Материалдар / Жол ережесі

Жол ережесі

Материал туралы қысқаша түсінік
жол ережесі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қазан 2024
38
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні: 07/10/24 сынып:10А

Жол ережесін бұзбаймыз, үнемі есте ұстаймыз!
Мақсаты: Жолда жүру ережесін сақтауға, оқушыларға жол белгілерін білу не ушін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету. Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: бағдаршам, жол белгілері, жол белгілерінің суреттері.
Сабақтың барысы.
Мұғалім:
 Біздін қаламызда әр түрлі көліктер жылдан - жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол - көлік оқиғаларының қауіпі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұхият болуы қажет. Бағдаршам – өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек.
1 - оқушы: Сапар шексек сіз бен біз,
Сан көлікке мінеміз.
Троллейбус, трамвай,
Автобуспен жүреміз.
2 - оқушы: Көлік, көлік, көлік,
Көліктерге мінеміз.
Көшелермен, көшелермен
Күнде тынбай жүреміз.
3 - оқушы: Тәртіп бұзсақ абайсыз,
Жағдай туар қолайсыз.
МАИ қызметкерлерінен
Сан кешірім сұраймыз.
4 - оқушы: Жол жүрудің тәртібін
Ережесін білеміз.
Сақтанғанда қатерден
Сау – саламат жүреміз.
5 - оқушы: Үш түсті түрі бар,
Жөн сілтер тілі бар.
Бағдаршам дегеннің
Сырын жақсы біліп ал
6 - оқушы: Қызыл көз жанарда
Тоқтай қал әманда
Сары түс ескерту,
Дайын бол табанда.
7 - оқушы: Жасыл көз жарасты,
Алдыңнан жол ашты.
Өте бер асықпай
Жолыңмен қарасты.
8 - оқушы: Ештеңе жоқ алаңдар,
Өте берер адамдар.
Жол шетінде тұратын,
Жол белгіге қараңдар!
9 - оқушы: Жарасып - ақ кетер ек,
Машиналар өте көп.
Жолдан өтем асықпай,
Велосипед жетелеп.
Мұғалім: Балалар, мен сендерге мынадай жұмбақ жасырайын, шешуін тауып көріндерші.
Аяғы жоқ жүрмейді,
Аузы жоқ сөйлейді. (бағдаршам)
Мұғалім: Бағдаршам - өмірімізді апаттан сақтандыратын көмекшіміз, оның сырын біліп, тілін алу баршамыздың міндетіміз. Бағдаршам жоқ көшелерден өтетін кезде, көшеден өте бере әуелі сол жаққа қараймыз. Көшенің орта тұсына жеткенде, оң жағымызға көз саламыз. Егер ол жақтан машина келе жатса, өтіп кеткенше сол орында күте тұрамыз. Бағдаршам жол қозғалысына қатысушыларға өз жарығымен бағыт сілтейді.
Балалар бүгін бізге қонаққа бағдаршам келіпті, бағдаршамның сендерге әкелген тапсырмалары бар екен.
Бағдаршам: Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Балалар: Сәлеметсіз бе, құрметті бағдаршам?
Бағдаршам: Балалар, мен бүгін сендерге сұрақтар, ойын, сөзжұмбақ әкелдім. Енді ойнымызды бастайық.
Мұғалім: Бағдаршам ойынының шарты. Таяқшаларды алғаннан кейін оқушылар үш жерге топталып тұра қалады, бағдаршам белгілерді көтереді: қызыл көтергенде - тұр, сары - күт, жасыл - жүр.
Қызыл көзін ашқанда
Сынық сүйем баспа алға.
Сары көзін ашқанда
Қарап қалма аспанға.
Жасыл көзін ашқанда
Өте бергін жасқанба.
Бағдаршам: Мен сендердің білімдеріңді сынамақ үшін сұрақтар ала келдім.
Көрініс: Үш оқушы бағдаршам болып тұрады. Бір оқушы мектептен шығып жолдан қалай өту керектігін корсетеді.
Қызыл: Тоқтап тұрады.
Сары: Дайындалады.
Жасыл жанғанда: Жолдан өтеді
Ән: << Әрқашан күн сөнбесін>>
Бағдаршам: Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да,
Жолда жүру ережесі - заңды тәртіп,
Ол ортақ үлкен - кіші баршамызға.
Басталар әр қадамың аттауменен,
Жолда жүру ережесін сақтауменен.
Қорытынды.
Мұғалім: Ал балалар біз бүгін не үйрендік, немен таныстық?
- Жолда жүру ережелерімен, бағдаршаммен.
- Бағдаршамның бізге пайдасы бар ма?
- Бар, ол бізді жол апатынан сақтауға көмектеседі.
- Бағдаршамның тілін алуымыз керек пе?
- Тілін алуымыз керек.
- Осымен сабағымыз аяқталды.





Күні: 07/10/24 сынып:10А

Тақырыбы: ЖҚЕ нің негізгі түсініктері мен терминдері


Мақсаты: а)оқушыларға жол-көлік оқиғасы бола қалған кезінде өздерін ұстай білу ережелерін меңгерту;   ә) оқушылардың танымдық көзқарасын, зейінінің тұрақтылығын дамыту;

б) өмірге деген құштарлықтарын арттыру.


Түрі: аралас сабақ

Әдісі: көрсету, түсіндіру, әңгімелеу


Көрнекілігі: суреттер, газет қиындылары, нақыл сөздер

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) амандасу, түгендеу

ә) сабаққа даярлық

 ІІ. Үй тапсырмасы

ІІІ. Жаңа сабақ

а) Жаңа сабақ тақырыбы мен мақсатын таныстыру

ә) Жаңа сабақ материалын меңгерту

Мұғалім: — Енді, балалар, қаламдарыңды орнына қойып, кеуделеріңді, бастарыңды көтеріп түзу отырыңдар. Мен сендерді жол-көлік оқиғасы кезіне өздерінді ұстай білу ережелерімен таныстырамын. Зейін қоя қарап, тыңдай отырып, жаңа мағлұматтарды естеріңе сақтай отырыңдар.

Интербелсенді тақтада оқушылардың жол-көлік оқиғасы кезіне өздерін ұстай білу ережелері

 Жол-көлік оқиғасына қатысушылардың арасында жүргізушілер, жүргіншілер, жолаушылар, жұмысшылар, оқушылар және басқа адамдар болуы мүмкін. Ережелер бойынша жол-көлік оқиғасына тікелей қатысты жүргізушіге ерекше жауапкершілік жүктеледі. Велосипед мінгендерде жол-көлік оқиғасына қатысты болуы мүмкін. Оған қоса, жүргіншілердің, жолаушылардың, оқушылардың да өздеріне лайықты жауапкершілігі болатынын ұмытпаңдар.

Жол-көлік оқиғасы болған жағдайда не істеуіміз керек?

Оқиға болған жерден көлікті және оқиғаға қатысты басқа заттарды қозғамау керек.

Жарақаттандарға алғашқы дәрігерлік жәрдем көрсету қажет.

Шұғыл түрде полиция бөліміне хабарлап, оқиға болған жердегі жағдайды тексеруге атсалысу керек.

Көліктердің тежеу жолдарын, іздерін сол қалпында сақтауды ұмытпаған дұрыс

Болған оқиғаны көрген адамдардың мекен-жайын, телефон нөмірлерін, аты-жөнін жазып алу да пайдалы болады.

Полиция келгенше, көліктің нөмірлерін, модельдерін жазып алып, ал оқиға орнынан қашып кететін жағдайда тиісті мекемелерге хабарлау қажет.

 ІҮ.Сабақты бекіту

Интербелсенді тақтаға жол-көлік оқиғасы кезінде жарақаттанғандарға көрсетілетін алғашқы дәрігерлік жәрдем қандай болуы тиіс екендігі жазылады.

 Тездетіп дәрігерлік «жедел жәрдемге», полицияға немесе жол полициясы қызметкерлеріне хабарлау керек.

Мүмкін болғанынша, жарақаттанғандарды қиындықтан құтқару қажет.

Адамдардың жарақаттанған жерлерін таңып, қан тоқтату шараларын жасаған жөн.

Адамдардың сынған жерлерін қозғалмайтындай күйге келтіру керек.

Алғашқы дәрігерлік жәрдемді асықпай, абайлап көрсету қажет.

 Ү. Сабақты қорытындылау

Жол-көлік оқиғасына қатысқандар мен оны көрушілердің өзін-өздері ұстауы.

«Жедел жәрдем» шақыру. Алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету мүмкіндігі.

Алғашқы медициналық көмек көрсету кезіндегі іс-әрекеттер тізбегі.

 Жоғарыда автокөліктің тоқтау жолын құрастыратын факторларға шолу жасадық. Ендеше тоқтау жолы дегеніміз не? Жүргізушінің кедергіні көріп, тежеуішті басқанға дейінгі аралық пен тежеуішті басып, машина тоқтағанға дейінгі арақашықтықтың қосындысы тоқтау жолы деп аталады.

ҮІ.Бағалау

ҮІІ.Үй тапсырмасы

Жол-көлік оқиғасы болған жағдайды көрдіңдер ме? Сендер қандай әрекет істедіңдер?

Дәрігер келгенге дейін қандай алғашқы жәрдем көрсете аласыңдар?



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ