Материалдар / Жоба "Денің сау болсын десең"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жоба "Денің сау болсын десең"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл жоба мектепке дейінгі балаларынадене шынықтыру негіздерін қалыптастыру. Міндеттері: балалардың дене шынықтыру, спорт туралы түсініктерін кеңейту, сергек көтеріңкі көңіл күй жасау, қимыл қозғалыс қабілеттерін, ұсақ қол моторикасын дамыту, қимыл үйлестігін, қолды жазуға дайындауды жақсарту, тіл дамыту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Желтоқсан 2017
565
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Целиноград ауданының білім бөлімінің МҚКК «Жұлдыз» балабақшасы











«Жоба»





Тақырыбы:

« Денің сау болсын десең»





















Дене шынықтыру нұсқаушысы :

Каркабатова Гульнара Алданиязовна





Дене шынықтыру жобасы «Денің сау болсын десең»

Дене шынықтыру нұсқаушысы: Каркабатова Гульнара Алданиязовна

Жоба мақсаты: дене шынықтыру негіздерін қалыптастыру.

Міндеттері: балалардың дене шынықтыру, спорт туралы түсініктерін кеңейту, сергек көтеріңкі көңіл күй жасау, қимыл қозғалыс қабілеттерін, ұсақ қол моторикасын дамыту, қимыл үйлестігін, қолды жазуға дайындауды жақсарту, тіл дамыту.


Дайындық кезеңі:

-Балалар және педагогикалық әдебиетті таңдап алу.

-Спорт құралдарын таңдап алу.

-«Тиімді күн тәртібінің негіздері»тақырыбына ата-аналарға арналған кеңес.

- Ата-аналарға арналған сауалнама.


Жобаның мазмұны:

1. Денешынықтыру, спорт, гигиена туралы түсініктерін кеңейту үшін балалармен ҰОҚ топтамасын өткізу.

2. Балалардың ой-өрісін, тілін, шыдамдылығын, байқағыштығын дамыту мақсатында ата-аналарға орманға саяхат жасауды ұсыну.

3. Жобаны іске асыру.

4. Қорытынды.

Жобаны іске асыру

Танымдық топтамадағы ҰОҚ.

1. Тақырыбы: «Мойдодыр сабақтары»

К.Чуковскийдің «Мойдодыр» ертегісін оқу

Бағдарламалық мазмұны. Балаларды Чуковскийдің шығармасымен таныстыру, ертегінің мазмұны мен тақырыбын түсінуге үйрету, салыстыруды пайдалануға жаттықтыру, балаларға гигиеналық дағдыларды ұластыру.

2. Су – тіршілік негізі
Онсыз өмір сүрмейсің
Гигиена егізі
Су деп және білгейсің
Су сергітер бойыңды
Онымен дос болғайсың
Судан кейін сен енді
Ісіңді оңай жалғайсың

Су туралы тақпақты жаттау

Бағд.мазмұны. Тақпақтың мазмұны мен мағынасын түсінуді қалыптастыру, денелерін таза ұстауға баулу, сөздерді анық айтуды бекіту.

Дене шынықтыру бойынша ҰОҚ топтамасы:

1.Таңғы жаттығу «Кішкентай доп туралы ертегі»

2. Музыкалық-ырғақты көрініс «Үйшік»

3. «Орманға саяхат» ҰОҚ

4. Саусақтар гимнастикасы «Кірпі тәріздес доппен жаттығу»

5. Ойын массажы «Мұрынмен ойнайық»

6. Дене шынықтыру сауығы «Біз деніміз сау болып өсеміз»

7. Дене шынықтыру сауығы «Менің көңілді добым»

8. Қорытынды.

Орманға саяхат .

Мақсаты. Балалар шыдамдылыққа, шынайы кедергілерден өтіп, алыс қашықтыққа жүруге үйренеді, оларда назар, ой-өрістері, тілдері дамиды.

ТАҢҒЫ ЖАТТЫҒУ

«Кішкентай доп туралы ертегі»

Екінші кіші топ «Бәйтерек»

Мақсаты. Балаларды теннис добы және оның қасиеттерімен таныстыру (секіреді, жеңіл, дұрыс қолданбаса сынады), қимыл жасау келісімділігін дамыту, доппен ойнау кезінде белсенділік көрсетуге жағдай жасау.

Құралдар: балалар саны бойынша теннис доптары, резеңке добы.

Мазмұны:

1. «Кішкентай доп туралы ертегі»Педагог теннис добының қасиеттері туралы айтады {1 минут) .

2. Еңбектеу«Балалар, сендер ойнайтын кішкентай доптар жоқ болып кетті. Оларды іздеп көрейік» {1, 5 минут, біркелкі қарқынмен) .

3. Теннис доптарымен билеу . «Біздің доптарымыз көңілсіз, себебі олар көп уақыт қорапта жатты, олармен ешкім ойнамады. Оларды көңілдендіру үшін би билеп береміз».

«Міне доп». Б. қ. – тік тұру, аяқтар бірге, допты кеудегі қысу. Допты алға, көрсетеміз, кеудеге қысу және жасырып қою.{біркелкі қарқынмен, 6 рет) .

«Домалатамыз». Б. қ. – тік тұру, аяқтар иық көлемінде, доп бүгілген қолда кеуденің алдында. Допты алақанда домалату.{ біркелкі қарқынмен, 1 минут) .

«Кішкене және үлкен доптар». Б. қ. – бір аяқ сәл алда, екіншісі артта, қолдар төменде. Допты қолмен және қолдың ұшымен айналдыру { біркелкі қарқынмен, 5 рет) .

«Тізені бүгеміз». Б. қ. – тік тұру, аяқтар алшақ, қолдар кеудегі жақын. Доппен тізені бүгіп, қайтадан тұру.{тез қарқынмен, 5 рет) .

«Секіреміз». Б. қ. – аяқтар бірге, қолымыз дене бойында. Доппен екі аяқтап секіру{тез қарқынмен, 2 минут) .

4. «Кішкене шарлар жарысы». Балалар өз еркімен залда орналасады.Белгі бойынша допты әр бағытта домалатады, келесі белгімен допты тоқтатып оны аттайды, бұрылып қайта аттайды және екінші қолмен домалатады.(тез қарқынмен, әр қолмен 5 рет) .


5. «Жоғары-жоғары». Балалар шеңбер болып тұрады, белгі бойынша бір қолмен допты жоғары лақтырады, оны ұстап өз орындарына оралады { біркелкі қарқын, 5 рет) .


6. «Жел». Балалар тізелеп тұрады. Допқа үрлеп, қарама қарсы жаққа еңбектеп барады, артқа аяқтап оралады. {тез қарқынмен, 3рет) .


МУЗЫКАЛЫҚ ЫРҒАҚТЫ КӨРІНІС «ҮЙШІК»Міндеттері: ырғақты жүруді қалыптастыру, әуенмен қимыл жасау; «Үйшік» ертегісімен таныстыру; кейіпкерлер қимылын мәнерлеп орындау.

Құралдар: магнитофон таспа, үйшік, ойыншықтар маскалар- костюмдар.

Барысы:

1. Әуенмен шеңбер бойы аяқ ұшымен, өкшесімен жүру.


Тәрбиеші.  Қыс келді далаға

Шақырады орманға.

Біз бүгін жай емес, ертегідегі орманға барамыз. Оған атпен барамыз.

Музыкалық-ырғақты композиция «Кішкентай ат».

Тәрбиеші: Міне орманға да жеттік. Айнала қандай тамаша! Қараңдаршы, әдемі қар бүршіктері, олар ұлпалар болып жауып тұр.

Музыкалық-ырғақты композиция «Қар вальсы» .

Тәрбиеші: қыста өте суық, аяз болады, аңдар өз үйлеріне, іңдеріне жасырынады.

Ашық алаңқайда кіп-кішкентай үйшік тұрған.

Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар?
-Мынау тышқан (ойыншықты көрсетеді).

Музыкалық-ырғақты қимыл «Тышқан» (аяқ ұшымен ақырындап жүгіру)

Тәрбиеші. Тағы үйшікте кім тұрады?

Бұл бақа-бақа балпақ,

Ойнайды ол сылдырмақ.


Музыкалық-ырғақты қимыл «Кішкентай бақалар» (сылдырмақтармен билеу) .

Тәрбиеші. Ал мынау қоян.




Музыкалық-ырғақты қимыл «Қоян» (секіру) .

Тәрбиеші: Ал үйшікте тағы кім тұрады? Жұмбақты шешіңдер:

Үстінде сұр жейдесі бар.

Жейдесінде инесі бар.

Бұл не? (кірпі)

«Марш» С. Прокофьев (Стрельникова бойынша тыныс алу жаттығулары).

Тәрбиеші. Түн болды, барлық аңдар ұйқыға жатады.

«Бесік жыры» (қолдармен баяу қалыпты қимылдар жасау).


Тәрбиеші. Әтеш ерте тұрады,

Ку-ка ре-ку! деп шақырады.

Аңдарды ұйқыдан тұрғызады.


Музыкалық-ырғақты композиция «Әтеш»

Тәрбиеші. Ал міне сұлу түлкі де жетіп қалды.

Музыкалық-ырғақты қимыл «Түлкі».

Тәрбиеші. Тыныш, тыныш,

Өз үйінде қасқыр отыр.

Кейіпкерлік қимыл «Қасқыр».

Тәрбиеші. Мына келе жатқан аю болар.

Кейіпкерлік қимыл «Аю».

Балалар. Аю үйшікке барма,

Аю үйшікті баспа.

Аю бізді қорқытпа,

Аю бізбен сен ойна.

Ойын «Қуыспақ» - балалар орындықтарға жүгіріп кетеді.

Тәрбиеші. Үйшіктегі аңдармен қоштасып, балабақшаға ораламыз.

Музыкалық-ырғақты қимыл «Кішкентай ат».


ҰОӘ «ОРМАНҒА САЯХАТ».

Мақсаты: үлкеннің сөйлеуін қабылдауды дамыту; тәрбиешінің сөздеріне сәйкес қимылдарды еліктеу; кеңістікте бағдарлауды, қимылдарды үйлестіруді дамыту; балаларды сауықтыру, Стрельникова бойынша


тыныс алу жаттығуларын жасау; тәрбиешімен бірге өлеңдерді, тақпақтарды айту.

Әдістемелік тәсіл: балалардың әрекетіне көңілі толатын ересектің сюжеттік әңгімесі.

Материал:  шыршалар мен ағаштар, ойыншықтар: қонжық, қояндар, балапандар, матадан жасалған бұлақ, қағаздан жасалған сары және көк гүлдер. Сабақ барысында таспаға жазылған табиғат, құстар дыбысы қосылады.

Ойын барысы:

Паровоз дыбысы «ту-ту».

ТәрбиешіБалалар, бүгін біз орманға паровозбен барамыз.



«Паровоз» ойыны, көңілді әуенмен сүйемелденеді.

ТәрбиешіБіз ормандағы алаңға келдік, мұнда қандай керемет гүлдер өсіп тұр, көк және сары түсті. Балаларға гүлдердің хош иісін сезінуді, жинап, олардың түстерін атауды ұсынамын.

Жауап беруге қиналған балаға тәрбиеші көмектеседі.

Тәрбиеші. Ал міне бұлақ ағып тұр, аяқтарынды суға батырмай аттап өтіндер.



Балалар кезекпен бұлақтан өтеді және ағаштар арасына келеді. Тәрбиеші оларға ешқашан ауырмау үшін таза ауамен тыныс алуды ұсынады (Стрельникова бойынша тыныс алу жаттығулары).

ТәрбиешіҮлкен шыршаның астында қояндар отыр, олар балалармен ойын ойнаймыз дейді. Қояндармен ойын. Орманмен әрі қарай жүреміз. Кенеттен қатты жел көтерілді. Жел қалай соғады? У-у-у! Ағаштар бұталарымен шайқады.

Ойын.

ТәрбиешіЖел улейді у-у-у,

Құйын келіп билейді зу-зу-зу,

Қатты-қатты жел соқты гу-гу-гу,

Жапырақтар қол соқты ду-ду-ду.

Жел басылды, кішкентай шыршаның астында тығылған құстар ұшып шықты. Құстар қалай ұшады?

Балалар құстар секілді «ұшады».

Тәрбиеші. Ал мына ағаштың астында аю (ойыншық) ұйықтап жатыр. Оны оятып, бірге ойнайық.

Ормандағы аюдың

құлпынайы көп екен,

теріп-теріп аламыз,

қалтамызға саламыз.

Тәрбиеші. Аюмен қоштасамыз, ол орманда қалады. Ал біз паровозға отырып, балабақшаға ораламыз- ту-ту!


ОЙЫН МАССАЖЫ «Мұрынмен ойнайық »

А. Уманская мен К. Динейканың балаларды арнайы шынықтыру әдістемесінің нұсқасы мен түсіндірмесі

Шынықтыру тынысы





Бұл шынықтыру түрі барлық тыныс алу жолын нығайтады. Оның мәні- ойын жаттығулар жинағын мұрынмен жасауда. Кіші жастағы балаларға ұсынылады, алайда ересек балалармен жұмыста да пайдалануға болады. Күніне 2-3 рет жасалады.

«Мұрынмен ойнайық»

1. Ұйымдастыру кезеңі.

«Мұрынды тауып көрсет»

Балалар ыңғайлы отырып мұрындарын көрсетеді.

2. Негізгі бөлім.

Мұрынмен ойын жаттығулары.

«Мұрынға серуенге жиналуға көмектес».

Әр бала өзі немесе үлкеннің көмегімен бет орамалын алып, мұрнын тазалайды.

«Мұрын серуендейді»Тәрбиеші балаларға ауыздарын жауып, мұрынмен тыныс алуды ұсынады.

«Мұрын еркелейді»

Тыныс алғанда бала ауаға қарсыласу мақсатымен бас бармағы мен сілтеуіш бармағымен мұрынға басады.

«Мұрын жағымды иісті иіскейді.»Бала оң және сол танауларын кезекпен саусағымен басып 10 рет тыныс алу-шығаруды жасайды.

«Мұрын ән айтады»

Дем шығарған кезде бала саусағымен мұрынның қанаттарын тарсылдатып: «Ба-бо-бу» деп айтады.

«Мұрнымызды жылытамыз»Бала кеңсіріктен мұрынның қанаттарына қарай және кейін сілтегіш саусақтарымен қимыл жасайды.

Осылайша ол уқалау жасаған болады.

3. Қорытындың кезең.

«Мұрын үйіне оралады»

Балалар бет орамалдарын алып қояды. Үлкенге олардың мұрындары қайта оралғанын көрсетеді.Ескерту. Ойын жаттығуларын тақпақтармен айтуға да болады:

Келіп жақын балақай.

Шеңберге отыр қысылмай,

Тауып алып мұрынды,

Көрсет оны апайға.

Мұрнымызды тазалаймыз,

Серуенге жиналамыз.

Сен жауып тұр аузынды,

Мұрынмен ұмытпа тыныс алуды.

Міне мұрын еркелеп,

Еркелікті көрсетеді.

Тыныш, тыныш, асықпа,

Хош иісті анықта.

Бақта жүрміз серуендеп

«Ба-бо-бу» деп әндетіп.

Мұрнымызды жылытамыз

Саусақтармен уқалаймыз.

Мұрным шаршап қалады,

Үйге тезірек оралады.

ДЕНЕШЫНЫҚТЫРУ САУЫҒЫ «Біз деніміз сау болып өсеміз»

ЖүргізушіБалалар, бізге қонақ асығып келе жатыр. Сендер кім екенің табындар?

Сұрағыма жауап беру көп уақытты алмайды

Ұзын мұрын баланы әкесі ағаштан жасады.

Балалар. Ол Буратино!

А. Рыбниковтың «Буратино» әуенімен кейіпкер келіп, барлық балалармен билейді.

Буратино. Амансыңдар ма, балалар!

Менің түрім көңілсіз, басым да ауырып тұр, жөтел тиді!

ЖүргізушіСаған не болды?

БуратиноБұл тұмау

ЖүргізушіБуратино! Ал біздің балалар ешқашан ауырмайды, себебін саған өздері айтып береді.

1-ші балаТаңертең мен тұрамын, бет-қолымды жуамын, жасырмаймын сендерден құлақтарым тап-таза.

Буратино. Ал қазір мен олардың жуынғаннан кейін сүлгі лерін қалай ілгендерін тексеріп көремін.

Ойын «Сүлгілерді іл», ритмикалық би «Лас» (батпақ).

Жүргізуші. Ой, балалар, бізге Лас келіп хат тастап кетіпті.

Хаттағы гигиеналық құралдар туралы жұмбақтарды жасырады.

Міне, лас та жоқ болды, балалар тағы неге ауырмайтынымызды Буратиноға айтып берейікші.2-ші балаҮнемі тістеріміз үшін жеміс, көкөніс, омлет, ірімшік пен қатық жеу керек.

3-ші балаМықты, шапшаң болам деп таңғы асқа сәбіз же.

Ойын «Көкөніс жина».

4-ші бала. Біз алаңға шығамыз,

Жаттығуды бастаймыз.

Орнымызда бір қадам,

Екі қадам ілгері,

Керісінше жаса енді.

5-ші бала (торай маскасында) .

Жаттығу керек бізге, пайдасы да мол көпке

Жалқаулықтан құтқарады, денемізде шынығады.Би «Жаттығу»

Жүргізуші. Қарашы, Буратино, жаттығудан кейін мына торайлар өте мықты болып, өздеріне үй салады.

Би «Торайлар».

Буратино:

Мен барлығын түсіндім!

Таңертең тіс тазалап, жуынамын әрине, Жаттығуды жасауға уәде берем сендерге.Алтын кілтті алындар, мықты, шапшаң болындар! Жүргізуші. Рахмет, Буратино!Ал енді құрметті үлкендер мен балалар, жарыс басталуын жариялаймын.

Балалар үлкендермен жарысады.

-Шарды қасықпен апарамыз.

-Ауа шарын безендір.

-Құдықтан су тасу.

-Калошпен жүгіру.

-Бәтенкеннің бауын байла.

-Маскировка.

Жүргізуші. Біз өте көңілді жарыстық, ал енді билеуге шақырамын.

Би «Буги-вуги».

ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САУЫҒЫ «МЕНІҢ КӨҢІЛДІ ДОБЫМ»

Мақсаты: дене шынықтыру жаттығуларын орындаған кезде балаларға шаттық келтіру; допты домалатуда ептілік пен көзшамалықты дамыту; шеңбер бойы жүру мүмкіндіктерін бекіту; тепетеңдік, секіру, жүгірумен ойын жаттығуларын қайталау; допты лақтыру мен ұстауда ептілік пен көзшамалықты дамыту.

Құралдар: доптар.

Сабақ барысы:

Жүргізуші. Балалар, жұмбақты шешіңдер:

Бала бiткен соғады, жеңiл шарды домалақ.

Ұрсаң, ұшып жоғары,

Жерге түсер домалап. (доп)

Біз бүгін доппен ойнаймыз, допқа да айналамыз. Доп туралы кім тақпақ біледі?

Балалар доп туралы тақпақ айтады

Добым менің тыным таппай бұлтыңдап, 
Қайда ғана кеттің зырлап қутыңдап 
Сары добым, 
Қызыл добым, 
Көк добым 
Жеткізетін түрің маған жоқ добым. 
***

Топ,топ добым домалақ 
Қайда кеттің домалап 
Бір,екі деп екі ұрдым 
Шатырға сен секірдің 

***

Домала доп домала, 
Балшыққа тек жолама 
Жек көремін оныңды 
Бүлдіресін қолымды. 

Жүргізуші. Ал қазір біздің балалар доп болады. Олар доптар сияқты екі аяқпен секіреді, домалайды.

Жаттығу «Көңілді доптар»  (секіру және жүгіру).

Жүргізуші. Ой, қандай доптар! Үлкендері, кішкентайлары, бәрі түрлі түсті. Қайсыны таңдасам екен? Жақсы секіретінің таңдаймын.

Қолдарын белге қойып, балалар секіреді, жүргізуші олардың бастарынан ақырын ұстап қояды.

Көк доп, сары доп,

Секіреді жоғары.


Белгі беріп қалғанда қашып кетеді жан жаққа.

Шапалақ ұрғанда, «доптар» жан-жаққа жүгіріп кетеді.

Ойын «Доп», муз. А. Филиппенко, сөз. Т. Волгина.

Жүргізуші . Сендер маған айтындаршы, доппен ойнауды білесіңдер ме?

Ойын «Менің добым ұшады»

Балалар үлкен шеңберге тұрады, жүргізуші ортадан допты лақтырады. Жүргізуші балаларға оң және сол жақтан екі доп береді.

Тез-тез қолға домалайды, добым менің көңілді,

Кімге добым тез тоқтайды, секіруге тиісті.Әуенмен балалар доптарды бір біріне береді, әуен тоқтағанда, доптары бар балалар шығады.Жүргізуші үлкен доп шығарады.Балалар теріс қарайды немесе көздерін жұмады, бір бала допты жасырады. Белгі бойынша балалар допты іздеуге барады.Жүргізуші доптың желі шығып кеткенің байқап, балаларға оны үрлеуді өтінеді. Тыныс алуға жаттығу жасалады.Көңілді доп жай ғана жатпады, балаларды ойынға шақырады.Балалармен ойындар өткізіледі.

1. «Допты домалату» - балалар екі қатарға бөлініп бір біріне допты домалатады.

2. Аяқ арасына қысып алған доппен кім тез секіреді.

3. «Допты себетке түсір».

4. «Кім допты тез қуып жетеді».

5. «Қақпаға допты түсір».

6. «Допты жолмен домалат».Сабақтың соңында балаларға демалу үшін доппен жаттығулар жасалады (2-3 жаттығу).

Ойнап доппен көңілді, тақпақтарын тыңдадық.

Қоштаспаймыз онымен кездесеміз тағы да.

Добымыз демалсын, бізге жақсылық тілесін.

Бізде енді күш жинауға кетеміз біраз тынығуға.

Балалар кілемге жатады. Әуенмен релаксация жасалады.

















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!