Материалдар / Жолда жүру ережелері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жолда жүру ережелері

Материал туралы қысқаша түсінік
Жолда жүру ережелері мен тәртібі туралы тәрбие сағаты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қаңтар 2019
578
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Наурыз – Думан”

Тақырыбы: Шілдехана.

Мақсаты: Оқушыларға ұлыстың ұлы күні наурыз туралы білім

беру, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Халқымыздың әдет-ғұрып, салт-дәстүрін сақтап әрі қарай жал-

ғастыруға тәрбиелеу.

Түрі: той түрінде өтіледі.

Көрнекіліктер: Киіз үй жабдықтары, плакаттар, дастархан,бейне

таспа,шар.

Барысы І-бөлім. Жүргізуші наурыз туралы түсінік береді.

ІІ-бөлім. Шілдехана салт-дәстүріміз туралы мағлұ-

мат беру, оқушылардың шағын әдеби әуенді монтажы.

ІІІ-бөлім. Дастархан жаю,наурыз көже туралы ұғым беру.

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, қонақтар. Бәріміздің

көптен күткен Наурызымызда келді. Наурыз тойларыңыз құтты

болсын! Ұлыстың ұлы күні аталған наурызда еңбектеріңіз

өнімді боп, тілектеріңіз қабыл болсын.

Наурыз парсы тілінде жаңа күн деген сөз. Яғни бұл күні-біздің

ата- бабаларымыз , арғы тегіміз мыңдаған жылдардан мерекелеп

келе жатқан жыл басы. Бұл күн мен түн теңеліп, күн ұзара

береді. Наурыз тойында әрбір адам өз шамасына қарай өнер

көрсетеді, ән айтады, күй тартады, тақпақ жыр, күлдіргі сөз-

дер айтып, жұрттың көңілін көтереді.

Жүргізуші: Шілдехана (салт).Жаңа туған нәрестенің құрметіне

жасалатын ойын- сауық , той. Мұнда “балаңыздың бауы берік

болсын” дегендей құтты болсын айтылады, жастар жиналып ән

салып, домбыра тартып, өлең, жыр айтады. ”Шілдеханаға” ша-

қырумен де, шақырусыз да бара береді. Шілдехана - өмірге

адам келгенінің және оған қуанудың бір белгісі.


1-оқушы: Бала туғаннан кейін жан-жақтағы жақындарға сүйін-

шіге ат шаптырылады.

2- оқушы: ”Ұл туғанға күн туады”, ”Қыз туғанға ай туады” деп

бала туғаннан сүйінші сұраушылар ұл туса- “атұстар”, қыз туса

  • көйлек тігер” деп хабарлайды.

3- оқушы: Осы сөздің өзінде де қазақтың сыпайы сөйлейтін

әдептілік мінезі, мәдениеттілік қалпы тағы аңғарылып тұрған

жоқ па!

4-оқушы: Наурыз тойы-береке,

Наурыз тойы-жыр,аңыз.

Қызып дулы мереке,

Қызық думан құрамыз.

5-оқушы: Наурыз шаттық әніміз,

Салтанатты сәніміз.

Ән салып жас-кәріміз,

Би билейік бәріміз.

6-оқушы: Ал, кәнеки ағайын,

Асқақ әнге салайық.

Басы болсын бұл тойдың,

Шырқап әнге салайық.


Ән :”Шілдехана”.


7-оқушы: Сәлем, Наурыз – күніміз!

Мейман нарқын біліңіз

Қыруар істі бастаймыз.

Қуанышты үніміз.

Қайтқан емес талайым!

Той бассын деп толайын.

Алдарыңа кеп тұрмын.

Айналайын ағайын.

Жүргізуші:Ұлыс күні жеті түрлі заттан- соғымнан қалған сүр ет, қойдың басы, сүт, езілген құрт, бидай (тары, күріш),пияз және

сәбізден қазан толы көп көже (наурыз көже) пісіріледі.


8-оқушы: Ау, аталар, аналар!

Айналайын балалар!

Жеп ішсін деп, тамсанып.

Жеті түрлі дәм салып

Наурыз көже пісірілді.

Тойға қазан түсірілді.

Құйып алтын табаққа

Бал көжеден татыңдар.

Бар қызыққа батыңдар.

9-оқушы: Көктем –наурыз тойында.

Құмар болып ойынға,

Іске үлес қоспаған

Көжеге жас кәріңді,

Шақырамыз бәріңді.

Келген қонақтарды дастархан басына шақырып,наурыз көже ішіледі.


Мерекнің соңында дастарқан басында отырған қонақтармен бірге

тойымызға келген Қыдыр атамыз оқушылырға бата береді.


Наурыз” әні орындалады.

















Жол ережесін білесің бе?

Сабақтың тақырыбы: Жол белгілерін білесің бе?

Сабақтың мақсаттары: Оқушыларды жолда жүру ережеле-

рімен, жол белгілерімен таныстыру.Бағдаршам туралы түсінік

беру.Жол ережесін, белгілерін есте ұстай білуге үйрету.Жолда

жүргенде жол ережесін сақтап, оң жақпен жүруге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап ,үйрету.

Көрнекіліктер: бағдаршам, жол белгілері, жұмбақтар, жол

белгілері туралы өлеңдер.

Сабақтың барысы:

Ертеңгілікке қатысушылар:

Шипагер- орындаушы. Ертеңгілікті жүргізуші жас инспектор қыз.

Зуылбек - жол ережесін білмейтін бала. Жас инспекторлар -

2 сынып оқушылары. Аю, түлкі, қоян – бетпердесін киген балалар

1.Кіріспе әңгіме. (Ертеңгілікті жүргізуші қыз өлеңдетіп ашады) .

Арманға алда күткен асығамыз,

Біз қалай толқын атпай басылармыз.

Жол жүру ережесін жақсы біліп,

Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз.

Жалғайтын достастырып бар елменен,

Жолдардан тұрады ғой әлем деген

Бүгінгі бізге келген қонақтарға

Басталсын жолда жүру ертеңгілік

Ақылгүл. Қымбатты балалар, жолда жүру ережелеріне арна-

ған ертеңгілігіне Шипагер атай қатысып отыр.

Кішіге ,үлкенге, жасыңа, кәріңе

Жан сая қиналған жандардың бәріне.

Шипагер атаны біз жақсы білеміз,

Өйткені ол үлкен Дәрігер!

(Балалар құрметпен қол с оғады. Осы кезде басы ақшүберекпен

оралған Аю кіреді.)

Ақылгүл.

Атай, қараңыз мына бір сұмдықты,

Маймаққа не болған,

кім оны жаралаған?

Шипагер.

Маймағым, не болды,

Жасырмай айтшы өзің

Неліктен көкпеңбек ісінген бас-көзің.

(Аюдың басын таңады.)

Аю. Айтайын жасырмай шынымды,

Сақтаңыз шыбындай жанымды

Жармасып, бал тасыр,

машина қадаққа

Домалап түстім де,

тап болдым азапқа.

Шипагер.

Бір сәтті қарның тоятын күн үшін

Жол жүру ережесін де бұзыпсың.

Аю.

Шипагер ата, енді ұрлық та жасамаспын,

Жолда жүру ережесін де бұзбаспын.

(Сахнаға Қоян құлағын ұстап,Түлкі шойнаңдай ақсап келе жа-

тады).

Түлкі. Жүгіріп екеуміз ойнадық қуыспақ.

Қоян. Ауладан шап беріп алмақшы қу ұстап.

Түлкі. Ал қоян көшеге зып беріп жөнелді.

Қоян. Аула тар болған соң қайтейін мен енді.

Түлкі. Қоянды қуам деп тапқаным,

Құйрықты әрең деп сақтадым.

Қоян. Машина астынан жүгіріп өткенде,

Құлақты бір темір зақымдап кеткені.

Шипагер.

Құлақпен құйрыққа жағатын дәрі бар,

Ереже бұзғанға қоятын екілік тағы бар.

(Шипагер ем көрсетуге кіріседі.)

Шипагер. (басын шайқап). Мыналарды тез ауруханаға жеткізей-

ік , балалар, көрдіңіздер ме, ойнағанның кесірін. Ақылгүл қара-

ғым,жол жүру ережелерін бұзбауын естерінде қалатындай сабақ

өткізуді өзіңе тапсырамын.

(Хайуанаттарды ертіп шығып кетеді.)

Ақылгүл.

Ал, қанеки, үйренейік біз де жүру тәртібін

Ережені жақсы білер бар кімің?

Кім айтады жол белгісі неше түрден тұрады?

Өздеріңе қойылатын бұл алғашқы сұрағым.

(Сахнаға жол белгілерін ұстаған бала шығады).

Бағдаршам.

Тұрамын көшенің қиылысын тұрақтап,

Қашпаймын мүдіріп, ешқандай сұрақтан.

Белгісі жолдардың төрт топтан тұрады,

Жарқырап көрінер түнде де жырақтан.

Сақтандыру белгісі.

Қып-қызыл үшбұрыш-

Ескерту белгісі мен болам.

Қауіптен сақ бол деп,

Сәт сапар жолдаған,

Аман-сау жүреді жаяу да, көлік те,

Мен берген белгіні сақтаған, қолдаған.

Тыйым салу белгісі.

Қызылмен боялған шеңберім аумақты,

Тиымшыл белгімін, қаталмын, салмақты.

Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге,

Қауып бар, бағдарла, көз салып жан-жақты.

Міндеттеу белгісі.

Белгімен көрсетер,жылдамдық бағыты,

Міндетті бұрылыс, әйтпесе қауіпті

Барлығын анықтап тұрамын жолында,

Абай бол, шартымды міндетті орында!

Нұсқау белгісі.

Баратын жеріңнің бағытын, тұрағын,

Үн-түнсіз жол сілтеп, жол нұсқап тұрамын.

Күндіз де, түнде де от болып жанады.

Көк түске боялған, төртбұрыш шырағым.

(Сахнаға велосипед тепкен бала кіреді).

Бала. Әй, жолда неғып топталып тұрсыңдар? Велосипед келе

жатқанын көрмей тұрсыңдар ма? Қағып кетсем қайтесіңдер?

Ақылгүл.Велосипедтің болғаны өте жақсы.Біздің жолда жүру

ертеңгілігіне қош келдің.Оларды білу саған да қажет болады.

Атың кім?

Бала. Атым-Зуылбек.Велосипедпен зуылдап жүремін. Ауылда -

ғылар мені “Зуылдақ” деп атап кеткен. Мына белгілер көшеде

қаптап тұр, бұларды біліп қайтем.Әй, мынау мен үшін жасалған

белгі ғой.

Ақылгүл.Иә, сен үшін. Бұл белгінің аты-Велосипед жүрмейді.

Зуылбек.(таңданып ).Жүрмейді? Тапқан екенсіңдер. Зуылбектің

велосипедінің жүрмейтін жері жоқ, білдіңдер ме?

Ақылгүл. Зуылбек-ау, бұл белгілердің барлығы саған керек бел-

гілер.Сен зуылдап келе жатқанда алдыңнан теміржолы өтпелері

бар белгі кездеседі.

Зуылбек (сөзін бөліп). Салдырлап-гүлдірлеп поезд келгенше зу етіп өтіп кетемін.

Ақылгүл. Жоқ, Зуылбек. Жол ережесін сақтап жүрсең, жол

апатынан аман жүресің.

Зуылбек. Қой, мен зуылдайтын жолымнан қаламын.Бұдан былай

жол ережесін сақтап жүрмесем болмайды екен.Сау болыңдар.

Ақылгүл. Жолың болсын. Жол ережесін жадыңда ұста.

Жолда жүру ережелеріне қатысты жұмбақтарды шешеміз.

А) Көліктің қаншасын жанынан өткізген

Іргеден басталып, алысқа жеткізген. (Жол)

Б) Жоқ өзінде бас та, ауыз да, құлақ та,

Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)

В) Бір көзім “Кідір”,- дейді,

Бір көзім “Жүгір”,- дейді.

Бір көзім “Абайла”,- дейді.

Қарап ал маңайға!”,- дейді. (Бағдаршам)

Г) Үлкен-үлкен қалаларда жүреді,

Табаны темір, төбесінде жүрегі. (Трамвай)

Мәнерлеп оқу сайысы.

А) Қызыл көзін ашқанда

Сынық сүйем баспа алға

Сары көзін ашқанда

Қарап қалма аспанға

Жасыл көзін ашқанда

Өте бергін, жасқанба!

Ә) Шуақты өміріміз күндей күліп,

Жүректе бүршік атып, гүлдейді үміт.

Арманға сапар тарту мүмкін емес,

Жолда жүру ережесін білмей тұрып.

Б) Басталар әр қадамың атауменен,

Өмірге қол созады әрбір көше.

Жол жүру ережесін сақтауменен.

В) Арманға алда күткен асығамыз,

Жол жүру ережесін жақсы білген

Милиция қанаты- жас ұланбыз.

Г) Қай көшеде, қай қалаға барсаңыз да,

Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да,

Жол жүру ережесі-қатал тәртіп,

Ол- ортақ! Үлкен-кіші-бәрімізге.

Жол белгілеріне байланысты сұрақ-жауап сайысы:

1.Бағдаршам туралы не білесің?

2.Жүруге болмайтын белгіні көрсет?

3.Жаяу адам жүретін белгіні көрсет?

4.Үйден мектепке дейін қай жолмен барасың?

5.Сызбадан жүріп көрсет?

6.Машина жүретін жолда ойнауға бола ма?

7.Үлкен жолдан қалай өтеміз?

Қортындылау: Жазылып ілінген сөздерді оқып түсіндіріп беру.

Балалардың салған суреттерінен ұйымдастырылған сурет

көрмесі бойынша жақсы салған оқушыны мадақтау, сыйлық

беру.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!