400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Жол жүру ережесін білесің бе?» Сабақ жоспары 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Дефектологтың сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұғалімнің аты-жөні: Қуекесова Г.Т.

Күні: __________

Сыныбы: 3-сынып

Пәні: Қоршаған орта

Оқушылар саны: 2 Сабаққа қатысқан оқушылар саны: ____

Сабақтың тақырыбы: «Жол жүру ережесін білесің бе?»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің белгілерімен таныстыру

Түзету-дамытушылық: Жол белгілерін айыра білу дағдыдарын қалыптастыру, жол ережісін білудің маңызды екенін түсіндіру.

Тәрбиелік: оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережелерін, қауіпсіздігін білуге, есте сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: компьютер, түрлі-түсті қарындаштар, қалам, бағдаршамның суреті, оқылым тапсырмасы, жазылым тапсырмасы, жол белгілерінің суреті, құрастырмалы тапсырма, жол жүру ережелерін түсіндіруге арналған плакаттар.

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, көрнекілік, көрсету, түсіндіру, ойын.



Сабақ барысы

І. Ұйымдастырушылық кезеңі.

Психологиялық дайындық

Амансың ба,алтын күн!

Амансың ба, көк аспан!

Амансың ба, достарым!

Сабақты біз бастайық,

Білім құлпын ашайық!



ІІ. Негізгі бөлім.

Жол жүру ережелерімен таныстырады. Плакаттар мен суреттер қолданылады.

Жол заңы дұрыс жүріп, абай  болуды  талап етеді. Жол тәртібін бұзба,ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп  қуалайтыны, шаңғы тебетін , жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға  шығып  келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат алады. Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады. Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын «Жолда жүру ережесі» тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті .Үлгілі, тәртіпті оқушы көшеде, жолда жүру ережесін, заңын бұзбайды.

- Сонымен қандай бала  жол ережесін бұзбайды ?

- Үлгілі , тәртіпті бала .



ІІІ. Тапсырмалар орындау.

1-тапсырма.

Оқылым





Жол деген не?

«Жол» деген сөздің өзі көлік құралдары мен жүргіншілер қозғалатын аумақ ұғымын қамтиды. Бұл қалалар мен елді мекендер, олардан тыс жерлердегі жолдар, көшелер мен бұрылыстар. Жол көліктер мен жаяу жүргіншілерге арналған деп екіге бөлінеді. Жолда жүрген кезде балалар да, ересектер де жол жүру ережелерін сақтау керек.



2-тапсырма.

Балаға суреттер ұсынылады. Көшелерден бағдаршамға қарап жолдан қалай өтулерін сұрақ арқылы сұрау.

- Көшедегі қимыл - қозғалысты реттеу не үшін қажет деп ойлайсың?

- Жолда жүру тәртібі не үшін қажет?

- Қызыл шам жанса адамдар не істейді? (тоқтайды)

- Жасыл шам жанса адамдар не істейді? (жүреді)

- Сары шам жанса адамдар не істейді? (дайындалады)

Көшеде жүргенде міндетті түрде жолда жүру ережесін сақтау қажет.



ІV.Сергіту сәті.

Еркiн ұста денеңдi,

Тарсылдатпай едендi.

Орнымыздан тұрып ап,

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық,

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық,

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.



3-тапсырма.

«Тиісті орынға қой!». Баланың алдына тапсырма беріледі, жол белгілерін алып, тиісті орындарына қоюы керек.

4-тапсырма

Жазылым

Дәптеріңе көшіріп жаз.

Бағдаршам

Жолды кесіп өтерде,

Сол жағыңа қарайла,

Жарты ортаға келгенде

Оң жағыңа қарайла.

Білгеніңді басқаға

Үйрете жүр, жарай ма?

5-тапсырма

Бағдаршамды жол реттеушісінің нұсқауы бойынша боя.



V. Кері байланыс

Сұрақ-жауап әдісі арқылы.

  • Көшеде жүру ережесін білу бізге не үшін керек?

  • Жаяу жүргіншіге қай жермен жүруге болмайды?

  • Жол жүру ережесін сақтамаған жағдайда не болады?

  • Бағдаршам туралы не білесің?

VІ. Қорытынды

Айналайын абайла,

Жан жағыңа қарайла

Жолда жүру тәртібін

Есте сақта қалайда!

Міне, Санжар, сенімен бірге жолда қалай жүру керек екенін білдік. Жол ережесін әрқашан есте сақтау керек. Жол ережесін жақсы білсек, өзімізді жол апатынан сақтаймыз!

Ал, енді осы ережелерді әдайым орындап, аман жүрейік!











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
12 наурыз
473
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі