Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Жол ережесін сақтай біл
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы: Жол ережесін сақтай біл
Мақсаты: білімділік-сайысты тәрбие құралы ретінде пайдалана отырып жолда жүру ережесімен таныстыру, жаяу мен көліктің өзара байланысын ұқтыру, оқушылардың ой – өрісін дамыту, білім-білік дағдыларын қалыптастыру, жол бойында өзін дұрыс ұстап жүруге, сабырлылыққа тәрбиелеу, бағдаршам және көшедегі жол белгілерін таныстыру:
Дамытушылық – сөздік қоры, сөйлеу мәнері, есте сақтау қабілеттерін дамыту:
Тәрбиелік – жолда жүру мәдениетіне үйретіп сақтыққа, зейінділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Мұғалім: Құрметті қонақтар, оқушылар бүгінгі сайысымызға қош келдіңіздер! Жолда жүру ережесіне байланысты оқушылардың алған білімдерін пысықтау мақсатында 6-сынып оқушыларымен «Жол ережесін сақтай біл» тақырыбына арналған сайысымызды өткізгелі отырмыз.
Жолға шықсаң далаға,
Ж ол оңай деп санама
Ережені әрқашан
Қатаң ұста санаңда.
Бөгет болма басқаға
Жүрексініп саспа да
Жаңылысса көмектес
Қарттар менен жас бала.
Жасыл жарық жолың ашық жүр дейді
С ары жанса дайындыққа кір дейді.
Қызыл жарық жанып тұрса алдыңда.
Тапжылмастан бір орында тұр дейді.
Ал, олай болса, балалар сайысты біз бастайық,
Білгенімізді айтудан қашпайық.
Бүгінгі сайысымыздың байқауына қатысып отырған сайыскерлерді ортаға шақырамыз.
6 «А» сыныбы «Бағдаршам» тобы
6 «Ә» сыныбы «Аялдама» тобы
6 «Б» сыныбы «Бағдаршам» тобы
6 «В» сыныбы «Қозғалыс» тобы
Ә кімдердің қылығына әділ баға берелік.
Е режені жақсы білген ортаға шық, жас ұлан,
Біліміңді сарапқа сал, біз етейік төрелік,-деп сайыскерлерімізге әділ баға беретін әділ қазыларымызбен танысайық.
1.С.Жұманов – Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі
2. Г.Рысбекова – жоғары санаты медбике
3. А.Әуелов – дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Сайыстың шарттары:
1 .Таныстыру
а) таныстыру
ә) ұраны
б) төс белгі қорғау
в) сапта жүріп ән айту
2.Үй тапсырмасы:
3.Сұрақ – жауап
4.Медициналық қөмек:
Мұғалім: Шуақты өміріміз күндей күліп,
Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт
Арманға сапар тарту мүмкін емес
Жол жүру ережесін білмей тұрып.
Б үгінгі сайысымыздың байқауына қатысып отырған сайыскерлерді ортаға шақырамыз:
Сайыстың 1-шарты 1. Таныстыру
а)таныстыру
ә) ұраны
б) төс белгі қорғау.
в) сапта жүріп ән айту.
Жалғайтын достастырып бар елменен
Ж олдардан тұрады ғой әлем деген.
Бүгінгі бізге келген қонақтарға
Ойынымыз басталады сәлемменен
(Сайыскерлеріміз өздерінің топтарын,ұрандарын, төсбелгілерін таныстырып, қорғап шығады)
«Бағдаршам» Ұраны: Қызық жарық жанғанда
Қалт тоқтай қал табанда.
Сары шамы жағылса,
Сақ абай бол барынша.
Жасыл шамы жол ашық,
Зымырай бер бел асып.
Сәлемдеме: Данышпан ағалар қылған талап,
Ж ол бойын тұру үшін қадағалап.
Орнатып қойыпты олар бағдаршам,
Жүргіншілер өтсін деп соған қарап.
«Аялдама» Ұраны: Тоқта, демал, аялда.
Күтеді әлі жол алда.
Сәлемдеме: Жол бойында тұрады аялдама,
Жолаушыңды отырғыз аялда да.
Жүргізушіден жолаушы өтінеді,
Т оқтарсың деп аялдауға таялғанда.
«Қозғалыс» Ұраны: Жолда жүру тәртібін
Ережесін білеміз
«Қозғалыс» тобы әрқашан
Сау саламат жүреміз
С әлемдеме: Шыңдаған жас талаптардың өнерлерін,
Бұл байқау сәтті болып келер дедім
Қозғалыс тобы бас иіп сәлем берді
Қабыл ал сәлемімді көрерменім!
Жас ұрпақ қарайлайды көкте күнге
Болашақ сенімі мол көктеміне
Алтыншы «В» сыныбының өреніміз
Б ілім алған «Қайнар» гимназия мектебінде
Арманға алда күткен асығармыз
Біз қалай жалын атпай басылармыз
Жол жүру ережесін жақсы біліп
Сақтықта тұра алатын жас ұланбыз
Ж алғайтын достастырып бар елменен
Жолдардан тұрады ғой әлем деген
Қазақтың дәстүрінің ізін жалғап,
Сайысымыз басталды сәлемменен
Шуақты өміріміз күндей күліп
Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт
Арманға сапар тарту мүмкін емес
Жол жүру ережесін білмей тұрып.
Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өшеміне салсаңыз да,
Жол жүру ережесі заңды тәртіп,
Ол ортақ, үлкен кіші баршамызға.
Жол жүру ережесі сайысына
Дап дайын тұр өрендер жарысына
Тобыма жетекші боп келіп тұрмын.
Сенім артып талаптың шабысына.
Қарсыласьтар бірлікті ту етейік,
Б ұл сайыстан еш сүрінбей өтейік.
Жолда жүру ережесін сақтанып,
Биік биік жетістікке жетейік!
2-шарты:Үй тапсырмасы: (макет жасау)
Төрт топтан құралған белгілер туыстай,
Жол сілтеп тұрамыз у-шусыз ұрыспай.
К іршіксіз зор міндет атқарып жүрміз бе?
Келіп жүр біздерге, балалар ұмытпай.
(Әр топтың макеттерін тамашалау)
3 -шарты: Сұрақ - жауап:
Ал канеки үйренейік біз де жүру тәртібін,
Ережені жақсы білер бар кімің?
Кім айтады жол белгісі неше топтан тұрады?
Өздеріңе қойылатын бұл алғашқы сұрағым.
1 -сұрақ. Жаяу жүргіншілер қандай жерлермен жүреді?
Жауап. Жаяу жүргіншілер жиек жолмен ғана жүруге тиіс. Ал жол үсті тек көліктің жүруіне айналған.Жаяу жүргіншілер иек жолдың тек оң жағымен жүреді, бұл – қарсы келе жатқан адамдарға бөгет жасамайтын болады. Ал артынан қуып жеткен адамдар сол жағынан емін- еркін өтіп кетуге мүмкіншілік жасауы керек.
2 -сұрақ. Көлік құралдарының адам өміріне қауіптілігі неде?
Жауап. Жолмен көлік қана жүреді. Көптеген қала, ауылдарда жолдың жиегін темір шарбақпен қоршап немесе гүл егіп тастайды, яғни жолды кез келген жерден кесіп өтуге болмайтын етеді. Соған қарамастан, кейбір жаяу жүргіншілер қалай болса солай жауапсыздық көрсетіп, темір қоршаудан секіріп, гүлзарларды таптап өтіп кетіп бара жатады. Бұл біріншіден, адам өміріне өте қауіпті, екіншіден, мәдениетсіздік болып табылады.
3-сұрақ. Жол бойларында велосипедпен, қолшанамен, сүйретпелі қоларбамен қалай жүру керек?
Жауап. Велосипед, қол шана және қоларбамен жолдың шетін жағалай жүру керек. Ал жиек жол болмаса, жолдың сол жағымен жүреді.
4-сұрақ. Топталып келе жатқан жаяу жүргіншілер жол бойымен қалай жүру керек?
Жауап. Бір топ жаяу жүргінші тек жиек жолмен немесе келе жатқан көлікке қарсы бағытта жолдың сол жақ жиегімен екі қатардан аспай жүру керек. Олар жолды кесіп өтпе болса, екі көшенің немесе жолдың қиылысқан тұсына тоқтау қажет.
5-сұрақ. Жол бойында балалардың ойнауына қатаң тыйым салынған себебі неліктен?
Жауап: Ойын қызығымен балалар жол қауіпсіздігін ұмытып, жақындаған машинаға мән бермейді. Қыс айларында коньки, шана тебуші балалар сырғанақтың қызығымен машинаның астына түсіп кету қаупі күшейеді.
6-сұрақ.Жолда неге тек жол өткелдерінен қиып өтуге тиістіміз?
Жауап: Көлікті жүргізушілер жол өткелдеріне жақындап келгенде жүрісін баяулатады. Демек, жаяу жүргіншінің жол өткелін дұрыс пайдалана білу өзі үшін де, көлікті жүргізуші үшін де қауіпсіз екендігін есте сақтау керек.
7 -сұрақ. Жолда неліктен бағдаршамның сары немесе қызыл жарығы жанғанда өтуге тыйым салынады?
Жауап: Жаяу жүргіншілерге қарсы тұрған бағдаршамның қызыл жарығы жанғанда, көлікті жүргізушілерге бағдаршамның жасыл жарығы беріледі, яғни көліктердің көшені қиып тез өтіп келуіне мүмкіндік туады. Жол өткелінде машина болмаса да жаяу жүргінші бағдаршамның жасыл жарығы жанғанша, тосып тұруы тиіс. Себебі, әсіресе, тез жүретін көлік түрлері кенет пайда болып қалуы мүмкін.
8-сұрақ. Жол өткелінен жүгіріп өтуге бола ма?
Жауап: Жүгіріп келе жатқан адам айналасын бағдаршам алмай қалады және қарсы келіп қалған көлікті байқағанымен сасқалақтап, жолдың екінші бетіндегі көлікке тап болып,жарақаттануы әбден мүмкін.
4 .-шарты: Медициналық көмек:
Медбике апайларымыз бәрін де емдейді,
Ауырса адамды, аңдыда емдейді.
Кәдімгі мейірімді медбике апамыз,
Айтыңдар, кәнеки, оған кім келмейді?
Сұрақтар:
№1
1.Жара деген не және оның қандай белгілері бар?
2.Қан кетудің қандай түрлері бар?
3.Бас сүйегі жарақаттанғанда стерильді таңғыш қою ережесі.
№ 2
1. Жараның қандай түрлері бар?
2.Пневматороке деген не?
3.Ішке қан кету және сыртқа қан кету деген не?
№3
1. Қан кетудің қауіптілігі неде?
2.Қарындағы, өтке,жараға стирильді таңғыш байлаудың қандай ережесі бар?
3. Асептика дегеніміз не?
№ 4
1. Сынықтың қандай түрлері бар?
2. Иммобильді дегеніміз не?
3.Жарақатты шок дегеніміз не?
№5
1. Сүйек сынғанда көрсетілген алғашқы медициналық көмектің негізгі ережелері қандай?
2. Организмді тірілту дегеніміз не?
3 . Қандай тыныс алғызудың қандай әдістерін білесіңдер?
Қорытынды:
Айналайын абайла,
Жан-жағыңа қарайла.
Жолда-жүру ережесін,
Есте сақта қалайда.
Осымен сайысымыз аяқталды.
Қоштасар уақыт таяп қалды деп сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.
Марапаттау кезеңі
«Қайнар» мектеп – гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Дайындаған: Джуркабаева Г.Б.
2014 – 2015 оқу жылы