Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Жігіт сұлтаны" байқауы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Шығыс Қазақстан облысы
Катонқарағай ауданы
« Юбилейное орта мектебі » КММ
Тақырыбы: Батыр бабалардың ұрпағы
Көкбастау ауылы
2020 жыл
Мақсаты: Жігіттерімізді батырлыққа, шешендікке, тапқырлыққа, имандылыққа және салт-дәстүрді сақтауға, дәріптеуге тәрбиелеу.
Жігіттердің қанаты мәнгі талмасын,
Білім алып болашаққа маңгі самғасын.
Бақытты боп Отан - ана құшағында,
Жаратушы алла қырандырды қолдасын.
Атасын ұлықтаған, анасын ардақтаған абзал жанды ұстаздар! Ұстаздарын үлгі түтқан аяулы оқушылар бүгін Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласының аясында «Батыр бабалардың ұрпағы » атты жігіт сұлтаны сайсқа қош келдіңіздер!
Бүгінгі сайста жігіттеріміздің өнерін, білімін, тапқырлығын, ақылдылығын сарапқа салғалы отырмыз.
Олай болса, сайысымызға қатысатын қырандарымызды ортаға шақырайық! Өнерпез жігіт Мүсан Ердос, ақын жігіт Жарқанбек Самғар, алғыр жігіт Оралбеков Бекарыс, тапқыр жігіт Оңалқанұлы Ақарыс, мерген жігіт Оралбеков Бейбарыс
Ауыздығын қарш – қарш шайнаған тұрпарларымызбен таныс болсаңздар, жүйріктердің шабысын байқап, саралап әділ баға беретін әділ қазыларымызбен таныс болайық
Сайысымыздың шарттарымызбен таныс болайық , Сайысымыз 7 айналым түрады .
-
Айналым «Таныстыру»
-
Айналым «Тегін біліу тектілік»
-
Айналым «Сөздің көркі мақал»
-
Айналым «Салт - дәстүр»
-
Айналым «Ат әбзелдері»
-
Айналым «Үй жұмысы»
-
Айналым «Мерген »
Қара қазақ қамы деп,
Қара батыр жан берген,
Қара домбыра әні боп,
Қара қызға сән берген - , дей келе 1.Айналым «Таныстыру» Жоғарғы ұпай 5
Тегін білу тектілік,
Өнерліге ептілік.
Ал канекій жігіттер,
Өздеріңе сәттілік - , дей келе 2. Айналым «Тегімді менің сүрасаң» жеті атасан айту керек. Жоғарғы ұпай 5
Жігіттердің намысы асқар таудай,
Достыққа адалдығы аппақ қардай.
Басыңа іс түсіп қиналғанда,
Жаныңнан табылады жаққан шамдай- , дей келе отырып 3,Айналым «Сөздің көркі мақал» мақал мәтелді жалғастыру керек. Әр қатысыушыға 3 мақал Дұрыс жауап 1 ұпай
1.Жақсы атқа бір қамшы,(Жаман атқа мың қамшы.).2. Жақсыдан жаман туады,....(Жүйріктен шабан туады)3.Ұлға отыз үйден тыйым.........(Қызға қырық үйден тыйым).
1. Атты аясаң .........(айылын қатты тарт)2.Жомартжоқтығынбілдірмейді, (Жүйрікаттоқтығынбілдірмейді. ).3. Срын білмеген аттың.........( сыртынан жүрме)
1. Жақсы аттан жал кетсе де,. ......( Әл кетпейді).2.Әке көрген оқ жонар........(шеше көрген тон пішер). 3. Ат арынды болса, .....( Жігіт жалында болады.)
1. Жалғыз аттың пайдасы көп,........( Жалғыз жігіттің айласы көп. )2. Жүйріккеде ......(бір томар)3. Жақсы байқапсөйлейді......(жаман шайқап сөйлейді).
1. Теңге тиыннан өсер........( Жылқы құлыннан өсер). 3. Ат өнерін бәйге сынар,( Ер өнерін шайқас сынар).3.Көп қорқытады ..............(терең батырады)
Қара тасқа қашалған.
Қара қазақ өткені,
Қара түнекті сиырған,
Қара ұлдың өскені - , дей келе 4.Айналым «Салт - дәстүр» Сұрақ – жауап. Әр қатысыушыға 5 сұрақ. Дұрыс жауап 1 ұпай
1.Шілдехана қай кезде, қалай тойланады?( бала дүниеге келгенде ауыл жастары жыйналып сәбиге тілектер айтын,ән айтып , би билеп таң аырады)
2. Бөле деген кім? (әпекелі – сіңілі кісілердің бабалары, бір –біріне бөле болады)
3.Құнан неше жасар жылқы?(3 жасар)
4. Саумал деген не?(биенің алғаш сауылған сүті)
5. Түйенің төлін қалай атайды?( Түйенің төлін бота деп атайды)
1.Абысын деген кім? (Ағалы – інілі кісілердің әйелдері, бір –біріне абысын болады )
2. Бесік той қай кезде тойланады? (баланы бесікке салғанда тойланады, ауылға құрметті, қадырлі, әже, апаларымызға ырымдап бесікке салдырады)
3.Жиен деген кім? (сенің әкеңнің әпке – қарндастарыңнан тулған балалар саған жиен болады)
4.Жылқыда не жоқ?(өт)
5.Байтал неше жасар жылқы?( Байтал 3 жасар жылқы)
1.Нағашы деген кім? (анамның туыстары саған нағашы болады)
2.Түйенің сүті қалай аталады?(шүбат)
3. Тұсау кесер салты қай кезде, қалай атқарылады? (бала жасқа толғанда түсауын кеседі,ауылға құрметті, қадырлі, әже, апаларымызға ырымда тұсауын кестіреді)
4.Малды қай жаққа қаратып бауыздайды?(Қыбылаға яғыни оңтүстік
батыс)
5.Жылқының ішіегінен не жасалады?( қазы жасалады)
1. Қонақтың неше түрі бар оларды ата?( Құдай қонақ , Арнайы қанақ , Қыдырмаш қонақ)
2. Дөнен неше жасар жылқы?(4 жасар)
3. Бажа деген кім?(бір үйдің қыздарын алған кісілер бір-біріне бажа болады )
4.Тай неше жасар жылқы?(2 жасар)
5.Бір жасар түйені қалай атайды? (Бір жасар түйені тайлақ деп атайды)
1. Жездедеген кім?(сенің апайларыңды алған кіслер саған жезде болады)
2. Дөнен неше жасар жылқы?(4 жасар)
3. Қүдаша деген кім?(жеңгеңнің немесе жездеңнің апеке сіңілі қарындастары)
4.Көрімдік днген не?( жаңатуған балаға, жас келінге беріледі)
5. Құда бала деген кім? (жеңгеңнің немесе жездеңнің ағасы немесе бауыр інілері)
Ақ бата алып ақ сақалды атадан,
Қуат алып ақ самайлы анадан.
Ел басына күн туғанда тай салмай,
Қас жауына жебе болып қадалған- , дей келе 5.Айналым «Ат әбзелдері» Дұрыс жауап 1 ұпай
-
Шідер деген не? (Шідер аттың 3 аяғын бекітетін байлайтын құрал)
-
Қүйсқан деген не?( Қүйсқан ертоқымды алдыға жібермей ұстап тұратын құрал)
-
Өмілдірік деген не?( Ертоқымды артқа жібермей ұстап тұратын құрал)
-
Айыл деген не?( Ертоқымды аудырмай бекітетін бөлігі)
-
Үзеңгі деген не?(Үзеңгі атқа оңай мініу үшін қолданылады, яғыни баспалдақ)
-
Дізгін дегн не?( Дізгін атты басқаратын, яғыни ролдің қызіметін атқарады)
-
Қанжыға деген не?(Қанжыға азық, киім басқалай заттарды байлауға қолданылады)
-
Үзенгі бау деген не?(Үзенгі бау үзеңгімен қапталды біріктіреді, яғынй үзеңгінің бауы)
-
Сағалдырық деген не?(Сағалдырық, жүген аттың басынан сыпырылып қалмас үшін қолданылады )
-
Ауыздық деген не?(Ауыздық аттың ауызында тұратын темір атты тежеу ұшін қолданылады)
-
Қаптал деген не?(Қаптал, ертоқымның екі қасы бекінетін жері)
-
Жырым деген не?(Жырым, айыл келіп бекінктін жері)
-
Айлбас деген қайда қолданылады?(айылда, сағалдырықта )
-
Тоқым деген не?(Тоқым қапталдың астында тұратын киіз сыртын бұлғары мен қаптайды)
-
Түсамыс деген не? (Түсамыс аттың алдыңғы екі аяғын байлауға қолданылады)
-
Өре деген не?( Өре, аттың алдыңғы бір аяағы мен артқа бір аяағын байлау үшін қолданылады)
-
Бүлдірге деген не? (Қамшының бауы, қолдан түсесін деп тағылады)
-
Ершік деген не? ( шана немесе арба жеккенде ертоқымның орынына пайданалады)
Қажымұқандай қара күштің иелері,
Тек қана жалғыз алла сүйенері.
Сегіз қырлы бір сырлы азаматтар,
Көк шалғындай гүлденіп көгереді. Дей келе6.Айналымды бастаймыз «Үй жұмысы» қол өнер сайысы жоғарғы ұпай 5 ұпай
Би болатын жігіттің,
Төбеде болар жұмысы.
Мерген болар жігіттің,
Мергендік болар жұмысы- дегендей ендігі кезекті жігіттеріміздің мергендігін сынау7.Айналым Мерген асық ату сайыстар ұпай саны 1 ұпай
-
Асық ойыны
-
Байлау түрлері
Әділ қазылар алқасына сөз беріледі
Қаһарман қара қазаққа,
Қара ұлыңның тілегі,
Амандық сұрап алладан,
Сендеп соққан жүрегі, деген өлеңмен әрбір қазақтың жігіттері қазағым деп жүректері соқса деген тілекпен сайысымызды аяақтаймыз қош сау болыңздар!!!!!
Тәлімгер: Жақан А.