Материалдар / Жол ережесін білейік,аман-есен жүрейік
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жол ережесін білейік,аман-есен жүрейік

Материал туралы қысқаша түсінік
Жолда жүру ережесін білу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қазан 2018
562
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

10 орта мектеп

















Тәрбие сағаты

Тақырыбы:«Жол ережесін білейік,аман-есен жүрейік!»











Орындаған: Жанзакова А.





























2018/2019 оқу жылы

Тақырыбы:«Жол ережесін білейік,аман-есен жүрейік!»

Мақсаты: Оқушылардың жолда жүру ережесі туралы білімдерін толықтыру, іс-жүзінде асыра білуге үйрету. Жолда жүру ережелерін ойда сақтай білуге үйрету. Тәртіптілікке, сақ болуға,көшеде өздерін дұрыс ұстап жүруге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру.

2.Кіріспе сөз.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

-Балалар ,бүгінгі сабақта біздер жол жүру ережелер қаласына барамыз. Жол ережелер қаласындағы сендерге дайындап отырған тапсырмалары бар. Сендерді жол тәртібі бойынша білімдеріңді сынамақшы. Сыннан өтуге дайынбыз ба?

Көрнекілік:суреттер,бағдаршам,жол белгілерінің суреттері

Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Кіріспе сөз:

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.

Мұғалім:

Біздің елімізде әр түрлі көліктер жылдан-жылға көбейіп келеді.Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны көбейе түсуде.Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді.Жол—көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде.Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет.Жол көлік оқиғаларының зардабынан көбіне балалар зардап шегуде.Міне, осы мақсатта сыныбымызда бүгін «Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік !»атты жол ережелеріне арналған тәрбиелік шара өткізбекшіміз.Ендеше, қош келдіңіздер !

Сапар шексек сіз бен біз,

Сан көлікке мінеміз

Траллейбус,трамвай,

Автобуспен жүреміз

.

Жол заңы дұрыс жүріп,абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында,қалай болса солай доп қуалайтыны,шаңғы тебетіні, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шыға келу салдарынан бұзылады. Жолда жүргенде, жол ережесін сақтаңдар.

Жұмбақ

Аяғы жоқ жүрмейді

Аузы жоқ сөйлейді.

(бағдаршам)

Бүгінгі сабағымыз сол бағдаршамға байланысты «Жол тәртібін білейік,аман есен жүрейік» деп аталады.

Топтың ұраны:

Үйрен таппай тыным бір,

Белгілердің тілін біл!

Жол тәртібін білейік,

аман-есен жүрейік!

Сая:

Шуақты өміріміз күндей күліп,

Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.

Арманға сапар тарту мүмкін емес,

Жол жүру ережесін білмей тұрып.

Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,

Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да.

Жол жүру ережесі заңды тәртіп -

Ол ортақ

Үлкен – кіші, баршамызға!

Ислам:

Тәртіп бұзсақ абайсыз,

Жағдай тура қолайсыз.

Май қызметкерлерінен

Сан кешірім сұрайсыз.

Гүлназ:

Жол жүрудің тәртібін,

Ережесін білеміз.

Сақтанғанда қатерден,

Сау-саламат жүреміз

Бекзат:

Үш түсті түрі бар

Жол сілтер тілі бар,

Бағдаршам дегеннің

Сырын жақсы біліп ал.

Жасмин:

Қызыл түсі жанғанда

Тоқтай қал әманда.

Сары түсіескерту

,Дайынбол табанда

.Жасыл көз жарасты

Алдыңнан жолашты

.Өте бер асықпай

Жолыңмен қарасты.

Ал енді ортамызға

Келе жатқан бағдаршамды қарсы алайық.



Ақсымбат:

Бағдаршам : Тұрамын көшенің қиылысын , тұрақтап,

Қашпаймын мүдіріп ешқандай сұрақтан.

Белгісі жолдардың 4 топтан тұрады,

Жарқырап көрінер түнде де алыстан.



Аяжан:

Қызыл көзі: Мен көзімді ашқанда , Ешқашанда баспа алға.

Орныңнан тұр қозғалма, Ереже бұл «Сен тоқта !»

Алишер:

Сары көзі: Мен қөзімді ашқанда, Қарап қалма аспанға .

Жүруге әлі болмайды, Дайындықты сақтайды.

Ерболат:

Жасыл көзі : Мен көзімді ашқанда , Көліктер саған тоқтайды.

Ережені білгендер, Өтуге еш қорықпайды.

Альфия:

Бағдаршам: Жолды кесіп өтерде, Сол жағыңа қарайла.

Жарты ортаға келгенде, Оң жағыңа қарайла.

Білгеніңді басқаға , Үйрете жүр ,жарай ма?

Нұрислам: Сақтандыру,ескерту белгісі :

Қып-қызыл үшбұрыш,ескерту белгісі мен боламын,

Қауіптен сақ бол деп, сәт- сапар жолдаған.

Аман-сау жүреді жаяу да, көлік те,

Мен берген белгіні сақтаған, қолдаған:

Тыйым салу белгісі:

Қызылмен боялған , шеңбермін аумақты,

Тыйымшыл белгімін, қаталмын салмақты.

Мен тұрған жерлерде қақың жоқ жүруге.

Қауіп бар бағдарла көз салып жан-жақты.

Орал:

3.Міндеттеу белгісі:

Белгімін көрсетер жылдамдық бағытты,

Міндетті бұрылыс , әйтпесе қауіпті.

Барлығын анықтап, тұрамын жолыңда,

Абай бол шартыңды міндетті орында



Нұрай:

4.Нұсқау белгісі:

Баратын жеріңнің бағытын, тұрағын,

Үн-түнсіз жол сілтеп, жол нұсқап тұрамын.

Күндіз де, түнде де от болып жанады,

Көк түске боялған төрт бұрыш шырағым.

Рамазан:

5.Түнде, күндіз , кеште де,

Жөн сілтеймін жолға сай.

Аңғармайсың ештеңе,

Анықтама болмаса.

Ой-шұңқырды алдағы, Қалай өту керегін,

Жылдамдықты ал қәні, Анық айтып берейін !

Айқын:

6.Көрсеткіш белгісі:

Жол созылмақ қанша,

Қайда асхана,монша бар,

Қонақүй бар қай жерде,

Қайда музей, қай көрме...

Көрсетемін саған дәл,

Не көрсетсем,соған бар !

Аружан:

Көреген, дәу қырағы.

Көшемізде тұрады.

Оның аты – бағдаршам,

Жол сілтейді әрқашан.

Ол бергенде команда,

Бағынамыз әмәнда.

«Жол белгілері»

Қазір мен сендерге жол белгілеріне байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Білгеніміз қол көтеріп жауап береміз.

1.Жүрісті реттеп отыратын адам ?(жол реттеуші)

2.Егер көшенің шетінде жиек жол болмаса жаяу жүргінші жол бойында қалай – жүріп тұруы керек? (келе жатқан көлікке қарсы бағыт ұстап жолдың сол жақ шетімен жүру керек)

3.Көліктің оңға бұрылатындығын қалай білуге болады?

(оңға бұрылатын көлік жолдың оң жағындағы бірінші қатарда тұрады және оның оң жақ бұрылысты білдіретін жарығын жағады)

4.”Жолаушылар” дегеніміз кімдер?

(кез-келген көлік түрін пайдаланатын адамдар)

5.Бағдаршам дегеніміз не, оның адам өмірі үшін қандай пайдасы бар?

(бағдаршам – механикаландырылған немесе автомат жүйесіне қосылған үш көзді аспап. Ол жол бойының қозғалысын реттеуде өте үлкен рөл атқарады.)

6..Жол бойларында велосипедпен, қол шанамен, сүйретпелі қол арбамен қалай жүру керек?(велосипед, қол шана, қол арбамен жолдың шетімен жағалай жүру керек. Ал жиек жол болмаса, жолдың сол жағымен жүру керек)

7.Жол көлік оқиғасына куә болған адамдар не істеу керек?(03 – жедел жәрдем шақырып, 02 – полиция бөліміне хабарласу керек)

8.Транспорт құралы дегеніміз не?(адам немесе жүк тасымалдауға арналған көлік)

9.Жол бойында балалардың ойнауына қатаң тыйым салынған себебі неліктен?

(ойын қызығымен балалар жол қауіпсіздігін ұмытып, жақындаған

машинаға мән бермейді)

Жарайсыңдар!

«Бағдаршам» атты жол ережесіне байланысты мультфильм .



Ақкербез:

1.Шуақты өміріміз күндей күліп,

Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.

Арманға сапар тарту мүмкін емес,

Жол жүру ережесін білмей тұрып.

Даулет:2.Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,

Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да,

Жол жүру ережесі заңды тәртіп,

Ол бәрімізге де ортақ тәртіп.

Жаннұр:3.Жолда жүру әліппесін,

Білген жөн бес саусақтай.

Сонда ғана жүре аласың,

Сен өзіңді аман сақтап.

Оразмағанбет:

Шуақты өміріміз күндей күліп,

Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.

Арманға сапар тарту мүмкін емес

Жол жүру ережесін білмей тұрып.

Арнат:

Ирек – ирек көшелер,

Көше деген мың ирек.

Қиындыққа әйтсе де,

Үйренесің біртіндеп.

Барар жерге асықпа,

Бәйге алмайсың бұрын кеп.

Барлығы:Жол тәртібін білейік,

Аман-есен жүрейік.

Қорытынды: Айналайын абайла

Жан-жағыңа қарайла

Жолда-жүру ережесін

Есте сақта қалайда.

Міне, балалар, біз сендермен жолда қалай жүру керек екенін білеміз.

Жол ережесін әрқашан есте сақтау керек.

Жол ережесін жақсы білсек өзімізді жол апатынан сақтаймыз.

Ал енді осы ережелерді әрқашан орындап, аман болайық!

Мұғалім:

Деніміз сау, еліміз тыныш, жол тәртібін сақтап, аман – есен жүрелік

Қорытынды сөз











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!