Жоба Өзін-өзі тану

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жоба Өзін-өзі тану

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты







Жоба


Тақырыбы: «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім бағдарламасының психологиялық-педогогикалық негіздері. Ақиқат өзін-өзі танудың мақсаты








Орындаған: 3-топ

Сатымова Асылай

Ахмеджанова Мейрамгүл

Имангалиева Каным

Нургалиева Назгуль

Мендалиева Ақмарал







Атырау 2014 ж

Жоспар:

  1. Кіріспе

  2. Негізгі бөлім

  1. Өзін-өзі тану білім бағдарламасының жүзеге асырылу принциптері және оқытылу жағдайлары

  2. Ойшылдар жасаған тұжырымдар

  3. Ақиқат өзін-өзі танудың мақсаты

  1. Қорытынды









































Білім беру саласындағы бүкіләлемдік өзгерістер аясында адами қасиеттерді жүзеге асыру идеясын елімізде тұңғыш рет «Бөбек» қорының президенті, Еліміздің Бірінші Ханымы Сара Алпысқызы Назарбаева «Өзін-өзі тану» рухани – адамгершілік білім жобасын ұсынды. «Өзін-өзі тану» эксперименттік жобасы Қазақстанда 2001 жылдан бері жүргізіліп келді. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім жобасының білім мекемелерінде пән ретінде жүргізілуі баға жетпес құнды дүние. Бұл пән ізгілік пен сұлулықтың шын мағынасын түсінуге, шынайы мейірімділік пен ақиқатқа ұмтылуға, өз өмірін жоғары мәнмен салыстыруға жетелейді.


Бағдарламаны жүзеге асыру принциптері:

-Бағдарламаны тиімді жүзеге асырудың қажетті жағдайы жеке тұлғаны тәрбиелеуді рухани-адамгершілік жалпы принциптерге бағыттау;

-Адамгершілік принципі 1-ші кезекте адамгершілік идеялар мен бағдарларды алға қояды;

-Жалпыадамзаттық құндылықтар принциптері «Өзін-өзі тану» пәнінің мазмұны-жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген.

Оқыту жағдайлары:

-Махаббат, сенім, шығармашылық атмосферасын құру, өзін-өзі зерттеуге жағдай жасау, интуитивті түсінуін дамыту;

-Мектептегі бүкіл педагогикалық үрдіске адамгершілік-рухани білім беруді кіріктіру;

-Адамгершілік-рухани білім беру үрдісінде тек жағымды және гуманистік әдістерді қолдану қажет.

Осыған сәйкес ойшылдар рухани-адамгершілік білім туралы өз тұжырымдарын ұсынды.

Солардың бірі Сократ ешқашан да дайын жауап бермеген, жетелеуші сұрақтар қою арқылы ақиқатты іздеуге көмектеседі: ол сөйлесіп тұрған адамын мысалдардан-ережеге, нақты заттар мен қарым-қатынастан түсіністікке апарады.

Сократ тыңдаушысын өз-өзімен қайшылыққа әкелуді және біртіндеп шынайы игілік негізі ретінде адамгершілікке апаруды көздейтін бірізділікпен және жүйелі түрде сұрақ қою педагогикалық әдісін қалыптастырды.

Ал Платон болса тәрбие ұғымына жаңаша көзқараспен қарып, тәрбиелеу дегеніміз-балаларды заңды түрде дұрыс деп танылған және оның шынайы дұрыстығына ең дана және игі жақсы адамдар көз жеткізген пайымдауларға тарту және соған жеткізу деп, тамаша ой айтқан болатын.

Адамгершіліктің 7 қағидасы
1. Ақиқатқа сену, адал болу;
2. Жақсы мінез, көрікті ақыл;
3. Дұрыс іс - әрекет, ойлану;
4. Жүректе имандылықты сезіну;
5. Тәртіпке бағыну, жақсы тәрбие алу;
6. Ата - анаңмен бауырыңа қорғаныш болу, халқың үшін еңбек ету;
7. Зорлық - зомбылық көрсетпей, әлсіздерге көмек жасау;

Өз бойында адамгершілік құндылықтарды дамытудың өзі білім болып саналады екен. Ақиқат, Дұрыс әрекет, Тыныштық, Сүйіспеншілік, Қиянат жасамау сияқты адамгершілік құндылықтарды жете түсінгісі келген адам, осы құндылықтарды іс жүзінде қолданып, оларды адал ниетпен және ақ пейілмен таратса, сол адамды нағыз кемел адам деп атауға болады екен. Яғни осы аталған 5 құндылық бір адам бойынан табылып жатса онда нұр үстіне нұр болар еді. Соның ішінде ақиқат өзін-өзі танудың мақсаты десек, Ушинский сөзімен айтқанда онда ақиқат-бұл адам құтыла алмайтын адамгершілік аксиома. Тірі ағзаның дәні, оның өлмес рухы басқа қоректі талап етеді және де оны таба алмастан ашығып қажиды. Ал ақиқатты жарыққа шығаруға оқытудың мақсаты бұл-баланың шынайы болмысын іздеуіне және бұл ізденіс өмірдің басты мақсаты екенін жете түсінуіне көмектесу, өйткені-Ақиқат адамның шынайы болмысы. Ақиқатты жете түсіну адамның ішкі кеңістігін толтыратын энергияның қуатты ағынына жол ашады.

Бізге белгілі ақиқат салыстырмалы және абсолюттік болып бөлінеді:

Салыстырмалы ақиқат: Абсолюттік ақиқат

-Жеке -Әмбебап

-Өзгермелі -Өзгермейтін

-Сезім деңгейінде табылады (логика) -Сезімнен жоғары (уақытпен кеңістіктен тыс)

-Алуан түрлі -біртұтастықты білдіреді

Ақиқатты тану-рухани кәусар бұлақ көзіне жолды іздеп табу - бұл әрбір жеке адамның, нақ осы қазір өмір сүріп жатқан барлығымыздың және өмірге жаңа қадам басқан адамдардың міндетінің ішіндегі міндеті.

Сондықтанда ақиқатты-көпқырлылықтың біртұтастығын түсіну, өзін бәріне қатысы бар және бәріне де жауапкер бөлінбейтін, ажырамас бірліктің бөлшегі ретінде қабылдап түсіне білейік.

















Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. «Өзін-өзі тану» пәні. Дәрістер жинағы. Ерғалиева Г. А

  2. Самопознание журналы

  3. Интернет көздері


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.04.2019
2174
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі