. Білек күшін сынап көрсек.

 

2-жүргізуші:

Құрметті көрермен қауым! Ендісайысып жатқан жігіттерді қол  шапалақтап, қошаметтеп ортаға шақырайық. Келесі сайысымыз «Күш атасын танымас»

 

Бағалау әділқазы

1-сайыскер – 7 –сынып оқушысы Байтерек Аян

2-сайыскер – 8- сынып оқушысы Мұхтарұлы Нұрдәулет

3-сайыскер – 7- сынып оқушысы Қалмағанбет Рамазан

4-сайыскер - 8-сынып оқушысы






2-жүргізушіЖігіттер, жаман істі кәсіп етпе,

Досыңды бірге жүрген басып өтпе,

Басыңа әлдеқандай іс түскенде.

Келесі кезекті тағы да әнге берейік.

 1-жүргізушіЖылдар-жылдар тарихтың мол беттері,

Сен әкелген жақсылықтар көп тегі.

Көңіліңді шат сезімге баурайды,

Халқымыздың бүгіні мен өткені.


2 – жүргізуші:
770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!