Материалдар / Жоғалған салт -дəстүрлер
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Жоғалған салт -дəстүрлер

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ халқының жоғалған яғни қолданыста жоқ сал - дәстүр мен əдеп-ғұрыптары
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Баспа ісі, 1 курс студенттері

Жетекші: PhD, аға оқытушы Әлтаева Н.С.

www.kaznu.kz

Дәстүр ұлттың айнасы


Салт-дәстүр — әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы.

Салт-дәстүр ұлт үшін өмір, қоғам заңы болып негізделіп, сана, тағылым, тәрбие, тіршілік ережесі ретінде ел зердесіне рухани байлық — өнеге тәжірибесін құраған. Қазақ халқы – салт - дәстүрге өте бай халық. Ал салт - дәстүрге бай болу елдің мәдениетті әрі тәрбиелі екенін айғақтайды. Алайда бүгінгі күнде қазақ елінде ертеден қолданылып келе жатқан салт-дәстүрлер ұмыт болып бара жатыр. Салт-дәстүрлеріміздің кейбірі халық арасында кеңінен пайдаланылып жүрген болса, кейбірі ұмыт қалып барады. Әсіресе жастарымыз біле бермейтін салт-дәстүрлеріміз жетерлік. Сол салт- дәстүрлерді іздене отырып біз толықтай қолданыстан шыққан дәстүрлерге тап болдық. Соларға назар аудара отырып атап өтсек:

Ақсарбас атау. Қауіп-қатерге ұшырағанында «А, Құдайым оңдасын! Мені осы қиындықтан құтқара гөр! Ақсарбас!» деп құдайы атайтын болған. Мұндай жағдайда «Ақсарбас!» деп үш рет айқайлаған. Сосын қауіп-қатерден аман қалғанында әлгі адам ауыл аймағын шақырып құдайы берген. Ақсарбасқа шалынатын малдар: бозқасқа (қой), көкқасқа (жылқы), қызыл-қасқа (сиыр). Адам ақсарбас атағанда қай малын айтса, соны құдайыға союға тиіс.

Деңгене — бірнеше адам бірігіп, бір малды сойып, етін бөлісіп жеу дәстүрі. Күз түсіп, күн суыта бастаған шақта жиі жасалатын болған. Бірнеше жігіт бірігіп қой сатып алып, сойып, деңгене жасайды. Соңғы уақытта ұмыт болып бара жатқан дәстүрлердің бірі.

Әлгіндегі жігіттер бірігіп өздері ұйымдастырады немесе ауқатты үйге барып «деңгене» жеуге келдік» дейді. Оның шарты мынадай: үй иесі бір семіз қойды сояды да әлгі екі не үш жігіттің алдына қояды. Олар бір қойдың етін сорпасымен ішіп, жеп кетуі керек. Егер олар қойды жеп кетсе, қойдың құны сұраусыз қалады. Ал етті тауыса алмаса, олар керісінше үй иесіне екі қой төлеуі тиіс. Кей жерлерде мұны «сірне» деп те атайды. Тағы бір қызығы, ел арасында бұрын бір қойды бір өзі тауысатын мешкейлер көп болған. ХІХ ғасырдың соңында Арғын ішінде Тінет руында Шінтән деген атақты мешкей болыпты. Бір қой оның жұмырына жұқ болмайтын көрінеді. Қазақстанның оңтүстік жағында «деңгененің» қолданылуы басқаша. Бұл жақта 4-5 үй бірігіп бір малды ортақтасып сойып алады. Ол біткен соң тағы бір малды ортақтасып сояды. Сөйтіп кезектесе береді.

Бауырына салу. Әдетте қарт аталар мен әжелер алғашқы немересін немесе жақын кісілер өз туыстарның баласын қолына алып, өз баласындай тәрбиелеп өсіреді, қолқанат қылады, Мұны "баурына салды" дейді. Баурына салушы адам баланы өз ата-анасынан ажыратпайды. Баланы екі үйге де тең өсіріп әлпештейді. Әдетте үлкен кісілер мұндай баланың тәрбиесіне өте көңіл бөліп, оларды өнегелі азамат етіп өсіруге, халықтық жақсы қасиеттерді олардың бойына сіңіруге зор ықпалжасайды. бала ержеткенне кейін өз отбасына орлуна немесе бауыр басқан үйінде қалуына еркі бар.

Аушадияр дәстүрі. Үйлену тойы кезінде айтылатын дәстүрлі өлең, жыр. Және жәй өлең емес, өзіндік айтылар әні, ерекше ұлттық тәрбиелік маңызы бар. Мұны іздеп тапқан жазушы Уахап Қыдырханов. Аушадияр деп атаалтын бұл жырдың үлгілерін шетелдегі қазақтар сақтап, бізге жеткізген. Шынын айту керек бұл қазіргі Қазақстан елінде айтылмайды, халық жадынан мүлде шығып кетіп ұмыт қалған.Жыр жаңа қосылған жастарға арналады. Мұндай ақыл, үлгі, өнеге, тәлім тәрбие туралы толғауды санамалап айту дәстүрі бар. Ұлтымыздың ұлағатты салтының бұл түрін өмірге енгізетін болсақ, мәдени қазынамыз да, өнеріміз де өсе түсер еді.

Шегелеу. Қазақта қонақ күтуге қатысты көне дәстүрлердің бірі қазан шегелеу деп аталады. Яғни бір-бірінің үйіне барғанда "осы үйдің қазанын шегелей келдік" деген. Осылайша, қонақжай халық бір-бірін күтіп, келген қонаққа дастарқан жайған.

Қазан шегелеу дәстүрі - құрбы-құрдастар, тамырлар, абысын-ажын арасында өтетін салт-дәстүрдің бірі. Бұл бір жағынан қазақ қоғамындағы қонақжайлықты білдіретін ұғым. Себебі қазан шегелеу дәстүрінде, яғни құдайы қонақ болып келген кісіге ас, тағам беріп, сый-сыяпатпен шығарып салу дәстүрі жатыр

Біз шаншар. Еліміздің шығыс, оңтүстік жақтарында "жаушы" орнына осы "біз шаншар" салты қолданылады. Ақсақал-қарасақал аралас бір топ ер азамат бойжеткен қызы бар үйге түсе қалады. Қандай шаруамен жүргенін айтпайды, ел шаруасын, амандық білген болып, қонақасын ішіп аттанып кетеді. Әдеп бойынша ел ішінде бір топ адам былай жүрмейді. Олар кеткеннен кейін отағасы мен отанасы конақтар отырған жерді қарап одан шаншулы бізді тауып алады. Бұл бізде ұл, сізде қыз бар, құда болайық" дегенді білдіреді.

Абысын асы. Бұрын күйеулерінің рұқсатынсыз әйелдер көңіл көтеруге бара алмайтын. Ер адамдар тойға аттанғанда, айтта ауылда тек әйелдер қалады. Ол кезде олар өздеріне мереке жасайтын: дәмді ет пісіріп, самауырын қойып, ән айтып, қалжындасады. Бұл қазақ әйелдерінің бірлігі мен достығының көрінісі. «Абысын асы» әйелдерді біріктіреді және жақындастырады.

Үме. Қазақстанның кей жерлерінде, көбіне маусымдық шөп шабу кезінде үмеге шақыру дәстүрі болған. Көмекке келгендерге берілетін ас "үме" деп аталған. Үмеге жақын туысқандар да мал беріп, қымызын әкеліп, тағы басқа көмек көрсеткен. Үме кезінде ұйымдастырушылар тарапынан шөп шабындығына үй тігіледі де, ас әзірленеді. Ас ішіліп, желінгеннен кейін аяқ жағы той-думанға ұласқан. Кейде үлкен үмелерде жігіттер күреске түсіп, қара жарыстар ұйымдастырылған. Үме кезінде әркім өз өнерін көрсетуге тырысқаны ел арасындағы "Үмеге келген үндемей қалмайды" деген сияқты мақалдар айғақтайды.

Түйе мұрындық - салт. Қазақ салтында қалыптасқан бір кәде «түйе мұрындық» деп аталады. Қызы ұзатылып көшіп келе жатқан көш көрші ауылдың тұсынан өткенде, көрші ауылдың әйелдері, көш алдынан арқан керіп тосады да, алдыңғы түйенің бұйдасынан, мұрындығынан мықтап ұстап алады, оны жүргізбей «түйе мұрындық» деген атпен кәде сұрайды. Көш бастап келе жатқан кексе әйел оған жол өтеп, көйлек беріп құтылады. Оны қазақ кадесінде «түйе мұрындық» деп атайды. Сый алғандар батасын беріп, ризашылығын білдіріп тарасады. Ауыл ардагерлерінің айтуынша, «Түйемұрындық» бергенде қыздың төркіні құдаларға қызды ғана емес, түйені де береді. Ал ботасын өздері алып қалады екен. Араға жылдар салып, қызы күйеу баламен бірге үйіне баласын көтеріп келгенде, ботаны немересіне бәсіре ретінде беріп жіберетін болған

Ұмытылып бара жатқан бірақ наурыз айында қайта жаңғырту болып тұратын екі дәстүрге тоқталсақ. Бірі – селтеткізер болса, екіншісі – ұйқыашар. Олардың әрқайсысына тоқталып кететін болсам, бойжеткен соғымның соңғы етін уызға салып пісіріп, ұнатқан жігітіне тартады. Бұл салт қазақта «ұйқыашар» деп аталады. Ұйқыашардың қарымтасына жігіттер «селт еткізер» рәсімін жасайды. Яғни, қалауынша айна, тарақ, әтір сыйлайды. Әр сыйлықтың өзінің бір сыры бар. Мысалға, айна – пәктік пен жастықтың, тарақ – әдемілік пен сұлулықтың, әтір – бүршігін жаңа ашқан жауқазындай құлпырудың, күміс жүзік – тазалықтың белгісі ретінде сыйға берілген.

Ерулік — жаңа көшіп келген көршілерге арналған ас. Оларды жергілікті тұрғындар жаңа ортаға тез бейімделу үшін өздеріне қонаққа шақырады. Ерулік көршілерді жақындастыру керек. Тағам жылқы етінен, қазы-қарта, жал-жая немесе қой етінен жасалады.

Асату - дәстүрлі ас-тағам мәдениетінде жолы үлкен адамның жасы кішілерге табақтағы еттің сыбағалы мүшесінен дәм таттыру арқылы өзінің ілтипатын білдіретін этикалық рәсім. Ет жеп болған соң, қонақтың жасы үлкені сый табақтан уысын толтыра ет алып, басқаларға өз қолымен асатады. Кішілер қалыптасқан әдет бойынша асату рәсімінен бас тартпайды, етті асар кезінде ер адамдар «құлдық» деп айтады. Бұл өзінен үлкенге құрмет көрсеткені, рахмет айтқаны болып есептеледі. Ал келіндерге «асатқаным» деп, үлкен табақтан ене - абысындарының бірі сыбаға бөліп береді. Келін орнынан тұрып, жілік ұсынган (асатқан) адамға арнап сәлем салады. Сондай-ақ, ет желініп болған соң табақтағы еттен қарттар жас балаларға, өзінің атқосшы немесе жолсеріктеріне асатады. Асар адамдардың арасындағы өзара көрсетілетін құрмет іспеттес. Мәні жағынан сыбаға беруге ұқсас жосын. Бұл дәстүр Сәбит Мұқановтың «Халық мұрасы» деген кітабында толық баяндалған.

Көгендік, кеусен, өлі сыбаға, шүлен тарату

Қазақтардың көп бөлігі мал өсірумен айналысатын көшпенділер болды,бірақ олардың ортасында егіншілік және балық аулау есебінен тамақтанған топтар да болды. Осы топтардың барлығында тән болған дәстүрлер болды. Оның бірі — жағдайы төмен адамдарға қол ұшын беру. Олар тапқан табыстарының бір бөлігін осы кісілерге тең бөліп беретін.

Қорытындылай келе, ата-бабаларымыздан мұра боп қалған салт-дәстүрлер әрдайым игі мақсаттар үшін қолданыста болған. Сол себепті оларды біле жүру, кей-кейде өмірде іске асыру да артық етпес. Әрбір салт пен дәстүрді, ырым - тыйымдардың терең философиялық мәнін, әрбір дәстүрдің астарындағы ұлы ұғымдарды барынша терең түсіуміз шарт. Олардың парқын ажырата білуміз тиіс.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!