Материалдар / Жиындардың қиылысуы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жиындардың қиылысуы

Материал туралы қысқаша түсінік
Математикалық сайыс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Желтоқсан 2018
333
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Математика мергені»

атты білім сайысы

Сайыстың максаты:

  • Оқушылардың математикалық білім қабілеттерін тексеру, әр сыныптың арасынан математика пәні бойынша дарынды оқушыларды анықтау.

  • Еркін сөйлеу, тереңнен ойлау кабілетін дамыту.

  • Шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта

Барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Мұғалім:

Уа, халайық, халайық!

Бәріне жар салайық,

Бүгінгі кеш төрінде

Математика елінде.

Есеп шешіп жарысып

Жұмбақ шешіп андысып

Шабып тасып, шалқысып.

Көңілді еш жасайық.

Жұмбақ шеру шашайық.

Мұнда қызық табылар

Жұмбақ,есеп бәрі бар.

Ал, сайыскер балалар,

Білімдеріңді сынайық

Ортамыздан ең мықты

Математика мергенін

Әділ жолмен табайық.

Құрметті ұстаздар, сіздерді қазіргі өткізілгелі отырған «Математика мергені» атты сайыс сағатын көруге шақырамыз.

(Әділқазылар алқасын сайлау)

Біреуінің жүрегінің түгі бар,

Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар.

Бәрінен де ең бастысы – барлығының қатты істейтін миы бар!- дей келе, енді осы сайыскерлерімізді таныстырып өтейік.

«Сайыскерлерді таныстыру»

2 «А» сыныбы

1. Қапез Ислам

2. Жұбай Дәулет

3. Нұрбек Ерсін

2 «Б» сыныбы

1. Егізбаева Ақбота

2. Зейнулла Қаламқас

3. Мұхитдин Диас

2 «В» сыныбы

1. Бердібекова Айзат

2. Төлеқотжаева Ұлықбек

3. Жұбатқанова Ұлжай

Сайысымыздың ІІІ турдан тұрады. Әрбір дұрыс жауап үшін қатысушыларға 5 ұпайдан беріледі. ІІ турдан кейін ұпайы төмен оқушылар шығып отырады. Ең соңында бір оқушы, яғни «мерген» қалуы керек.

Негізгі бөлім:

І тур. Жеті сұрақ

(ауызша сұрақтарға жауап беріледі)

2 «А» сыныбына қойылады:

1.1онд. 9 бірлік қандай сан?

2.Кесенді дегеніміз не ?

3.1 сағатта неше минут бар?

4.Қосуға кері амалды ата?

5.1м-?дм

6.6м-?дм

7.Сүйір бұрыш дегеніміз не?

2 «Б» сыныбына қойылады:

1.Қосудың компоненттерін ата.

2.Доғал бұрыш дегеніміз не?

3.1см-?мм

4.1 жылда қанша ай бар?

5.1 дм 6 см неше см болады?

7.8 онд.бірлік қандай сан?

2 «В» сыныбына қойылады:

1. Азайтудың компоненттерін ата?

2.1 теңгеде қанша тиын бар?

3. Шаршы дегеніміз не?

4.Ұзындық өлшем бірліктерін ата.

5.1 аптада неше күн бар?

6.Кесінді дегеніміз не?

7.Фигураның периметрін қалай табамыз?

ІІ тур. Полиглот

Құрамында сан есімі бар жұмбақ шешу. Жұмбақтың шешуін тауып, сол сөздің орысшасын айту. Әр сыныпқа үш жұмбақ.

2 «А» сыныбына :

1.Сақталады алты ай жаз «Тоңзытқыш»

Сандығында сары аяз.

2.Қалқиып екі құлағы, «Қоян»

Елеңдеп, қорқып тұрады.

3. Қос құлақты, жүз тісті, «Ара»

Жүзінен бір-ақ із түсті

2 «Б» сыныбына:

1. Екі аяқпен кезек-кезек тебеді,

Ол тынымсыз домалап,

Зыр жүгіре береді. (Доп – мяч)

2. Бір санға өсіреді.

Өзі қалып орнында

Бізді алға көшіреді. (Сынып – класс)

3. Кіп – кішкентай екі көзі

Қалай көреді өзі?

Қолы екен ұзын мұрны,

Сол мұрнымен тамақ алып жүреді. (Піл – слон)

2 В сыныбына:

1. Болса да көкте мекені,

Кездеспейді екеуі. (Ай, Күн – луна, солнце)

2. Егіздер кезікпейді бір-бірімен,

Арасы екі – ақ елі бір-бірімен. (Көз – глаза)

3. Жүз мүйізі бар

Үстінде киізі бар. (Киіз үй – юрта)

ІІІ тур. Қызықты үштік.

(логикалық сұрақтаға жауап беру)

1 – тапсырма: 2 «В» сыныбына.

Айдардан кілең бір теңгеліктен тұратын 100 теңге ақшасы бар еді. Оқу құралдарын сатып алған ол дүкенге 97 теңге төлеуге тиіс еді. Мұны қалай тез санап беруге болады?

(Жауап: 3 теңгені алып қалып, қалғанын беру керек)

2 – тапсырма: 2 «Б» сыныбына

Ағасы інісінен 5 жас үлкен. Қанша жылдан кейін ағасы інісінен 7 жас үлкен болады?

(Жауап: 2 жылдан кейін)

3 – тапсырма: 2 «В» сыныбына

Бір адам қалаға бара жатыр еді. Жолда алдынан 3 танысы қарсы шықты. Қанша адам қалаға барды?

(Жауап: 1 адам)

Ең соңында 2 оқушы қалады. Олар жазбаша «Бос торкөздерді толтырады»

4 +  = 13 19 -  = 10

  = 15+ 2 = 11 5 +

+ 6 = 13 = 14 4 +

= 17 = 10 9 + 17 -

Тең түскен жағдайда логикалық есеп беріледі (ауызша). Осы турдан кейін 1 сайыскеріміз қалады. Ол – мерген. Мергенге 1 сұрақ:

- Математика пәнінің өмірде пайдасы қандай? Сен не үшін математика пәнін ұнатасың?

ІІІ. Қорытынды бөлім.

Әділқазылар нәтижесін хабарлайды. Жеңімпаздар айқындалып, математика мергені айқындалады. І, ІІ, ІІІ орын алған оқушыларға мақтау қағаздары беріледі.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!