І
бөлім
-
Жобаның
авторы:
Мухаметрахимова Раушан Жумагалиевна
Автор туралы мәлімет:
Білімі- жоғары, мамандығы- ағылшын тілі пәні мұғалімі. Бітірген оқу
орны: ҚАЕУ-2006ж. Педагогикалық еңбек өтілі-
18жыл
2.Ұялы байланыс телефоны:
87057640184,
muhametrahimovaraushan@mail.ru
-
Ағылшын тілі пәні
мұғаліміщ
-
Кілт
сөз: функционалдық сауаттылық,
технология, интербелсенді.
-
Жоба идеясының
өзектілігі және түпнұсқалық негіздеуі:
Қазақстан Республикасы
жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында
«Шетел тілін оқытудың басты мақсаты — оқушыларға шетел тілінде
қарым-қатынас жасауды базалық деңгейде игерту» деп көрсетілген [1].
Өйткені қазіргі нарық жағдайында шетел тілін, оның ішінде ағылшын
тілін меңгеру, шетел тілінде сөйлей білу өмірдің өзекті мəселесіне
айналды. Сондықтан өсіп келе жатқан ұрпаққа шетел тілін оқытуда əр
түрлі əдістемелік жаңа тəсілдерді түрлендіре, күрделендіре түсу
қажеттілігі туындап отыр. Бүгінгі күні әр білім беру ұйымының
алдында білім сапасының бəсекелестігін арттыру, білім, білік,
дағдыларын өмірде қолдана білетін, шығармашылыққа, өзгермелі заман
жағдайында өзіндік шешім қабылдай алатын əлеуметтік құзыретті де
дарынды тұлға қалыптастыру мақсаты тұр. [2]
Ұлы Абайдың XIX ғасырдың
өзінде-ақ: «Зарарынан қашық болу, пайдасына ортақ болуға тілін,
оқуын ғылымын білмек керек »,- деп, өзгенің тілін үйренуді өсиет
еткені белгілі. Қазақ бабаларымыздың сол кездердің өзінде болашақ
үшін қам жеп, ұрпақтарына «Жеті жұрттың тілін білген, жеті жұрттың
қамын жер»- деген қанатты сөзді бекер айтпаған болар. Бірақ та есте
ұстар жайт: жақсы меңгерген шет тілі өз ана тіліміздің абыройын
асқақтату жолында қызмет етуі. Осы жоғарыда айтылған факторлар
бүгінгі таңда жас тәуелсіз еліміздің әлемнің саяси аренасында
лайықты орын алуда - шет тілін жетік игерудің өзектілігін көрсетіп
отыр. Өзімнің тәжірибемде оқушылардың басым көпшілігі жаттанды
оқитындықтан, аталмыш ақпараттарды табуда қиындықтар
туындағандықтан және 2015-2016 оқу жылындағы жаңа зерттеу-ізденушілік
тақырыбым «Оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы
оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын арттыру» деп
аталғандықтан тақырыбымның өзектілігі арқылы оқушылардың ағылшын
тілі пәнінен функционалдық сауаттылығын дамыта отырып, білім
сапасын жаңа жетістіктерге жеткізу болып
табылады.
6.Жобаның мақсаты
- оқушылардың
коммуникативтік
біліктілігі арқылы алған білімін өзгермелі қоғам ағысында
қолдана алатын, өз ойын еркін жеткізітен, функционалды сауатты
тұлға қалыптастырып, білім сапасын
көтеру.
Жобаның
міндеті- деңгейлік
тапсырмаларды пайдаланудың
тиімді жолдарын айқындау; оқушылардың шақтарды қолдана
алу дағдыларын диагностикалау; жаттанды оқудан
арылту; мектептен тыс, қосымша білім беру бағдарламаларын пайдалана
отырып, сөйлеу сауаттылығын
қалыптастыру;
оқушының функционалдық сауаттылығын дамытуды практикада іске
асыру; тіл сабақтарында тапсырма
түрлерін ұтымды пайдалану арқылы тиянақты нәтижеге қол
жеткізу.
7.
Қатысушылар: 11-12 жастағы оқушылар, 8-«М»
сыныбы.
8.
Жобаның
жаңашылдығы:
Ағылшын тілінде
оқушылардың айтылым дағдыларын арттыруда қарым-қатынас жасайтын
тілдік ортаны қалыптастыру басты рөл атқаратындығы дәлелдеуді қажет
етпейтін аксиома екені сөзсіз. Қарым-қатынастағы тілдік ортаны
қалыптастыру үшін жүйелі, жоспарлы түрде жұмыс жүргізіліп отыруы
шарт. Осы мақсатта біздің білім беру ұйымымызда көптеген іс-шаралар
атқарылып отырады. Атап айтар болсақ, қоңырау кезінде оқушының бос
уақытын тиімді ұйымдастыра отырып, ағылшын тілін дамыту үшін
караоке, қуыршақ театры, сөзжұмбақтар шешу үнемі іске асырылып
отырады. Оқушылардың ағылшын тілін меңгерудегі проблемаларын ескере
отырып, ағымдағы жылдың 1 қазанынан бастап Корей
елінің Ассоциация
бастамасымен филлипин ұлтының
ағылшын тілі пәні мұғалімдер ақылы негізде ағылшын тілін үйрету
бойынша қосымшалар күнде, яғни, аптасына 6 рет жүргізіліп отыр. Бұл
сабақтардың тиімділігі оқушылардың сөйлеу ортасын қалыптастыру
арқылы тілдік дағдыларын дамыту болып табылады. Қосымша сабақтар
тек қана ағылшын тілінде жүргізіледі. Сонымен қатар ағылшын тілін
оқып-үйрену үшін сөздіктердің ауадай қажет екені баршамызға
белгілі. Осы мақсатта 2016-2017 оқу
жылында лицейіміздің барлық ағылшын тілі мұғалімдерінің қолдауымен
1-7 сыныптарға арналған қазақша-ағылшынша сөздік құрастырылып, 1000
дана баспамен шығарылды. Бұл сөздіктегі сөздердің барлығы 1-7
сыныптардың стандартты оқу бағдарламасынан алынды және бұл сөздікті
әр оқушы сабақ үстінде еркін қолданып отыр. Үш тілде оқыту
бастамасын жүзеге асыру-біздің лицейімізде де қолға алынған. Пән
апталықтарында барлық пәндермен ағылшын тілінде кіріктірілген ашық
сабақтар өтеді. Бұл пәндердің тиімділігі – оқушылардың сөйлеу
дағдысының қалыптасуы болып
табылады.
Ағылшын тілін
оқып-үйренудегі тағы бір оң шешімін тапқан мәселе - арнайы,
заманауи құрал – жабдықтармен жабдықталған ағылшын тілі кабинетінің
келуі. Кабинет түрлі дидакатикалық әзірлемелермен, әдістемелік
құралдармен, арнайы пәндік плакаттармен, интербелсенді тақтамен
қамтамасыз етілген.
Бүгінгі заман ғылым мен
техниканың қарыштап дамып жатқан заманы. Әлемдік деңгейге жетуге
Қазақстан да барынша күш салып жатыр. Біздің күнделікті өмірімізде
техникаға деген тәуелділіктің пайыздық көрсеткіші артып барады.
Ғылым мен техниканың дамығаны дұрыс та шығар, бірақ әр нәрсенің күн
түскен кезінде көлеңкесі болары анық. Рас, қазір балаларымыз кез
келген техниканың құлағында ойнайды. Әлбетте, бұл мақтанарлық жай.
Тек ұрпағымыздың жаппай рухани сауаттсыздыққа бет алып бара жатқаны
жаңыңды ауыртады.
-Көркем әдебиетті оқымау;
Қарапайым сауаттылықты меңгермеу; Өз пікірін нақты ұстана алмау;
Ойын еркін жеткізе алмау; Cөздік қорының
жоқтығы;
Ал менің
«АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА
ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ САПАСЫН ЖАҢА ЖЕТІСТІКТЕРГЕ ЖЕТКІЗУ ЖОЛДАРЫ» атты
жобам оқушының алған білімін өмірде қолданып
қана қоймай, баланың оқығанын, көрген-түйгенін дәлелдей
білуге, елдегі қоғамдық-саяси және
экономикалық жағдаймен, адамзаттың ғаламдық мәселелерімен салыстыра
білу білігін қалыптастыруға, сөйлеу сауаттылығы жоғары бәсекеге
қабілетті тұлға қалыптасуына ықпал етеді деген
ойдамын.
9. Ақпараттық және білім
беру технологиялары, стратегиялары:
Технология дегеніміз-көздеген
нәтиженің орындалу кепілі, нақтылы мақсатқа негізделген болашақ оқу
үрдісінің жобасы, сатыланған және тәртіптелген іс-әрекет жүйесі,
мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы, жоспарланған түпкі нәтижеге
жетудің кепілдік берерліктей іс-әрекеттер жиынтығы, білім беру
стандартының негізгі талаптарына жетудің нақты
жолы. [3] Осы жолға жетуде СТО және ойын
технологияларының стратегияларын, АКТ-ны
қолданамын.
ІІ
Бөлім.
1. Жобаға қысқаша
сипаттама: Осы зерттеу тақырыбымен жұмыс
жасай бастаған кезде өзімнің зерттеу-ізденушілік тақырыбымның
диагностикалық кезеңін басшылыққа алдым. Оқушының пәнге деген
қызығушылығын байқау, шығармашылығын қабілетін анықтауда әр түрлі
психологиялық, педагогикалық бақылау жүргізіп отырдым
және мынандай әдіс-тәсілдерді
қолдандым: Баланың шығармашылық қабілетін
зерттеу; Сауалнамалар, тренингтер өткізу; Әр түрлі пәндік және
шығармашылық сайыстарға
қатысу.
2. Жобаны іске
асырудың жоспары,
іс-шаралары:
Кесте 1 Жобаның
жоспары
Дайындық
|
Жобаны жүзеге
асырудың бірегей жоспарын және атқарылатын іс-шараларды
бекіту.
|
Педагогтарға кәсіби
бағдар беру бойынша семинарлар
ұйымдастыру.
|
Тиімділігі жоғары
психодиагностикалық әдістемелер арқылы зерттеу жұмыстарын жүргізу:
Гарднер тесті. Е.А. Климовтың «Дифференциалды-диагностикалық сауалнама»
әдiстемесi
|
Диагностика қорытындысы
бойынша балалардың қызығушылықтары мен бейімділіктері арқылы
топтарға бөліп, жеке, топтық
жүргізу.
Топқа бөлуде: «Мозайка
құрау»,«Өлең жолдарын реттеу» т.б әдістер бойынша топқа
бөлу
Топпен жұмыс жасауда: «Еркін
әңгіме», «Идеал», «Зигзаг», «Рөлдік ойын»,«Венн диаграммасы», «Т
кестесі» «Атаулар туралы үш сұрақ», «Идея туралы ойлар»,
«Оқырмандар күнделігі» стратегиясы
т.б.
|
Қорытынд
|
Оқушылардың «Ауызша сөйлеу алу
дағдысын анықтау» диагностикасын
қайталап жүргізіп, мониторингісін жасау
арқылы жобаның тиімділігі жайлы қорытынды
жасау.
|
Жобаны жүзеге асырудың
тиімділігі бойынша іс-тәжірибе алмасу, шығармашылық есеп
беру
|
Кесте2 «Ауызша сөйлеу
алу дағдысын анықтау»
диагностикасы.
№
|
Аты-жөні
|
Мазмұндау
|
Ссұрақ қою
|
Сұраққа жауап
|
Негізгі ойды ашуы
|
Present Simple
|
Past Simple
|
Future Simple
|
Present Continuous
|
Past Continuous
|
To be going to
|
Used to
|
Нәтижесі
|
1
|
Майлыхан Айганым
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5
|
55
|
2
|
Ермуханбетов Ертай
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5
|
4
|
4
|
5
|
53
|
3
|
Батырханов Темирлан
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5
|
55
|
4
|
Муратов Алихан
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5
|
4
|
4
|
4
|
52
|
5
|
Алтынхан Әдемі
|
4
|
4
|
4
|
4
|
5
|
5
|
5
|
5
|
4
|
4
|
4
|
48
|
6
|
Бауыржанқызы Айша
|
5
|
4
|
4
|
4
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5
|
4
|
5
|
51
|
7
|
Кыдырханова Салтанат
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5
|
55
|
8
|
Мурат Шынар
|
5
|
5
|
4
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5
|
4
|
4
|
5
|
52
|
9
|
Марденова Айнур
|
4
|
4
|
4
|
5
|
5
|
5
|
5
|
4
|
5
|
4
|
5
|
51
|
10
|
Нурмуханбет Айсулу
|
3
|
4
|
3
|
4
|
4
|
3
|
4
|
3
|
4
|
4
|
4
|
40
|
11
|
Серікұлы Акежан
|
3
|
4
|
3
|
4
|
4
|
3
|
4
|
3
|
4
|
4
|
4
|
40
|
Сурет 1 «Ауызша сөйлеу алу
дағдысын анықтау»
диагностикасы
Кесте
3 8 «М» сыныбының топтық
психологиялық
портреті.
№
|
Оқушының аты-жөні
|
Сөздік-логикалық ойлау
Авторы: Э.
Ф. Замбацявичене
|
Есте
сақтау
Авторы: Лурия
|
Зейін
Авторы: Мюнстерберг
|
Оқу
мотивациясы
Авторы: Лусканова
|
-
|
Батырқанов
Темірлан
|
Жоғары
|
Жоғары
|
Жоғары
|
Жоғары
|
-
|
Бауыржанқызы
Айшаби
|
Орт жоғары
|
Жоғары
|
Жоғары
|
Жоғары
|
-
|
Даутов
Аязхан
|
Орт жоғары
|
Жоғары
|
Орта
|
Қалыпты
|
-
|
Ермуханбетов
Ертай
|
Жоғары
|
Жоғары
|
Орт жоғары
|
Қалыпты
|
-
|
Қыдырханова
Салтанат
|
Жоғары
|
Жоғары
|
Жоғары
|
Қалыпты
|
-
|
Майлыхан
Айғаным
|
Орт жоғары
|
Жоғары
|
Жоғары
|
Қалыпты
|
-
|
Мурат
Шынар
|
Жоғары
|
Жоғары
|
Жоғары
|
Жоғары
|
-
|
Муратов
Алихан
|
Орта
|
Жоғары
|
Жоғары
|
Жоғары
|
-
|
Нурпеис
Дана
|
Жоғары
|
Жоғары
|
Орта
|
Қалыпты
|
-
|
Нұрмұхамет
Айсұлу
|
Жоғары
|
Жоғары
|
Жоғары
|
Қалыпты
|
-
|
Толесова
Рамина
|
Ортадан жоғары
|
|
Орта
|
|
Екінші
кесте бойынша ауызша сөйлеу алу
дағдысын анықтау мақсатында жүргізілген диагностиканың қорытындысы
бойынша 72% жоғары, 28% орташа деңгейдегі оқушылар екендігі
анықталды. Үшінші
кесте бойынша оқушылардың 36% жоғары
нәтиже көрсетсе, 46% орташа, 18 % төмен нәтиже көрсетуде. Осы
нәтижені жоғарылату үшін төмендегі іс-шараларды
атқарамын:
Кесте 4- «Brainstorming»
2 əдісі.
Бұл əдісті сабағымда
қолданамын:
-
Describe the way
something is said: whisper, cry, shout, yell,
mumble,
-
Think of as many
things as you can that
are
-
How many methods
of travel can you think
of?
-
What if you were
caught in an avalanche?
-
What if tobacco
wasn’t brought to
Europe?
«Сөздік» жұмысын
жүйелеу «Whose birthday is today?»
ойыны.
Мұғалім оқушыларға
«One of you has a birthday today. Guess who she
is».
Оқушылар: What
colour is her hear? What colour are her
eyes?
What is her nose
like? What is she wearing?
What is her hobby? —
деген сұрақтарға жауап бере отырып, оқушылар кімнің туған күні
екенін табу керек. Бұл жұмыс түрі де оқушыларды ағылшын тілінде
сөйлеуге үйретеді.
Постер қорғау, кесте, сызба
т.б жасау.
M ind
map
Air plane,
helicopter
C
ar, bus, land
transport
sea
ship,boat
«Mind
map» жеке тұлғаның ақыл-ой
қабілетін, оқушының сөздік қорын
молайтуға негізделген.
3.Күтілетін
нәтиже:
-
Ойын толық жеткізе
алады.
-
Сұрақ қоюға
дағдыланады.
-
Сөздік жұмыстары
арқылы ізденіске ұмытылады.
-
Шығармашылығы
дамиды.
-
Өз бетінше жұмыс
жасауға бейімделеді.
4. Нәтижелер
мониторингісі.
1. Бақылау (сынамалы
тестілеу жүргізу, ауызша сұрақ-жауап, эссе, ойтолғау жазғызу, «Өр
Алтай» газетіне мақалалар, өлеңдер жазу
т.б.)
2. Түрлі деңгейдегі
сайыстарға қатыстыру (Мәнерлеп оқу, шығармалар, көркемсөз оқу
сайыстары, пәндік олимпиадалар т.б.)
Сурет
2 Шығармашылық сайыстардың
мониторингісі
Бақылау және түрлі
сайыстар бойынша сыныптың жетістігі жақсы. Пәндік олимпиадаларда
Майлыхан А., Қыдырханова С., Батырканов Т. 1,2-орындар,
республикалық «British Bulldog» сайысында 10 оқушы 2,3-орындарды
иеленді.
ІІІ
бөлім
Жоба бойынша әдістемелік
нұсқаулар
1.
«12 жылдық білім беру
жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың
тұжырымдамалық тұғырлары» әдістемелік құралын басшылыққа
алу.
2. Ағылшын тілі сабақтарында оқушылармен атқарылатын жұмыс
жоспарын жасау, бекіту, жоспардың орындалуын басшылыққа
алу.
3. Жоба тақырыбы негізінде семинарлар, шеберлік сағаттарын
өткізу.
4. Ағылшын тілі пәнінен
көркем әдебиетті оқуға жағдай
жасау, талап қою.
Осы жоба нақты қолға алынған
жағдайда біз тәрбиелеп отырған
шәкірттер:
-
Біріншіден, грамматикалық
тұрғыдан алғанда сауатты болады.(accuracy) Әр оқыған сайын қай
сөздің қалай жазылатынын бала есте сақтау арқылы, сауаттылыққа бет
бұрады;
-
Екіншіден, баланың
интеллектісі мен әлемді, қоршаған ортаны, әлеуметтік мәселелерді
танып, өзіндік ой-өрісі кеңиді, пікірі
қалыптасады;
-
Үшіншіден, баланың сөздік қоры
молаяды. Сөйлеу мәдениетінің қалыпасуына оң әсерін тигізеді;
(fluency)
-
Төртіншіден, халықаралық
деңғейде өз өміріне қажеттелігін
түсінеді.
-
Бесіншіден, бала рухани
байлыққа кенеледі.Өз ойын еркін жеткізе алады, талдап, ой елегінен
өткізіп, жан-дүниесімен сезіне
біледі.
Яғни, бұл дегеніміз-
функционалды сауатты, бәсекеге қабілетті тұлға деген
сөз.
ӘДЕБИЕТ
-
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2010-2020
жылдарға арналған Мемлекеттік
бағдарламасы.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №
1118 Жарлығы.
-
«12 жылдық білім беру жағдайында оқушылардың функционалдық
сауаттылығын қалыптастырудың тұжырымдамалық тұғырлары» әдістемелік
құралы. Астана, 2013. Ы.Алтынсарин атындағы ҰҒА.
-
Г.И.Жақсылықова, А.М.Каженова,
Н.З.Исмагилова «Интербелсенді әдіс-тәсілдер» әдістемелік
құралы.Өскемен.2014. «Медиашоф» баспасы.
-
Тұрашова Н «Педагогикалық жаңа
технологиялар - сабақта» Қазақстан мектебі 2013 №2
ақпан-б.35
-
Сабақ.кз. Ұстаздарға арналған
танымдық-әдістемелік сайт