Материалдар / «ЖИТС/СПИД туралы уақтылы білу – аурудың алдын алудың негізі» Тренинг
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«ЖИТС/СПИД туралы уақтылы білу – аурудың алдын алудың негізі» Тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі заманның орын алып отырған проблемасы - ЖИТС/СПИД - АИТВ/ВИЧ –ы және әркімнің өзінің жеке жауапкершілігі туралы білімдері мен түсініктерін қалыптастыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қараша 2018
1976
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Семинардың тақырыбы: «Адам - табиғаттың ең қымбат жемісі»



Бөлімі: «ЖИТС/СПИД - АИТВ/ВИЧ» (треннинг)


Трнингтің тақырбы: «ЖИТС/СПИД туралы уақтылы білу – аурудың алдын алудың негізі»


Мақсаты: Қазіргі заманның орын алып отырған проблемасы - ЖИТС/СПИД - АИТВ/ВИЧ –ы және әркімнің өзінің жеке жауапкершілігі туралы білімдері мен түсініктерін қалыптастыру.


Міндеттері:

  1. Жасөспірімдерді олар үшін шала таныс проблеманы еркін тренингтік жаттығулары жағдайында талқлауға мүмкіндік туғызу

  2. АИТВ/ВИЧ, АИТВ/ВИЧ-инфекция, ЖИТС/СПИД туралы мини- дәрістер арқылы жалпы түсінік беру.

  3. Проблеманы ерте бастан танып білу, ол аурудың қауіптілігін дұрыс ұғынуға және әр адамның өз денсаулығына деген жеке жауапкершілігін сезіну қажеттілігіне сендіру.

  4. Алған білімдерін бекіту, өмірде өздерін ұстай білу дағдыларын қалыптастыру үшін, бір мезетте ақпаратты алу және түсініксіз жерлерін талқыға салу үшін жағдай жасау.

  5. Жасөспірімдерді өздерінің білімдерін, қасіреттің зияндық деңгейі мен өздерін ұстап білу дағдыларын бір мақсатқа біріктіріп саналы түрде ұғынуға үйрету.


Түйін сөздер:

АИТВ/ВИЧ- Адамның иммундық тапшылық вирусы/ Вирус иммунодифицита человека

АИТВ/ВИЧ-инфекция –АИТВ –ын жұқтыру нәтижесінде, адамның иммундық жүйенің маңызды жасушаларын зақымдауымен жүретін инфекциялық ауру. Бірнеше сатыда жүреді.

ЖИТС/СПИД - жұқтырылған иммундық тапшылығы синдромы/ синдром преоретенного иммунодефицита, АИТВ/ВИЧ-инфекцияның соңғы сатысы болып табылады.

Адамның иммундық жүйесі – ағзаны қорғауды (иммунитет) жүзеге асырады. Ауру туғызатын микробтар, вирустар, қарапайымдылар, паразиттер, ісік шақырушы жасушалардан қорғауды қамтамасыз ететін жүйе.


Тренингтің жүрісі :

Тренингтік жаттығу №1

1. Тренинг қатысушылары шеңбер құрып отырады. Тапсырма: өзіңізге жақын 5 адамды таңдап алыңыз.

2. Қатысушылар үшін маңыздылық деңгейі бойынша орналастыру. Мысалы, бірінші орында – анасы, сосын – әкесі, аға, апа, досы және т.б.

Сұрақ: осындай таңдау жасау сізге қиын болды ма?

«Құпиялы бетше» ойыны

  1. Ойыннның барлық қатысушыларына карточкалар таратылып береді. Әр адам алған карточкасын ешкімге көрсетпеу керек екендігі алдын ала айтылады..

  2. Топ мүшелеріне бір-бірімен «танысу» тапсырылады. Танысу рәсімі былай ұйымдастырылады: әрбір қатысушы өзінің танысының қасына келіп «сәлеметсіз бе, мен ең қызық адаммын, себебі мен...» (өзінің хоббиін айтады: «кесте тігемін», «жапон тілін үйреніп жүрмін», «таңертеңгілікте басыма тұрғанды ұнатамын» және т.б.). бетшеге «танысқан» адамының атын жазып алады. Кім көп адаммен «танысса» сол жеңіске жетеді.

  3. Психолог: «Сіздердің көрсеткен процессіңіз кәдімгі өмірдегі әрқайсымызбен күн сайын болатын оқиғаларға қатты ұқсайды. Біз бәріміз күнде әртүрлі адамдар кездесеміз, танысамыз, араласамыз».

Осыдан кейін аудиторияның ортасына карточкаларында «-» таңбасы бар қатысушылар шақырылады. Психолог оларға бұл топтың мүшелеріне ең қайғылы рөл түскенін айтады, бұл адамдар ВИЧ-тасымалдаушы – адамдарды бейнеледі.

Топқа сұрақ: «Сіздер бұл «инфекцияға шалдыққан » адамдардың қарым-қатынасынан сезікті бірдеңе сезе алдыңдар ма»?


  1. Топ мүшелеріне өздерінің жазбаларына қарап «вирус тасымалдаушылармен» «танысқан» жоқ па екен анықтауын сұраймын.

  2. Содан кейін «Тасымалдаушылардың» сол жағына карточкаларында «+» таңбасы бар адамдардың тұруы сұралады. Бұл «+» таңбалы адамдар өмірде өздерінің денсаулықтарына өте сақ және өмір сүру барысында абай бола білетіндер, көптеген «+» адамдар «-» таңбалылармен танысқанымен , олар өздеріне вирусты жұқтырған жоқ, себебі олар көптеген ережелерді бұлжытпай орындапуының арқасында сау қалып отыр.

Топ мүшелеріне СПИД ауруының таралу жолдары мен оның алдын алу жолдары туралы еске түсуру тапсырылады.

  1. «Нольдер» дені сау, өз денсаулықтарына қалай – болса солай қарайтын адамдарды бейнелейді. «О» таңбасы бар адамдаркімдермен «танысқанын» өз тізімдеріне қарап шықсын, тізімдерінде «-» таңбасы барлар «вирус тасымалдаушылар» тобына қосылады, өйткені өз өміріне, денсаулығына салдыр-салақ қарайтын адам вирустасымалдаушылармен араласқанда ауырып қалуға толық мүмкіндігі бар адамдар.



Алғы сөз: Біздің әрқайсымыздың жақын және ыстық жақсы көретін адамдарымыз бар. Бірақ өмірде адамдардың ауыратын кезі де болады. Көптеген жақын адамдарымыз ауыр созылмалы аурумен ауыратын кездері де болады. Ештеңемен көмектесе алмайтынымзға қынжыламыз, қиналамыз.

Мынадай да аурулар болады, ақымақтықпен, немесе білмегендіктен жұқтырып алған аурулар. Міне сол үшін біз бүгін адамзаттың ең қорқынышты ауруы –ЖИТС туралы әңгімелесеміз.



Тренингтік жаттығу №2: Миға шабуыл

Талқылауға арналған сұрақ: «ВИЧ/СПИД» туралы не естідіңіздер?

Айтылғандар тақтаға немесе улкен параққа жазылады, қорытындылай келе, зейіндерін мынаған тоқтатамыз:

- ВИЧ-инфекция қазіргі таңда емі табылмаған, емі жоқ ауру,

- ауруды адамның иммунтапшылығы вирусы шақыратынын,

- бұл аурудың алдын алатын екпе (вакциналардың) жоқтығын,

- ВИЧ-тан сақтанудың жалғыз ғана жолы ол – өзіңді өзің қауіптен алыс алып жүруің, тәртіпті болу бір сөзбен.

Көңіл аудару: СПИД – бұл тіптен оба ауруы емес. ВИЧ пен оба ауруының қоздырғыштарының берілу жолдары әртүрлі.. ВИЧ/СПИД-ті оба ауруымен салыстыру қорқыныш азабын тарттырады және ВИЧ ауруы бар адамдарға дискриминация қалыптастырады.

Мини-дәріс. СПИД-тің шығу тарихы туралы.


Презентация материалдарын пайдалану


Тренингтік жаттығу №3. Жағдаяттық тапсырмалар.

Қанын анализге тапсырған адам жаңа ғана өзінің ВИЧ-ті жұқтырып

алғанын білді.

Ол қандай сезімде болады?

Ол не істей бастайды?

Тапсырманы оқып, қатысушылардың пікірін біледі.

Қорытынды: көптеген адамдар үрейленеді, өзі немесе жақындары үшін қорқыныш сезімі пайдаболады, ашу-ыза, жабырқау, торығуды сезінеді.



«Ұтымды қарым -- қатынас» жаттығуы

Төмендегі жағдаяттарға байланысты ұтымды және қауіпсіз қатынас ұсына отырып сөйлемді аяқтаңыз.

  1. Емханада тамырыңыздан қан тапсырып тұрып, :

А) шприц пен ине __________________________________________ болуы керек екен қадағалау керек.

Б) медициналық қызметкердің қолында жаңа _______________________

_______________________________ болуына көңіл аудару.

  1. Косметикалық салонда татуаж, пирсинг, маникюр, педикюр жасатар алдында:

А) Маманнан сұрау керек:____________________________________________

Б) сізге дейінгі адамға қолданған құлдардың стерилизацияланбағанын байқасаңыз, талап ету керек:__________________________________________

__________________________________________________________________


  1. Ашық жарақатты, есінен танып жатқан адамға алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде ?

А) ________________________________ тікелей контактқа түсуден сақтану керек

Б) қан тоқтату кезінде ________________________________қолдану керек, сосын ____________________________________





Тренингті қорытындылау.

СПИД тек қана 3 жолмен беріледі:

  1. Қан арқылы

  2. Жыныстық жолмен

  3. Анасынан баласына

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!