Материалдар / Жиындарды салыстыру. Тең жиындар

Жиындарды салыстыру. Тең жиындар

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ тақырыбы: Жиындарды салыстыру. Тең жиындар Мектеп: Күні : Мұғалімнің есімі: СЫНЫП: 1-сынып Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: Оқу мақсаты: жұп құру арқылы нысандар жиындарын салыстырады; тең жиындарды, бос жиындарды анықтайды, тең жиындар, бос жиын туралы түсінеді. Барлық оқушылар: Оқушылардың басым бөлігі: Кейбір оқушылар: Ресурстар: Әр партаға: қағаз; геометриялық фигуралар топтамасы; “тең жиындар”, “тең емес жиындар” деп жазылған­ парақтар; жиындар тақырыбына слайд. Тірек сөздер тең жиындар. Сабақтың мақсаты: Жиындарды салыстыра білу дағдысын қалып­ тастыру,­ “тең жиындарға” түсінік беру, жиындарды теңестіру тәсілдеріне үйрету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Маусым 2018
1543
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ тақырыбы: Жиындарды салыстыру. Тең жиындарМектеп:
Күні :

Мұғалімнің есімі:
СЫНЫП: 1-сыныпҚатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Оқу мақсаты:жұп құру арқылы нысандар жиындарын салыстырады; тең жиындарды, бос жиындарды анықтайды, тең жиындар, бос жиын туралы түсінеді.
Барлық оқушылар:Оқушылардың басым бөлігі:Кейбір оқушылар:

Ресурстар:Әр партаға:қағаз;геометриялық фигуралар топтамасы;“тең жиындар”, “тең емес жиындар” деп жазылған­ парақтар;жиындар тақырыбына слайд.
Тірек сөздертең жиындар.
Сабақтың мақсаты:Жиындарды салыстыра білу дағдысын қалып­ тастыру,­ “тең жиындарға” түсінік беру, жиындарды теңестіру тәсілдеріне үйрету.
Сабаққа байланысты деректі материалдар

Сабаққа қатысты ескертпелер

Сабаққа қатысты деректі материалдар­

Егер екі немесе одан да көп жиындағы элементтер саны тең және барлығы бірдей элементтерден тұратын болса, ондай жиындарды тең жиындар деп атайды. Жиындарды салыстыруда міндетті түрде олардың қандай элементтерден тұратынын, сондай-ақ жиындағы элементтер санын есепке алу керек. Жиындарды дұрыс салыстыру үшін бір жиынның элементіне екінші жиыннан өзіне тең бола алатын жұпты таңдау керек.



Кіріспе тапсырма. Сабақты өткен тақырыпты қайталаудан бастаңыз. Оқушыларға өз сөмкелерінде бар заттардан жиынға мысалдар келтіруін сұраңыз. “Жиын” ойынын ойнатыңыз. Сіз қандай да бір жиынды атаңыз, ал оқушылар оның элементтерін атап беруі керек. (Мысалы: құстар — торғай, ит-тер — төбет және т.с.с.) Содан соң оқушыларға өз ойларынан жиын мен оның элементтерін айтуға ұсыныс жасаңыз. (Жауаптарын тыңдап, жақсы жауап берген оқушыларды мадақтаңыз.)

Оқушыларды топқа қалаулары бойынша бөліңіз де, топпен жұмыс жасауды ұсыныңыз. Үстел үстіне үш дәптерден тұратын бірінші жиынды, төрт сызғыштан — екінші жиынды, екі кітаптан — үшінші жиынды жинатыңыз. Оқушыларға бұл жиындарды біріктірудіұсыныңыз да, бұдан шыққан жиынның элементтерін ататыңыз және санатыңыз. (Жауаптарын тыңдаңыз. Топтарға бір-бірінің жауабын “Бас бармақ” әдісі бойынша бағалатыңыз.)Оқушыларға әр партаға қағаздан жасалған геометриялық фигуралар топтамасын дайындап қойыңыз. Оларға жиындағы элементтер саны әртүрлі үшбұрыштар мен шаршылардан жиын құрау керектігін айтыңыз. Тақтаға бір оқушыны шақырып, оған отырған оқушыларға сұрақ қойғызыңыз­. Мысалы: “Кімнің жиынында 3 үшбұрыш және 4 шаршы бар?” — деген сұрақ қояды. Оған сыныптағы бірнеше оқушы қол көтеруі мүмкін. Осы оқушылардың жиындары туралы өзара “тең жиын” деп айтуға болатынын және оның не себепті “тең жиын” деп айтылатынын сұрап, жалпы сыныппен “тең жиын” деген ұғымға тұжырым жасатыңыз. Содан кейін осы тәріздес бірнеше сұрақтар қойып, сұрақтардың көмегімен тағы басқа кімде “тең жиындар” бар екенін анықтатыңыз. Тапсырманы талдап, сыныппен біраз жұмыс жасаған соң қолын мүлде көтермеген оқушыларды тұрғызыңыз. Олардың не себепті қол көтермегенін айтқызып, өз тұжырымдарын жасауды ұсыныңыз. (Олардың жиындары сыныптағыешкімнің жиынымен тең емес.)Тап және салыстыр. Оқушыларға қандай да бір заттар жиынын атап, олардың ішінен бір ортақ белгісі бойынша жиын бөліп алуды сұраңыз. Жұпта өз пікірлерімен алмасуға уақыт беріңіз. Құралған жаңа жиынды атап беруін сұраңыз. Оларға әр жиындағы элементтерді санауды ұсыныңыз.

Жауабы:жиындар тең емес, өйткені элементтері мен элементтерінің саны әртүрлі.Жиындар тең бе? Оқушылармен жұппен жұмыс ұйымдастырыңыз. Оларға пікірлерімен бөлісуге мүмкіндік беріңіз. “Жиындар тең бе?” — деп сұраңыз. Оқушылар өз жауаптарын түсіндіріп беруі тиіс. Жұптарға бір-бірінің жауаптарын мұқият тыңдап, бағалатыңыз. Бағалау үшін (оқушыларға үш түрлі белгі беретін қағаздар таратып беріңіз. Жа-сыл — жақсы, сары — орташа, қызыл — төмен.) Жауабы:бірінші жолда жиындар тең емес;екінші жолда жиындар тең;үшінші жолдағы жиындар тең емес.

Шығарып көр. Оқушылар жиындарды қалай теңестіруге болатынын анықтау үшін оларға топта пікірлерімен алмасуға уақыт беріңіз. Содан кейін әр топтың шешімін айтқызып, тыңдаңыз. Оларды бұл тапсырманы екі түрлі тәсілмен орындауға болады деген тұжырымға жетелеңіз. Екі жауабын да тез талдап тапқан топ мүшелерін мадақтап, топқа қандай­ да бір атақ беріңіз. (Мысалы: тапқырлар, білгіштер­ т.б.)

Жауабы:екінші жиынға креслоны қосуға болады;бірінші жиыннан креслоны алып тастауға болады.

Орындап көр. Оқушылармен бұл тапсырманы топтардың арасындағы жарыс түрінде өткізуге болады. Бірінші бөлігінде тең жиындар, ал екінші бөлігінде тең емес жиын құраулары тиіс. Оларға тапсырманы берілген уақытта орындау керектігін айтыңыз. Неше минут берілетінін жазып немесе таймермен көрсетіп қойыңыз. Жиынды дұрыс және бірінші болып құраған топ жеңіске жетеді.

Жауабы:а) 3, 5, 7, 16, 1; ә) М, К, Л, Д, А;а) ана, әке, қыз; ә) қыс, көктем, жаз.

Қоңыздар. Оқушылардан: “Жиын қандай эле­ менттерден тұрады?” — деп сұраңыз. (Үш түрлі түс­ пен боялған қоңыз.) Қоңыздардың төменгі жағында орналасқан жиындарға мұқият қарауды ұсыныңыз. Қоршаулардың ішінде орналасқан жиындардың ішінен берілген жиынға тең жиынды тапқызыңыз. Өз пікірлерін дәлелдеп айтуды ұсыныңыз. Тең жиынды тапқан соң тең емес жиынды атап, неге тең емес екендігін дәлелдеп беруді сұраңыз. Жауаптарында математикалық тірек сөздерді қосып сөйлеуді талап етіңіз.

Жауабы:соңғы жиын берілген жиынмен тең, өйткені олардың элементтері және саны бірдей.









Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

Қосымша тапсырмалар

Тақтаға “тең жиындар” деп жазылған парақты жазып іліп қойыңыз. Оқушыларға интерактивті тақтада жиындарға келтірілген мысалдарды көрсетіңіз. Олар міндетті түрде тең жиындарды анықтап, тақтада жазылған сөздерді қолдана отырып тірек сөздерді айтулары тиіс.Жиындарды салыстыр. Оқушыларға тапсыр­ маны өз беттерінше орындауды ұсыныңыз. Тапсыр­ маны орындап болған соң өзара тексеруді ұйым­ дастырыңыз. Оқушылар жиындарды салыстырып, тең жиындардың арасына “=” белгісін, ал тең емесжиындардың арасына “≠” белгісін қоюлары тиіс.Артық элементтерді сызып, жиындарды теңестір. Оқушыларға тапсырманы өз беттерінше орындауға­ уақыт беріңіз. Олар тапсырманы орындап болған соң тексеру үшін кері байланысты қолданыңыз­. (Мысалы: бір оқушы сызған затты атайды, ал басқа оқушылар келіссе, қолдарын жоғары көтереді, егер келіспесе, онда қолдарын көтермейді.)Элементтерді қосып, жиындарды теңестір.Тапсырма элементтер саны аз жиынға элементтерді толықтырып қосу тәсілі арқылы жиындарды теңестіру дағдыларын қалыптастыру үшін өз беттерінше­ жұмыс жасауға бағытталған. Оқушылар сабақ барысында­ жұппен және топпен жұмыс жасау кезіндегі алғандағдыларын бекіте алады.Тең жиындарды сызықпен қос. Оқушылар жиындарды­ салыстырып, олардың арасынан тең жиындарды­ тауып, сызықпен қосады. Өз бетінше жұмыс кезінде оқушылар сабақтың тақырыбы бойынша алған білім, дағдыларын бекітеді. Орындау нәтижесі бойынша тақырыпты меңгеру деңгейлерін­ бағалаңыз.
Бағалау Оқушылар сабақ соңында:жиындарды салыстыруға болатынын;жиындардың тең болатынын және тең бол­ майтынын;егер олардың барлық элементтері мен саны бірдей болса, онда жиындардың тең екенін біледі.Оқушылардың сабақтың тақырыбын түсінгенін бағалау мақсатында мына сұрақтарды қойыңыз:— Екі жиынды салыстыруға бола ма?— Жиындар қашан тең болады?Сыныптан, мектептен немесе өздерін қоршаған ортадан тең жиындарға мысал келтіруді сұраңыз. Өз партасындағы тең емес жиындарға мысал келтіруді ұсыныңыз.Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бойынша өзін-өзі бағалатыңыз.
















Ақмола облысы Көкшетау қаласы №3 Красный Яр көпсалалы орта мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі
Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!