Ғасыр обасы – ЖҚТБ (СПИД), АҚТҚ (ВИЧ) және
есірткі
Мақсаты:
1)
ғасыр дертіне айналған ЖҚТБ
(СПИД) және АҚТҚ (ВИЧ) аурулары туралы оқушылардың ұғымдарын
дәрігерлік мәліметтер арқылы жан-жақты тереңдетіп
жетілдіру;
2)
ЖҚТБ ауруы есірткі тұтқыны мен
салауатты өмір сүру нормаларының бұзылу нәтижесінің жеңісі екендігі
келеңсіз қылықтардан нақты мысал келтіре отырып
түсіндіру.
Коррекциялық
жұмыс: ЖҚТБ ауруының қасіретін
түсіндіріп, сақтану жолдарымен таныстыра салауатты өмір сүруде зор
мәні бар екенін түсіне отырып, өзі өмір сүрген қоғамда
жолдастарына, туыстарына осындай жаман қылықтардан аулақ болуға,
әрқашан қолынан келген өз көмегін беруге дайын болуға бағыттап
тәрбиелеу.
Тәрбиелік
мәні: ұғынып түсінгендерінің өз
өмірлерінде денсаулықтарын қорғау жолында,салауатты өмір сүруде зор
мәні бар екенін түйсіне отырып,өзі өмір сүрген қоғамда
жолдастарына,туыстарына осындай жаман қылықтардан аулақ
болуға,әрқашан қолынан келген өз көмегін беруге дайын болуға
бағыттап тәрбиелеу.
І бөлім
1)Кіріспе
2)Оқушыларға берілетін сұрақтар
ІІ бөлім
1)Оқушылар денсаулық,тазалық туралы мақалдар
айтып мән-мағынасын өздері түсіндіріп өтеді.
2)Қорытынды.
І бөлім
ЖҚТБ (СПИД)жұқтырылған
қорғаныш тапшылығы белгісі ауруы жер шарынан пайда болғанна бері
адам баласының өмірі қорқынышты жағдайда өтуде.Өйткені бұл ауру
өзінің қатерлігі жағынан «Ғасыр дерті»деп бекер аталмаған.Аурудың
емделу жолын іздеп дүниежүзі ғалымдары дүркін-дүркін бас қосып
қарсы егілетін вакцина мен дәрі-дәрмекті жасап шығарудың амалын
қарастыруда,өкінішке қарай жасалған дәрі-дәрмектердің күші ауруды
уақытша тежеуге ғана жетеді.Емделу уақыты өте ұзақ әрі
қымбат.
Ауруды емделудің қиындығы сол-оның қоздырғыш
вирусы өте қу,ол өз формасын тез құбылтып,өзгертіп
отыратындығында.
Аты шулы ауру ХХ ғасырда белгілі болып, енді ХХІ
ғасырдың табалдырғын емін еркін аттауда.
Қатерлі аурудың жыл санап өршуінің бірден-бір
себебі қоғамдағы салауатты,мәдениетті өмірдің бұзылуы,есірткі
шегушілердің көбеюінің салдары.Осы кесел адамзат өміріне тек «Өлім
дәнін себуде».Саналы азамат салауатты ғұмыр сүріп,дені сау ұрпақты
тәрбиелеп отбасында пайдалы еңбек етіп,денінің сау болуын санасынан
ешқашан шығармауға тиісті,яғни міндетті.
Тәуелсіз елімізідің болашағы
сендерсіңдер,сондыңқтан сендердің де естен шығармайтын
міндеттерін,яғни әрқайсысың бұны «азаматтық борышың»деп ұғынуларың
қажет.Сендердің әрқайсыңды аналарың дүниеге келтіріп өмір
сыйлағанда «балам есті азамат болып өсіп,халқына қызмет етсін»деп
тілек тіледі.Ендеше өзін-өзі «Мен адаммын»деп санайтын әр азамат
өзінің адамдық борышын дұрыс өтеуге тиісіті.Өз өмірлеріңізді
көлденең кеселден қорғау,дұрыс өмір сүру,әр түрлі жат
қылытардан(темекі шегу,арақ ішу,есірткі қолданудан)аулақ болу
туралы көптеген газет-журнал,дәрігерлік басылымдарды оқып,біліп
пікірлестік.Бүгін сол тәрбие жұмыстарынан алған
білімдеріңді,әсерлеріңді сараптау үшін сендерге төмендегі
сұрақтарға жауап беруге тура келеді.
ЖИТС (СПИД) – жүре пайда болатын иммунитет
тапшылығын синдромы. ЖИТС – ауру емес, ол тек басқа жұқпалы
аурулардың жұғуына жағдай жасайды. Яғни адамның қорғаныш қабілетін
төмендетеді.
Ғалымдардың есептеуі бойынша ЖИТС (СПИД) ең алғаш
20 ғасырдың 70 жылдары АҚШ, Гаити, Африкада тіркелген, 1979-81
жылдары Нью-Йорк пен Лос-Анжелес дәрігерлері адамдардан
иммунитеттің нашарлығын байқаған. Олар қан тамырының ісігі (саркома
Капоши) және пневманияның сирек формасымен ауыратын
адамдар.
1982 жылы ауруларды бақылау орталығы жаңа ауру
ЖИТС-ты тіркеді. 1983 жылы француз Люком Монтанье мен американдық
Роберт Галло ауру қоздырғышы туралы алғашқы мәлімет
айтты.
Ей, ұрпағым, есіңді жи,
азбаңдар
Қиыршық құмдай үгітіліп
тозбаңдар.
Бойыңдағы қуатыңды
жоғалтып
Жақсы үмітпен, сеніміңнен
таймаңдар
Салауатты өмір салтын
сақтаңдар
Болашаққа нық қадам
бастаңдар!!!
Жаттығу «Сызықтар»
Ойынның
мақсаты: АҚТҚ-ны жұқтырғанда қоғамнан шеттелгенін түсіну. АҚТҚ-ға
шалдыққандарға адамгершілік көзқарасты тәрбиелеу. Бұл ойынның
басынан аяғына дейін ешкім сөйлемейді. Ойынға қатысқан әрбіреуінің
маңдайына қызыл немесе жасыл сызық жабыстырады және әрбіройыншы өз
сызығын көрмеуі керек. ал біреуіне сары сызық жабыстырады. Ол
сызықтың түсіне байланысты топтарға ұйымдасуы керек, бірақ бәрі
бір-біріне көмектесе алады.
Жаттығуды талқылау. ТОПТАРҒА
СҰРАҚТАР:
-
Сендер өз топтарыңды қалай
таптыңдар?
-
Сары сызықты ойыншыға топтың
көзқарасы қандай болды?
-
Неліктен сары сызықты ойыншыны
еш топ алған жоқ
-
Сары сызықты ойыншыны топ
алғысы келе ме?
Сары сызықты ойыншыға
сұрақтар:
Барлық топқа сұрақ:
Қорытынды:
бір ойыншы басқалардан ерекше болып қалды. Ол кез келген бір топқа
кіргісі келеді, бірақ оны ешқайсысы алмайды. Бұл жағдайды АҚТҚ
ауруына шалдыққандарға қолдануға болады. АҚТҚ менЖҚТБ –ны қара
беттік пен қорқыныш қоршап жатыр, ал осының салдарынан зардап
шеккен адамдар кемсітушілікке ұшырайды. АҚТҚ-ға шалдыққандарға
дәрігерлік көмек көрсетпеуі мүмкін, оларды жұмысынан немесе үйінен
қуып шығуы мүмкін, олардың отбасын далаға қуып шығуы мүмкін, оларды
өлтіруге дейін баруы мүмкін. АҚТҚ ауруына шалдыққандарды кемсітіп
саулардан бөлу арқылы біз адам құқығын бұзамыз, қоғамда олар туралы
қате көзқарас туғызамыз.
Сұрақтар
(Қойылған сұрақтарға барлық оқушылар жауап беруге
құқылы және толықтырып отыруға болады.)
-
СПИД ауруы туралы не
білесіз?
-
ЖҚТБ жұқтырылған қорғаныш тапшылығы белгісі
дегеніміз не,бұл ауру дүние жүзінде қай мекенде,қай жылы белгілі
болды?
2)
СПИД ауруы
қорқынышты ма? Қалай ойлайсың?
ЖҚТБ ауруының қоздырғышы не,оның микробын қалай
атайды,иммунитет дегеніміз не?
3)
ЖҚТБ вирусын жұқтырған адамның
ауру екендігін қандай жолмен анықтайды,дұрыс
нәтиже
неше айдан кейін,неше дүркін
тексерістен кейін болады?
4)
ЖҚТБ вирусы неше түрге
бөлінеді,олар сау адамға қалай жұғады?Жасырын кезең деген
не,ол
қанша уақытқа
созылады?
5)
Осы аталған вирустар адамның
тікелей қандай жасушаларын зақымдайды,адамның
тұра
бойында қандай жұқпалы аурулар
белең алады,вирустың тікелей көздейтін негізгі
нысаны
қандай
жүйе?
6)
ЖҚТБ вирусының жұғу жолдарын
атаңдар,тікелей жұғу жолы дегеніміз не?
7)
Қандай жағдайда ЖҚТБ вирусы
жұқпайды?
8)
ЖҚТБ вирусының сыртқы орта
жағдайларына төзімділігі және дәрігерлік жолмен
қалай
дезинфекциялайды?
9)
ЖҚТБ ауруын жұқтыруда есірткі
шегушілердің тікелей қатысы бар дегенге қосыласыңдар
ма?
10) Осы аурумен ауырған адам ССС-
да алғаш қай жылы тіркелінді?
11) ЖҚТБ-мен ауырған адамдар
Қазақстанда қай жылы белгілі болды,қандай
жас
аралығындғылар
ауырады?
12) Осы аурумен ауыратындардың
және есірткі шегушілердің санынының өршу себебі
неліктен
деп ойлайсындар,халықтың қанша
%-ы,бұл аурудың ең көп тараған қалаларын
атаңдар?
13) ЖҚТБ вирусын жұқтырмау үшін не
істеу керек,не білу қажет,өмір сүрудің
қандай
нормаларын
орындау(қатаң)қажет?
14) ЖҚТБ вирусына қарсы егілетін
дәрілердің атын атаңдар,олардың көмегі қандай
дәрежеде?
15) Балалары бар ата-аналар осы
аурудың алдын алу үшін не істеу керек, қандай
мәліметтер
білуге
тиісті?
16) ЖҚТБ вирусы мен есірткі шегіп
ауыратындардың емделу орталығы бар ма, болса
қай
қалаларда, аты жарияланбай
емделетін орындар бар ма?
17) Егер сіздің досыңыз ауырса,
сіздің көзқарасыңыз, достығыңыз қандай бағыт алады, не
істейсіз?
18) Дүниежүзі болып ЖҚТБ ауруына
қарсы күресті қай айда өткізеді?
19) Қоғамда ЖҚТБ ауруымен ауырған
адамдарға қандай көмек көрсетіледі, қай елде өмірінің соңына дейін
еркін өмір сүруі үшін аралға апарып
орналастырады?
20) ЖҚТБ ауруының алдын алу туралы
заң қай жылы жарияланды?
«Қисық жол» деген оқиға
оқылады.
Қолы бос кезінде Марат курьер
болып жұмыс істейтін. Бір күні қаланың екінші басына маңызды
құжаттар апару керек болды. Марат көп ойланбастан автобусқа мініп
жүре барды. Жол алыс болғандықтан көзі ілініп кетіпті. Оянса,
қолындағы бумасы жоқ екен. Есі шыққан Марат автобустан атып шықты.
Не істерін білмей, дел-дал болған жеткіншек қала көшелерін кезіп
ұзақ жүрді. Кенет, оның көзіне бейтаныс ауланың бұрышында отырған
өзі шамалас балаларға көзі түсті. Марат бейтаныс жандардың қасына
жақын келіп, бейне бір бұрыннан таныс адамдарша шүйіркелесе кетті.
Ол өзінің басынан кешкен келеңсіз оқиғасын баяндап, жаңа достарынан
кеңес сұрады.
Міне содан бері Марат сабағын
да тастады. Таныстары оны қаланың әр жерінде күмәнді жастар тобымен
жүргенін көретін болды. Көрші аулада отыратын әжелер: «Әсте Марат
«қисық жолға » түсіп кетіпті – ау » -десіп жатты.
Ашық сұрақтар қоя отырып,
топпен Мараттың оқиғасын талқылаңыз:
-
Марат қандай оқиғаға тап
болды?
-
Ол сабағын неге тастап кетті
деп ойлайсыз?
-
Жаңа достары қандай кеңес берді
деп ойлайсыздар?
-
«Қисық жол» дегенді қалай
түсінесіңдер?
-
«Қисық жол» қайда және қандай
нәтижелерге алып келуі мүмкін?
Арақ пен темекі адам үшін
қауіпті ме? Өз ойыңды айт.
СПИД-ті
жұқтырған адам сол күннен бастап неше жыл өмір сүре
алады?
Арақ, темекі туралы қандай
нақыл сөздер білесің?
СПИД ауруымен ауырып, жер
шарында неше миллионға жуық адам дүниеден өтіп, неше млн. бала
жетім қалды?
Не себептен балалар темекі шеге
бастайды деп ойлайсың?
Есірткі қолданып, оны тартқан
адамдарды заңға тарта ма?
“Салауатты өмір салты” дегенді
қалай түсінесің?
ІІ
бөлім
1)Оқушылар денсаулық,тазалық туралы мақалдар
айтып мән-мағынасын өздері түсіндіріп өтеді.
2)Қорытынды.
1. Ауырып ем іздегенше ,
(Ауырмайтын жол ізде )
2. Ішпеген, шылым шекпеген,
(Жасайды жылдар көптеген.)
3. Қайғы қартайтады. (Қуаныш
марқайтады)
4. Адам арақты ішеді, (Арақ
ақылды ішеді. )
5. Жасында темекісін
будақтатқан, ( Күркілдеп қартайғанда сұлап жатқан )
6. Арақ- ішіп ішіне көшеді,
(Ақыл шөлмек ішіне түседі )
Денсаулық – көтеріңкі көңіл-
күй, үлкен бостандық, сергек қимыл.
«Ғасыр обасы» деп аталған осы
ауруды дүние жүзі ғалымдары қанша бас қосып ақылдасса да әзірге
көзін жоюға шамалары келмеуде. Бұл аурудың үдеуінің бірден-бір
себепшісі – есірткі.
Есірткі
шегушілер негізінен қылмыскерлер, олар өзін ғана құртып қоймайды,
өзгелерді де құртады. Олар өзімшіл, ата-ана, бауыр, туыстарына жаны
ашымайтындар, олар адам пішініндегі құбыжық деуге болады. Саналы
адамзаттың көздеген мақсаты есірткі мен ЖҚТБ ауруына қарсы тұру,
қоғамға, ел болашағына нұқсан келтіртпей, адамзаттың, қоғамның
саулығын қорғау болуы керек. бүгінгі таңда ЖҚТБ ауруы туралы естіп
біргенімізге тура 26 жылдай уақыт болыпты,бірақ осы уақытқа дейін
бірде-бір аурудың құлан таза емделіп жазылғанын кездестіріп немесе
естіген емеспіз. Ауруды зерттеп тексерген ғалым мамандардың айтуы
бойынша, бұл аурудан қорғанудың бір-ақ жолы бар, ол
–білім.
ЖҚТБ қандай қауіпті ауру
екендігін, оның қандай жолмен жұғып тарайтынын әрбір адам нақты
біліп, терең түсінуі қажет. Үлкендер отбасында салауатты өмір сүру
нормаларын, әр адам жеке бас тазалығын, жұбайлық тазалықты сақтап,
өсер ұрпаққа үлгі бола білуі қажет. Боламын деген жасөспірім,
мектеп жасындағы балалар сабақтан тыс уақыттарын мазмұнды өткізуге
тырысуы керек.
Әр бала өзі
ұнататын пән үйірмелеріне қатысып, кітапхана, білім ұяларында
ұйымдастырылған шараларға үйірсек болса, одан олар тәлімі анағұрлым
көп болар еді. Міне, осындай өзіңе пайдалы еңбек етсең, болашақта
оның шырын-нәрін емерсің демекпін. Әркез естен шығармау керек,
еңбек адамға нағыз дос, ұлы бабамыз Абай бекер айпаса керек «Тамағы
тоқтық, жұмысы жоқтық, аздырар адам баласын» деп. Ал Құсайын
Тәкежанов еңбек туралы:
Анық дос адамзатқа-
адал еңбек,
Қайғысыз, уайымсыз пайда
бермек.
Істемей адал еңбек жалқау
болған
Азаппен өмірінде қорлық
көрмек. – деп түйген екен.
Еңбексіз адам есірік болып,
түбінде өзін-өзі азапқа апарып түсіреді. Сондықтан еңбекпен,
біліммен дос болуың, имандылыққа бет бұруың – міндетің. Жақсылыққа
бет бұруын, барлық істе ауызбірлікте,ынтымақта болу, алдағы күнде
жақсылықпен қарау биіктерге жетелейді. Сондықтан балалар, білімді
болып әрі еңбекпен дос болсаңдар, өз денсаулықтарыңды қорғай
білсендер, жат қылықтарға жандүниелеріңмен қарсы болып адалдықты
сүйсендер, салауатты өмір сүрудің нормаларын үйреніп, өзің өмір
сүрген ортада көпшіл, мейірімді болсаңдар сендерге ешқандай кесел
жолай алмай айналып өтетіндігіне сенімім өте зор.
ДЕНСАУЛЫҚ – бірдің емес мыңның
байлығы және баршаға ортақ ең басты байлық.
Орындаған: Оспанова
Ж.Ш.
Алтайбаев негізгі орта
мектебі
Ғасыр обасы – ЖҚТБ
(СПИД),
АҚТҚ (ВИЧ) және
есірткі
2018ж