Материалдар / Жобамыз додаға түсіп өз бағасын алды.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жобамыз додаға түсіп өз бағасын алды.

Материал туралы қысқаша түсінік
Еліміздің тәуелсіздік алып, өз алдына шаңырақ көтеруі экономиканың, оқу - білімнің, мәдениеттің, әдебиеттің, өнер – білімнің тағыда басқа салалардың өсіп - өркендеуіне жол ашты. Жас ұрпақтың бойындағы қабілетін көру, дамыту, оны одан әрі жетілдіру бағыт сілтеу - бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қазан 2018
534
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

90 жалпы орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Исакова Калдыкыз Сериковна



Тақырыбы:Жобамыз додаға түсіп өз бағасын алды.

Еліміздің тәуелсіздік алып, өз алдына шаңырақ көтеруі экономиканың, оқу - білімнің, мәдениеттің, әдебиеттің, өнер – білімнің тағыда басқа салалардың өсіп - өркендеуіне жол ашты. Жас ұрпақтың бойындағы қабілетін көру, дамыту, оны одан әрі жетілдіру бағыт сілтеу - бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Қашанда болсын, ілгерілеуге апаратын алғы шарт – сапалы білімге келіп тірелері шартты құбылыс. Мемлекетіміздің болашағы жас ұрпақтың бойындағы ізденгіштік қасиеттерін дамыту, одан әрі жетілдіру, ғылыми шығармашылыққа бағыт сілтеу өзекті міндет. Сол үшін балалардың қабілетін дарындылығына зер салу, дарындыларды тани білу қоғам дамуына, келешек өмірге дарынды балалардың қоғамға тигізер пайдасын білу қажетті.
Көптеген танымал ғалымдардың пікірінше дарындылықты асырудың таптырмайтын құралдардың бірі – мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін арттыру. Бұл аталған шараны кешенді әрі жүйелі түрде орындағанда әр оқушының бойындағы дарындылық қабілеттерінің айқын көрінісін көруге және оны дағдылауға мүмкіндік туады. Шығармашылық қабілеттің оқушы бойында қалыптасуы оның сана - сезімін дамытады, толғандырады, шабыт береді. Жалпы қазақ халқы – дарынды халық. Оның ән - жыры, өлең - күйі, айтысы, мақал - мәтелдері сезімді буырқантып, күш жігер беретін нағыз шығармашылықтың яғни, дарындылықтың бастауы. Жалпы дарындылықты зерттеу - әлемдік деңгейде көптеген ғалымдардың күн тәртібінен түспеген мәселе. Жиырмасыншы ғасырдың басында Г. Айзенк, М. Карне, Р. С. Немов, М. Б. Теплов сияқты белгілі психологтар бастаған зерттеулерді бүгінде Қазақстандық ғалымдар Қ. Жарықбаев, Ә. Алдамұратов, Ү. Б. Жексенбаева, Ә. О. Алмабаев т. б. жалғастыруда. Психолог Ә. Алдамұратов «Дарындылық – адамның белгілі бір іске деген айырықша қабілеттілігі, өмірдің қандай да бір саласында өзін ерекше қырынан көрсетуі» деген анықтама берген.

Мектеп оқушыларының арасындағы дарындылық қабілет пен ізденімпаздық шығармшыл қабілеттерін сабақ барысында, сыныптан тыс оқуларда байқауға болады. Мектептегі оқыту үдерісінде әр түрлі шаралар, сайыстар балалар қабілетін байқауға зор мүмкіндік туғызады. Осыған байланысты барлық сыныптарда түрлі тақырыптарға байланысты ғылыми жоба қорғау сайыстары болып тұрады. Яғни ғылыми жарыс. Одан кез келген пәнге байланысты  жаңа идеялар күтіледі. Ғылыми жобаның өзіне тән жеке ережелері мен талаптары болады.  Ғылыми жұмыстардың негізгі мақсаты мен міндеттері:

Оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық жұмыстарын ынталандыру;

Қазақстан Республикасының интеллектуалды әлеуетiн қалыптастыруға үлес қосу болып табылады.

Ғылыми жоба жазу, оқушыға жетекшілік ету, кеңес беру, жоба барысын қадағалау бүгінгі таңда еліміздің болашаққа зор үміт артуынан туындайды. Сондықтан мен 4 «В»сыныбындағы өз оқушым Құлмұрат Оралханмен бірге халық тұтынатын, тағам ретінде қолданатын көкөністің бірі қиярға байланысты «Қиярдың емдік қасиеті» тақырыбындағы ғылыми жобаны қорғап шықтық. Жобамыз додаға түсіп өз бағасын алды. Оқушылардың Кіші Ғылым Академиясының облыстық сырттай байқақауына биология секциясы бойынша қатысып, жүлделі орынға ие болғаны үшін Құлмұрат Оралхан Бауыржанұлы 1-дәрежелі дипломмен марапатталды. Оралхан өзінің зеректігімен, еңбексүйгіштігімен, тақырыбының өзектілігімен жетістікке жетті. Ол өз жобасында қиярдың өзіндік ерекшеліктерін, түрлерін таныта отырып, оның адам ағзасына тигізетін пайдалы жақтарына терең талдау жасады. Қиярды тұрмыста пайдалану және оның емдік қасиеттерін ашып көрсетті. Қиярдың адам денсаулығына пайдасын анықтады. Бәсекеге қабілетті елдердің артықшылықтары ең алдымен жоғары технологияға негізделген өнім өндіру болғандықтан, тәжірибеге дайын қиярды пайдаланбады. Оның тұқымын түбекке құнарлы топыраққа салып отырғызып, көшетін дайындап жылыжайға егіп, жемісін бергенше өсіп-өнуіне қарап күтіп баптады. Бұл ғылыми жұмыс - оқушының өзіндік ізденісінің нәтижесінде дүниеге келген еңбек деп есептелінді.













Құлмұрат Оралхан Бауыржанұлы білімі мен біліктілігі жоғары, талғамы терең,салауатты өмір салтын ұстанатын оқушы. Қоршаған ортаны

өз дәрежесінде танып білу әр адамның білім деңгейі мен ойлау қабілетінің арқасында жүзеге асады. Мектептегі дүниетану пәнінің де ортаны танып білуде маңызы ерекше. Құлмұрат Оралхан әр сабақта өзінің алған әсерін ұстазымен,ата-анасымен,достарымен бөліскенді ұнатады.Алғыр,зерек және сергек оқушылардың бірі. Ол ғылыми жоба барысында түрлі мәліметтермен танысып,дүниетану пәніне деген қызығушылығы арта түсті. Құлмұрат Оралханның білімге деген қызығушылығы да арта түсті,сонымен бірге шығармашылық қабілеті дами түсті.Және қоршаған ортаға деген жаңа көзқарасы қалыптасты.Алдағы уақыттарда қиярды өсіру және басқа біз білмейтін қырларын ашып зерттеу жүргізгісі келеді.

Жұмыс барысында тәжірибе жасап үйренді. Әр адам табиғатпен, қоршаған ортамен дос болып,табиғатқа жанашырлықпен қарау керек.Сонда ғана біздің кішкентай жеткіншектеріміз өз елінің дамуына титтей де болса үлесін қосып,туған жерінің патриоттары болатынына сенемін.

Shape1 Shape2



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!