Материалдар / Жоба: "Бұлақ көрсең көзін аш"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жоба: "Бұлақ көрсең көзін аш"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылар ды табиғатты қорғауға қатыстыру жобасы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
1216
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Қарағанды облысы

«Ұлытау ауданының әкімдігі

Ұлытау ауданының білім бөлімі

«№14 Алғабас жалпы орта білім беретін мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі





Орындаған: Оразалы Нұрзат Дүйсебекұлы

10- сынып оқушысы

Жетекшісі: Сарсенбаева Жанат Серикбаевна

Биология, география пәнінің мұғалімі





Тақырыбы:


«Бұлақ көрсең, көзін аш»







Бетбұлақ ауылы 2017 жыл.



Мазмұны


  1. Кіріспе.


II. Зерттеу бөлімі.


2.1. Туған жердің тарихын, оның

ішінде бұлақ көздерін зерттеу.

2.2. Ауыл көлеміндегі бұлақтарды

анықтау және олардың

картасын дайындау.

2.3. Мектепішілік «Бұлақ көрсең,

көзін аш» қозғалысын

ұйымдастырып, жұмыстарын

жүргізу.


  1. Қорытынды.


IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.









Тақырыбы:

«Бұлақ көрсең, көзін аш»


Абстракт.



ЗЕРТТЕУДІҢ МАҚСАТЫ:


  1. Туған жер тарихын зерттеу, оның асылдарын жинақтап, кейінгі ұрпаққа қалдырып отыру үрдісін жандандыру.


  1. Оқушыларды туған жер табиғатын бағалай білуге, табиғат байлығы бұлақ көздерін қорғай білуге, елжандылыққа тәрбиелеу.


  1. Көне көз қариялардан ел тарихын, жер тарихын жинақтап алып қалу, жер байлығынан ел ырзығы екенін дәріптер.



ЗЕРТТЕУДІҢ ГИПОТЕЗАСЫ: Егер адам баласы келешекте барлық су көздері мен бұлақтардың экологиялық тазалығы мен тепе-теңдігін сақтаудың маңыздылығын білсе, оны игілігіне өмір бойы пайдаланады деген ойдамыз.



ЗЕРТТЕУДІҢ НӘТИЖЕСІ: Бетбұлақ елді мекенінің тарихы туралы мәліметтер жинақтау, «Ауылым алтын бесігім» ауыл энциклопедисын толықтыру, Ауыл көлеміндегі бұлақтардың тазалығын үнемі қалпына келтіру, мектепішілік құрылған «Бұлақ көрсең, көзін аш» қозғалысының жұмысын тұрақты жолға қою.



ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ: Зерттеушілік жоба, сұхбат, тәжірибе, шығармашылық тапсырмалар, суреттерге түсіру, бұлақтардың картасын жасау, кітапша жасау.





КІРІСПЕ.

Алғабас қасиетті Ұлытаудың шығысында 90 шақырым жерде орналасқан Ақбас-Суықбас атанған кейіннен Алғабас атанған ауыл аймағында 500-600 мың гектар жер көлемі бар. Шығысында Нұра ауданымен, Шұбаркөл көмір кен орнымен, солтүстігі Сарыкеңгір, батысы Қаракеңгір жерлерімен шектесіп жатыр.


Алғабас әкімшілігінің жері елсіз дала және жайылымдар мен ұзыннан – ұзақ созылған қыраттар да орналасқан. Қазақстанның географиялық картасында «Бетбұлақ» елді мекені деп белгіленген және Қумола таулары деп көрсетілген. «Бетбұлақ» деген атауының өзінен Алғабас жерінде бұлақтардың көп кездесетіндігі көрініп тұр. Ауыл орталығына таяу Баскөз, Аяқкөз аталатын екі үлкен бұлақ көзі бар. Алғабас ауылы ауыз – екі әңгімеде «мыңбұлақ» дер аталады.


Ауыл территориясынан Сарыкеңгір өзені өтеді. Сарыкеңгір өзені Жезқазған қаласындағы кеңгір өзеніне құяды. Алғабас ауылы – Сарыкеңгір өзенінің бойында, екінші жағында Қумола қыраттары орналасқан. Ауыл орталығының өзінде 5 бұлақ көзі бар. Халық екеуін ауыз суға, үшеуін әр түрлі бау-бақша, көгалдандыру жұмыстарына пайдаланады.


Сарыкеңгір өзенінде шортан, ақбалық, сазан, қарабалық, табан, алабұға, карас сияқты тағы басқа балықтар көп кездеседі. Жазды күндері өзеннің саяз жерлерінен балалар балықты қолмен сүзіп аулай береді.


Өсімдік әлемінен тал, шілік, сиыр бүлдірген, қарақат, долана, итмұрын, қой бүлдірген, жусан, сары боз, қарандыз, жалбыз тағы басқа шөптер көп кездеседі.


Жануарлар дүниесінен киік, қасқыр, қабан, түлкі, қарсақ, күзен, зорман, суыр тағы басқалар кездеседі.


Қарақасқа, Бегене жанында жыланның ордасы көп кездеседі.

Құстан: қаз, тырна, үкі, шағала, аққу, қарақу, көгершін, қарлығаш, торғайдың түрлері тағы басқа көптеген түрлері кездеседі.


Ауа-райы қыста суық, қарлы-боранды болып кездеседі. Көктем уақытында шығады. Жаз ыстық болады. Жауын-шашын аз түседі. Күзі көбінесе жылы.


Алғабас ауылынан алты шақырым жерде қысы-жазы қатпайтын Ақбас әулие бұлағы бар. Бұлақ көктемгі қар суымен толығып үлкен арнамен Сарыкеңгір өзеніне құяды.

ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ:

2.1. Туған жердің тарихын, оның ішінде бұлақ көздерін зерттеу.

Өте ерте заманнан халық тыныштығына қалқан болып, жер кіндігі атанған, қазақ халқының басынан өткен небір нәубеттің куәсі, таулардың асқары, бұлт оранған бастары, қасиетті киелі, қазақ жерінің қарт тауы деп ақын жырларына арқау болған Ұлытау өңірінің қай жерін алып қарасаңда халқына құтты мекен болған.

Село орталығы суы балдай бес бұлақтың ортасынан бой көтерген көрікті ауыл. Сатбаев қаласымен, аудан орталығы Ұлытау селосымен, елді мекендер Сарыкеңгір, Қаракеңгір, Егіндімен көтерме жол байланыстырады. Шығысында Шұбаркөл көмір кеніші.

Алғабас ауылынан алты шақырым жерде қысы-жазы қатпайтын Ақбас әулие бұлағы бар. Бұлақ көктемгі қар суымен толығып үлкен арнамен Сарыкеңгір өзеніне құяды.

Ұлы Отан соғысы жылдары халық бұлақ суын биікке оман арықпен көтеріп, суармалы егін егіп, одан гектарына 25-30 центнерден өнім алып, оны Ұлытау-Қарсақбайға өгіз арбамен тасыған. Бұл жер Ақбас әулиенің басы деп аталады.

Аңыз бойынша 15-16 ғасырда Үйсін елінің бір әулие қызы аруақтарды аралап келе жатып осы жерде қаза болса керек, бұл жерге халық шошып ауырған адамдарды, босана алмаған әйелдерді әкеліп тәу етеді. Бұл әдет-ғұрып қазірге дейін сақталған.

Алғабас жерінде өз заманында әйгілі болған Өте би, Өтжан би, әлі күнге аты аңызға айналып жүрген Құдайменде бидің мазарлары орналасқан. Құдайменде би қайтарында балаларына мені осы жерге қойыңдар, жанынан өзі көрсеткен жерден құдық қазыңдар, там салып болғанша сол жерден су шығатынын айтқан. Сол құдық орны бүгінге дейін сақталған. Тынымбай сарыбұлағында бұлақтың жанында Қалқаман елінен шыққан Қарабатыр мазары орналасқан. Өз ерекшелігімен Балабатыр бидің, Бұланбай бидің мазарлары көзге түседі. Оңтүстігінде қолдан құйып, күйдірілген Тоқтыбас мазары орналасқан. Мазар жанында кірпіш құйып шығарған шағын шеберхана орны бар. Әлі бай 5000 жылқы бітіп, елге арнап Балақажы мешітін салдырған.

Ұлы Отан соғысына Алғабас ауылынан, ол кезде Алғабас және Қызылдиқан колхоздары болып бөлінетін 248 азамат соғысқа аттанды. Соғыстан елге бар жоғы 50 шақты адам оралды. Сол сұрапыл соғыста қаншама үйдің шаңырағы қирағаны белгісіз, мектептің барлық оқушылары дерек жинағанымызда қаншама адамның аты-жөні табылмады. Кейбір үйлердің түтіні мәңгі сөніп қалды. Табылған бар деректерді толықтырып мектепте үлкен «Майданда қаза тапқандар», «Майданнан елге келіп қаза тапқандар» және «Тылда еңбек еткендер» атты стенд, бұрыш ұйымдастырылды.

Мектебімізде туған жер тарихын зерттеу жұмыстары жолға қойылған, жыл сайын жаңа деректермен толықтырылып отырады.

2.2 Ауыл көлеміндегі бұлақтарды анықтау және олардың картасын

дайындау.

Жердегі тіршілік үшін табиғат байлықтарының ішінде судың алатын орны ерекше. Сусыз тіршілік болуы мүмкін емес. Дүние жүзінің төрттен үш бөлігін су алып жатыр. Дегенмен дүние жүзінің көптеген елдерінде тұщы су тапшы. Тұщы су баға жетпес байлық. Сондықтанда жер бетіндегі тұщы су қорын таза ұстау, оны ластамау, үнемдеп орынды жұмсау қазіргі кезде ең күрделі мәселеге айналып отыр.

Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан – 2030» бағдарламасында – Біздің табиғи ресурстарымыз – орасан зол байлық. Жер қойнауының байлығы – барша келер ұрпақтың игілігі деп атап көрсетті. Елбасымыздың тікелей қолдауы арқылы елімізде «Ақ бұлақ» бағдарламасының арқасында барлық елді мекендерде таза су тартылып, халық жемісін көруде. Соның нәтижесі биыл, 2014 жылы Алғабас ауылында да әр үйге таза су кіргізіліп бермекші.

Дүние жүзіндегі барлық халықтар сияқты қпзпқ халқы да өте ерте заманнан өзен, көл, бұлақ, әсіресе құдық суының тазалығына қатты көңіл бөлген. Ата- бабаларымыз жаз жайлауда, күз күзекте, қыс қыстақта көшіп-қонып жүріп мал жайылымы мен күнделікті суару үшін қай жерден құдық қазса су шығатынына дейін, болжап біліп отырған.

Ата-бабамыз ұлттық дәстүрімізде суды қадірлеу, суды лайламау, суды сабамау, былғамау туралы өсиет сөздерді көп айтқан. Балаларға ата-анлары «суды сабама – балығын шошытасың», «бұлақты лайлама – құсын кетіресің», «өзің су ішкен құдығыңа түкірме» деп тоқтау сөз айтып тәрбиелеген. «Бұлақ көрсең, көзін аш» деп өсиет айтқан. Осы қағиданы басшылыққа ала отырып, жетекшіміздің жол көрсетуімен №14 Алғабас орта мектебінде 2007 жылдан бастап Алғабас ауылы көлеміндегі бұлақтарды анықтап, нақты іс-шара жасап жұмыстар атқарып келеміз. Негізінде Алғабас селолық аймақ әкімшілігі көлемінде бұлақ көздері көптеп кездеседі, сондықтан еліміз «мыңбұлақ» аталса, село орталығы «Бетбұлақ» деп аталады. Жер асты суы мол болғандықтан, біздің территориямыздан Шұбаркөл көмір кен орны да таза суды тартып пайдаланып отыр. Ауыл көлеміндегі барлық бұлақтарды анықтап, картасын жасадық.

Ауыл көлемінде «Басбұлақ», «Бетбұлақ», «Орта бұлақ», «Ішкі бұлақ», «Бас көз», «Аяқ көз», «Қыпшақбай бұлағы», «Тоғанды бұлақ» және «Талды бұлақ» орналасқан.

Оқушылар арасында үнемі өздеріне берілген бұлақ көзін тазалау, оны ластамау, оны таспен бекітпей, су тазалығын сақтау жөнінде әңгімелер өткізіліп отырады. Суды таза ұстау – оны қорғау деген сөз. Ол суды адамдар тек ішу үшін ғана пайдаланбайды, егін, бау-бақша суаруға, мал шаруашылығына, өнеркәсіптің түрлі салаларына қолданылады. Күнделікті сумен жуынамыз. Көшелерде, тұрғын үйлерде тазалық сақтау үшін су қажет. Суды ысырапсыз дұрыс пайдалану біздің басты мақсатымыз, міндетіміз.


2.3 Мектепішілік «Бұлақ көрсең, көзін аш» қозғалысын

ұйымдастырып, жұмыстарын жүргізу.

Мектебімізде 2007 жылдан бері «Бұлақ көрсең, көзін аш» қозғалысы жұмыс істеп келеді. Қозғалысты жетекшіміз биология, география пәнінің мұғалімі Сарсенбаева Жанат Серикбаевна басқарып келеді. «Бұлақ көрсең, көзін аш» қозғалысының мақсаты айқын, жұмыс жоспары жасалған. Басты мақсатты басшылыққа алып, іс-шараға сәйкес үнемі жұмыс істеп келеміз. «Бұлақ көрсең, көзін аш» қозғалысы негізінен мұғалімдермен оқушылардан құрылған. Қозғалыс тобында 5 мұғалім мен 10 оқушы бар. Бүгінгі күнде тұрақты жұмыс істеп тұр.

Біз, Алғабас ауылының жер көлемінде өте көптеген бұлақтар бар екенін, сол бұлақтардың қандай атпен аталатынын, олардың көздерін белгілеу, көзін тазалау, бұлақ маңайының жан-жағын таспен шегендеу жұмыстарын, судың ағу жолдарын өзенге дейінгі жерлерді тазалау жұмыстарын қалпына келтіру, бақылап отыру жұмыстарына араласып отырамыз. Ауыл көлемінде 9 бұлақ көздері бар. Ол бұлақ көздері 1-11 сыныптарға бөлініп берілген. Басты мақсат оқушыларымыз ауылымыздың тарихын терең түсініп, судың қажеттілігін сезініп, судың ысырапсыз пайдаланудың қажеттілігін сезінсе екен дейміз. Мұны оқушылар өздеріне бекітіліп берілген бұлақ көздерін тазалауға барғанда қатты сезінеді.


ҚОРЫТЫНДЫ:

Алғабас көлеміндегі ауылымыздың тарихын күнделікті тың деректермен зерттелуде, бұлақ көздерін анықталып, оның картасы жасалды. Оқушыларға салт-дәстүрді қалыптастыру, рухани және салауаттылық тәрбие беруде бұлақ көздерін үнемі тазалап отыру мақсатында 1-11 сыныптар тегіс тартылған. Бұлақ көздері жойылатын болса, ауыл тіршілігі де өз құндылығын жояды, өсімдіктер, шабындықтар жойылып кетеді, жан-жануарлар да құрып кетуі мүмкін. Алғабас адамзаттың ғана туған жері емес. Ол сонымен қатар, өсімдіктер, жануарлар әлемнің де алтын бесігі екенін ұмытпайық. Сондықтан, қолда бар қадірімізді жоғалтпай, барымызды бағалай отырып, бұлақ көздерін үнемі тазалап, ел игілігіне жұмыс жасауға ат салысайық. Алғабасымыз – бағымыз, арайлап атқан әрбір таңымыз екенін әрдайым есте ұстайық!


ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1. «Ауылым – алтын бесігім» - ауыл энциклопедиясы. 2008 жыл.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!