Материалдар / Жобалау әдісі иновациялық педагогикалық технологиясы (Тәрбиешілерге кеңес)

Жобалау әдісі иновациялық педагогикалық технологиясы (Тәрбиешілерге кеңес)

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешіге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Наурыз 2021
275
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Алматы облысы

Жамбыл ауданы

«Батыр -2016» бөбекжайы кмкқ














Жобалау әдісі иновациялық педагогикалық
технологиясы




Тәрбиеші:Исаева Д.Б

















Қазыбек бек 2021жыл

Жобалау әдісі иновациялық педагогикалық
технологиясы

Мақсаты:


Мектеп жасына дейінгі балалардың жобалау іс-әрекетіне қабілеттерін дамытудың педагогикалық шарттарын анықтау, зерттеу жүргізу.


Міндеттері:

- экологиялық тәрбиелік бағыттағы жобалау іс-әрекетіне балалардың қызығушылығын қалыптастыру;

- жобалау іс-әрекетін оқу-тәрбие үрдісіне енгізу;

- іс-тәжірибе жасау арқылы балалардың танымдылық белсенділігін дамыту мәселелерінде туындаған қиындықтарды, ата-аналардың балалардың зерттеу іс-әрекетіне деген көзқарасын анықтау;

Күтілетін нәтиже:
- Жобалау әдісінің негіздерін меңгеру

- Сөйлеу мәдениеті дамыған.
- Өзін- өзі бағалай білетін тұлға

"Кімде-кім халқынан алмаса тәлім, 
Оны үйрете алмас ешбір мұғалім."

Жүсіп Баласағұни

Жобалау әрекеті білім беру саласында жақында ғана пайда болып , жәнe бір кең тарап жатқан әдістердің бірі. Оның негізгі бағыты , қандай да бір мәселені шешуде жетістікке жету . Жобалау әдісі арқылы ұйымдастырылған оқыту үрдісінде балалар шынайы өмірдің тәжірбиесіне негізделген мәселені - ізденіске бағытталған әрекетке қатысып , нәтижеге жету барысында жаңа білімді , тәжірибені игеруге кеңінен мүмкіндік алады . Жобалау әдісі  педагогикада жаңалық емес . Жобалау іс-әрекеті 19 ғасырдың 2 - ші жартысында АҚШ мектептерінде пайда болған. Оның негізін қалаған психолог - педагог Джон Дьюи.

Джон Дьюидің ілімін жалғастырушы - Колумбия университетінің профессоры Уильям Килпатриктің ойынша, жобалау іс-әрекеті балаларды өз жұмысының жемісін көруге ынталандыру арқылы өмірге дайындау. Еуропада кеңтараған жобалау әдістемесі біртіндеп қалыптасқан білім беру үдерісіне енгізіліп отыр . Жобалау әдісінің мақсаты:

- Мектеп жасына дейінгі балалардың жобалау іс-әрекетіне қабілеттерін дамытудың педагогикалық шарттарын анықтау , зерттеу жүргізу .

Ал міндеттері :

- экологиялық тәрбиелік бағыттағы жобалау іс-әрекетіне балалардың қызығушылығын қалыптастыру

- жобалау іс-әрекетін оқу - тәрбие үрдісіне енгізу.

- іс - тәжірибе жасау арқылы балалардың танымдылық белсенділігін дамыту мәселесінде туындаған қиындықтарды , ата -аналардың балалардың зерттеу іс-әрекетіне деген көзқарасын анықтау ;

Балабақшада жобалау әдісі бізге не береді және не үшін қажет дейтін болсақ?

1. Мектеп жасына дейінгі балаларға сапалы тәрбие мен білім берумен қатар , педагогтардың шығармашылық ізденіспен бірге балалармен жұмыс жасау үшін жобалау іс – әрекетін балабақшаға енгізу керек .

2. Әр тәрбиеші осы жоба арқылы жұмыс жасаса , педагогтар мен балалардың және ата – аналардың бірлескен шығармашылығы болып табылды.

Жобалау әдісінің маңызы : 
Бала жұмыс барысында шынайы объектімен және процеспен толық танысады. Ол баланың нақты жағдаяттарды шешуге , құбылыстарды терең танып білуге және жаңа объектілерді құрастыруға жетелейді . Жобалау әдісін жүзеге асыру және оның мазмұның ашу үшін ерекше оқытудың формаларын пайдалану қажет. Олардың ішінде жетекші түрі еліктеу (имтация) ойыны деп аталады . Имитациялық ойын бұл еркін, адамды шынайы және табиғи қалыптаса ұстауға ықпал ететін балалардың өзіндік «мен» түсінігін қалыптастыратын шығармашылық , белсенділік , өздігінен дербес әрекет етуге бағыт беретін ойынның түрі.

Ойынның қызметі :

- психологиялық – балаға түсірілген күшпенен эмоционалды көңіл күйді үйлестіру ; мұнда балаға көмектесе отырып өзіне және өзгелерге деген қатынасын өзгерту , психикалық көңіл-күйлеріне қарау ;

- технологиялық – баланың ойлауымен қиял шыңдыққа жақындату.

Ойында бала өзіні қауіпсіз сезініп, психологиялық тұрғыдан еркін және өзінің дамуына ықпал ету қажет. Әдістемелік нұсқауларда сипатталған дәстүрден тыс техникаларды тиімді пайдалану , балалар үшін оте қызықты әрі шығармашылықа жетелейтін жол болғандықтан оны жобалау әдісінде топтық және ұжымдық жұмыстарда пайдаланған маңызды болмақ.

Жобалау әдісі 3 кезеңнен тұрады : 
1 кезең - Даярлық кезеңі

2кезең - Негізгі кезең

3кезең-Қорытынды кезең 
Даярлық және негізгі кезінде өзекті мәселені талқылау, жобаның мақсатымен міндетін нақтылау ,бірлескен әрекетті жоспарлау . Балаларды топқа бөліп , міндеттерді бөліп алу , ата-аналардың көмегімен қажетті ақпарат пен материалдар және мәліметтерді жинақтайды .

Қорытынды кезеңінде әрекеттің нәтижесін көрсететін , материалдық өнімді ұсынатын презентацияға дайындалу.

Жобалау әдісінің басты идеясы : балалардың танымдық және экологиялық қызығушылығын дамыту , өз беттерінше және тәрбиешісі мен ата-анасының көмегі арқылы өз білімдерін дұрыстап ақпараттық кеңістікте жөн таба білу және сыни ойлауды дамыту.

Жобалаудың түрлері:

1. Монопәндік – білім саласындағы мәселелерді шешетін « Денсаулық » жобасы,

2. Пәнаралық – « Денсаулық » « Қатынас » « Таным » сияқты бірнеше білім салаларының мәселесін шешетін жоба , яғни бір тақырыпты әр түрлі саладағы ұстаным бойынша жүргізіледі .

Жобаның  тақырыбы келесі талаптарға жауап береді.

1. Бес оқыту салаларының мазмұнынан таңдалады, яғни мемлекеттік стандарттың талаптарына сай келуі керек ;

2. Тақырып бағдарламадан тыс таңдалып , оқу жоспарының вариациялық бөлімімен сай келуі мүмкін ;

3. Мектепке дейінгі жастағы балаларға жақын және түсінікті болуы тиіс ;

4. Жақын даму аймағында орналасуы тиіс ;

Жоба бір мәселені шешіп және оны қолданыста пайдалану үшін әр түрлі  білім салаларынан мағлұматтарды ықпалдастыра алады

Жобалар әртүрлі белгілеріне қарап бөлінеді . Ең елеулісі іс - әрекеттің басымдық түрі болып табылады . Балабақшада жобалардың мына түрлері пайдалануға болады .

1. Эмпирикалық: тірі және өлі табиғат әлемінде  бақылаулар жүргізу.

2. Зерттеу : ізденеді , деректерді жинақтап қорытады ,табиғат құбылыстары туралы әр түрлі дерекнамалардан мағлұмат жинайды , кітаптар , альбом жинақталады.

3. Рөлдік ойындар жобасы : бұл шығармашылық ойын нышандары ,  ойын жобасы .

4. Шығармашылық жоба: әңгімелер құрастыру , тақпақтар , ойдан шығарылған  ертегілер .

5. Фантастикалық жоба: таныс әңгімелер мен ертегілер , мультфильмдерді  мазмұнына қарай отырып , балалардың өз шығармашылығы мен қиялынан жобалар құру .

Жобалау іс–әрекеті арқылы даралық қасиеттерін қалыптастырудың негізі деп саналатын мотивтердің бірі – танымдық қызығушылық. Мектеп жасына дейінгі балалардың жас және жеке дара ерекшеліктерін ескере отырып , қызығушылық қабілеттерін , белсенділігін жетілдіруде жобалық іс - әрекеттің маңызы зор . Бұл шақта балалар заттар мен құбылыстар туралы , жалпы болмыс туралы білімд і, әсіресе көргісі келгенін , білгісі келгенін тез , дұрыс және толық қабылдайды . Сондықтанда жобалық іс - әрекеттің бағыты балаға берілетін білім элементтері тікелей көрсету , ұстату , сипап-сездіру, таныту арқылы жүзеге асады . Бала тікелей көрген , сезген обьектісін ғана қабылдайды.

Аталған әдіс бала жаратылысына тән : білуге құмарлық , байқау жасауға талпыныс , өзінше эксперимент жүргізу сияқты бала әрекетіндегі жеке қасиеттерін ашуға жағдай жасайды . Бірақ төменгі топтағы балаларға зерттеу тақырыбымен «қинауға» болмайды . Жобалаудың мәселені шешуден айырмашылығы, оның қорытындысы бойынша бала қызметінің  нәтижесі  және оның ары қарай қолданылуы шамаланады Жобалау нәтижесінде бала нені білемін ? Нені білдім ? Нені білгім келеді ? -деген танымдық сұрақтарға нақты жауап береді. Балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру мәселелері Я.А.Коменский, Ж.Ж.Руссо, Ы.Алтынсарин, Г.И.Шукина, Т.И.Шамова, Ю.К.Бабанский т.б. ғалымдар еңбектерінде жүйелі талданған.

Жобалау іс-әрекеті арқылы балалардың танымдық қабілеттерін дамыту мәселесі психологиялық-педагогикалық жағдайды, мектепке дейінгі жастағы баланың зейін қоюға , шығармашылықпен шұғыл ойлауына, өз тәртібін қадағалауына , тіл байлығын дамытуға ықпалын тигізетін тәсілдерді іздестіруін қарастырады . Бұл зерттеу жұмысымда мектеп жасына дейінгі балалардың жобалық іс-әрекетке танымдық қабілеттерін дамытуды ұйымдастырудың педагогикалық шарттарын анықтауды көздейді . Педагогикалық жобалау іс-әрекеті әртүрлі білім беру саласынан алынған бір мәселені шешу үшін мағлұматтарды кіріктіріп іс-тәжірибеде қолдануға мүмкіндік береді. Мектеп жасына дейінгі балаларды жобалау іс-әрекетіне үйрету баланың бүкіл оқу іс-әрекетінде алған білімдерін, күнделікті өмірде көрген-білгенінен өздігінше ой-қорытуы, тәжірибеде пайдалана білу қабілеті. Жобалау қызметі тәрбие мен білім беруде тұлғалық бағытталған жолға негізделіп шығармашылық қабілетті дамытады. Француз педагогы Жан Жак Руссо « Бала туғанда ақ қағаздай болып туады, оның үстіне шимайды қалай салсақ , қағаз бетіне солай түседі , бала тәрбиесі де сол сияқты , өзін қалай тәрбиелесең , ол солай тәрбиеленеді » - деген екен [1] . Әрине жоғарыда айтқандай бала туа біткен зерттеуші, бірақ алғашқыда оған арнайы түрде үйретіледі : проблеманы қалай анықтауға болатынын , болжамды қалай құру керек екенің , зерттеу қалай жасалатының түсіндіреміз .Сондықтан оқу іс әрекетінде өзіндік жұмыстардың элементтерін қолдануға тырысамын. Олар бір тақырыпқа негізделген хабарламалар , шағын әңгіме құрастырып , кітапша жасау , сахналық көрініс жасайды . Осылардың бәрі жоба өніміне жатады .Өзінің іс-әрекетін жоспарлауды тек қана кейбір балалар ғана істей алады . Басқаларға көмек керек .  Жоба тақырыптары тікелей мазмұнымен байланысты . Себебі көрнекілік -образды ойлау, қоршаған әлемге қызығушылық — бұл жастағы балалардың тақырыпты таңдауда нақты оқу іс әрекеті бойынша алған білімге сүйенеді . Жобалау әдісін қолдану тікелей тәрбиеші көмегімен жүзеге асырылады . Бұл жұмысқа ата аналарды да қатыстыруға болады.

Жобалау әдісін пайдалана отырып,біз балалардың қабілетін қалай дамытамыз?

Жобаның тиімділігі көзбен көріп , есте сақтай отырып баланы ізденіске , іскерлікке , танымдық ынтаға , қызығушылыққа ,шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мәселені шеше білуге жетелейді.

Топтарда жобалау әдісін қалай қолданамыз . Алдымен жобалар әдісінің кезендерін дайындау .

І. Мотивтендіру

Тәрбиеші жалпы зерттеу мәселесін ұсынады. Тақырыпқа қызығушылық қалыптастырады.

ІІ. Жоспарлау кезеңі

Зерттеу жұмысына дайындық. Мұнда жобаның тақырыбы мен мақсаты анықталады, міндеттерді шешу жолдары қарастырылады, іс-әрекеттің жоспары бекітіледі, топтағы ұжымдық іс-әрекет келісіледі.

ІІІ. Ақпаратты жинау кезеңі

балалар хабар жинайды , әдебиетпен және басқа ақпарат құралдармен жұмыс жүргізеді ; алынған нәтижені тәрбиеші көмегімен сараптайды және бақылайды , көмек көрсетеді , өзі де ақпарат құралы болады .

ІV. Рефлексивтік бағалау кезеңі

балалар жобаларын ұсынады (презентация), атқарылған жұмыс бойынша есеп береді , ұжымдық пікір таласқа қатысады , өзіне өзі баға береді , тәрбиеші бағалайды.

Осымен балалардың өздігінен жұмыс жасау қабілеті жоғарылайды , олардың танымдық белсенділігі арттылады , ұжымдық қарым-қатынастар арқасында  қоғам дағдылары  жетіледі .Шығармашылық қабілеттері артады.Біздің таңдаған зерттеу нәтижесінің тақырыбы қазіргі кезең үшін мектепке дейінгі білімге нақты көкейкесті болып келеді. Мектепке дейінгі балалардың қызығушылығын белсенділіктерін дамыту мәселесі - бала психологиясы және мектепке дейінгі педагогикада ең бір көкейкесті болғандықтан оның белсенділік және қызмет мүмкін арқасында төңіректегі әлеммен адамның өзара әрекеттесуі, онының бастамашылық дербестiгi мiндеттi түрде алғышарт болып көрiну және белсендiлiк зерделi жеке тұлғаның қасиеттерiн қалыптастыру. Тәрбиеленушiлердi қызметтiң дұрыс педагогикалық ұйымының жанында таным белсендiлiгін және оның дамуына мықты беделiн салады, және нысаналы тәрбиелiк қызмет және мектеп жасына дейiнгi бала тұрақты жеке тұлға ретінде қалады.Тәрбиеленушiлермен таңдалған  жұмыстың бағыты бiздің балаларлар үшiн нақты өзектiлiгi болады. Балалармен қатынасып, балалар ерекшелікке ие болады – олар ересектердің танымдылық– зерттеуші қызметіне қызығушылықпен бақылайды, нақты түр бойынша жұмыс істеп, тапсырмаларды орындайды және қанағаттанарлық нәтижелерге жетеді.Тәрбиеші қойған сұрақтарға жауап береді. Бұл туралы айтсақ, балаларларда қалыпты дамыған қалыпты танымдық қабiлеттiлiктерге ие болады. Жобалау іс – әрекеті жоғарғы топ балаларының коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру бойынша дәстүрлі және инновациялық әдіс – тәсілдермен жүргізілетін жүйелі және мақсатты жұмыс өзінің оң нәтижесін береді:балалардың сөйлеу мәдениетінің деңгейі көтеріледі;балалардың коммуникативтік құзіреттілігінің деңгейі жоғарылады.Осылайша, балалардың дағдыларын қалыптастыруда жобалау іс – әрекетін пайдалану мектепке дейінгі білім беруді жаңғыртуға ықпал жасайды және әр баланың сапалы білім алуы мен дамуына мүмкіндік береді Жобалау әрекеті баланың бастамашылық, өздігінен әрекет етуге, көре білу біліктіліктерін қалыптастыруға; ақпаратты іздеу және өңдеуге, сонымен қатар психикалық және танымдық процестерінің дамуына ықпал етеді. Жобалау әрекетін құра отырып, балалар өздерінің тәжірибесін ғана пайдаланбайды, сонымен бірге өз ойларын нақты, әдемі, дұрыс білдіруді үйренеді. Қорыта айтқанда мектепке дейінгі кезеңнен бастап жобалау әдісін қолдану экологиялық тәрбие беруде және кез келген іс-әрекеттерде үйлесімді қолдану жеке тұлғаны даярлауға ықпал етеді деп ойлаймын.

















































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ