Жоба тақырыбы: Ұлт ұстазы-Ахмет
М.МӘМЕТОВА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ
Мамандығы: 0101000-«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»
Біліктілігі:0101033-«Ағылшынша білімі бар мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі»
Тобы: МДБ-Т-17
Әдіскер: Сактапбергенова Меруерт
Машықтанушы:Райханова Фариза
Жоба тақырыбы:
Ұлт ұстазы-АХМЕТ
Жобаның мақсаты:
Менің таңдаған жобамның тақырыбы ұлт ұстазы-Ахмет. Бұл тақырыпты
зерттегендегі негізгі мақсатым Ахмет шығармаларын терең қарай отырып, ақынды
жан-жақ қырынан танып, білу. Балаларға Ахмет Байтұрсыновтың өмірі жайлы
түсінік беру. Балалардың ойлау қабілетін дамыту. Өз бетімен жұмыс істеуге
машықтандыру. Сұрақтарға толық жауап беріп,тілдік қорын дамыту.
Кіріспе
АхметБайтұрсынов –ақын, әдебиет зерттеушіғалым, түркітанушы, педагог,
аудармашы, қоғам қайраткері.Ол1873 жылы18 қаңтарда қазіргі Қостанай
облысының Торғай өңіріндегі Сартүбек дегенжердедүниеге келеді. 1884 ж.
Байтұрсыновтың қазақ әдебиеттану ғылымы мен әдебиет тарихыжөніндегі
тұңғыш еңбегі« Әдебиет танытқыш». Байтұрсынов тілшіғалым ретіндеқазақ
тілінің табиғаты, араб әліпбиінің жайы, терминдер, қазақ тілінің мәселелері
туралымақалалар жазды.
«Ұлтын керек қылып, халыққа қызмет қыламын деген қазақ балалары қазақ
жұмысына қолынан келгенше қарап тұрмай кірісіп істей берсе –ұлт жұмыс
ұлғайып, толықпақшы »
Ахмет Байтұрсынұлы
Жобаныңаты: Ұлт ұстазы-Ахмет
Білім саласы:Таным,Қатынас,Әлеумет,Шығармашылық
Жобаныңтүрі:Ақпараттық
Жобаныңқұрамы:Топтық
Жобаныңұзақтығы:Қысқа мерзімді
Жобаға қатысушылар:тәрбиеші,балалар,ата-аналар.
Жобаныңмақсаты: Ахмет Байтұрсыновтыңшығармашылығы туралы түсінік беру.
Жобаныңміндеттері:
Бала үшін:
-Ахмет Байтұрсынов шығармаларын жинау,өлеңніңмәнін түсіндіру
-Ахметтіңқанатты сөздеріне талдау жасау
-Ахмет өлеңдеріндегі «Оқуға шақыру»өлеңін жатқа айтып үйрету
Ата-ана үшін:
-Жобаға қызығушылығын таныту
-Балаларына Ахмет шығармашылығын қалыптастыруды дамытады
Тәрбиеші үшін
-Ахмет туралы барлықмәліметтерді жинайды
-Ахметтіңшығармашылығына тоқталып,баланыңжас ерекшелігіне сай мәліметтерді алу
-Балаларға өлеңжолдарын жаттатып, бейнеролик көрсетеді.
Жобаның мазмұны:
I.Дайындық кезең:
-Ахмет Байтұрсыновтың өлең жолдарымен таныстыру,тақпақ
жаттату.
II.Негізгі кезең:
Шығармашылық тапсырмалар
-Ахмет шығармашылығы туралы түсіндіру
-Ахмет өлеңдерін оқу,түсіндіру
-Ахметтің шымшық пен көгершін өлеңін талдап,сурет салу
III.Қорытынды
Жоба бойынша жүргізілетін жұмыстарды қорытындылай отырып, балалардың жасаған жұмыстарын ата-анала
рға көрсету.
Жобаның өзектілігі: Ахмет Байтұрсыновтың балалармен сонымен бірге ата-аналармен жұмыс ұйымдастыру.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері:
Жобаны зерттеуде алдын ала ойластырған зерттеу әдістері белгілі бір мақсатқа негізделіп,әр
тақырыпшаларды қарастыруда т өмендегідей зерттеу әдістері көзделді:
1.Ақынның өскен ортасы туралы материалдар жинау.
2.Ақын шығармаларын жан -жақты талдау.
3.Мысалмен айтылған ойларды д әлелдеу.
Зерттеудің жаңалығы: Өз жобамда мен түйген түйінім алға басып жұрт қатарына кіру керек. Басқадан кем болмау ү
шін біз білімді, күшті болуымыз керек.
Күшті болуға бірлік керек. Ұлттар теңдігі мен халықтар жарастығын гүлдендіріп, сол арқылы жүзеге асатын экономи
калық-әлеуметтік, саяси-рухани жаңарысқа жетелеген адамгершіліктің Ахмет Байтұрсынұлы аңсаған
егемендіктің құны мен қадірін бағалауымыз, ары қарай дамытуымыз керек!
Олар бастап беріп кеткен түбегейлі жаңаруды заман талабына сай дамытуға міндеттіміз.
Алдағы құрбан болған ұрпақтардың армандарын зая кетірмеу —бізге ұлы сын деп ойлаймын.
№ Тақырыбы Мақсаты Сағат
саны
Мерзімі
1 Ахмет Байтұрсынов
( тақпақжаттау)
Өлеңді зейін қойып тыңдау,есте сақтау
қабілетін дамыту.
1
2 Дара тұлға-Ахмет
(Ақынныңөмірі жайлы
бейнеролик көрсету)
Ахметтіңөмірі жайлы түсіндірме
жұмыстарын жүргізу.Балалардың
қызығушылығын ояту.
https://youtu.be/lhh8JQAw1A4
1
3 Ақынныңмұражай үйіне
виртуалды экскурсия жасау
(экскурсия жұмыс)
Балалардығой-өрісін,
танымдыққабілеттерін арттыру.
https://youtu.be/5B-vXxBLyvU
1
4 Ахмет өлеңдері
(АКТ қолдану )
Адамдықдиханшысы
https://youtu.be/GiyiQNGgczo
1
5 Ахмет Байтұрсынов
(көрме )
Ата-аналармен қарым-қатынаста орната
отырып,балалардыңжасаған
жұмыстарымен қорытындылау.
1
Тақырыбы:А.Байтұрсыновтың «Оқуға шақыру» атты өлеңін жаттау.
Мақсаты:Өлеңді мәнерлеп жатқа айтқызып үйрету.
Әдіс-тәсілдері:АКТ, мнемокесте
Қолданатын көрнекі құралдар:Тақырыпқа сай суреттер,слайд, интерактивті тақта.
Мотивациялық-қозғаушы кезең:
«Досыңа тілек»
Балалар шеңберге жиналып тұрып,бір-біріне қарап жылы тілектерін білдіреді.Баралығы кезек
пен кезек айтып шығады.
Ұйымдастырушы-ізденушілік кезең:
Суретті әңгімелеәдісі
-Балалар суретте не көріп тұрсыңдар?
-Дұрыс айтасыңдар,бұл Ахмет атамыз.
-Ахмет атамыздың ескерткіші, кітап жинағы сонымен бірге мұражай үйі .
-Балалар ал енді Ахмет атамыдың Оқуға шақыру өлеңің тыңдаймыз.
Ахмет Байтұрсынов
«Оқуға шақыру»
Балалар!
Оқуға бар!
Жатпа қарап!
Жуынып, киініңдер шапшаңырақ!
Шақырды тауықмана әлдеқашан,
Қарап тұр терезеден күн жылтырап.
Адам да, ұшқан құс та, жүрген аңда,
Жұмыссыз тек тұрған жоқешбір жан да:
Кішкене қоңыз да жүр жүгін сүйреп,
Барады аралар да ұшып балға.
Күн ашық, тоғайлар шат, ың-жыңорман,
Оянып жан-мақұлықтүнде қонған,
Шығады тоқылдақтыңтоқ-тоқдаусы,
Сайрағы сарғалдақтыңсыңғырлаған.
Өзенде балықшылар ау қарап жүр,
Тоғайда орақдаусы шаң-шұңорған.
Аллалап, ал кітапты қолдарыңа!
Құлдарын Құдай сүймес жалқау болған.
Топтықжұмыс:
1-топ: Ақынныңсуретін салу
2-топ: Ахметтіңөлеңдері (мәнерлеп оқу)
3-топ: Ахметтіңнақыл сөзін айту
Рефлексия: БӘРІ ОЙДАҒЫДАЙ
Балаларбір-бірінеқалпақты жалғастыра береді, музыка тоқтаған
кезде, кімніңқолында қалпаққалса, солнақыл сөз айтады. Нақыл
сөзді жақсы мүдірмей айтқан балалардымадақтау.
Тақырыбы: Дара тұлға-Ахмет
Мақсаты:Ахметтің өмірі жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізу.Балалардың
қызығушылығын ояту.
Әдіс-тәсіл:АКТ,сұрақ-жауап, әңгімелесу, А,В,С әдісі
Мотивациялық қозғаушы кезең:
Шаттық шеңбер: «Ақ тілек»
Балаларға гүлдің шоғы беріледі, балалар бір-біріне беру арқылы ақ тілек айту
арқылы көңіл-күйлері көтеріледі.
“А,В,С” әдісі
-Балалар сендер тағы қандай ақындарды білесіңдер?
-Ахмет атамыз неше жасында дүниеден өтті?
-Қандай өлеңін білесіңдер?
Тәрбиеші: Жарайсыңдар,балалар!
Ахмет
Байтұрсыновтың
әліпбиі
Ұйымдастырушылық-ізденушілік:
-Балалар енді,А.Байтұрсынов жайлы бейнеролик тамашалайық.
https://youtu.be/lhh8JQAw1A4
Тәрбиеші:
-Балалар Ахмет Байтұрсыновтыңқандай өлеңдері бар?
-Ахмет атамыз қай қалада дүниге келген?
-Ахмет атамыздыңнақыл сөзін кім біледі, кәне кім айтады?
1.Кейбір істерді істеу керек бола тұра істеуге болмайды.
2.Көркем сөз –көңіл тілі, жалаңсөз –зейін тілі.
3.Отан -өткенімізді танып, бағалай білу, еңәуелі, өзімізді қадірлей
білу.
-Жарайсыңдар,балалар!
Ахмет Байтұрсыновтың туып өскен жері.
Тақырыбы:Ақынныңмұражай үйіне саяхат (экскурсия)
Мақсаты: Ақынныңмұражай үйіндегі жәдігерлермен таныстыру.Балалардың
қызығушылығын ояту. Балалардыңтанымдыққабілетін арттыру.
Әдіс-тәсіл: ТРИЗ технологиясы, су құбыры
Көрнекіліктер: бейнеролик, слайд, суреттер
«Екішыбын» мысалынталдау
Екішыбын
БірӨгіз күні бойытартыпсабан,
Қайтты елгесабаныменкешкетаман.
Мүйізінде Қара шыбынотыреді,
Кезболдыбіртанысыжолдаоған.
Танысымұны көріп кележатқан,
АстындаӨгізі бар сабан тартқан.
«Көзіме күні бойыкөрінбеп ең,
Келесің, сөйле, -дейді, -сен қай жақтан?»
«Су құбыры»әдісі арқылы орындату.
«Балалар, оқуға бар, жатпақарап» депайтқан автор туралыне білесің?
«Даналық–өшпес жарық, кетпесбайлық» дегендіқалай түсінетініңді үш сөйлеммен
айт.
Ахмет Байтұрыновтың
мұражай үйініңішкі
көрінісі.
Мотивациялыққозғаушы кезең:
Тәрбиеші:
-Балалар Ахмет атамыздыңмұражай үйі ұнады ма?
(Балалар өз ойларымен бөліседі)
-Балаларға мұражай жайлы бейнеролик көрсету.
https://youtu.be/5B-vXxBLyvU
Көрініс: Өгіз бен бақа
Көрініске қатысушылар: балалар ,тәрбиеші
Ұйымдастырушы-ізденушілік кезең:
Әңгімелеу.
Мұражайдың мақсаты —болмысымыз жоғалып кетпес үшін қазақ ұлттық әдебиетінің, тіл
білімінің, мәдени тарихының негізін салған кісінің кім екендігін ұмыттырмау.
«Өткеніміз арқылы болашақ болады» дегенді.
Ахмет Байтұрсынов Алматы қаласында қызмет істеп жүргенде тұрған үшүйі болған екен.
Оның жазбалары арқылы осы үшүйдің орнын зерттеушілер анықтаған. Алайда
олтұрған екі үйқалада жаңа құрылыстар басталғанда алынып тасталынған болып
шықты. Соның ішінде тек Ахмет Байтұрсынұлы МҰРАЖАЙ-ҮЙІ ғана қалған. Ахмет
Байтұрсынов бұл үйде 1934-1937 жылдар аралығында тұрған.
Дидактикалықойын:
«Танып ал да, атын ата»
Ойынныңмақсаты: заттыңтүр-түсін, пішінін, атын атауға жаттықтыру; сөздік
қорын молайту; ойлау қабілетін дамыту.
Ойынныңқұрал-жабдықтары: әр түрлі заттар немесе суреттер.
Ойынныңмазмұны: Балаларға заттар көрсету. Ортаға бір-бір баладан шақырып,
бір ойыншықты алып, оныңтүр-түсін, пішінін, қасиетін анықтауды және сол зат
жайлы әңгіме құрауды немесе тақпақайтып беруді ұсынады.
Тақырыбы: Ахмет өлеңдері
Мақсаты: Балаларға А.Байтұрсыновтың өлеңдерін таныстыру,сонымен бірге балалардың
қызығушылығын ояту.
“Адамдық диханшысы” өленің бейнеролик арқылы көрсету.
Көрме
Түсіндірме жұмыс:
АхметБайтұрсынұлыныңкеңінен зерттелмейжүрген бірқыры бар. Ол–музыкалық
өнері.Бірбасынасаясат, ағартушылық, ғалымдық, ақындықпен жазушылықөнерді
сыйғыза білгенАхметтіқазақтыңән мен күйлерін жеткізушіретіндебілемізбе?
Жазбамызда осыған қатысты болмақ.Оныңдомбыра, скрипка және фортепиано
аспаптаптарындаеркінойнайбілгенітуралызамандастарыныңестеліктерібар.
Домбыраныөз ауылында, туған жеріндеауылөнерпаздарынан үйренді депайтуға
болады. Ал, скрипка мен фортепианоныОрынбордаоқуда жүргенде меңгеріп алуы
әбден мүмкін.Міржақыптыңқызы Гүлнар апамыз«Ахметағаныңән салғанын
естідім» депесінеалғаны Александр Затаевичтіңмынабірпікірменүндеседі:
«Байтұрсынов өз арасындааса жоғары беделгеие, домбыратартудыжақсы
меңгерген, халықәндері жайындакөп мағмұлат бергенадам. Өз басымоған дән
ризамын. Торғай, Қостанай, Ақтөбе, Бөкей, Семей губернияларындағы әндерді маған
айтыпберді, дәптеріме жазыпалдым. Жалпықазақтарихымен этнографиясы
жайындабіліміменүшін көп көмек болды».АхметатамызЗатаевичке25 ән және екі
күйді жаздырған. Оны зерттеушінің«Қазақхалқының1000 әні» жинағынан
кездестіругеболады. Әрине, атамыздыңбілгеніосыменшектелдідепайтаалмаймыз.
Ғалымныңекіншіеңбегі «Қазақтың500 ән-күйі» кітабынада асылқазыналарды беруі
әбден мүмкін.ЕндіБайтұрсынұлы композитор да болдыдегенпікірлергетоқталып
өтсек. Ел арасындажүріп, әртүрлі деректердіжинаған этнограф-ғалымдар Ахмет
атамыздыңбізгежеткеналтыәні, біркүйі бар дейді. Олар: «Аққұм», «Шилiөзен»,
«Екiжирен», «Қарғаш», «Қараторғай», «Қарагөз»аттыәндер және «Ілме» деген
күй.Тағы да «Қазақхалқының1000 әні» аттыкітабыназерсалсақ, Ахаңды тек
жеткізушіретіндеғана береді. Басқа әндерде де «шығарған адам», яғни композитор
дегентүсініктеме жоқ. Тек «әнді жеткізуші» дегенжазудығана оқуға болады. Тіпті,
«Қарагөз» әніне мынадайтүсініктеме беріпті: «Бұл ән Байтұрсыновтыңайтуындағы
нұсқасы халықарасындакеңтаралған» дейді.
Пайдаланылған әдебиет
1.“Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. —Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.IS
BN 9965-26-096-6
2.«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007
3.«Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002;
4.Тарихи тұлғалар. Танымдық —көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпш
ілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. –Алматы. “Алматыкітап баспасы”,
2009 ISBN 978-601-01-0268-2
5.Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаул
ық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 ж., 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3
6.Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырн
иса —Алматы: “Аң арыс” баспасы, 2009
7.“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев –Алматы “Қазақ энциклопед
иясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
8.Қазақстанның қазіргі заман тарихы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған
окулық. 2-басылымы, өңделген. Жалпы редакциясын басқарған тарих ғылымының докторы,
профессор Б. Ғ. Аяған. Алматы: Атамұра, 2009. ISBN 9965-34-933-9
Рефлексия:
“Ғажайып баспалдақ” әдісі балалар стикерлерлерін әр сатыға іледі.
Нәтиже:
Балалардың Ахмет шығармашылығына деген сүйіспеншілігін оянады;
Балалар мәліметті меңгереді;
Ата-аналардың жобаға деген қызығушылығын арттады.