Материалдар / Жиындардың қиылысуы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жиындардың қиылысуы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәжірибе алмасу ұстаздар үшін
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Желтоқсан 2018
395
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ы.Алтансарин атындағы жалпы орта мектебі









Ашық сабақ



Тақырыбы: «Жиындардың қиылысуы»


Сыныбы: 2 «А»


Өткізген: бастауыш сынып мұғалімі

Ризуанова Л.Т.

















2017-2018 оқу жылы

Бекітемін: ___________

МДОІЖО: Т.Исаева

Күні: 14.12.17ж

Бастауыш сынып мұғалімі: Ризуанова Л

Сабақтың тақырыбы: Жиындардың қиылысуы


Тақырыбы: Көп ұлтты Қазақстан.

Оқу мақсаттары

2.4.1.2. Сандар жазбасындағы цифрлар саны, санның 2-ге бөлінуі, сандар тізбегіндегі орны жəне басқалары бойынша сандық жиындарды құру жəне жіктеу.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • сандар жазбасындағы цифрлар саны, санның 2-ге бөлінуі бойынша сандық жиындарды құрады жəне бөледі.

Көпшілік оқушылар:

  • жиындар тобына атау таңдайды.

Кейбір оқушылар:

  • таңдалған белгі бойынша сандар тізбегін құрады.

Тілдік мақсаттар

Пəндік лексика жəне терминология.

Жиындар қиылысы.Жиын элементтері.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланатын сөйлемдер.

Талқылау.

Жиын құрыңдар. Жиынға атау беріңдер. Жиын элементтерінің санын санаңдар. Жиындар тобына атау таңдаңдар.

Екі жиынның қандай элементтері қиылысатынын анықтаңдар.

Жазу.

Жиын атауын жазуға арналған латын əліпбиінің бас əріптері, жиын элементтерінің атауын жазуға арналған латын əліпбиінің кіші əріптері.

Тірек білім

Жиындардың бірігуі, жиындардың қиылысуы.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-əрекет

Ресурстар

0-2

Ұйымдастыру

Психологиялық дайындық

  • Кел жаныма, тұр сыныптас,

Өз алақаныңды маған аш.

Міне, менің қолым бос,

Жылуыма жылу қос.

Шульманның үш көмекшісін оқушыларға жіберу





3-15

Білу

ІІ.Қызығушылықты ояту кезеңі

1.Өткен сабақты бекіту.

(№ 5 53- бет)

1. Жиын дегеніміз не?

2. Жиынды құрайтын нысандарды қалай атайды?

3. Жиынды бейнелеу үшін нені қолданамыз?

4. Жиын, оның элементтерін қалай белгілейміз?

5. Тиісті және тиісті емес белгілері қалай белгіленеді?

2. Ой шақыру “Миға шабуыл”

Сыныптан төрт оқушыны ортаға шығарып, екеуінің қолдарына кітап, екеуінің қолдарына макерлер берілді. Осы оқушыларды қандай жиындарға бөлуге болатынын сұраймын (оқулықтары бар оқушылар және маркерлері бар оқушылар).

Енді олардың қасына қолында маркері де бар, кітабы да бар оқушыны шығарамын.

  • Бұл оқушыны қай жиынға жатқызасыздар?

(ол оқушы екі жиынға да жататынын айтады)

Екі жиында да ортақ элементтер жиынның қиылысуы болып табылады.




Оқулық




Түсіну (оқулықпен, дәптермен жұмыс)

Оқулықтағы №1-есеп.

Оқушылар оқулықтағы 1-тапсырманың суретіне қарап, суреттегі оқушыларды қандай жиындарға

бөлуге болатынын түсіндіреді. Талқылау барысында бірден екі жиынға да жатқызуға болатынын ескертеді. Осылайша проблемалық жағдаят туындайды.

Интерактивті ВЕНН диаграмманы оқушыларға көрсетіп, түсіндіремін.








http://nrich.maths.org/6290

16-22

Қолдану «Кластер» әдісі

І топ: Екі таңбалы сандар жиынынан 5 цифрына аяқталатындарын жазыңдар.

Екі таңбалы сандар жиынынан 0-мен аяқталатындарын жазыңдар.

Әр жиында неше элемент барын анықтаңдар.

ІІ топ: Стикерлердегі сандардан жиын құрастыру.

ІІІ топ: Элементтің жиынға тиісті не тиісті емес

екенін анықтап жазу.

Постерлер, сандар жазылған, суреттер бейнеленген стикерлер. Маркерлер.


23-25


Сергіту сəті ретінде шағын жаттығу ұсынамын:

  • Ұлдар жиыны тұрыңдар.

  • Қыздар жиыны тұрыңдар.

  • Аттары дауысты əріптен басталатын ұлдар жиыны қолдарыңды бұлғаңдар.

  • Қыздар жиыны бастарыңды изеңдер.

  • 2-сынып оқушыларының жиыны бір орында айналыңдар.

  • Біздің сыныптың ұлдар жиыны орындарыңа жаймен отырыңдар.

Біздің сыныптың қыздар жиыны орындарыңа жаймен отырыңдар.





26-30

Қолдану (дәптермен жұмыс)

4 есепті ауызша айта отырып, жұмыс дәптерлеріне орындайды.

Тақтаға қосылғыштар мен азайғыш есептерді ілемін. Оқушылардан оларды неше жиынға бөлуге болатынын және жиынға қандай атау беруге болатынын сұраймын және ол есептерді жеке оқушыларға шығарылуын орындатамын.


Оқулық.

31-35




36-39







40

Жинақтау

Қалыптастырушы бағалауға арналған жұмыс.

Жұмыс дәптеріндегі №1- есеп.


Рефлексия

Шульманның «Үш көмекшісінің» пайдасы тиді ме? -Қай кезде?

-Бүгін не үйрендіңдер?

-Не қиын болды?


Бағалау.

Өзіңнің жетістігіңді бағала

Түстер арқылы бағалау

Дескриптор












Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен өз жоспарыма

қандай түзетулер енгіздім жəне

неліктен?


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!